122
Тілімізге әрқашан болатын әртүрлі құбылыстар алдымен ауызекі тіл негізінде
танылады, себебі ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты. Сондай-ақ жазбаша
сөздің және ауызекі тілдің ара қатынасын анықтау, яғни тіл мен сөйлеудің өзара қарым-
қатынасын, айырым тұстарын анықтау сынды көптеген проблемаларды сөз етуге болады.
Осындай мәселелердің бірі «интернет тілі» проблемасы.
Интернеттегі локалды желі арқылы таралатын интернеттің мына жанрлары адамдар
арасында жиі қолданылады: 1) Чат-коммуникация; 2) Форум-коммуникация; 3) Электронды
пошта-коммуникация; Бұдан басқа интернетте мынадай қосалқы коммуникация түрлері бар:
блогтар, уики-жобалар (Уикипедия, уикибілім), интернет-дүкен, интернет-аукцион,
электронды почта, жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet), файл-алмасу желілері,
интернет-радио, интернет-теледидар, IP-телефония, мессенджерлер, FTP-серверлер, іздеу
жүйелері, интернет-жарнама, төлеу жүйелері т.б.
Бұл коммуникация түрлеріне тоқталмай-ақ жоғарыда аталып көрсетілген локалды желі
ішіндегі чат, форум және электронды поштадағы қарым-қатынас әрекеттеріне ерекше
тоқталуға болады.
Вики-технологиялар арқылы қалыптасатын сөйлеу әрекеттеріне назар аударайық.
Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Сөйлеу шеберлігі
Жазылым
- Оқиғалар/факті/жағдайларды сипаттау;
- мәліметтерді хабарлау;
- жеке көзқарасын білдіру;
- өз елінің және басқа елдің әлеуметтік-мәдени келбетін көрсету;
- өз көзқарасын айту және дәлелдеу;
- оқыған/тыңдаған/көрген ақпараттардан өзіне қажеттісін белгілеп алу;
- түсініктеме/толықтыру жасау;
- түрлі дереккөздерден алған ақпаратты жинақтау;
- әдеби кейіпкерлер мен тарихи тұлғаларға мінездеме беру. Қорытынды
жасау.
- қазіргі кезеңдегі факті/оқиғаларды бағалау;
- түрлі сауалнамаларды (вики-серверге тіркелгенде), үлгілемелерді
толтыру;
- шағын/толық жоспар (вики-парақшаны жоспарлағанда) құру;
- іскери хаттар жазу;
- баяндама мен хабарлама жазу;
- пікір жазу және шолу жасау;
- эссе (сипаттама, хабарлама, дәйектеме, салыстырма түріндегі) жазу;
- кәсіби және әлеуметтік тақырыптарға шағын мақала жазу
Айтылым
(вики-құжаттар
мен жұмыс
істеу
барысында)
- Әңгімеге қатысу;
- оқиғаларды сипаттау, фактіні айту;
- өз елінің және басқа елдің әлеуметтік-мәдени келбетін айту;
- өз көзқарасын айту және дәлелдеу;
- мәлімет сұрау және алмасу,
- қызықтырған ақпаратты нақтылау үшін әңгімелесушіден сұрау;
- әңгімелесу барысында бастама көтеру;
- түсініктеме/толықтыру енгізу;
- түрлі жағдайдағы көңіл-күйін білдіру;
- оқыған/тыңдаған/көрген ақпараттардан қысқаша толық айтып беру;
- әдеби кейіпкерлер мен тарихи тұлғаларға мінездеме беру;
- шешім жасау;
- қазіргі кезеңдегі факті/оқиғаларды бағалау.
123
«Тіл – адамның адамдық белгілерінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниядағы
адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсереді» [7].
