Pisa- оқушылардың функционалдық, логикалық ойлау сауаттылық деңгейін айқындаушы құрал



жүктеу 295,22 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі295,22 Kb.
#5541

PISA – Халықаралық зерттеу ( ХЭЫДҰ)

Қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығы биология пәнінің әдіскері Базарбаева Сәуле Ибадуллақызы.



PISA зерттеуі – Халықаралық Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.

Зерттеу 2000 жылдан бастап іске асырылуда, оған 70-тен астам ел қатысады.

PISA (Халықаралық зерттеу, Programme for International Student Assessment) - білім беру саласындағы ең ауқымды халықаралық зерттеулердің бірі;



  • 15 жастағы білім алушылардың өмірге қаншалықты дайын екендігі бағаланады;

  • оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы оқу жетістіктері бағаланады;

  • әр түрлі елдердегі білім беру үдерісін салыстыру үшін жүргізіледі.

Алғашқы халықаралық PISA зерттеулері 2000 жылы өткізілді, оған 32 мемлекет қатысты. Одан кейін 2003 жылы – 43, 2006 жылы – 57, 2009 жылы- 65, ал 2012 жылы – 65, 2015 жылы PISA зерттеуіне 70-тен астам мемлекеттің қатысуы жоспарлануда.

Зерттеу қорытындысы бойынша 2009 жылы Қытай, Финляндия, Сингапур және Жапония мемлекеттері үздік нәтиже көрсетті.

Халықаралық Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымының 2013 жылы 3 желтоқсанда PISA-2012 қорытындысы жарияланған: қатысқан 65 мемлекет қатарында Қазақстан математикадан 49 орынды, ғылыми-жаратылыстану пәндерінен 52 орынды, ал оқу сауаттылығынан 63 орынды иеленді.

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының деректеріне сәйкес зерттеуге 11 білім мекемелерінен 412 білім алушы қатысты.

Зерттеу қорытындысына сәйкес математикалық сауаттылық бойынша дұрыс жауап бергендер пайызы - 28,6%, жаратылыстану сауаттылығы – 28,2%, оқу сауаттылығы – 38,2%.

Шымкент қаласы мектептерінің қорытындысы бойынша №15 мектеп-лицей оқушыларының математикалық сауаттылығы – 38,4%, жаратылыстану сауаттылығы – 46,4%, оқу сауаттылығы – 56,9%; ал №66 жалпы орта мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығы – 20,3%, жаратылыстану сауаттылығы – 15,6%, оқу сауатттылығы – 24,7%.

2015 жылы өткізілетін кезекті Халықаралық PISA зерттеуіне облысымызда кешенді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мұғалімдер 3-деңгейлік бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіруде (мысалы, «Оқу мен оқырмандықты дамыту» тақырыбындағы зерттеу тобының көшбасшылық жұмысы қарқынды түрде коучинг-сессиялар өткізіледі), жеке пәндер бойынша PISA зерттеуіне дайындық курстарында пән мұғалімдері оқытылды, математика, жаратылыстану, тіл білімі пәндері бойынша оқу құралдары мен оқу жинақтары әзірленуде (мысалы: №80 мектеп-лицейінде математика пәні мұғалімі Н.Бакированың 2014 жылы математика пәнінен 5-7 сыныптарға арналған «Логика және тапқырлық» көмекші оқу құралы, мұғалімдерге арналған «Математикалық тренажер» әдістемелік құралы басылып шықты), облыс, қала көлемінде семинарлар мен конференциялар өткізілуде (№89 жалпы орта мектебінде «PISA - дәйекті ақпарат алу құралы» тақырыбында, №15 мектеп-лицейде «Халықаралық PISA зерттеуге дайындық жүйесі» тақырыбында қалалық семинарлар өткізілді).

2014 жылғы тамыз педагогикалық конференциясында Халықаралық PISA зерттеуінің қорытындысы тыңдалып, жұмыс нәтижесін арттыру мәселесі қаралды. Секциялық отырыстарда жеке пәндер бойынша зерттеуге дайындық жөніндегі қиындықтар кең талқыланды.

Тамыз педагогикалық конференцияның жұмыс қорытындысы бойынша 2015 жылы өткізілетін Халықаралық PISA зерттеуіне дайындық жоспары құрылды, әдістемелік нұсқаулар әзірленіп жасалды.

Зерттеуге дайындық жұмысы бойынша жинақталған озық тәжірибе таратылды. Мектеп мұғалімдері функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған кіріктірілген тапсырмаларды кең қолданады.(№15 мектеп-лицей мұғалімдері мен әкімшілігі 2012-2015 жылдар аралығындағы Халықаралық зерттеуін өткізу әдістері бойынша жұмыс жетістіктерімен танылды).

Қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен үйлестірушілері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «PISA – 2015» Халықаралық зерттеуін өткізу әдістері бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтті. Осы мазмұндағы курс бойынша білім мекемелерінің бірінші басшылары мен орынбасарлары өз білімін жетілдірді. Пән мұғалімдері жыл бойы 2 апталық «PISA – 2015» Халықаралық зерттеуін өткізу әдістері бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтеді (негізгі пәндер бойынша 200 мұғалім). Педагог кадрлардың кәсіби деңгейін өсіру мақсатында Кембридж әдістемесі бойынша 870 мұғалім: I деңгей- 104, II деңгей-119, III деңгей -647 біліктіліктерін арттырды. Осы мазмұндағы курс бойынша білім мекемелерінің 23 бірінші басшылары мен 86 орынбасарлары өз білімін жетілдірді.

PISA Халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу бойынша жоспарланып орындалған іс-шаралар:



  • зерттеуге қатысатын оқушылар контингенті туралы статистикалық мәлімет жинақталды;

  • оқушылар мен олардың ата-аналары арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді;

  • білім мекемелеріндегі оқу жоспарындағы вариативті сағаттар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуға бөлінді (№15 мектеп-лицейде «Вдумчивое чтение», «Практикум по математике», «Биологический практикум» атты таңдау курстары жүргізіледі);

  • жаңартылған мазмұндағы қысқартылған біліктілікті арттыру курстарынан өткізу үшін жаратылыстану-математикалық және тілдерді оқыту бойынша пән мұғалімдері туралы ақпараттар жинақталып, сарапталды;

  • педагог қызметкерлердің тамыз кеңесінің секциялық жұмыстарында дайындық жұмыстары бойынша баяндамалар жасалды;

  • PISA – 2015 Халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңіне қатысатын білім мекемелерінің басшылары мен пән мұғалімдеріне, мектеп үйлестірушілеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылып өткізілді.

  • PISA зерттеуінің үлгі тапсырмалары негізінде байқау тестілеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында қол жеткізген жетістіктер мен кездескен қиындықтар педагогикалық кеңестерде, әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында, мұғалімдер конференцияларында талқыланды.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

- Халықаралық эксперттерді шақырту арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру бойынша облыстық, аудандық, қалалық үйлестірушілерге және мекеме басшыларына арналған семинар-тренингтер өткізу;

- PISA – 2015 Халықаралық зерттеулер сұрақтарының мазмұны мен форматы туралы 15-жастағы және 4-ші, 8-ші сынып оқушылары арасында онлайн сабақтар ұйымдастыру;

- мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау кезіндегі бақылау жұмыстарына PISA зерттеуінің тест тапсырмаларын ендіру;



- PISA-2015, TIMSS-2015, PIRLS-2016 Халықаралық зерттеулерінің қорытындылары туралы білім бөлімінің кеңесінде талдау жасау, функционалдық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жоспарлы түрде іске асыру.

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелерінің маңызы ерекше. Өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында Халықаралық PISA зерттеу бағдарламасы аясында жүргізілетін іс-шаралар жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу орынды болар еді.
жүктеу 295,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау