114
және т.с.с. тұрады. Сондықтан аударма әрқашанда әмбинұсқалы. Өйткені аударма бір
уақытта екі мәдениетке жатады: идеяны шығарған мәдениетке және оны қабылдаған
мәдениетке, бір тілде мәтінді құрастырған авторға және оны басқа тілге аударған
аудармашыға жатады. А.Д.Швейцер шетелдердің аударма теоретиктері мен практиктерінің
аударма жөніндегі зерттеулерін жүйелеп, төмендегідей мәліметтерді ұсынады.
У.Уинтердің пікірінше, аудару – бұл қоршаған орта сегментінің интерпритация
тұжырымдамасын, мүмкіндігінше басқа барабарлық тұжырымдамамен ауыстыру.
Дж.Кэтфорд аударманы тіл операциясы ретінде анықтайды. Сонда аударма кезінде бір
тілдегі мәтін басқа мәтінмен, берілген мәтін материалы басқа тілдегі барабар материалмен
ауыстырылады. Ю. Найданың және Ч. Табердің пікірлерінше, аударма – бұл рецептордың
тілінде жаңадан құралған мәтін, берілген мәліметке өте жақын баламаның берілуі. В.
Вильстің ойынша, аударма – бұл мәтіннің өңдеу және сөзге айналған үдерісі. Берілген
мәтіннің барабар мәтінге ауыстырылуы. Сонда аудару тілінде мәтін мағыналы және
стилистикалық жағынан түпнұсқаның мәні түсінілген мәтін. Ішкі жағынан аударма бөлінген,
екі негізгі фазаны қамтитын үдеріс: біріншісі, ойлау фазасы, осы фаза кезінде аудармашы
берілген мәтінді талдап, мән және стилистикалық интенциясына көңіл аударады, ал екіншісі,
тілді қайта құру фазасы, осы фаза кезінде аудармашы коммуникативтік талаптарға көңіл
аудара отырып, мағыналық және стилистикалық талдаудан өткен түпнұсқаны құрастырады
[1, 68-71 б.]. Г.Вермеер және К.Райс мәтін – бұл «жіберушіден алушыға жіберілетін мәлімет
сөйлемі»-дейді де, аударманы «мәлімет сөйлеміне ұқсататын сөйлем» ретінде қарастырады
[1, 73-74 б.].
А.Диомидованың айтуынша аударма – әдеби-тіл интерпритациясы, ал аудару үдерісі –
жаңа мәліметтің құрылу актісі. Осы үдеріс кезінде мәтіннің түпнұсқасының және
аудармасының белгілі бір мағынасы сақталып, «мәтін мағынасының жетілдірілуі» іске асады
[4, 15 б.].
Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану
ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар. Бірінші
мәселелер шеңбері – бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару
мүмкіндігімен байланысты мәселелер. Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен
арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен
байланысты мәселелер. Осы екі мәселелер шеңбері және олардың шешімі аударудың
нормативті негізін белгілейді.
Аударма нормалары аудару актісінің ерекшелігін анықтайды. Яғни, аударма үдерісі
кезінде аудармашының дербестігі, тәуелсіздігі қай деңгейде екені байқалады.
Қазіргі кезде дербес емес аудармалық іс және тәуелсіз аудармалық іс бар. Дербес емес
аудармалық іс тираждауға жақынырақ, сондай-ақ іс аударма мәтініне өте тығыз байланыста
болады (ресми-істі, ғылыми-техникалық құжаттарды қамтиды), ал тәуелсіз — бұл
аудармашының белгілі бір дербестігін белгілейді (публицистикалық және әдеби мәтіндер).
Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды
қанағаттандыратын қажеттілік.
Аударманың мақсаты қарым-қатынаста болған кісілердің арасындағы лингвоэтникалық
бөгеттерін бұзып, қатынасын мүмкін ету. Басқа сөзбен айтқанда, аударманың қоғамдық
мәнін төмендегідей анықтауға болады: аударма – екі тілде қатынасқан коммуниканттардың
байланысы, бір тіл ширегіндегі коммуникацияға мүмкіндігінше сәйкес болуы керек. Яғни,
аудармада тек қана адамдар қарым-қатынасы кезінде ғана қажеттілік туады. Сол кезде
адамдардың
арасында
тілдік
емес,
лингвоэтникалық
(мәдениеттердің,
ұлттық
психологиясының және т.с.с. факторлардың әр түрлі болуы) бөгет туады.
Аударма
–
өмір танытатын, білім тарататын, тәрбие беретін құрал ғана емес, ол
сонымен бірге халық пен халықты қауыштырады. Бейнелі сөзбен айтсақ, аудармашы
–
халық пен халықты таныстырып, достастыратын дәнекер. Аудару принципі мен аударманың
дәлме-дәлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, орта
ғасырларда әріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе, жаңғыру дәуірінде, XVII-
115
XVIII ғасырларда «еркін» аударма етек алды. Одан соң әдебиет әлемінде балама аударма
пайда болды. Шынайы шығармашылыққа еркіндік керек. Дегенмен, тіл аяғынан тұсауын
алған ат емес, құйғытып шаба жөнелмейді. Тіл морфологиялық, орфографиялық,
синтаксистік ережелерге бағынады. Аударма – қиын мәселе. Аудармаға қойылатын талап
пен талғам да зор. Балама аударма – көріксіз көшірме емес, түпнұсқаның эмоциялық жеке
эстетикалық ерекшеліктерін екінші тілде түгел мүсіндеу. Мұның үлгілерін біз қазақ
поэзиясында алдымек Абайдан табамыз. Ұлы ақын аударған Пушкин, Лермонтов,
Крыловтардың ғибратты шығармаларының төл туындымыздай халқымыздың көкейіне
қонып, зердесіне ұялауы; аударма енерінің құдірет-күшін танытуы. Абай өзі қазақша
сөйлеткісі келген шығарманың қан тамырын дәл басып, жүрек тынысын дәрігерше тыңдап,
мүлтіксіз сөзді М. Ю. Лермонтовтан аударған Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» деген
өлеңін алайық.«Горные вершины Спят во тьме ночной; Тихие долины Полны свежей мглой;
Не пылит дорога, Не дрожат листы... Подожди немного, Отдохнешь и ты». Абай осы
нұскадан аударған. Абайдың аудармашы ретіндегі сезімталдығына қайран қалмасқа
болмайды. Орыс өлеңі арқылы неміс елеңінің тіршілік-тынысын тап басуы қандай ғажап!
Лермонтов: «Қараңғы түнде тау шыңдары ұйықтайды» десе, Абай «Қараңғы түнде тау
қалғып, ұйқыға кетер балбырап» деп қазақшалайды. Сөйтіп, Гетенің өзіндегі «покоится»
дегеніне бір табан жақындай түседі. Абай әуелі тауды қалғытады да, содан кейін барып,
балбыратын ұйқыға батырады.Өлең оқыған адамды тыныштыққа белеп, маужырат-
қалғандай болады. Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер балбырап Даланы жым-жырт
делсал ғып, Түн басады салбырап. Шаң шығармас жолдағы, Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сендағы, Сабыр қылсаң азырақ. Ғажап, кем-кетіксіз сомдап соғылған тұтас
көркемдік! Өзге тіл табиғатын, тынысын тарылтпай, езінің рухы мен тіршілігін өшіріп алмай,
мағынасын бәсеңдетпей, өз ана тілінің табиғатына аялап әкелу – көркем аударма деп
аталады. С. Сейфуллин сөзбе-сөз аударманы әділ сынаған. «Айқапта» 1914 жылы
басылған «Манап» драмасы жөнінде «Қазақшаға аударғанда, сөзбе-сөз аударыпты. Соның
үшін сөздерінің тәртібі нағыз қазақша болып шықпаған» дейді. Біреу дәл аударады,
көркемдігі жетпейді. Екінші біреу түпнүсқадан аздап ауытқығандай көрінеді, алайда аударма
оқырманға ұнайды, себебі, шығарманың басты-басты қасиеттерін сақтайды. Ал үшінші
біреулер тым лағып кетеді. Аударма әдебиетінің атақты теоретигі Корней Чуковский
сөзімен айтсақ, С. Маршак секілді шеберлердід мықтылығы «әріпті әріппен емес, юморды
юмормен, көркемдікті көркемдікпен жаңғыртуында». Мысалы, Мұхтар Әуезов
В. Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясындағы Грумь оның бір диалогында
«Во-первых, знай, что моя лошадь устала, а господин и гоо пожа упали» деген сөздерді:
«Ең әуелі мәлім етейін, менің атым болдырып, мырза мен әйел жалп етісті»
–
деп
аударады. «Жалп етісті» деген етістік бүкіл көріністің қимылдың динамикасын жанды
суреттеп түр. Нақыл сөздерді езге тілдерден, алдымен орыс тілінен қазақшаға аудару
бізде XIX ғасырдың екінші жартысынан басталатын сияқты. Мысалы, Ы. Алтынсарин
өзінің Орынборда 18,79 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясына» бірнеше прозалық
мысалдар аударып кіргізген. Солардың ішінде «Не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа,
жылуы ішінде болар», «Жинақтылық сараңдыққа қосылмайды», «Тар жерде
жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма» деген сияқты орыс тілінен аударылған
нақылдар кездеседі. Алтынсарин аудармасы – алғашқы көркем аударманың бастау
бұлағы.
Аудармаға қойылатын басты талап – автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни
адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау
машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек. ;
Аударма мамандық емес – өнер. Өнерге өмірді арна? ғанда ғана өнімді еңбек беруге болады.
СондықтаЩ «жүрдім-бардым» атүсті айналысу дегендер мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді
аудару ісін көгертпейді, аударма мәдениетін биікке көтермейді. Бұл іске бірыңғай берілген,
белсене, құлшына, жүрек әмірімен жүмылған аудармашылар керек. Қандай сөзді болса да,
кілтін тапса, қазақшаға аударуға болады.Аударма теориясын зерттеуде кездесетін
Достарыңызбен бөлісу: |