Блог-технологияның тілді үйретудегі әдістемелік қызметі мен дидактикалық қызметіне
назар аударайық:
Блог-технологияның
дидактикалық
қызметі
Блог-технологияның тілді үйретудегі
әдістемелік қызметі
Жариялылық
(Блог бір-бірінен
қашықтықта орналасқан
жобаға қатысушылардың
барлығына қолжетімді)
Блог кез келген нүктедегі Интернет-жобаға қатысушыға қолжетімді
болғандықтан,
аудиториядан
тыс
топтық
жұмыстарды
ұйымдастыруға, тіл аспектісінің (лексика, грамматика), сөйлеу
әрекетінің (оқылым, жазылым) түрлерін дамытуға, сондай-ақ
әлеуметтік-мәдени, мәдениаралық құзыретті дамытуға қолайлы.
Желілік
(өзгертулер мен
толықтырулар
хронологиялық реттілікпен
орналасқан)
Блогта автордың (модератордың) ақпараты (мәтіндік, фото-, видео-,
аудио-) хронологиялық тәртіпппен беріледі. Блогтағы бұрын
жарияланған мәліметтер түзетілмейді, өзгерту жасауға болмайды.
Модератор оны тек өшіре алады. Блог-технологияның мұндай
дидактикалық қасиеті тіл үйренушінің сөйлеу әрекетін дамытуға
мүмкіндік беріп, әрбір тілдік тұлғаның жеке жұмыс жасауына және
қолданушылар арасындағы желілік қатынасты ұйымдастыруға жол
ашады.
Авторлық және
модерациялау
(Блог авторы да, модератор
да бір ғана адамнан тұрады)
Блог авторы бір ғана адамнан тұратындықтан, модератор қызметін
де атқарады. Ол блогтың мақсатын, тақырыптық бағытын анықтап,
басқа да қолданушылардың материалдарын (мәтіндік, графикалық,
аудио-, бейне-) орналастыруды үйлестіреді. Қажет деп тапса,
талапқа сай емес материалдарды өшіре алады. Сөйтір
блог-технология оқыту үдерісіне қатысушының әрқайсысының
«үніне» назар аударады, жеке, топтық жұмыс жасауға ықпал етеді.
Мультимедиалық (блог
контентін құруда түрлі
форматтағы материалдарды
(мәтіндік, графикалық,
сурет-, бейне-,
аудиоматериалдар) қолдану
мүмкіндігі
Блог-технология түрлі форматтағы материалдарды (мәтіндік,
графикалық, сурет-, бейне-, аудиоматериалдар) пайдалануға
мүмкіндік береді. Бұл – тіл байлығын арттыруға және
әлеуметтік-мәдени материалдарды пайдалануға, эссе, пікір жазуға,
шолу жасауға берілетін мүмкіндік.
Кесте П.В. Сысоевтің «Блог-технология в обучении иностранному языку» мақаласынан алынды.
Қорыта келгенде, қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгертуде заман көшінен қалмай
мобильді технологияларды жиі қолданып отыру коммуникативтік құзыреттілік аспектілерін
қалыптастыруға септігін тигізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Әмір Р.С. Егемендік және қазақ тілі. «Тіл таным», – 2002. №3.
2 Капранчикова
К.В.Мобильные технологии
в обучении иностранному языку студентов
нелингвистических направлений подготовки// Язык и культура. 2008. № 1 (25). С. 85–94.
3 Сысоев П.В.Современные информационные и коммуникационные технологии: дидактические свойства
и функции // Язык и культура. 2012. № 1 (17). С. 120–133.
4 Сысоев П.В.Блог-технология в обучении иностранному языку // Язык и культура. 2012. № 4 (20).
С. 115–127.
5 Сысоев П.В., Евстигнеев М.Н.Технологии Веб 2.0: Социальный сервис блогов в обучении
иностранному языку // Иностранные языки в школе. 2009. № 4. С. 12–18.
6 Сысоев П.В. Вики-технология в обучении иностранному языку // Язык и культура. 2013. № 3 (23).
С. 140–152.
7 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» № 319 Заңы,27.07. 2007 ж.
8 Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы, 2011ж.
Достарыңызбен бөлісу: |