«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
76
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы
технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырда
ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.
ҚР-сының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде
жасаған «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласын оқып қазақ
тілінен латын әліпбиіне көшу жұмыстарымен таныстым. Бұл мақалада біз
2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуіміз керек. Кезінде Алаш
қайраткерлері латын әліпбиін жазу сызуда қолданғанын біз тарих
парақшаларынан білеміз. Бұл туралы ұлы ақын, педагог А.Байтұрсынұлы
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең
қуаттысы – тіл» деген екен.
Осы орайда, энциклопедист Халелдің көп тіл білген полиглот екенін
де айта кеткен орынды. Оның жеті жұрттың тілін меңгеруге күш салғаны,
оған мұрша-мүмкіндігі болғаны да осы Петерборда оқыған студенттік кезі
еді. Ол алдымен ана тілін сүйді, қадірледі. «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін
өзі білмеген ел ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі
өзгермекші. … Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» дейді ғалым-
дәрігер. Ал оның мына бір тарихи жазбасы тура бүгінгінің жастарына
бағышталғандай әсерге қалдырады: «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше
жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы
сөйлесең, бұл – күйініш. Ана тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру –
зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпау керек». Ана
тілінің асқан білгірі Х.Досмұхамедұлы орыс тілін жастайынан, әскери
училище қабырғасында-ақ жан-жақты меңгеріп алды. Неміс тіліне оның
өте жетіктігін, мамандығы бойынша тілші, өзі де бірнеше тіл меңгерген
филология ғылымдарының кандидаты Қарашаш Халелқызы қашанда
айтып отыратын.
Халел профессор Ю.Вагнердің «Өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі
туралы әңгімелер» және «Денеміздің түзілуі мен жұмыс қылуы туралы
әңгімелер» атты танымдық кітаптарын қазақ тіліне аударды. Ал, үш
томдық «Жануарлар» кітабын жазу тәжірибесі туралы өзі: «Жануарлар»
көбінесе орыстың Алуев деген профессорының және немістің атақты Брем
деген білгішінің кітаптарына қарап жазылды»-дейді. Реальді училищеде
неміс және француз тілінен үнемі жақсы баға алғаны, ал, Академия
қабырғасында латын тілін оқып-үйренгені мәлім. Латын тілі туралы
ғұламаның айтып кеткен мына бір ойлары бүгінде де өз мәнін жоғалтқан
жоқ деген пікірдеміз: «Осы заманғы ғылым – Еуропа ғылымы, барлық
Еуропа ғылымында қолданылатын тіл – латын тілі. Сондықтан, латын тілі
жұртқа ортақ ғылым тілі болып саналады. Ғылым атауын латынша айтса,
француз да, неміс те, жапон да, ағылшын да түсінеді. Латын тілі, латын
сөзі бізге жат болса да, қашуға болмайды. Бұл заманда ғылым іздеп,
қатарға кірем деген халық латын сөздерінен қаша алмайды». Сондай-ақ,
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
77
білімпаздың көне түркі мен ортаазиялық шағатай тілі, араб және парсы
тілдері жүйесімен таныстығына, одан бір адамдай хабардар болғандығына
оның бізге жетіп отырған мол мұрасы куәгер.
Латын әліпбиіне өту-бұл тек әліпбиді ауыстыру ғана емес, қазақ тілін
заманға сай жаңғыртудың кешенді жүйесін, дұрыс сөйлеу, жазу мәдениетін
қалыптастырады. Бұл бастама қазақтың рухани жаңғыруға деген сенімін
арттырып, санамызды жаңғыртады, болашақ ұрпағымыздың ғаламдық
ғылым-білімді игеруге
жол ашып, берік іргетасы болары сөзсіз.
Қорыта
айтқанда,
«Болашаққа
бағдар:
рухани
жаңғыру»
бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру жұмысы оқу-біліммен,
ғылыммен тығыз байланыста атқарылатын жүйелі үдеріс. Мұны күнделікті
өмір тәжірибесі көрсетіп келеді. Елбасымыз айтқандай: «Сынаптай
сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты
жалғаса беретін процесс... Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға
түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете
түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр». Олай болса, біздің
ендігі жердегі мақсатымыз – осы мүмкіндікті пайдаланып қалу болмағы
ләзім дейміз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Н.Ә.Назарбаевтың
«
Болашаққа
бағдар:
рухани
жаңғыру»
бағдарламалық мақаласы 2017ж 12 сәуір
2.
Өмірзақ Озғанбай «Жарығы өшпейтін жұлдыз». Алматы. 2005 ж.
220-б
3.
Сейталиев Қ. Б., Базарғалиев Ғ. Б. «Халелтану». Атырау.2003 ж - 220
б
УДК №371.3:811
ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ ФОРМАЛАРЫН ОҚЫТУ
А.Өтеген
1
, А.К. Мукышева
2
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Тіл
дамыту
жаттығуларын,
ойын
элементтерін
және
көрнекіліктерді пайдаланып, жаңа технологияны енгізу арқылы, ағылшын
тілін үйренуде оқушыларға елеулі қиындық тудыратын грамматиканың бір
саласы-етістікті үйретуге болады. Етістік заттың, құбылыстың - әрекетін
1
Шетел тілі:екі шетел тілі мамандығының 4
курс студенті
2
Шетел тілін оқыту әдістемесі
кафедрасының аға оқытушысы,
магистр