СалықТЫҢ есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері


Салық есебін дұрыс ұйымдастыруды жетілдіру жолдары мен бағыттары



жүктеу 1,39 Mb.
бет10/18
Дата21.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#34022
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
диплом салык

3 Салық есебін дұрыс ұйымдастыруды жетілдіру жолдары мен бағыттары
3.1 Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына байланысты салық міндеттемелерін есепке алуды ұйымдастыру
Кəсіпорынның кейінге қалдырылған салық міндеттемелері, оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша міндеттемелері ерекше қызығушылық танытады. Бухгалтерлік жəне салық есебіндегі табыс пен шығыстарды есепке алудың екі түрлі болуы аталған міндеттемелерге деген қызығушылықты арттырады. Бухгалтерлік есеп теориясы мен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарында кейінге қалдырылған салық ретінде анықталатын бұл міндеттемелер түрлері шартты міндеттемелерге жатқызылады.

Аудиторлық тексеруге кіріскенде ең алдымен ұйым басшысы өз принциптері мен негіздеріне сәйкес қаржылық есептемелерді ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған тәсілдер жиынтығын білдіретін есептік саясат бойынша кәсіпорын басшысының бұйрығы шыққанын немесе шықпағаныны анықтап алады.

«Қосағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есептік саясатты қалыптастырудың негізіне шаруашылық операцияларды, активтерді, міндеттемелерді, қызмет нәтижелерін және тағы басқаларды бейнелеуде баламалы тәсілдерге мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары жатады. Есептік саясатты қалыптастыру әрбір стандартта берілетін тәсілдердің біреуін таңдайды, оны ұйым қызметінің жағдайына қарай негіздеуді, бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептіліктерді ұсынудың негіздері ретінде қабылдауды білдіреді. Ол қаржылық есептіліктердің әзірленіп, ұсынылуына әсер ететін маңызды да жауапты процедура болып табылады. Есептік саясатты қалыптастыру ісіне серіктестік басшысы жауапты.

Кәсіпорынның есептік саясатымен танысу барысында аудитор қаржылық есептіліктерді пайдаланушылардың шешім қабылдауы мен бағалануына елеулі әсері бар бухгалтерлік есептің жүргізілу тәсілінің есептік саясатын қалыптастыруда толық ашылғандығын анықтап алады. Қаржылық есептіліктердің құрамында ашылуы тиіс және кәсіпорынның есептік саясатын қалыптастыру барысында қабылданған елеулі жүргізу тәсілдері бар қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мыналарды көрсетеді:

1) материалдық емес активтер мен негізгі құралдар құндарының орнын толтыру тәсілі;

2) өндірістік қорларды, аяқталмаған өндірісті, тауарларды және дайын өнімдерді бағалау;

3) өнімдерді өткізуден түскен табыстарды мойындау және тағы басқалары.

Есеп тәсілдерін білмейінше қаржылық есептіліктерді пайдаланушылар мүліктік және қаржылық жағдайға, ақша айналымына немесе кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне шынайы баға бере алмайды.

Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.

Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады.

Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькулация жатады.

Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығыңдармен сипатталады, ал ол жоспардан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағанын өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.

Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің негізінде дайындалады.

Шамаланған калькуляция-нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.

Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.

Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік кұнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен роль атқарады.

Шығындардың есеп объектісі болып сол шығындардын өндірістегі аналитикалық есебі саналады. Калькуляцяның объектісі болып өнім түрлері, жұмыстар, қызметтер саналады. Өнеркәсіпте есеп объектісі өте жиі калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.

Бұл жағдай бухгалтерлік есепке шаруашылық қызметтің бухгалтерлік жəне салықтық бағалауларының арақатынастылығын көрсететін көрсеткіштерді енгізуді қажет етеді. Бұл үшін «кейінге қалдырылған салықтарды» көрсететін арнайы бухгалтерлік жазбалар дайындалады.

Сонымен, шағын кәсiпкерлiктегi үрдiстердi талдау экономиканың осы секторы дамуының серпiндi-үдемелi сипаты бар екенiн және әлеуметтiк шиеленiстi төмендету факторы мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудiң негiзi бола отырып, өзiнiң оң нәтижесiн берiп отырғанын айғақтайды. Сөйтiп, кәсiпкерлiк сипат экономикаға барған сайын тиiстi икемдiлiк берiп, оның дамуының шешушi факторы болып келедi. Шағын кәсiпкерлiк жаңа кәсiпорындар мен жұмыс орындарын құру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, нарықты әртүрлi тауарлармен және қызмет көрсетулермен молықтырып отыр.

Жаңа жұмыс орындарын құру, тауар нарығын отандық тауарлармен және қызмет көрсетулермен толықтыру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң инновациялық белсендiлiгiн арттыру мақсатында шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, дамыған елдер тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, арнайы мемлекеттiк қолдау шараларынсыз мүмкiн емес.




жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау