«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
190
бағдарламалардың бірі - «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020
жылдарға арналған жол картасы». Аталған бағдарламаны орындаудың
негізгі жолдарының бірі пәндерді және тілді кіріктіріп оқыту бойынша
оқу-әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады.
Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде
қиын кезеңнен өтуде. Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа
оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері
әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың
дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп
оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Сол себепті де білім берудің
жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі – CLIL пәндік-тілдік
кіріктіріп оқыту технологиясы.
CLIL әдістемесі – пән мен тілді кіріктіре оқытуға үйрету. Пән мен
тілді кіріктіре оқыту әдістемесімен айналысатын мұғалімдер әр түрлі
сараптамаларды жасауға дайын болуы тиіс : пәннің мазмұнын, тілін, сабақ
берудің және оқытудың үздік тәжірибесін, пәннің, тілдің және әдістемелік
тәсілдің бірігуін, оқу орнында CLIL енгізуді және т.б.
Үздіксіз білім беру жүйесінде анықталған құзыреттер негізгі білім,
біліктерді және қарым-қатынасты сипаттайды , олар сыни ойлауға, ынтаға,
мәселелерді шешуге, тәуекелдерді бағалауға, шешімдер қабылдауға және
сезімдерді сындарлы басқаруға назар аудартады.
Еуропалық сегіз негізгі құзыреттілік мыналарды қамтиды: ана тілінде
тілдесу, шетел тілдерінде қарым-қатынас жасау, ғылым мен техникадағы
математикалық және базалық құзыреттер, АКТ-құзыреттілігі, жалпы оқу
дағдылары, әлеуметтік және азаматтық құзыреттіліктер, ынталылық және
іскерлік сезімі, басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу
және өз мәдениетін білдіру.
Көптілді білім беру жағдайында бүкіл бағдарламаны оқыту
барысында пән мен тілді кіріктіре оқытатын мұғалім ие болатын және
осындай мұғалімді дамытатын мақсатты кәсіби құзыреттіліктерді ұсыну
керек:
- жеке рефлексия немесе белгілі бір танымдық, әлеуметтік және
эмоциялық дамуға бейілділігі;
- пәндік-тілдік оқытудың негіздері немесе оқытудың ең озық
әдістемелерімен байланыс, олардың көмегімен пәндік-кіріктірілген
оқытудың
барлық
стейкхолдерлерімен
сындарлы
қарым-қатынас
орнатылады;
- тілді игеруге қатысты пәндік және тілдік құзыреттіліктер, ал тілді
тереңдетіп оқыту пәннің мазмұнына байланысты. Тілдердің (Т1,Т2, Т3)
өзара тәуелділігін білудің зерттеу тәсілі және танымдық қабілеттерді
дамыту пәндік мазмұн мен тілді үйренуге де ықпал етеді;
- әдіснама және бағалау;
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
191
- оқыту құзыретін қалыптастыру;
- әріптестермен ынтамақтастық;
- стратегияларды әзірлеу;
- бағыттар мен басымдықтарды әзірлеу;
- толыққанды пәндік оқу тәжірибесін әзірлеу;
- бағалау;
- зерттеу және бағалау;
- ресурстар және қоршаған кеңістік;
- CLIL басқару.
Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру мазмұнының енгізілуімен
педагогикалық кадрларды даярлауға және түлектердің білім дәрежесіне
қойылатын талаптар түбегейлі өзгеруде. Жұмыс берушілер мамандардан
жаңа кәсіби және жеке қасиеттерін – жүйелі ойлауын, құқықтық,
ақпараттық, байланысқа бейімділік мәдениетін және тілдерді білуін талап
етеді.
Көптілді білім беруде педагогтарды даярлаудың шетелдік тәжірибесін
зерделей отырып, көптілділікті іске асырудың бастапқы кезеңінде
эксперимент ретінде CLIL teaching methods жүйесін енгізу ұсынылады.
Бұл – оқытудың ең озық әдістемесін, сондай-ақ озық
мультимедиялық оқыту, бағдарламалық қамтамасыз етуді және жаңа
педагогикалық ресурстарды қамтитын шет тілін кешенді оқытудың
кіріктірілген жүйесі.
Басты мақсаты оқытушылар мен студенттерге оқу үдерісінде аса
маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы оқу
материалдарының, технологиялардың кең ауқымын ұсыну болып
табылады.
Аудиториялық және зертханалық сабақтардан басқа студенттер
қашықтық режиміндегі мультимедиялық бағдарламамен өзіндік жұмысқа
елеулі уақыттарын бөледі.
Ағылшын тілін үйренудің тереңдетілген курсын бітіргеннен кейін
және өз білімінің деңгейін арттырғаннан кейін студенттер көптілділікті
ескере отырып, оқуын жалғастырады.
Кәсіби ағылшын тілі курсын оқу барысында студенттерде екінші тілді
қарым-қатынас құралы ретінде, білімнің түрлі салаларынан жаңа, өзекті
және пайдалы ақпарат алу құралы ретінде пайдаланудың дағдылары мен
біліктері қалыптасады. Кәсіби ағылшын тілі курсын бітірген соң
студенттер қажетті кәсіби лексиканы меңгереді, арнайы сөздікті қамтитын
мәтіндерді оқиды, диалогтік және монологтық сөйлеуі дамиды, сондай-ақ
осы білімдерін одан әрі тәжірибесінде пайдаланады.
Көптілділікті енгізудің соңғы кезеңінде көптілділік ескерілген
тәжірибенің барлық түрлері болуы керек, яғни студенттер өз сабақтарын
үш тілде өткізулері қажет. Студенттер оқыту процесінде таңдаған
Достарыңызбен бөлісу: |