Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет89/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
200 
 
қалады  Соның  салдарынан  олар  қалыпты  ырғақпен  айтылған  сөзді  түсіне 
алмайды. 
4.  Мұғалім  сабақта  немісше  сөйлегенде,  тағы  мынадай  бір  қателік 
жасайды.  Айтқанымды  оқушылар  түгел  түсінсін  деген  мақсатпен  ол 
немісше  бір  айтқанын  бірнеше  рет  қайталап  айтады  (әдетте  3-4  рет). 
Осыған  әбден  дағдыланып  алған  оқушылар  мұғалім  сөйлей  бастағанда, 
әуелде  оның  сөзіне  мүлдем  құлақ  аспайды,  Айтқанын  екінші, үшінші  рет 
қайталауын күтіп отырады. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын 
қайталамайды,  тек  бір-ақ  рет  айтады.  Қайталап  тыңдауға  дағдыланған 
окушылар  алғашқыда  айтылған  сөзді  тыңдамай,  оны  естімей  қалады  да, 
түсінбейді.  Мұндай  жағдай  оқушылардың  тыңдап-түсінуіне  үлкен 
қиындық келтіреді. 
Осы қиындыққа байланысты шетел тілі мұғалімдері мен методистері 
оқушыларға мазмұнын дұрыс түсіну үшін мәтінді неше рет тыңдату керек 
деген  мәселені  қойып,  соны  шешуге  күш  жұмсап  жүр.  Бұл  салада 
методистер  мынандай  қорытындыға  келді.  Тыңдаған  мәтінінің  мазмұның 
түсіну  үшін  оны  оқушыларға  бір-ақ  рет  тыңдату  керек.  Ал  сол  түсінген 
мазмұнды  қайталап  айтып  беру  керек  болған  жағдайда  оны  екінші  рет 
тыңдатуға  болады.  Олай  болса,  неміс  тілін  оқыта  бастағаннан-ақ  мұғалім 
өз  сөзін  қайталамауға  тырысуы  тиіс,  сөйтіп  оқушыларды  бір  айтқаннан 
түсінуге дағдыландыру керек. 
Жалпыға ортақ келесі қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің 
бет-әлпетін  көріп,  оның  сөйлеу  органдарының  қимыл-қозғалысын  байқап 
отырса,  онда  ол  өзі  тыңдап  отырған  сөзді  жеңіл  түсінеді.  Мысалы,  үлкен 
аудиторияда  соңғы  қатарда  отырған  адам  лекцияны  (баяндаманы)  нашар 
түсінуінің  себебі  оның  нашар  естуіне  байланысты  емес,  оның  лекторды 
(баяндамашыны) нашар көруіне байланысты. 
Нағыз  коммуникация  барысында  аудитор  сөйлеушіні  көре  алмайтын 
жағдайлар  кездесуі  ғажап  емес.  Мысалы,  сөйлеуші  көрші  бөлмеде  болуы 
мүмкін. Сондай-ақ телефонмен сөйлескенде де тыңдаушы сөйлеушіні көре 
алмайды.  Радиохабарларды  тыңдағанда  да  дикторды  көріп,  оның  бет-
әлпетін,сөйлеу  органдарының  қимыл-қозғалысын  бақылау  мүмкін  емес. 
Бұл жағдайлар тыңдап отырған сөзді түсінуді ауырлатып, көп қиындықтар 
келтіреді. [7 ] 
Аталган  қиындықты  жеңу  үшін  мұғалім  сабақта  магнитофонды  жиі 
қолдануға  тиіс.  Аудио-  видеоға  жазылган  мәтіндерді  тыңдауға  дағдылану 
нәтижесінде  оқушылар  сөйлеушіні  көрмей,  оның  сөзін  түсінуге  үйренеді. 
Сондықтан 
аудитивтік 
іскерліктер 
мен 
дағдыларды 
дамытуда 
диктофонның қызметі ерекше. 
Жалпыға  ортақ  қиындықтардың  келесі  түрі  аудитивтік  мәтіннің 
ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт тек басқа адамның сөзін тыңдағанда, 
тыңдаушы шаршап, жалығады, сондықтан тыңдағанын түсіне алмайды. 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
201 
 
Сөйтіп,  методикада  аудитивтік  мәтіннің  ұзақтығы,  оның  көлемі 
қандай  болу  керектігін  анықтап  алу  қажеттігі  туады.        Бұл  мәселеге 
байланысты  Пимслер  әдісі  бойынша  шетел  тілін  оқытудың  алғашқы 
сатысында  тыңдайтын  мәтіннің  ұзақтығы  30  минөттен  аспауы  керек.  Бұл 
пікірге  А.М.  Кушнир  де  аудиомәтіннің  ұзақтығы  оқытудың  алғашқы 
сатысының  өзінде-ақ  30  минөттен  кем  болмау  керек  деген  пікірді 
қолдайды.  Бұл  екі  пікірдің  қайсысы  дұрыс  екенін  айту  қиын,  өйткені 
ешқайсысы  тәжірибе  арқылы  тексерілмеген.  Дегенмен  оқушылардың 
алғашқы  сатыда  тез  шаршайтынын  ескере  отырып,  30  минөт  ұзактық 
дұрыс  деуге  болады.  Одан  артық  болса,  оқушылар  шаршайды  да,  тыңдай 
алмайды, түсінбейді [2]. 
Л.  Е.  Ильина  және  басқа  авторлар  тыңдап  –  түсінуге  үйретуде  екі 
кезеңді ажыратуды ұсынады: дайындық кезеңі және негізгі кезең. Осыған 
байланысты  тыңдап  –  түсінуге  үйрететін  жаттығулар  жүйесі  екі  топтан 
тұрады:  тіл  (дайындық)  жаттығулары  және  сөз  жаттығулары 
(творчестволық жаттығулар). Мұндай жаттығуларда ауызша сөздің екі түрі 
—  тыңдап-түсіну  мен  сөйлеудің  тығыз  байланыстылығы  ескерілуге  тиіс 
[5]. 
Тіл  (дайындық)  жаттығуларының  мақсаты  —  мәтінді  тыңдаудың 
алдында  лингвистикалық  және  психологиялық  қиындықтарды  алдын  ала 
жою.  Сонда  ғана  оқушылар  тыңдау  барысында  назарын  мәтіннің 
мазмұнына аударады. 
Тіл  жаттығуларын  орындау  нәтижесінде  мына  төмендегі  іскерліктер 
қалыптастырылады: 
а)    тыңдап  отырған  хабардағы  таныс  емес  құбылыстарды  анықтау, 
оларды бір-бірінен ажырату және түсіну іскерлігі; 
ә)  дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру іскерлігі; 
б)    сөз      жасау      тәсілдеріне      сүйене      отырып,      таныс  емес  сөздің 
мағынасын анықтау іскерлігі; 
в)түрлі 
лексикалық 
единицалар 
мен 
грамматикалық 
құрылымдардың контекстегі мағыналарын анықтау іскерлігі; 
г)синоним,антоним құбылыстарын танып, олардың мағыналарын ашу 
іскерлігі. 
Аталған  іскерліктерді  дамытумен  қатар  тіл  жаттығуларын  орындау 
нәтижесінде  оқушылардың  есту  қабілеті  мен  қысқа  мерзімдік  есі 
дамытылады. 
Осы  аталған  іскерліктер  мен  қабілеттерді  дамыту,  оларды  жетілдіру 
үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жөн: 
1. Есту қабілетін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары: 
а) бірнеше жұп сөздерді тыңдап, оларды қайталаңдар: singen – sinken, 
auffallen – auf allen; 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау