«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
197
course work—where students receive feedback that identifies strengths,
weaknesses, and other things to keep in mind for future assignments—
discussions between instructors and students, and end-of-unit examinations that
provide an opportunity for students to identify important areas for necessary
growth and development for themselves. (Brown and Knight, 1994) It is
important to recognize that both summative and formative assessment indicate
the purpose of assessment, not the method.
REFERENCES AND ADDITIONAL RESOURCES:
1.
Thissen, D., & Wainer, H. (2001). Test Scoring. Mahwah, NJ: Erlbaum.
Page 1, sentence 1.
2.
Maki, Peggy L. “Developing an Assessment Plan to Learn about Student
Learning.” The Journal of Academic Librarianship 28.1 (2002): 8–13.
ScienceDirect. Web. The Journal of Academic Librarianship.
3.
https://en.wikipedia.org/wiki/Test_(assessment)
4.
https://www.edutopia.org/assessment-guide-importance
5.
Brown, Sally, and Peter Knight. Assessing Learners in Higher Education.
1 edition. London ;
6.
Philadelphia: Routledge, 1998. Print.
7.
http://teachingcommons.cdl.edu/cdip/facultyteaching/purposeofassessmen
t.html
8.
Cameron, Jeanne et al. “Assessment as Critical Praxis: A Community
College Experience.”
9.
Teaching Sociology 30.4 (2002): 414–429. JSTOR. Web.
10.
https://cft.vanderbilt.edu/student-assessment-in-teaching-and-learning/
УДК № 808.50
ЕКІНШІ ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
ИНТЕРАКТИВТІ ФОРМАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
М.М. Нургалиева
1
, Н.Уәлібай
2
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аннотация:
В этой статье рассматривается развитие эффективное отношения
между ученикам и учителям использую новейшую технологии на уроках
1
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология
ғылымдарының кандидаты
2
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
198
второго иностранного языка. А также в нем выявлены эффективные
методы в обучении второго иностранного языка.
Аңдатпа:
Мақалада екінші шетел тілі сабақтарында жаңа технологияларды
пайдалану арқылы оқушы мен оқытушы арасындағы тиімді қарым-
қатынасты дамыту жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, екінші шетел
тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері анықталған.
Annotation:
The article is considered of the enhancing ways of an effective communication
between students and teachers on using the new technologies in the second
foreign language’s classes. Also, the effective teaching methods are identified
during the teaching of the second foreign language.
Key words: intercultural communication, audio and video technologies,
electronic textbooks, interactive module, on-line modes.
Қазіргі таңда шетел тілін игеру мәдениетаралық қатынас құралы
болып табылады. Тыңдап-түсінуге үйрету барысында оқушылар көптеген
қиындықтарға кездеседі. Тыңдап – түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру
үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жолдарын жақсы
білуге тиіс. Осы қиындықтарды жеңу үшін интернет ресурстар,
электронды оқулықтар, интерактивті модуль, аудио-видео тәрізді
технологиялардың маңызы зор.
Он-лайн режіміндегі тапсырмаларды орындау, ақысыз электронды
сайыстарға тізілу қазірғы қолжетімді процеске айналды.
Тыңдап–түсіну дағдыларын қалыптастыруда кездесетін киындықтар
негізінен екі топқа бөлінеді: а) қай тілде болмасын тыңдап – түсінуге
үйретуде кездесетін жалпыға бірдей, ортақ қиындықтар; ә) тек белгілі бір
тілде тыңдап үйренуде кездесетін, арнайы қиындықтар. Неміс, қытай
тілінде айтылған ауызша сөзді тыңдап – түсінуге үйрету үшін жалпыға
бірдей, ортақ қиындықтарды және қазақ оқушылары неміс тілінде тыңдап
үйрену барысында кездесетін қиындықтарды білу керек [1].
Енді тыңдап–түсінуге үйрету барысында кездесетін қиындықтардың
аталған түрлерін жеке-жеке қарастырып өтелік.
Жалпыға ортақ қиындықтар төменде аталатын қиындықтар кез келген
тілде тыңдап – түсінуге үйрену барысында кездеседі. Демек, олар қазақ
оқушылары неміс, қытай тілінде айтылған ауызша сөзді тыңдап- түсінуге
үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:
1. Белгілі бір ойды, мазмұнды айтып жеткізу үшін сөйлеушінің
қолданған тіл материалы мен оқушылар меңгерген тіл материалының
арасындағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда, оны қолдануда сөйлеуші
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
199
оқушының меңгерген тіл материалын ескермейді. Ол өзі айтып жеткізгісі
келген мазмұнды неғұрлым жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады.
Сондықтан сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық
материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін. Тыңдап отырған мәтінде
кездескен таныс емес сөздер, оқылмаған грамматикалык құбылыстар
оқушыға тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл
қиындықты жеңудің жолы — оқушылардың пассивтік және потенциалдық
сөздік қорын байыту. Бұл жолда мынаны естен шығармаған жөн. Мәтінде
таныс емес сөздер шамадан тыс көп деген жалған әсер жиі кездесіп
отырады. Оған себеп — жеке айтылғанда аудитор (тыңдаушы) сөздерді оп
– оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз кұрамында кездестіргенде,
сол аудитор тани алмай қалады.
Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де,
оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады.Қиындықты
жеңу үшін оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын
байытумен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын
болжауға ұсақ текстерде өткен лексиканы тануға дағдыландыратын
жаттығуларды орындау қажет, сондықтан оқушыларды кейбір таныс емес
сөздері бар мәтінінің мазмұнын түсінуге де дағдыландыру керек.
2. Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық
ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Олай болса, неміс тілі мұғалімінің де
өз ерекшеліктері мен интонациясы бар. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу
ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді
түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты шетел тілі мұғалімдері мен
методистері мынадай сұрақ қояды: неге алты жыл бойы шетел тілін оқыған
оқушы мұғалімің қойған сұрақтарын түсінеді де, дәл сол сұрақтарды
шетелдік адам қойса, түсінбейді? Бұл жерде сөйлеушінің дауыс
ерекшеліктері де түсінуге ықпал етеді. Мысалы, ер адамның жұмсақ қоңыр
даусын түсіну жеңілірек те, әйел адамның дауысы, әсіресе жіңішке, ащы
дауысты түсіну қиындық келтіреді.
Бұл қиындықты жеңудің жолы — сабақта техникалық құралдарды,
әсіресе он-лайн режимдегі тапсырмаларды жиі қолдану. Диктофонға ер
адамның да, әйел адамның да, баланың да сөзін жазып алып, оны
оқушыларға тыңдату керек. Сонда әр түрлі тембрлі дауыстарды тыңдап,
дардыланған оқушы өз мұғалімінен басқа сөйлеушілердің де сөзін тыңдап-
түсіне алады.
3. Әдетте мұғалім сабақта немісше сөйлегенде, өте баяу ырғақпен
сөилейді. Мұндағы мақсат — мұғалімнің немісше айтқанын барлық
оқушылар түсінсін дегендік, баяу сойлесе, оқушының түсінуіне жеңіл
болады деп ойлағандық. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да,
одан тезірек сөйлегенде, түсінбей қалады. Оқушылар үшін мұндай
жағдайда қалыпты ырғақпен айтылған сөз тым тез көрінеді де, ілесе алмай
Достарыңызбен бөлісу: |