296
кездерде фрустрация мен депрессияға өтіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда көбі нақтылықтан
қашуға тырысады.
Үшінші кезең - қиын қыстау кезіңіне жетуі мүмкін, ауруларды және толық әлсіздікті
сезінеді. Жаңа ортаға сәтті бейімделе алмаған адамдардың көбі келген жеріне қайта оралады.
Бірақ иммигранттарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі және мәдени аралық ерекшеліктерге –
тілді үйренуге, тұрғылықты халық пен таныстырып қарым – қатынастарын нығайтуға жағдай
жасайды.
Төртінші кезең - депрессия – оптимизацияға ауыса бастайды да өзіне деген сенімділік
және қанағаттану сезімін сезіне бастайды. Адам өзінің икемделе бастағанын сезіне бастайды.
Бұл кезең толық немесе ұзақ кезең деп аталады. Ортаның талабына индивидтің тұрақты
өзгеруі. Бейімделу процесіне орта мен индивид өзара сәйкестікке келеді. Осы кезеңді
бейімделу процесінің аяқталуы деп те айтуға болады.
Жалпы бейімделу процесс туралы теориялық қағидалар жоғары оқу орынындағы
бірінші курс студенттердіңбейімделуіне де негіз болады.
ЖОО түсу және студенттің өміріндегі соған байланысты оқиғалар және жеке
тұлғалардың өзгеруіне ықпал ететіні бейлгілі. Әрбір студенттің өмірінде топтың әсері,
әлеуметтік ортаның өзгеруі, оқу жүесіндегі жаңалықтардың ықпалы, құндылықтарды,
өмірлік идеяларды қайта қарау мен бақылау қарастырылды. Ескі ұстанымдары жоғалып,
жаңалары пайда болды, тұрақтанып қалған стеротиптер жойылып, оқуға келген жастың
мінез-құқыда өзгереді.
ЖОО білім алуға бейімделу кезеңі мен оның өзгешеліктері бірінші курс студенттерінің
бұдан кейінгі моральдік-психологиялық тұрғыдан өзін сезінуін, оқуға деген қарым-
қатынасын, өмірлік ұстанымдарының белсенділігін анықтайды.
ЖОО түсу, мамандық таңдау, жалпы алғанда, жастардың алдында оқумен,
педагогтармен, курстастарымен қарым-қатынастар жасауға байланысты жаңа мәселелердің
туындауына әкеледі. 4 жылдың ішінде мектеп оқушысы өзінің кәсіби дамуының бірнеше
кезеңінен өтуге тиіс болады:
- білім беру бағдарламасын аяқтау;
- арнайы дайындықпен оқу тәжірибесі;
- мамандануды аяқтау және кәсіби тәжірибеден өту;
- дипломалды тәжірибе және мамандық алу.
Студенттер оқу әрекетінен тыс, жолдастарымен белсенді қарым-қатынасқа түседі,
спорттық мәдени шараларға, үйірмелер мен секцияларға қатысады.
Студенттердің ЖОО-да оқуға бейімделуін зерттелушілер 4 деңгейін көрсетеді:
1. Бейімделудің
психофизиологиялық
аспектісі
жылдар
бойы
қалыптасқан
дағдылармен реттіліктерінің бұзылуы мен жаңа ұстанымдар мен дағдылардың
қалыптасуымен байланысты.
2. Әлеуметтік аспекті олардың ортасымен қарым-қатынасымен жаңа ұжымға
үйренісуімен байланысты.
3. Педагогикалық
аспекті
студенттердің
жаңа
оқу
жүйесіне
бейімделу
ерекшеліктерімен байланысты.
4. Кәсіби аспект әлеуметтік-кәсіби топқа кірігу үрдісін қамтиды.
Сонымен, бірінші курс студенттердің жаңа елді мекенге, жоғары оқу орнына бейімделу
мәселесі өте өзекті болып табылады және әрі қарай зерттегенді талап етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. - Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006.
2. В.Н.
Дружинин
Изменение
мотивации
в
процессе
профессиональной
подготовки
//Автореф.диссертации….кандидата наук – М., 1982.
3. Ямбург Е.А. Педагогика, психология, дефектология и медицина в модели адаптивной школы
//Народное образование . – 2002 . - № 1 . – С. 79-85
4. Галагузова М. Социальная педагогика. – М., 2003.
5. Триандис Г.К. Культура и социальное поведение. –М., 2007.
297
ӘОЖ 159.922.8
МӘДЕНИЕТОВА А.Н., ДҮЙСЕНБАЕВА А.Т.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ҚАУІП ТОПТАРЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА
ДЕЛИНКВЕНТТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУДЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып
келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы
арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі салғырттыққа, себеп -
сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-
аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы
арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер
арасында мектеп қабырғасында жүріп- ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп
ұрынуы, «қиын» бала, «қауіп» тобы есебін толықтыруы, сөз жоқ, мектеп ұжымы мен
ұстаздарды ойландырады[3].
Психологиялық зерттеулерде, әдетте, «қауіп» тобы ұғымы өмір мақсаттары мен қарым-
қатынастардың қарама-қайшылығын сезіну деп түсіндіріледі. Өз өмірін түсініп ойланғанда
адам қоршаған ортамен тепе-теңдік дәрежесінде өмір сүреді, ал осы түсініктің жоқтығы
өмірде көптеген проблемаларға және өзіндік күрделі келеңсіздіктерге әкеледі.
Психологиядағы түсінудің негізгі ұғымдары: жеке тұлғалық және әлеуметтік шындықтың
интеграциясы, өмір мен өмірлік мақсаттардың интеграциясымен түсіндірілуі қиын өмірлік
жағдаяттарға тап болған балалар мен жасөспірімдер арасында жеткілікті деңгейде білінбейді.
Берілген деңгейдегі балаларды қауіп тобындағы балалар деп атайды.
«Қауіп» тобына
дер кезінде білінбеген клинико-патологиялық сипаттағы даму проблемалары бар
балалар кіреді;
ата-анасының қамқорлығынан айырылып, түрлі заңды құқы жоқ жағдаяттарда
қалған балалар;
әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек пен қолдауды қажет
ететін асоциалды отбасылар мен жағдайы нашар отбасылар.
Олармен жұмыс атқарушы кез келген маман олардың өздеріне психо-әлеуметтік көмек
беру арқылы, өз күштерімен сол қиын жағдайды шешу жолдарын көрсету керек, яғни
алғашқы қорамдарға көмек беру, өзін-өзі өзгертуге сендіре білуі қажет. Қауіп тобының бір
проблемасы деликвентті мінез-құлыққа бейімділік болып табылады [3]. Делинквентті
(заңсыз, қоғамға жат) мінез-құлық мәселесі көптеген әлеуметтік ғылымдардың зерттеу
орталығы болып табылады, себебі, қоғамдық тәртіп тұтастай мемлекет пен әрбір жеке
азаматтың дамуында маңызды рөл атқарады. Делинквентті термині – латынның «delictum» –
теріс қылық және ағылшынның «delinquency» - құқық бұзушылық сөздерінен құралған. Бұл
термин арқылы қоғамдағы моральдық, тәртіптік нормаларға қарсы бағытталған және жеке
азаматтарға немесе қоғамға моральдық немесе материалдық шығын келтіретін адамның
әрекеті немесе әрекетсіздігі.Заңға қарсы мінез – құлық көрсететін тұлға – делинквентті , ал
істеген әрекеттері – деликт болып табылады. Делинквентті мінез-құлық – бұл қылмысқа
жатқызуға, соттауға болмайтын бұзақылық. Оларға сабақ кезінде қыдыру, әлеуметтік
норманы бұзатын топтармен қарым-қатынаста болу, өзінен кішілерге, әлсіздерге күш
көрсету, ақша тартып алу, велосипед, мотоциклдерді ұрлап айдап кету, үй заттарын ұрлау
және т.б. жатады. Мұның себебі – тәрбиенің жетіспеушілігінде. Көптеген деликвентті
балалардың отбасы толық емес отбасылары, мінез-құлқы күрделі бұзылған, акцентуанттар
болып келеді [2]. Жасөспірім алғаш рет үйден жазалау қорқынышынан кетеді немесе жауап
қайтару, өзін көрсету белгісі ретінде көрінеді. Мұның мақсаты ата-ананың қатал талабына
қарсы шығу; жақын туыстарының жасөспірімге көңіл бөлмеуінен; жаза қорқынышынан;
Достарыңызбен бөлісу: |