«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
92
қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы
керек», — деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.
2018 жылдың 10 қаңтарында шыққан жолдауда Президентіміз: «2019
жылдан
бастап 10-11-сыныптардағы жаратылыстану
ғылымының
жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.
Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық
әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді
меңгеретін болады.
Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады», - деп атап өткен
болатын.
Үш тілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол
ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына
мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. «Өзге тілдің бәрін біл, өз
тіліңді құрметте» — дегендей қазіргі уақытта көп тіл білу – заман талабы.
Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді
игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.
Сонымен қатар, көптілділік мәселесі – бұл Қазақстан үшін ғана емес,
бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі, себебі,
жаһандандыру және киберкеңістікке шыққан заман тілдерді білуді талап
етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев көптілді білімді дамытуға жіті назар
аударып « ... еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты
артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі.
Көптілді білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі
өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі
жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін
тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді.
Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды
білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.
Қазақ халқында «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл», «Бір тіл
білген бір адам, екі тіл білген екі адам» деген халық қағидаты бар.
А.С.Грибоедов өзінің жазған хатында: «Менің игерген білімім славян және
орыс тілін, латын, француз, ағылшын, неміс тілдерін игергенімде болса
керек». Г.Бельгер: Неміс тілі, орыс тілі, шабытымның үш қайнар бұлағы
немесе А.П.Чехов: «Бірер тіл білмеген адам өзін паспортсыз жандай
сезінеді» деген екен. Олай болса, «Полиглот» деп ондаған тілдерді қатар
үйренуге қабілетті адамдарды айтады.
Полиглоттар тарихына келер болсақ ақын – жазушыларымыздың өзі
тек жазушылықпен айналысып қана қоймай ,бірнеше тілді жетік
меңгерген. Қазақ халқының ұлы перзенті – Абай Құнанбаев орыс-қазақ
тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Шығыс ғұламасы Әл-
Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген. Шоқан Уәлиханов та араб, шағатай
және түркі тілдерінің біразын білген. Кадет корпусында оқып жүргенде