Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет64/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   187

130 
 
қора жан, бір қора қой,- дегеннен бір сөзін алып тастаса, қора жан, қора қой,- болып, мүлдем 
түсініксіз  болып  қалар  еді.  Бір  сөзі  арқылы  жасалған  тұрақты  сөз  тіркестері  негізінен,  бір 
ғана  ұғымға  телінді  болып,  белгілі  бір  ғана  сөзбен  жұпталып  қолданады.Егер  бір  сөзінің 
көмегінен жасалған тұрақты сөз тіркестерінен көптік ұғым жасағымыз келсе, онда бір сөзін 
алып  тастап,  тіркескен  алдындағы  сөзінен  қайталама  қос  сөз  жасасақ,  көптік  ұғым  пайда 
болады.  Мысалы:    қазан-қазан  ет,  қарын-қарын  май,  қап-қап,  үзік-үзік,  шелек-шелек,  өрім-
өрім,  –  деп  көптік  ұғым  туындата  аламыз.  Ал  қалғандарынан  мұндай  жолмен  көптік  ұғым 
жасай  алмаймыз.  Мысалы,  қора-қора  жан,  ілім-ілім  май  деп  қолдана  алмаймыз.  Мұның  өзі 
аталған  сөз  тіркестерінің  ешбір  бұлжымайтын  тұрақты  сөз  тіркестері  екендігін  
дәлелдейді. [3]. 
3.  Ұзындықты  білдіретін  өлшем.  Ұзындық  өлшемін  білдіруде  бірден-бір  көп 
қолданылатын сөз – құлаш. Құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы[2].  
Құлаштың адамзат өмірінің өткен кезеңдерінде басқа елдермен сауда-саттық жасауда, өзінің 
тұрмыс-тіршілігінде,  бір  нәрсенің  ұзындығын  өлшеуде  өте  қолайлы,  ыңғайлы,  көп 
қолданылатын  өлшем  бірлігі  екенін  байқауға  болады.  Қазақ  тілі  танымында  ара  қашықтық 
шамасын  анықтауда  салыстырмалы  түрде  құлаш  созым  жер  деп  тиіп  тұрған  жақын  жерді 
бейнелеп көрсетеді. 
Елі – сұқ қолдың еніне тең ұзындық бірлігі, яғни «Елі – саусақтың жалпақтығындай, екі 
елі  –  екі  саусақтың  жалпақтығындай  қалыңдық».Елі  –  сөзін  көбінесе  халықтық  өлшемі 
ретінде  жылқы  малының  қазысының  қалыңдығын  нақтылауда  қолданылған.  Сол  арқылы 
қазының арық не семіз екендігін білдірген. 
Ұзындық  өлшемін  білдіретін  атаулардың  тағы  бірі  –  аршын.  Сөздікте  аршынға  – 
«метрге тең өлшем, кез» деп түсіндірме берілген. Жалпы, бұл атау парсы тілінен түркі және 
славян тілдеріне енген. Ғалым  Е.Аққошқаровтың  айтуынша:  «Парсы тілдерінен енген бұл 
өлшемнің  дәл  мағынасы  –  «шынтақтан  саусақтың  ұшына  дейінгі  аралық»,-  деп  көрсетеді 
екен.  Тілімізде  аршын  атауымен  қолданылған  аршынтөс  сөз  тіркесі  бар.  Оның  білдіретін 
мағынасы – «төсі жазық, кеудесі кең». Бұл тіркес көбіне көркем шығарма тілінде әдемілікті, 
сымбаттылықты, сұлулықты сипаттау мәнінде көп қолданылады. [3] 
4.  Қашықтық  пен  жақындықты  білдіретін  өлшем.  Тілімізде  жақындық,  қашықтық 
өлшемін білдіретін бірден-бір атау – адым.  
Адым  –  жүру  кезіндегі  екі  аяқтың  аралық  қашықтығы,  қадам.  Мәселен,  орнатылған 
ағаштардың  аралық  қашықтығын  ол  қадамдап  өлшеп  берді.  Адым  атауы  ерте  кездердің 
өзінде-ақ  көптеген түркі  тілдерінде  «жүру,  қозғалу,  аяқ  басу»  мағынасымен  қатар  ұзындық 
өлшемі  ретінде  жұмсалатыны  туралы  зерттеу  еңбектерінде  көрсетілген.  Тілімізде  адым 
сөзінің  екінші  бір  варианты  ретінде  қадам  атауы  да  қолданылады.  Жалпы,  бұл  екі  сөздің 
білдіретін  мағынасы  бірдей.  Мәселен,  адым,  қадам  атаулары  ауыспалы  мағынада 
«бірнәрсенің  бағыты,  бағдары,  бет  алысы»  деген  мәнде  қолданылып,  соған  орай  халық 
ұғымында қадамдары құтты болсын, қадамыңа гүл бітсін, қадамдарына нұр жаусын деген ақ 
тілектер  мен  ниет-көңіл  мәніндегі  тіркесімдерді  қалыптастыруға  септігін  тигізеді  екен. 
Өлшем  мәнді  адым  атауымен  қалыптасқан  тіркесімдердің  бірі  –  қарға  адым  жер.  Бұл 
тіркесімдердің барлық  зерттеулер  мен сөздіктердегі  білдіретін мағынасы  – жақын жер. Бұл 
тілдік бірлік ауыстыру тәсілі арқылы жасалған. 
Әудем жер – көшпелі өмірдің қажеттілігінен туындаған қашықтық өлшемінің ішіндегі 
сирек қолданылатын түрі. «Әу» деп айқайлағанда дауыс жететін, естілетін жер, яғни жақын 
жер деген мағынаны аңғартатын тіркес [3]. 
Тілімізде  өлшемдік  ұғымды  білдіретін  өзге  де  тұрақты  тіркестердің  мол  қоры  бар. 
Мысалы, сыңсыған қалың орман, мыңғырған мал, қара құрттай қаптаған жұрт, жер қайысқан 
қол, самсаған сары қол, алалы жылқы, ақтылы қой, айдын-шалқар көл, кең байтақ дала, көл-
көсір дүние, ағыл-тегіл молшылық, шаш етектен, жапан дала, құла дүз, он сан ноғай, тоғыз 
жолдың  торабы,  қыран  топан  күлкі,  ду  күлкі,  т.б.  Бұлардың  бәрі  де  көптік  ұғымды  білдіре 
отырып, бейнелі образ жасай алады. 
Халықтық  өлшем  атаулары  халықтың  күнделікті  өмірімен,  күн  көрісімен, 


131 
 
шаруашылығымен байланысты пайда болады. Олардың көпшілігі көшпенді халық үшін зор 
маңызы бар – жылқы шаруашылығымен байланысты.  Жылқының дене мүшелері қатысқан 
өлшем  бірліктері  де  баршылық.  Мысалы,  қазақтар  ертеде  қыстыгүні  жауған  қардың 
қалыңдығын:  шашадан  қар  кешу,  аттың  қара  тұяғынан  келу,  тұсардан,  тізесінен,  қара 
қапталынан, аттың қабырғалығынан келу (биіктік, қалыңдық өлшемі) деген сөз орамдарымен 
жеткізсе,  су  тереңдігін  ат  бойымен  өлшеген.  Мәселен,  аттың  шашасынан,  толарсақтан, 
тілерсектен, үзеңгіден, қабырғалықтан, ат кекілінен (құлағынан, бауырынан, бойынан) асады 
(келеді) деп мөлшерлеген. Кебіс басы қар – халықтық өлшем. Жұлықтан аса жауған, тобыққа 
таяу, кебіс басы батарлық қар. [3]. 
Қазақ  тіліндегі  өлшем  атаулары  танымдық    тұрғыдан  зерттеліп,  халықтың  рухани 
мәдениеті,  наным-сенімі,  әдет-ғұрпы  мен  салт-дәстүрінің  бейнесі  айқындалды.  Сондай-ақ, 
қазақ  тілінде  жазылған  көркем  шығармалардың  бәрінде  де  метрикалық  өлшемдерден  гөрі, 
халықтық  өлшемдерді  қолдану  дәстүрі  үстем  болғандығы  белгілі.  Өркениет  табиғатының 
алғашқы  қадамының  бірі  –  халықтық  өлшем.  Халықтық  өлшем  адамның  айналадағы 
құбылыс  пен  заттардың  алыс-жақындығын,  ауқымын,  көлемін,  мөлшерін,  жылдамдығын, 
уақыт  мөлшерін,  аласа-биіктігін,  кең-тарлығын  т.б.  жағдайын  шартты  түрде  болса  да 
анықтауға  арналған,  оларды  ғасырлар  бойы  қолданған.    Одан  кейін барып  адам  бірте-бірте 
дамуының  арқасында  бір  жүйеге  келтірілген,  дәл  өлшемді  беретін  метрикалық  өлшем 
дүниеге келді. Бұл адам баласы санасының жемісі десек қателеспейміз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1  Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: «Сөздік 
– Словарь» баспасы, 2006. 
2  Кенжеахметұлы С.  Жетi қазына. 1кітап, 2 кітап. – Алма – Ата: Ана тiлi, 2003. 
3  Sabaq.kz  
4  Әмірбекова А.Б. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. – Алматы: Елтаным, 2011. 
 
 
ӘОЖ 821.512.122.09 
КОЛХОЗБЕК А.А,. БИЯРОВ Б. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
 
Өлең  -  адамға  өзінің  ішкі  мазмұнымен,  суреттілігімен,  бейнелілік  мәнімен  ғана  емес, 
айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді.  Мұны қандай ақын болсын тәжірибе жүзінде  
анық  байқайды.  Қазіргі  уақытта    өлең  құрылысы,  мазмұны,  ырғағы,  ұйқасы,  буын  –  бунақ 
сандары тереңірек зерттелуде. Қазір, бойына ақындық қасиет дарыған қазақтың ұл – қыздары 
қалам  тербеп,  ақ  қағаз  бен  қара  сияны  ермек  қылуда.  Ақын  –  жырау,  жыршы,  айтыскер 
бабаларының  сара  жолын  жалғап,  сөздің  қадірін  түсірмей,  өлең  құдіретін  паш  етіп  жүрген 
ақын аға – әпкелеріміз де, жастарымыз да жетерлік. Бірақ, кейбір жас ақындардың өлеңдерін 
оқыған кезде өлең теориясынан, яғни буын, бунақ, ұйқас деген дүниелерден хабары жоқ па 
деп ойлап қаламыз. Бұл мәселені таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, бір қырынан ғана емес, 
жан – жақты қарастыру қажет. Біріншіден, өлең – тек бір жүйеге, бір заңдылыққа бағынып 
жазылуы дұрыс па деп санаймын. Себебі, бұл сөз өрнегінің көркемдігін, оның бар сұлулық, 
әдемілігін  сақтаудың  бірден  бір  жолы.  Атам  заманнан  қалыптасқан  ұйқас  түрін,  буын  – 
бунақ  санын  сақтап,  кейінгі  ұрпаққа  да  дәл  сол  қалпында,  бұзбай  жеткізу  –  бізге  парыз. 
Екіншіден,  дәл  осы  тұста  ақын  біткеннің  қиялы,  ізденісі,  өлеңнің  жетілгендігінің,  ақын 
ойының дамығандығының көрінісі. Ал, шын ақындармен қатар небір жас өлеңшілер де бар 
ғой.  Олар  өзінен  үлкендерге  еліктеп,  өз  алдына  жаңалық  ашқандай  болып,  жеке  –  дара 
соқпақ салғандай небір өлеңдерді тудыруда. Бұл қазір еленбегенмен, кейін уақыт өте бізден 
кейінгі  буынға үйреншікті  нәрсе болып қалады. Сөйтіп, келешек буынның ақындары әркім 
түрліше өлең тудырып, бет – бетімен кетеді. Осыған дәлел ретінде мына жас ақынымыздың 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау