Жоо–дағы оқу–тәрбиелік жұмыстың тиімділігін арттырудағы осөЖ–ның ролі



жүктеу 98,21 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі98,21 Kb.
#806

ЖОО–дағы оқу–тәрбиелік жұмыстың тиімділігін арттырудағы ОСӨЖ–ның ролі.
1Г.К.Рахимжанова, 2С.Р.Кулмаганбетов

1экономика және халықаралық бизнес кафедрасының оқытушысы

2Экономика мамандығының 1 курс студенті

uf_98@mail.ru



Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.
Аннотация: Мақалада оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өзіндік

жұмысының оқу-тәрбие жұмысындағы рөлі мен мазмұны қарастырылады. Сондай-ақ ақпаратты қоғам жағдайындағы оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселелері талданады.


Негізгі ұғымдар: кредиттік технология, студенттің өзіндік жұмысы, оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өзіндік жұмысы, презентация.
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған үндеуінде ұлттық білім беру жүйесінің дүние жүзілік стандартқа сай, қазіргі кездегі талаптарды қанағаттандыратындай болу қажеттігі ең маңызды мәселе ретінде қаралып, Қазақстан Республикасының түгел дерлік бағдарламалық құжаттарынан өзінің көрінісін табуда [1].

ЖОО-дағы үлкен міндеттердің бірі болашақ мамандарды өз бетімен жұмыс істей білуге, өз бетімен білім ала білу дағдысын дамытуға және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Егер студент ЖОО-на келген күннен бастап оның танымдық белсенділігін оятатындай ортада болса, әрине, бұл міндет сөзсіз орындалар еді. Жеке іс-әрекеттің нысанасына қойылмаған білім еш уақытта адамның жетістігіне айнала алмайды. Жоғарыдағы міндетті шешуде өздік жұмыс студенттердің танымдық әрекеті ретінде оң ықпалын тигізеді.

Жоғары мектептерде жұмыс істейтін оқытушылардан өмірдің өзі студенттермен өзара әрекет барысын ұйымдастыруды өзгертуді талап етіп отыр. Оқытушы тек сұраққа жауап беріп, белгілі бір тапсырмаларды орындап қана қоймай, оқытуда ақыл-ойлық инициатива көтере алатын, өз ойын білдіре алатын интеллигенцияны даярлауда қоғамдық дамудың әлеуметтік талаптарын ескере білуі қажет. Студенттің өздік жұмыс істей алуы үшін қазіргі оқытушынен тек өз пәні бойынша білімі емес, жоғары психология-педагогикалық мәдениет, оқыту процесінде студентпен өзінің арасындағы бірлескен жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі әдістері мен формаларын меңгеруді талап етеді. Оқытушының ең басты қасиеттерінің бірі – студенттің өздік жұмыс жасай алуын ынталандыра білу іскерлігі .

Қазіргі жоғары мектептегі оқу процесін жетілдіру екі негізгі аспектіні қамтиды: білім беру мазмұнын жетілдіру және жаңа білім беру технологияларын енгізу.

Білім беру технологиялары оқытудың түрлі құрылымдық деңгейлерінде қызмет ете алады: жұмыстың жекелеген түрлері деңгейінде (түсініктеме берілетін жазба технологиясы, белгілі бір тапсырма типін шешу технологиясы), сабақ және басқа да оқытуды ұйымдастыру формасы деңгейінде (сабақты кіріктіріп өткізу технологиясы), педагогикалық жүйелер деңгейі (педагогикалық жүйе технологиясы), тұтастай алғанда оқыту деңгейінде (бұл жалпы оқыту технологиясы деп аталады).

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін технологияларды таңдаудың басты ерекшелігі – студент тұлғасына, оның бейімдері мен қабілеттеріне, сол сияқты шығармашылық өзін-өзі іске асыруға сұранысына сүйену болып табылады.

Жоғары мектепте оқытудың болашақ маманның шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға бағыттылығының күшеюі ЖОО пәндері мазмұны мен оқытушы іс-әрекетін студенттің өзіндік тұлғасына, өзіндік құндылығына, қызығушылықтары мен сұраныстарына бағыттауды талап етеді. Яғни, студенттердің өзіндік жұмысы тұлғаға бағытталған оқыту позициясында құрастырылуы тиіс.

Тұлғаға бағытталған өзіндік жұмыстың түрлі аспектілерін қарастыру барысында осы процестегі студент пен оқытушының өзара қарым-қатынастары мәселесіне тоқталмай өту мүмкін емес. Оқу процесінің субъектілері арасындағы өзара түсіністік оқытудың тиімділігін арттырады. Өзіндік жұмыс жүйесіндегі оқытушы мен студенттердің өзара қатынасының оптимальды типі болып мынадай қарым-қатынас табылады: оқытушы мен студенттердің позициясы алшақтатылмайды, олардың ынтымақтастығы мен біріккен шығармашылық әрекеті болады; студенттердің белсенділігі қайталау, ұқсастық, өзіндік жұмысты ұйымдастырудың белгіленген түрі шеңберінде қалып қоймайды, керісінше, ұсынылған тапсырмаларды шығармашылықпен санадан өткізу деңгейіне шығады; оқытушы дара өзіндік ерекшелікті – әр студенттің «Мен - концепциясын» қабылдауға, тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыруға психологиялық және практикалық даярлығы жоғары.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі тиімді жол студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда тұлғаға бағытталған оқыту принциптеріне сүйену болып табылады деген қорытынды жасауға болады. Оқу процесін осылайша ұйымдастыру барысында оқытушы студенттің өзіндік іс-әрекетіне тікелей емес, осы іс-әрекет жемісті болуы үшін жағдайлар жасау арқылы қатысады.

Дәстүрлі білім берудің «білімдік» моделі студенттің оқыту объектісі болып табылатынын көрсете отырып, оның білімдері, тәжірибесін оқытушы (субъект) өзгертеді, яғни оқытушы оқытуы, дайын білімдерді беруі керек деген тұжырымға құрылған. «Білім беруде көптеген ғасырлар бойына үстемдік етіп келген білімдік-ағартушылық парадигма – деп көрсетеді В.В.Сериков, - өз мүмкіндіктерін тауысты... бұл жерде сөз, әрине білімнің «зияны» туралы емес, білімдік парадигманың ойлау стилі ретінде шектеулілігі туралы болып отыр. Білімнің өзін алатын болсақ, ол әрине, сөзсіз білімділік өлшемі болып табылады, өйткені тіпті индивидтің тұлғалық тәжірибесі мен оның рефлексиясының басқа да өнімдері түртің түбінде білім формасында болады, тек олар басқаша сипатта... (дүниені үстіртін-заттық меңгерудің орнына оны адамның космогенез субъектісі ретінде терең-мағыналық түсінуі келеді)».

Білім берудің тұлғаға бағытталған моделінде студент іс-әрекет жүйесіне субъект ретінде тартылады, онда өз бетімен саналы және мақсатты әрекет ету, білім алу, іс-әрекеттің түрлерін жетілдіру қабілеті бар деп есептелінеді. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға тұлғаға бағытталған тұрғыдан келу оны білім алушы үшін жеке мәнділік позициясына шығарады, ал бұл болса өз кезегінде өзіндік іс-әрекеттің кез келген түрінде белсенділік пен шығармашылық бастаудың күшеюіне әкеледі. Нәтижесінде «өзара әрекет бөліктерден маңызды» болатын күрделі тұтастық түріндегі өзіндік жұмыстың жүйесі құрылады. Осындай өзіндік жұмысты біз тұлғаға бағытталған деп есептейміз. Осындай тұрғыдан келуде тұлғалық парадигмаға өту «білімдік» білім беруден бас тартуды білдірмейді, керісінше, білімді басқа сапалы деңгейге – тұлғалық мағына деңгейіне шығарады.

Студенттердің осындай өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы оқытушының функциясы төмендегілер болып табылады:



  • тұлғаға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлау кезінде көмек;

  • оқу мазмұнын таңдау (тұлғалық-дамытушы жағдаяттар, студент даралығын ашуға бағытталған тапсырмалар құру);

  • студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың өзі, яғни, оқыту процесінің барлық компоненттерінің өзара байланысын қамтамасыз ету;

  • студенттердің өзіндік жұмысын басқару;

  • білім алущылардың оқу іс-әрекетін мониторингілеу (кеңес беру жүйесі арқылы, оқу еңбегін қатаң регламенттеуге емес, оқу іс-әрекетінің түрлерін меңгеруге, өзін өзі іске асыруға көмек түрінде).

Өзінің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда студенттердің функциялары:

  • өз іс-әрекеттерін жоспарлау, яғни мақсаттарды қою және оған жету жолдарын анықтау;

  • өзінің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни қойылған оқу міндеттерін шешу үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалану;

  • өз іс-әрекетін басқару, яғни өзін өзі бақылауды, қажет болған жағдайда өз іс-әрекетін қайта түзетуді іске асыру;

  • дұрыс шешім қабылдауды қамтамасыз ететін ақпарат беру негізінде оқытушылар мен курстастарымен байланыс жасау;

  • өз іс-әрекетінің рефлексиясы [2].

Жоғары оқу орындарында студенттің өздігінен орындайтын жұмысын және оқытушы қатысуымен жүргізілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талдау кредиттік жүйе жағдайында арнаулы курстар бойынша экономиканы оқытудағы өзіндік жұмыстардың және ОСӨЖ-ді іске асырудың психологиялық-әдістемелік құрылымын ұсынуға болады. Әдістемелік құрылым дегеніміз – қандай да бір процестің жүргізілген жүйесі мен мен іс-әрекетін бейнелеуші сұлбасы.

Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында экономиканың арнаулы курстарын оқыту процесінде оқытушы мен студент субъектілер ретінде қарастырылады.

Оқытушы студентпен бірлесіп жұмыс істеу барысында оның білім деңгейінің жоғарлауына, дара тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Бұл ынтымақтастық негізінде кері байланыс орнап, белгілі бір оқу әрекетінің белсенді түрі жетіліп, оның нәтижесі бақылау мен өзіндік бақылау арқылы бекітіледі.

Оқытушы мен студенттің ынтымақтастығы бірлескен төмендегі компоненттерден тұрады: Мазмұндық компонент экономиканың арнаулы курстарын оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастыру мазмұнын анықтайды. Мұның негізгі мақсаты студенттердің кредиттік оқыту жүйесі жағдайында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесін құру. Мазмұндық компонентте студенттерге берілетін өзіндік жұмыстардың көлемі, орындалу уақыты, орындалу жолы көрсетіледі.

Мазмұндық компонент бойынша ұйымдастырылатын өзіндік жұмыс негізінде студенттің тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туады.

Студенттерге экономикадан терең білім беру процесін нәтижелі ұйымдастыру пәннің әдістемелік қамтылуының қандай дәрежеде әзірленгеніне байланысты болады.

Пәннің әдістемелік тұрғыдан жабдықталуына оқу жоспары, бағдарламасы, студентке арналған оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Оқу-әдістемелік кешендер Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық компонент пәнді оқытуға қажетті құралдарының толықтығын және оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданылуды керек етеді. Студенттерді оқытудың әр түрлі формаларын (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), СӨЖ және СОӨЖ-ын дұрыс ұйымдастыруда олардың жекебас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырманың мазмұны мен көлемін олардың деңгейлеріне қарай беру өте маңызды мәселенің бірі.

Мазмұндық компонентте ең алдымен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыбы, жоспары, қолданатын әдіс түрі анықталып, құрылып, орындалу кестесі түзіледі. Өзіндік жұмыс кестесі студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен силлабуста беріледі.

Студенттің қолында осындай оқу-әдістемелік кешеннің болуы студенттің өзіндік жұмысты дұрыс ұйымдасутырына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады.



Процессуальды-әрекеттік компонент оқытушының оқыту іс-әрекеті мен студенттің танымдық әрекетінің бірлесуінен тұрады. Оқытушының педагогикалық іс-әрекеті жоғары оқу орнының педагогикалық процесінде оқытуға, студенттің дара тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің дамуына тиімді жағдай туғызуға бағытталады.

Оқытушы студенттерге білім беру кезінде мемлекеттік білім беру стандарты және типтік бағдарлама талабына сай оқу-әдістемелік кешенді, оқу жұмыс бағдарламасын, жұмыс бағдарламасын құрастырады. Оқу-әдістемелік кешендер студенттердің мамандықтарына, мамандануына, оқылатын пәннің мазмұнына тікелей байланысты болады.

Оқытушы мен студенттің іс-әрекеті оқу жұмысының әр түрін іске асыруға бағытталады. Жоғары оқу орындарында оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына дәріс, сарамандық сабақ, зертханалық жұмыс, семинар, студенттің оқытушы қатысуымен өтетін өзіндік жұмысы жатады. Оларды дәрісханалық, дәрісханадан тыс деп жіктейміз

Оқытушы қатысуымен жүргізілетін СӨЖ кредиттік жүйе жағдайында енгізілген оқыту формасы ретінде сабақ кестесіне қойылады. Сабақтың осы түрінде әр қилы белсенді әдістер қолданыла отырып, студенттердің өзіндік жұмыстары ұйымдастырылады.

Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді оқу материалдарын қолдану олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.

Білімді бақылап, бағалаушы компонент. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың жеке траекториясы белгіленеді. Ол траекторияның жүзеге асуы блокты-рейтингті бақылау жүйесінің бағдарламалық қамтылуына, білімді бақылауға арналған тест тапсырмаларының жеткілікті мөлшерде жиынтығы болуына, электрондық оқытушы-тексеруші бағдарламалардың болуына және оқытушы тарапынан көмек пен бақылаудың ұйымдастырылуына тікелей байланысты.

Блокты-рейтингті оқыту жүйесі өзінің құрылымы, құралу сипаты жағынан объективті, нанымды жүйелі нәтижені өңдеу, диагностикалау, бағалауды қамтамасыз етеді. Рейтингтік жүйе-жинақтаушы типті бағалау жүйесі рейтингтік өлшеулерге негізделіп, студенттер үлгерімін, шығармашылық деңгейін анықтайды.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе оқытушылар мен студенттердің өзіндік жұмыс жүйесіндегі жемісті ынтымақтастығы төмендегі шарттар орындалған жағдайда мүмкін болатынын айтуға болады:



  • оқу іс-әрекетінде осы іс-әрекет субъектілерінің оң тәжірибесіне сүйену және сол жерде өзара қарым-қатынасты ынталандыру;

  • студенттердің оқу іс-әрекетінің нәтижелерін емтихандар нәтижесімен емес, оқу мерзімі бойындағы оның жүйелі, шығармашылық жұмысы нәтижелерімен негіздеу. Бұл жерде білім алушының фактілерді қаншалықты есте сақтауын емес, оның «ой күшінің», ойлау, сын тұрғысынан ойлауының, дұрыс шешім қабылдау, алынған білімдерді практикада қолдана білу, өзіне мәлім іс-әрекет тәсілдерін өзі үшін жаңа жағдаяттарға бейімдей алу және іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін ашу қабілеттерінің қаншалықты дамығанын анықтау маңызды;

  • түрлі қиындық деңгейіндегі және түрлі бағалау жүйесіндегі тапсырмалар құру және студенттерге өзінің тұлғалық сұраныстары мен мүмкіндіктеріне сәйкес деңгей таңдауына мүмкіндік беру;

  • өзіндік жұмыс жасау кезінде студенттердің әр түрлі кооперацияларын ұйымдастыру, себебі, кез келген сабаққа, сол сияқты сынақтар мен емтихандарға дайындық оған екі-үш адам қатысқан жағдайда тиімді жүргізілетіні дәлелденген, мұндай жағдайда олар бір-бірін тек бақылап қоймай, сонымен бірге топтың оқуға түрткілерін жоғарылатуға себеп болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы халқына жолдауы // www.akorda.kz.

2. Кузьмина Ю.В. СРС как средство формирование профессиональных компетенций // Высшее образование сегодня. – 2010. - №12. – С. 27-28.
жүктеу 98,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау