304
ӘОЖ 537.8
МҰХАТАЕВА А.С., ПАВЛОВ А.М., ТОҚТАРОВА Н.У.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІНЕ
СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Бүгінгі таңда оқуға деген қызығушылықтың бәсеңдеуі мен есте сақтау қабілетінің
төмендеу бүгінгі таңдағы қауіпті дерт деседе болады.
Қарапайым мысал ретінде айта кететін жайт, бүгінгі таңда тест түріндегі бақылау
көбейгендіктен мектеп тәжірибесінен ауызша сұрау, кітап оқу, және материялдарды қайталау
мүдем жоғалып кетті.
Тағы бір мәселе- ол компьютерлердің және ұялы телефондардың электромагниттік
өрісінің балалардың денсаулығына және олардың есіне әсері. Көптеген зерттеулердің
мәліметтеріне қарағанда осы өрістер жас, жаңа өсіп келе жатқан ағзаға қатты әсер етеді [1].
Өркениеттің даму үрдісінде әсіресе ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында қызмет етудің
өндірістік саласында және ақпараттық технологиялардың, электротехника және
радиотехниканың жетістіктеріне негізделген аспаптар және технологиялармен адам
тұрмысының жабдықталуы күрт артты. Жоғарғы технологиялық жабдықтарды, ұялы
телефондарды, компьютерлерді, телекоммуникация және ақпараттандыру жүйелерін
пайдалану әдетке айналды. Алуан түрлі және көптеген электротехнокалық және электрондық
аспаптар біздің күделікті тұрмысымызда берік тамырын жайды. Электр құралдары көбейген
сайын өміріміз жақсара түсуде. Электромагниттік өріс әсердегі өнеркәсіптік қоғамда 98%
тұрғындар электр тұрмыстық құралдарды қолданады және мұндай құралдары жоқ 2%
тұрғындар бәрібір электрмагниттік өріспен қоршалған, бұл тоқ жүретін кез келген өткізгіш,
сонымен бірге электрлік желінің өткізгіші. Бұрын электромагниттік сәуле шығарудың
гигиеналық деңгейінің әсеріне, негізінен, кәсіби қызметіне байланысты шектеулі адамдар
тобы ұшыраған болса, қазіргі уақытта барлық тұрғындар тарапынан ЭМӨ әсері туралы
айтуға болады[2].
XXI ғасыр-ғылым мен техниканың дамыған кезеңі.Өкінішке орай кез келген
өркениеттің екі жағы болатыны бар.Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжыуы
болса,екінші жағынан, рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді.Қазіргі таңда мектеп
жасына дейінгі баланың өзі жазу-сызуды білмесе де, компьютердің, ұялы телефонның не
екенін жақсы біледі.Демек бала заманына қарай өседі.
Біз күнделікті өмірде қолданатын электр құралдардың өзденсаулығымызға қаншалықты
зиян келтіретінін кейде білмей де қаламыз. Мен осы өзімнің таңдаған тақырыбым арқылы
жұртқа ұялы телефонның, микротолқынды пештің, компьютердің электромагниттік
толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін ашып айтқым келеді. Осыған
орай біз білім алушылардың есте сақтау қабілеті дамуының бәсеңдеуіне көз жеткіздік және
олардың себептерін анықтау және оны қалпына келтіру жолдарын іздеуді жөн көрдік.
Осы орайда мектеп қабырғасындағы ой санасы дамып, бастауыш сыныптан өтіп орта
буынға жеткен ересек жастағы 7 сынап оқушыларын зерттеу нысанына алдым,
зерттеулермен салыстырым жүргізе отырып, ауыл және қала оқушыларының есте сақтау
қабілеттерін анықтауды жөн көрдім.
Жалпы психолог мамандардың көмегімен жалпыға ортақ есте сақтау қабілеттеріне
арналған сауалнама, бейнелі және сөз логикалық естіп есте сақтау, көру арқылы есте сақтау
сынды естің өзара байланысын яғни жаңа сөздерді есте сақтап қалу жолдары, плакатқа
салынған көрнекілікті қолданып, сөздерді қалай қабылдайтындығына зерттеу жұмыстарын
жүргізілді. Зерттеу объектілері ретінде ауылдық елді мекенге Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылындағы Шілікті орта мектебінің оқушылары қалалық
мекенге Өскемен білім иноновация лицейін (КТЛ) мектеп оқушыларын зерттеуге алдым.
Зерттеу екі кезеңнен құралды оқу жылының басында және оқу жылының соңында.
305
Кесте 1. Оқушылардағы естің әрқилы түрлерінің 2016-2017 жылдардағы күй
Ес түрлері
І және ІІ жарты жылдықтың көрсеткіштері
7 сынып
Есту арқылы
55%
73.23%
Көру арқылы
55,5%
56.63%
Орташа көрсеткіш
55.25%
64.93%
Қалалық мекенге Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы қазақ-түрік
литцейінің психологы Рамазанова Рауия Рамазанқызымен бірлесе отырып, 7-сынып
оқушыларының қатысуымен зерттеуімді толықтырғым келді.
Кесте 2. Оқушылардағы естің әрқилы түрлерінің 2016-2017 жылдардағы күй
Ес түрлері
І және ІІ жарты жылдықтағы көрсеткіштері
7 сынып
Эмоциялық ес (Көру арқылы)
44,6
59,14
Бейнелі ес (Есту арқылы)
51,3
55,8
47,95
57,47
Сонымен қатар қазақ-түрік лицей оқушылар бірыңғай ер балалар болғандықтан,
толыққанды нәтижесін алу үшін, өз зерттеуіме қалалық мектепке қосымша ІІ жарты
жылдықта Өскемен қаласындағы №44 Оралхан Бөкей атындағы мектеп-летцейінің 7 сынып
оқушыларында сынаққа алдым. Физика пән мұғалімі Қасымжановамен бірлесе отырып.
Ондағы нәтиже төмендегідей.
Кесте 3. Оқушылардағы естің әрқилы түрлерінің 2016-2017 жылдардағы күй
Ес түрлері
ІІ жарты жылдықтың көрсеткіштері
7 сынып
Есту арқылы
65 %
Көру арқылы
41,02%
Орташа көрсеткіш
53,01%
Салыстырмалы түрде қарап өтетін болсақ нақтырақ нәтиже алып өтеміз, мәселен жас
ерекшеліктері бірдей ауылдық мектеп оқушысымен қалалық мектеп оқушыларыны
нәтижесін қарап өтер болсақ.
Сурет 1- 2016-2017 оқу жылындағы салыстырым көрсеткіші
Достарыңызбен бөлісу: |