Сарсенбаева С. С., Рамазанова Ш. Х., Баймаханова Н. Т. Медициналық жоғАРҒы оқу орындарындағы белсенді оқыту



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет5/18
Дата30.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#18490
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

 

11 



 

олардың ізбасарлары — мыңдаған педагогтарды біріктірген жаңа білім берудің француздық 

топтары,  —  қоғамдағы  транформацияның  ӛршуі  білім  берудегі  жағымды  ӛзгерістерді 

жігерлендіреді  деп  болжайды.  Шеберлік  «түсінікті  және  қарапайым  формулаларға»  сәйкес 

құрылады:  оқушы  білімді  ӛзі  іздеуі  қажет;  қатысушының  еңбегі  мағыналы  болуы  керек; 

барлығы  мүмкіндікке  ие;  оқушы  қимылдауы  қажет;  оқушылар  қолмен  жұмыс  істегенді 

жақсы кӛреді. 

Технологияпедагог-шеберменарнайы  ұйымдастырылған  кеңістікте  дамиды,  ол 

оқушыларға жеке және ұжымдық ізденуде «білім құрастыруына немесе ашуына» мүмкіндік 

береді. 


Шеберлік — бұл сабақ жүргізудің ерекше түрі. Ол ӛзара байланысты сатылар ретінен 

тұрады.  Әр  сатыда  оқу  тапсырмасы  анықтаушы  бірлік  болып  табылады,  ол  балалардың 

танымдық  қызметін  бағыттайды.  Сонымен  қатар,  оқушылар  зерттеу  жолдарын,  мақсатқа 

жету  құралдарын,  жұмыс  қарқынын  және  т.б.  таңдауға  мүмкіндіктері  бар.  Оқушылармен 

орындалған  тапсырмаларды  оқытушы  тексермейді.  Сыныпта  жұмыс  нәтижелерін  және  сол 

танымдық  үрдісте  ӛзін-ӛзі  тексеру,  ӛзін-ӛзі  бағалау  ұйымдастырылады,  нәтижесінде  факт, 

үрдіс  және  құбылыстарды  ӛзбетінше  тану  қабілеті  (жағдайлар  туралы  жеке  ойы)  дамиды, 

тұрақтанады,  оқушы  тәжірибесінің  субъектілі  қателігі  немесе  шектелуі  жойылады,  оның 

білімі,  игерімі,  қатынастары,  сезімі  мен  мүмкіндіктері  жағынан  жеке  жетістіктерге  жетуі 

жүзеге асырылады. 

А.А.  Окунев  жазғандай,  шеберлікте  «білім  дайын  түрде  берілмейді,  құрастырылады. 

Осы  құрастырылу  үрдісінде  дұрыс  емес  анықтамалар,  қателіктер  болуы  мүмкін,  бірақ  бұл 

қылмыс емес. Оқышулар қателік жіберу және дұрыс емес ойы туралы сӛз есту, тапсырманы 

орындай  алмау,  оқытушының  не  ойлағанын  таба  алмау  туралы  қорқыныш  сезімінен 

арылады.  Таным  баспалдағы  болып  табылатын  қателіктер  негізінде  нақты,  ғылыми  білімі 

қалыптасады.  Сабақтың  соңында  Сабақтың  басты  сұрағының  дұрыс  жауабы  айтылмауы 

мүмкін. Ол кезде келесі шеберлік сабағын бастауға жақсы негіз пайда болады». 

Дәстүрлі оқыту кезінде білімді оқытушы береді және оқушы — жазуға болатын «таза 

ақ  парақ  тәрізді»,  білімді  «қапталған»,  құрылымдандырылған  күйінде  алатын  болса,  ал 

шеберлікте  жүргізілетін  сұрақтардың  барлығы  бойынша  сабақтың  басында  қатысушылар 

ӛзінің  гипотезаларын,  ойларын,  модельдер  құрылымын,  сызбаларын  және  т.б.алға  тартады. 

Оқушылардың  нұсқалары,  жаңалықтары  —  бұл  сәйкесінше  қатысушылар  игеретін 

танымдық, ойлау және әрекет ету мүмкіндіктерінің жеке құрамы. 

Рефлексия — тұлғаның ойында және (немесе) сезініп жүрген ӛз әрекетін түсіну үрдісі. 

Шебер  мен  оқушының  кейінгі  жұмысының  жетілуіне  алып  келетін  шеберлік  барысында 

оқушыда  пайда  болған  сезімдердің  кӛрінісі;  бұл  шеберліктің  барлық  сатысындағы 

анықталған  жетістіктер  мен  жеңілістердің  талдауы,  бұл  ӛзінің  қателігін  сезіну  және  осы 

кедергіні оны жеңу нәтижесінде шешу. 

Рефлексия барысында әртүрлі ойлау жұмыстары жүргізіледі: 

 

шеберлікте қолданылған және қатысушымен меңгерілген қызмет әдістерінің талдануы және 



бекітілуі мүмкін; 

 

жеке оқушымен, топта немесе барлық сыныппен құрылған білімі талданады



 

шешілмеген мәселелер белгіленеді, «білімсіздік аймағы» анықталады; 

 

алдағы  ізденіс  жұмыстары  туралы  шешім  қабылданады:  жобалар  тақырыбы  таңдалады, 



меңгеру және талдау үшін сұрақтар ұсынылады және т.б. 


 

 

12 



 

Рефлексия  барысында  айтарлықтай  тиімділікке  жетуге  болады:  біріншіден,  оқушылардың 

керекті  оқу  әрекеттерін  меңгеруіндегі  тиімділікке  бақыланбайтын  рефлексияны  қосқаннан 

кейін  ғана  жетуге  болады,  соның  есебінен  сатылардың  жұмысы  анықталады,  мысалы, 

математикалық  есепті  шешуде;  екіншіден,  рефлексия  әрекет  етуге  деген  ішкі  талпынысқа, 

балаға  оқу  мазмұнын  «жақындатуға»  жағдай  жасайды;  кейін,  сабақта  рефлексияны  жүзеге 

асыра отырып, оқушылар сәйкес ойлау процедураларын орындайды,  бұл оқушының кейінгі 

ересек ӛмірінде маңызды. 

Инновациялық  әдістердің  басты  ерекшеліктерінің  бірі  оқушылардың  белсенділігі 

оқытушының  белсенділігімен  тең  келуінде.  Студенттер  дәріскер  немесе  оқытушының 

пассивті  монолог  оқуының  тыңдармандары  емес,  тікелей  және  кері  байланыс  нәтижесінде 

шығармашылық және эмоционалды түрде білім беру үрдісіне қатысады.  

Дәстүрлі  әдіс  қайталу  барысында  ережелерді  меңгеруге  бағытталған,  ал 

инновациялық әдістер белгісіз, үнемі ауыспалы болып кӛрінетін жаңа жағдайда әрекет етуге 

шақырады.  Бұл  әр  науқас  үнемі  «ӛзгеріп  отыратын  белгісіздік»  болып  саналатын    дәрігер 

қызметінде, әсіресе, дедуктивті қызметінде маңызды.  



 

Педагогқа арналған креативті жаттығу. 

Дәптер  парағын  немесе  А4  парағыналыңыз,  оны  2  бӛлікке  бӛліңіз,  біріншісіне 

Сіздің          ойыңызша  дәстүрлі  оқытуға  не  жататындығын  жазыңыз,  ал  2-шісіне,  Сіз 

қандайәдістерді  инновациялық  деп  санайсыз.  Тізімді,  негізінен,  маңыздылығына  қарай 

орналастырыңыз.  Қолдану  жиілігіне  қарай.  Екі  бағанды  салыстырыңыз.  Сіз  қандай 

маңызды  айырмашылықты  байқадыңыз?  Дәстүрлі,  инновациялық  әдістердің  ішінде 

қайсысы сізге ұнайды? Неліктен? Ӛзіңізге және Сізбен бірге жаттығуды жасауға қатысып 

отырған ұжымдастарыңызға жауап беріңіз. 

 

 

Қатысушының инновациясы мен компетенциялары 



 

Медициналық  сипаттағы  білім  беру  бағдарламаларының  негізінде  –  болашақ  дәрігер 

компетенциясын  (когнитивті,  операционалды,    аксиологиялық,  құқықтық  компетенция, 

сонымен  қатар  ӛзін-ӛзі  жетілдіру  компетенциясы)  қалыптастыру,  белгілі  бір  оқыту  мерзімі 

ішінде  кәсіби,  интеллектуалды,  ӛзін-ӛзі  ұстау  қабілеттері  мен  дағдыларын  дамыту 

мақсатының  жатуына  байланысты,инновациялық  әдістерді  қолдану  объективті  түрде 

заңдылық болып табылады. «Компетенция» термині (латын тілінен) «адам жақсы меңгерген, 

ол  туралы  түсінігі  мен  оны  жүзеге  асыру  үшін  тәжірибесі  мол  сұрақтар  шеңбері»  дегенді 

білдіреді [8]. 

 

Компетентті  түрде  оқытуды  жалпы  медициналық  және,  соның  ішінде,  педиатриялық 



білім берудің жаңа жолы деп қана қарастырмай,  сонымен қатар, қазіргі заман талабына оны  

сәйкестендіру  механизмі  ретінде  қарау  қажет.  Ол  педиатрды  дайындау  үрдісін 

ұйымдастыруда  айтарлықтай  түзетулер  енгізеді,  оған  әрекетшіл  және  тәжірибелік-

бейімдеуші  сипат  береді.  Компетентті  түрде  оқыту  қазіргі  қоғам  мен  медициналық 

құрылымдар  талап  ететін  дәрігер-педиатрдың  жаңа  сапалы  моделін  қалыптастыруға 

мүмкіндік  береді.  Болашақ  педиатр  компетенттілігі  –  бұл  бала  денсаулығын  сақтау 

саласында  тапсырмаларды  шешу  мүмкіндігі,  ӛзінің  дәрігер-педиатрлық  кәсіби  рӛліне 

дайындығы. 

 



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау