2.3 Басқа да салықтар есебі мен есеп айырысуларды бағалау
Мемлекеттің салық саясатындағы кейінгі өзгерістері компаниялардың салықтық заңнаманы сақтамағаны үшін салықтық ұстанымдар мен айып санкцияларын мейлінше азайту мақсатында салықтық тәуекелдерді басқару саласындағы өздерінің рәсімдерін қайта қарауға итермелеуі мүмкін. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды түлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару қүжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. ¥йымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілу мүмкін:
•Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп
беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
• бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
• жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындаған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық қүрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік
бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ [15].
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерінің есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
¥йымдардың түсініктеме жазуларына (пояснительная записка) жыл бойы
орындалған жүмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен
қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және бөлу
тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
Ұйымдар қолданатын есеп саясатының құрылымы 1-қосымшада корсетілген.
Қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрған, қосымша құн салығы салынатын тауарларды тиеу, жұмыс жасау, қызмет көрсетуді жүзеге асыратын салық төлеуші аталған тауарларды алатын, жұмыстар мен қызметтерді қабылдайтын тұлғаға шот-фактура беруі тиіс. Типтік шоттар жоспарында келесі шоттар қарастырылған (кесте 4).
Кесте 4– ҚҚС бойынша шоттардың корреспонденциясы
Опециялардың мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1. Жабдықтаушыдан қоймаға қор келеді
|
1310
|
3310
|
2. Акцептелген шот бойынша қосымша құн салығы сомасы
|
1420
|
3310
|
3. Сатып алушыға өткізілген тауар үшін шот ұсынылады
|
1210
|
6010
|
4. Есептелуі тиіс қосымша құн салығы сомасы
|
3130
|
1420
|
Ескерту:Автормен құрастырылды
|
Қосымша құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып саналады. Қосымша құн салығын төлеуші қосымша құн салығы бойынша декларацияны (300.00 нысаны, қосымшаларымен бірге) салық төлеушінің орналасуы бойынша салық органына есептік салық кезеңінен кейін келетін екінші айдың 15-нен кешіктірмей тапсыруы тиіс, төлеушінің орналасуы бойынша есептік салық кезеңінен кейін келетін екінші айдың 25-нен кешіктірмей салық төлеуге міндетті. Декларацияға оның қосымшалары болып табылатын салық кезеңінде алынған, өткізілген тауар, жұмыс, қызмет бойынша шот-фактуралардың тізілімі бірге тіркеледі.
«Қосымша құн салығы» 1420 шоты, онда салық заңнамасына сəйкес өтелуі тиіс, қосымша құн салығының бюджетке артығымен төленген сомасы бар қосымша құн салығы бойынша операциялар беріледі. «Қосымша құн салығы» 3130 шоты, мұнда қосымша құн салығын есептеу мен төлеуге байланысты опрециялар жазылады.
Жеке табыс салығын төлеушілерге салық салынатын объектілері бар жеке тұлғалар жатады. Жеке табыс салығы салынатын объектілеріне жеке тұлғаның келесі түрдегі табыстары жатады:төлеу көзіндегі салық салынатын табысы;төлеу көзіндегі салық салынбайтын табыстары кіреді.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты элементтер жатады. Техникалық сұрақтар есептің таңдалған варианттарын таратуға қажетті
есеп айырысулардың тәртібін және бейнелеу сызбаларын анықтайды. Техникалық аспект шоттардың жүмыс жоспары нысандарын, алғашқы құжаттар және есеп регистрлерін, ішкі есептіліктерді қалыптастыру сұрақтарын қамтиды:
-құрылымдық бөлімшелерді жеке баланстарға және қорытынды бухгалтерлік есептілікті құру механнизмдерін анықтайды; -калькуляциялық бірліктің қүнын есептеу тәртібін және тағы басқаларды тағайындайды [18].
Ұйымдастырушылық сұрақтар ұйымдардың құрылымдарын, яғни экономикалық қызмет, олардың өзара әрекеттерінің механизмін, есептік жұмыстарды орталықтандыру деңгейін, ішкі шаруашылық бақылауды ұйымдастыруды, мүліктерді және міндеттемелерді түгендеу тәртібін құруды сипаттайды.
«Қосағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты 2007 жылғы 28-ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына спйкес жүзеге асырылады. Есепті үйымдастыру ережелері мен негізгі иринциптері және ішкі бақылау мен сыртқы аудитке қойылатын талаптар есеп саятымен анықталады.
Есеп саясатын қалыптастырғанда және пайдаланғанда келесі принциптер негізге алынады: есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, мәнділік, реулік, сенімділік, ақиқат әрі әділ үсынушылық, бейтараптылық, сақтық, гиянақтылық, дәйектілік, жүйелік, толықтық, мерзімділік.
5 – ші кестеде жер салығын есептеу бойынша шоттар корреспонденциясы көрсетілген.
Кесте 5 – Жер салығын есептеу бойынша шоттар корреспонденциясы
Операциялар мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1.Жер салығы есептелді
|
7210 «Əкімшілік шығыстар»
|
3160 «Жер салығы»
|
2. Салықты бюджетке төлеу
|
3160 «Жер салығы»
|
1030 «Ағымдағы банктік
шоттардағы ақша қаражаты»
|
Ескерту - Типтік шоттар жоспары негізінде автормен құрастырылған
|
Есеп саясатының ұйымдастырушылық - құқықтық статус бөлімінде кәсіпорынның заңды тұлға ретінде тіркелгендігі, құрылтайшылары, жарғылық капитал мөлшері, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, Сонымен қатар Жарғы және Құрылтай келісім шарына сәйкес атқаратын қызметттері, банктердегі есеп айырысу шоттары, салық төлеуші және жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуші ретінде тіркелгендігі, кәсіпорынның мекен-жайы көрсетіледі (кесте 6).
Кесте 6 – Əртүрлі салық режиміндегі салық салудағы айырмашылықтар
Салық атауы
|
Жалпыға бірдей белгіленген
салық салу режимі бойынша
|
Оңайлатылған декларация негізіндегі
арнайы салық режимі бойынша
|
Салық салынатын нысандар бойынша айырмашылықтар
|
Корпоративті к табыс
салығы
|
Салық салынатын табыс = (жылдық жиынтық табыс -
шегерімдер) + - түзетулер
|
Заңды тұлға табысы (шегерімдерден бұрын)
|
Əлеуметтік
салық
|
Қызметкерлер мен жеке тұлғалар
табысы
|
|
Мүлік
салығы
|
Жылжымайтын мүліктің орташа
жылдық қалдықтық құны
|
|
Салық мөлшерлемелері бойынша айырмашылықтары
|
Корпоративті к табыс
салығы
|
Салық салынатын табыстың 20
пайызы
|
Заңды тұлға табысының сомасының 3 пайызы (есептелген соманың 1/2 бөлігі табыс салығы, 1/2 – əлеуметтік салық)
|
Əлеуметтік
салық
|
Қызметкерлер мен жеке тұлғалар
табысының 11 пайызы
|
Есептелген салықтар сомаларын түзету мүмкіндіктері бойынша айырмашылықтар
|
Корпоративті к табыс салығы
|
Көшірілген шығындар сомасына кемітіледі.
|
Əр қызметкер үшін салық сомасы 1,5 пайызға азаяды (қызметкерлердің орташа айлық жалақысы заңды тұлғалардың ең төмен жалақысынан 2,5 есе артық, жеке кəсіпкерлердің ең төмен жалақысынан 2
есе артық болса )
|
Ескерту - (Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сəйкес) автормен
құрастырылған
|
Біз салық салудың жалпыға бірдей белгіленген жəне оңайлатылған салық салу режимдерін қолданатын субъектілерге салық салу тəртібін зерттедік.
Салық есебі - салық заңдылықтарына сәйкес бухгалтерлік есептің соңғы 1 нәтижелері негізінде жүргізіледі.
Басқару есебі - басқарушылық шешімидер қабылдау және ағымдағы және I перспективті жағдайларды талдау үшін қажетті қаржылық, өндірістік, салық және статистикалық есеп мәліметтері бойынша кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша құрылған жиынтық ақпарат.
«Қосағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына, қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына және қаржылық есеп стандарттары мен шоттарының үлгі жоспарына әдістемелік нұсқауларға сәйкес ұйымдастырылады.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері келесілер болып табылады:
-кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы толық, шынайы және сенімді ақпаратты қалыптастыру;
- оперативті жетекшілік ету және басқару үшін, сонымен қатар мемлекеттік органдар, инвесторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, кредиторлар, мүдделі ұйымдар мен тұлғалар пайдалану үшін кәсіпорын қызметінің нәтижелері және шаруашылық процестері жөнінде қажетті ақпараттарды қамтамасыз ету;
- бекітілген нормалар, нормативтер мен жоспарларға сәйкес
материалдық, еңбек, қаржылық ресурстардың рационалды пайдаланылуына және мүліктерлің қозғалысы мен нақты қолда бар болуына бақылауды қамтамасыз ету; кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіндегі келеңсіз құбылыстарды дер кезінде ескерту, ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және мобилизациялау [19].
Бұлардың негізгі қолдану өрістері: өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер; коммерциялық сауда мекемелері; тауар және қор биржалары; банктер мен тұрғындар болып саналады.
Кәсіпкерлік қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізіп, тауарларды сату мен қызмет көрсетудің жоғары сұранысын анықтап, келешек даму теңденциясын болжап, тауарларды сату бойынша баға белгілеуді, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар деңгейін, өткізу көлемі сияқты сұрақтарды алдын ала шешіп алу қажет.
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокерлер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауарлар мен қызметтерді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы, сол мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.
Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын жасайды. Осылардың нәтижесінде сатып алу-сату мәмілесін жүргізу, тауарларды көтерме сатып алу және сату бағалары бойынша есеп айырысулар, шығын мен қорытынды нәтижелер, жұмысшылардың саны, тасымалдау жұмыстары; жарнама; коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.
Қаржылық кәсіпкерлікке ерекше тауарларды, яғни ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды (акция, вексель, облигация, ваучер) сату-сатып алу жатады. Кәсіпкерліктің бұл қызметіне қатысушылар коммерциялық банктер, қор биржалары, қаржылық қызметтің кейбір түрлерімен айналысатын қаржылық институттар мен ұйымдар, кәсіпкерлер және жеке тұлғалар болып саналады.
Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатысушылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаздар нарығы мен маркетингтік қызметтерді ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Қаржылық кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны – меншіктік акцияға, облигацияға, несиелік және қазыналық билеттерге және коммерциялық құнды қағаздарға (қаржылық құралдар мен, вексельдерге) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асыру жатады.
Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақыттан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.
Кеңес беру қызметіне:
- жалпы басқару;
- әкімшіліктік басқару;
- қаржылық қолдау;
- маркетинг;
- ақпараттық технология;
- басқа да арнайы қызметтер жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды кұқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып, өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |