Бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»



жүктеу 0,5 Mb.
бет1/4
Дата13.11.2018
өлшемі0,5 Mb.
#19035
түріБағдарламасы
  1   2   3   4


«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына


өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы


№ 874 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 49-50, 501-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы 6 қыркүйек

№ 315 Жарлығына

ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы



Президентінің

2014 жылғы 1 тамыздағы

№ 874 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН



Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық
дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған


МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2016 жыл



Мазмұны


1.

Бағдарламаның паспорты

3

2.

Кіріспе

5

3.

Ағымдағы жағдайды талдау

6

4.

Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

16

5.

Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

20

6.

Қажетті ресурстар

52


1. Бағдарламаның паспорты


Атауы

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Әзірлеу үшін негіз

  1. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.

  2. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.

  3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырма.

Әзірлеуге жауапты

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі.

Мақсаты

Еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру.

Міндеттер

  1. дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау;

  2. сала түзуші ірі жобаларды іске асыру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру;

  3. экспортқа және (немесе) өз еңбегінің өнімділігін үнемі арттыруға бағдарланған тиімділігі жоғары индустриялық кәсіпкерліктің пайда болуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

  4. инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау.

Іске асыру мерзімі

2015-2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2019 жылға қарай мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:

  1. өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының құндық көлемінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда 19%-ға өсуі;

  2. өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 22%-ға өсуі;

  3. өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 4,5 трлн. теңге сомасында;

  4. өңдеуші өнеркәсіптегі энергия сыйымдылығының 2014 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 7%-ға төмендеуі.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны 2015-2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 878,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
2015 жылы – 134,98 млрд. теңге;

2016 жылы – 177,42 млрд. теңге*;

2017 жылы – 359,31 млрд. теңге*;

2018 жылы – 178,73 млрд. теңге*;

2019 жылы – 27,86 млрд. теңге*.
Ескертпе: * – тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес сомалар нақтыланатын болады.



2. Кіріспе
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына, Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI жалпы отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы Қазақстан Республикасының үлесін ұлғайту және барлық факторлардың өнімділігінде дамыған елдерден алшақтықты қысқарту арқылы 2035 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіпте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) ең дамыған елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейіне қол жеткізу индустрияландыру саясатының пайымы болып табылады.


2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) шеңберінде бірінші кезең іске асырылды, онда индустриялық даму үшін заңнамалық, инфрақұрылымдық және институционалдық негіздер қаланды.

Ағымдағы Бағдарлама ҮИИДМБ-ның қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесін ескереді. Бағдарлама Қазақстанның экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және өңдеуші өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін жетілдіру қамтамасыз етіледі, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы», арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) бүкіл қызметі кезеңіне АЭА қатысушылары үшін тұрақтылық және преференциялар мен салықтық жеңілдіктердің сақталуына кепілдіктер қамтамасыз етілетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға, түзетулер енгізіледі, сондай-ақ энергияны үнемдеу бойынша заңнамалық шектеулер мен нормативтер жетілдіріледі.

Бағдарлама бизнес ахуалға ықпал ететін мемлекеттік саясат аспектілеріне сезімтал болып табылады. Бағдарламаның сәтті болуы Қазақстан Республикасының бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту (Doing business), елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (Global Competitiveness Index), «сары парақтар қағидатын» (Yellow Pages) ескере отырып, жоспарланған жекешелендіруді жүргізу арқылы экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін төмендету, Қазақстанның тікелей шетелдік инвестицияларға (бұдан әрі – ТШИ) (FDI Confidence Index by A.T. Kearney) сенім индексіне және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне кіруі, адами капитал индикаторларын жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуіне байланысты болмақ. Бағдарламаны іске асырудың тиімділігі қаржыландыру моделіне, оны іске асыруға бюджет қаражатын бөлудің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылға тәуелді.

Тұтастай алғанда, Бағдарламаны табысты іске асыру үшін ауыл шаруашылығын, жер қойнауын пайдалануды, ақпараттық-коммуникациялық, ғарыштық, көліктік және өзге инфрақұрылымды, көрсетілетін қызметтерді, білім беруді қоса алғанда дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың (қолданыстағы және жаңадан қабылданған) оның түйінді қағидаттарына қайшы келмеуі және макроэкономикалық тұрақтылық шараларының қамтамасыз етілуі қажет.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Қазақстан Республикасында индустриялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау

«Индустрияландыру» термині ретінде өңдеуші өнеркәсіптің өзін дамытуға көшуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешеніне байланысты дәстүрлі ұғым қолданылады.

Тау-кен өндіру секторына аса құбылмалылық тән екенін ескере отырып, экономиканың басқа секторларын – ауыл шаруашылығын, көрсетілетін қызметтерді, өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамыту қажет.

Өңдеуші өнеркәсіп орта таптың қалыптасуына көбірек ықпал етуде. Айталық, Ақпараттық технологиялар және инновациялар қорының (АҚШ)1 деректері бойынша өңдеуші өнеркәсіпте 1 жұмыс орнын құру басқа секторларда 2-ден 5-ке дейін қосымша жұмыс орындарын құруға әкеледі, технологиялардың дамуы жұмысшылардың білімі мен дағдыларын арттыруға алып келеді; АҚШ-та өңдеуші өнеркәсіптегі жалақы деңгейі экономиканың басқа секторларына қарағанда орта есеппен 9%-ға жоғары; өңдеуші өнеркәсіп секторлары экономикадағы неғұрлым инновациялы секторлар – АҚШ-та бұл секторға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) 70%-ы тиесілі; өңдеуші өнеркәсіп пен көрсетілетін қызметтер секторының жай-күйі өзара тәуелді (мысалы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (бұдан әрі – АКТ) негізделетін көрсетілетін қызметтер өңдеуші өнеркәсіп тауарларына өте тәуелді).

2015 жылы Қазақстан экономикасының құрылымында өнеркәсіп шамамен 25%-ды иеленетін болады, бұл ретте көрсетілетін қызметтер секторының озыңқы өсуі салдарынан оның үлесі біртіндеп төмендеп бара жатыр: 2012 жылы – 29,2%, 2013 жылы – 27%, 2014 жылы – 26,6%. Дамыған, сол сияқты дамушы елдердің көбінде осыған ұқсас процестер байқалады. Дегенмен, көрсетілетін қызметтердің экспорттағы үлесі мардымсыз, сондықтан таяудағы болашақта экспорттың жалпы өсуіне көп ықпал ете алмайды. Сондықтан бүгінгі жағдайда мұнай емес экспорт, негізінен, өңдеуші сектор тауарларының есебінен өсуі мүмкін. 2015 жылы экспорттың жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі шамамен 30%-ды құрайды.

Тау-кен өндіру секторы жұмыспен қамтудың 3,5%-ын (2012 жылы –


2,6%, 2013 жылы – 2,9%) және экономикадағы жалпы қосылған құнның
14,7%-ын (2012 жылы – 16,5%, 2013 жылы – 14,7%), ал өңдеуші сектор – тиісінше 6,3% (2012 жылы және 2013 жылы – 6,4%) және 10% (2012 жылы – 10,8%, 2013 жылы – 10,4%) қамтамасыз етеді. Өндіруші өнеркәсіптегі негізгі капиталға инвестициялар жалпы көлемінің 30%-ын құрайды (2012 және
2013 жылдары – 29%), ал өңдеуші өнеркәсіпте бар болғаны – 11%
(2012–2013 жылдары – осындай 11%).

ҮИИДМБ іске асырылған жылдары өңдеуші өнеркәсіп дамуға айтарлықтай серпін алды. Өндірістің нақты көлемінің индексі 2008 жылға қарағанда тау-кен секторын (20%) басып озып, 24,2%-ға өсті. Еңбек өнімділігі нақты мәнде 1,9 есе ұлғайды, ал ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен айырмашылық 69%-дан 55%-ға дейін қысқарды. Өткен 5 жылға қарағанда, өңдеуші өнеркәсіпке шамамен 3 есе артық ТШИ тартылған, ал олардың жалпы көлемдегі үлесі 10%-дан 15,5%-ға дейін (2012 жылы – 12%, 2013 жылы – 10,6%) 1,5 есе өсті. 20-дан аса жаңа маңызды секторлар пайда болды, ал қосымша 50 тауар салыстырмалы артықшылықпен (RCA индексі) экспорттала бастады.

Қазақстан факторлар ілгерілететін экономикадан инвестициялар ілгерілететін экономикаға өту кезеңінде тұр. Сонымен қатар, қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда индустрияландыру және инвестициялар тарту процесінде Қазақстан объективті шектеулерге тап болды. Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі – ХВҚ) елдер бойынша 2013 жылғы қыркүйектегі есебіне2 сәйкес экономикада «голланд кеселінің» белгілері, атап айтқанда, сауда-саттықта қолайсыз жағдайлардың қалыптасуы, экономикадағы шығындар деңгейінің өсуі және институционалдық проблемалар байқалған. Бұдан басқа, Қазақстан «орташа кіріс тұзағы» – біліктілігі мен инновациялары жоғары дамыған экономикалармен де, кірісі төмен, жалақы деңгейі төмен әрі өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі арзан экономикалармен де бәсекеге түсуге қабілетсіздік проблемасымен бетпе-бет келді.

Нәтижесінде, жалпы ішкі өнімнен (бұдан әрі – ЖІӨ) негізгі капиталға инвестициялар деңгейі 2005 жылғы рекордтық 32%-дан 2014 жылы 16%-ға дейін түсіп кетті. Осыған ұқсас экономикадағы ақша көлемінің деңгейі


2009 жылғы ең жоғары 40,5%-дан 2014 жылы 32%-ға дейін төмендеп барады, әрі осы көрсеткіш бойынша Қазақстан көптеген елдерден едәуір артта қалып қойды. Урбандалу деңгейі өте төмен, бұл сұранысты кең-байтақ аумаққа шашыраңқы орналастырады және адами капиталдың сапасына әсер етеді, бизнесті жүргізу шығындарын ұлғайтады.

Жеке бастама әлсіз күйінде қалуда, оған бірнеше фактор әсер етеді: мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары болуы, бірқатар салалардың жоғары монополиялануы, жұмыс істемейтін кепілдеме активтер үлесінің жоғары болуы, қаржыландыруға шектеулі қолжетімділік, қор нарығының дамымауы және жоғары валюталық тәуекелдер.

Инфрақұрылымдық шектеулер мен күрделі кедендік рәсімдер экспорттық мүмкіндіктерді төмендетеді. Көлік арналарының жеткіліксіздігі, логистиканың тиімсіздігі, көлік инфрақұрылымының тозуы және сауда инфрақұрылымының дамымағандығы, жоғары көліктік шығындар қазақстандық бизнестің бәсекелік артықшылықтарын айтарлықтай шектейді.

Еңбек ресурстарының төмен сапасы және шетелдік қызметкерлерді жалдау қиындығы индустрияландыруды жүргізу мен бизнесті дамыту үшін шектеуші факторлар болып табылады.

Металлургия және химия өнеркәсібі сияқты салаларда Бағдарлама үшін мамандықтарға деген қажеттілік жоғары оқу орындарын аяқтаудың межеленген мөлшерімен тиісінше 96% және 89% сәйкес келеді. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібі және машина жасау сияқты салаларда оқытып шығару бойынша жоспар Бағдарлама салаларының қажеттігінен 1,5-2 есе жоғары.
3.2. Индустриялық дамудың жаһандық трендтері

Бағдарламаны әзірлеген кезде 100-ге жуық жаһандық тренд: жалпы әлемдік, экономикалық, технологиялық және метаүрдістер ескеріліп, бағаланды. Қазақстан үшін релеванттықты және Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестікті бағалау негізінде іріктеу процесінің нәтижесінде мынадай түйінді мегатрендтер айқындалды.

1. Цифрлы технологияларға екпін жасай отырып, өндірістік тізбектерді түрлендіру. Жеткізушілердің мамандануы, сегменттер бойынша әртараптандыру күшейеді және трансұлттық компаниялар (бұдан әрі – ТҰК) мен ірі өңірлік өндірушілердің құн тізбегін құруға кіру есебінен бүкіл әлем бойынша жеткізілімдер кеңейе түседі. Бұл ретте ТҰК жергілікті жеткізушілер экожүйесінің болуына және олардың сапасына мүдделі болады. Тіпті еңбекті көп қажет ететін секторларда еңбек ресурстары құнының мәні төмендейді, олардың сапасы маңыздырақ факторға айналады.

2. Көрсетілетін қызметтердің үлесі мен маңыздылығын арттыру және өнеркәсіптегі креативті секторлардың өсуі. Өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағы бұдан былай әртараптандырудың және экономикалық өсудің көрсеткіші болып табылмайды, себебі көрсетілетін қызметтер секторының озыңқы өсуі жаһандық трендке айналды. Өнімнің технологиялық күрделілігінің өсуіне және қазіргі заманғы өндіріс секторларындағы модульдік конструкцияларға өту шамасына қарай көрсетілетін қызметтер маңызды рөл атқара бастайды. Экономикалық белсенділік өндірістен адами капитал тұрғысынан ауқымды көрсетілетін қызметтер саласына ауысуда.

3. Дамушы нарықтардан капиталдың жылыстауы. Тез дамушы елдерге капиталдың келуі 2000 жылғы 378 млрд. АҚШ долларынан 1,2 трлн. АҚШ долларына дейін 3 есе өсті, бірақ 2014 жылдан бастап күрт жылыстау байқалуда. Осы үрдісті болдырмау мақсатында бұл елдер преференциялар мен субсидиялар беру, инвесторлардың құқықтарын қорғау, реттеушілік шектеулерді жұмсарту және капитал мен баламалы қаржы құралдарының нарығын дамыту бөлігінде инвестицияларды тартуға бағдарланған.

4. Елдердің өндірісті орналастыру мен дамыту үшін бәсекелестігі. Дамушы елдердегі өндірістік алаңдардың маңыздылығы соңғы онжылдықтарда үнемі ұлғайып келеді және олардың арасындағы бәсеке күшеюде. Өндірістерді қайтару үшін дамыған елдер дамушы елдермен бәсекеге түсті және қайта индустрияландыру бағдарламаларын әзірлеуде. Өндіріс шығындары төмен, ресурстық базасы дамыған немесе жеткізушілердің экожүйесі дамыған әрі жаһандық қосылған құн тізбегіне (бұдан әрі – ҚҚТ) қатысу тұрғысынан қолайлы елдерге ауысуда.

5. Еңбек өнімділігіне назар аудару. Әлемдегі бәсеке өнімділіктің өсуі есебінен күшеюде: соңғы 20 жылда еңбек өнімділігінің әлемдік деңгейі 2,6 есе артты. Өнімділік елдердің бәсекеге қабілеттілігінің бейнесіне айналуда және технологиялар мен инновацияларды, адами ресурстар мен машықты, кәсіпкерлікті, бәсекені, компанияларға корпоративтік қайта құрылымдауды жүргізуді дамытумен ұштасқан.

6. Кәсіпкерлік рөлінің өсуі. Индустриялық даму бүкіл әлемде кәсіпкерлік әлеуетке сүйенеді. Көптеген секторларда интеграцияланған компаниялар жеткізушілердің көпдеңгейлі жүйелеріне жол береді, шағын және орта бизнестің рөлі өсуде. Шағын және орта бизнесі дамыған елдер өз аумағында жаһандық салалық тізбектердің жаңа сегменттерін сәтті дамытуға ең көп мүмкіндіктерге ие.

7. Халықтың ұтқырлығы. Бүкіл әлемде адамдар жаһандану, басқа мәдениеттерге қызығушылықтың өсуі, көлікке қолжетімділік, сондай-ақ ел мен өңірдегі жағдайдың нашарлауы есебінен қозғалуда ұтқыр бола бастады. Әлеуетті тәуекелдерді жою және тиімді ден қою үшін жоғары білікті шетелдік кадрларды тарту мақсатында көші-қон рәсімдерін оңайлату, таланттарды ел ішінде сақтап қалу бойынша шараларды енгізу және HR функциялардың құзыреттілігін арттыру қажет.

8. Урбандалу және қалалардың өсуі. 2000 жылдан бастап 2050 жылға дейін урбандалу пайызы 47%-дан 70%-ға дейін ұлғая отырып, шамамен


3,5 млрд. адам қалаларға көшіп келеді деп болжанады. Бұл ірі қалалар инфрақұрылымының жеделдетілген дамуын және өндірістік қуаттардың олардың айналасына шоғырлануын талап етеді.

3.3. Өңдеуші өнеркәсіптің жекелеген салаларын дамытудың жаһандық трендтері

Қара металлургия. Халықаралық нарықтарда дамушы елдердегі (Үндістан, Иран, Таяу Шығыс және Африка елдері) тұтынудың өсуі,
урбандалу, экономиканың жаңа секторларында (жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК), жаңа көлік) артып келе жатқан тұтыну, балама өніммен алмастырудың қиындығы сияқты жаһандық трендтердің есебінен 2030 жылға қарай болатты тұтынудың 1,3 есе өсуі күтілуде.

Жел және күн энергиясының көздері энергетиканың кез келген басқа көздеріне қарағанда, болатты көбірек қажет етеді. Мысалы, әдеттегі жел турбинасына шамамен 180 тонна болат пайдаланылады, офшорлық турбинаға шамамен 450 тонна болат пайдаланылады. World Steel Association3 деректері бойынша 2050 жылға қарай шамамен 1 млн. жерүсті турбина және 100 мың теңіз турбинасы орнатылатын болады.

Жаңа буын кемелері мен автомобильдері болаттың жаңа түрлерін талап етеді, олар барынша берік әрі жеңіл болмақ. Таяудағы
10 жылда автомобиль корпорациялары ерекше беріктігімен, салмағының жеңілдігімен және экологиялылығымен сипатталатын болаттың AHSS4 (Advanced High-Strength Steels) жаңа маркаларын белсенді түрде енгізетін болады.

Сонымен бірге, әлемдік қара металлургияның дамуы экологиялық, энергия тиімділігі және еңбек өнімділігі бойынша талаптарды күшейту жағдайларында жүргізілетін болады.

Жаһандық трендтер мен өсіп келе жатқан жергілікті өткізу нарықтарын (Иран, Батыс Қытай, Шығыс Ресей) ескере отырып, Қазақстанның қара металлургия секторының экспорттық әлеуетін кеңейту бойынша перспективалары бар.

Түсті металлургия. Түсті металлургия бойынша ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың өсуі болжанып отыр. Айталық, мыстың қажеттілігі 2030 жылға қарай 70%-ға, алюминий – 50%-ға, мырыш – тиісінше 70%-ға артатын болады. Бұған дәстүрлі секторлардағы тұтынудың өсуі (өсіп келе жатқан халық пен урбандалудың қажеттіліктерін қанағаттандыру), экономиканың жаңа секторларында (ЖЭК, жаңа көлік) артып келе жатқан тұтыну, сондай-ақ балама өніммен (қорғасыннан басқа) алмастырудың қиындығы ықпал етеді.

Көліктің жаңа түрлері (электромобильдер), ЖЭК (жел және күн энергетикасы) сияқты экономиканың жаңа секторларында мыс, алюминий, мырыш, титан сияқты дәстүрлі металдар сұранысқа ие болады. Мысалға, электромобильде мыс пен алюминий шығыны іштен жанатын қозғалтқыштары бар автомобильдерге қарағанда, тиісінше, 4 және 2 есе көп болады. Неғұрлым жетілдірілген, сапалы және экологиялық таза металдарға (құрамдастырылған металдар) сұраныс күшейеді. Сондай-ақ, кен орындарының сарқылуы есебінен әлемде қалдықтар мен сынықтардан жасалатын металдардың қайталама өндірісінің (recycling – өңдеу) үлесі ұлғаятын болады.

Өндіріс процестерінің өзгеруі де түсті металлургия саласына ықпал ететін трендтердің бірі болып табылады. Олардың ішінде: өндірістің экологиялығы бойынша талаптарды күшейту және энергия тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыру; шикізатты кешенді өңдеу (ілеспе металл алу) мен қалдықтарды өңдеудің маңызының артуы; шикізатты тереңдетіп қайта өңдеуге және дайын өнімдерге көшу.

Халықаралық үрдістер Қазақстанның түсті металлургия өнімінің көлемін кеңейтуге және экспортын әртараптандыруға оң ықпалын тигізетін болады.

Автомобиль өндірісі. KPMG5 болжамына сәйкес 2020 жылға қарай жаһандық деңгейде автомобильдер саудасы ағымдағы деңгеймен салыстырғанда 23%-ға өседі. Бұл ретте, тұтынудың өсуінің басты драйвері дамушы елдер болады. Бұл тұрғындардың жан басына шаққандағы автомобильмен қамтамасыз етілуінің төмен деңгейіне және дамушы елдерде автомобиль паркінің орташа пайдаланылу мерзімінің жоғары деңгейіне байланысты. Мәселен, IHS Automotive6 болжамдарына сәйкес 2019 жылға қарай әлемде шығарылған автомобильдердің барлығының 57%-ы дамушы нарықтарға тиесілі болады.

Өндіріс процесінде: тігінен интеграцияланған ірі зауыттардан тікелей өткізу өңірінде орналасқан жинақы өндірістік құрастыру алаңдарына кезең-кезеңмен көшу.

Өнімде: сұранысты балама отынмен (электр тогы, сутек) жүретін автомобильдерге ығыстыру. Бұл ретте дәстүрлі автомобильдердің де, балама отынмен жүретін автомобильдердің де өндірісі тиісті құзыреттер болған жағдайда, құрастыру алаңдарында салыстырмалы түрде оңай іске асырылады.

Тұтыну тәсілінде: автомобильді жеке пайдаланудан бірлесіп пайдалануға көшу (car sharing, операциялық лизинг және т.б.). Автомобильдерді бірлесіп пайдалану жүйесі автомобильмен қамтамасыз етілу және адами даму индексінің деңгейі жоғары елдерде кеңінен таралған (1000 адамға 500-ден астам автомобиль).

Әлемдік трендтер Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің дамуына ықпал ететін болады, бұл металлургия, резеңке бұйымдарының өндірісі, шыны өндірісі, тоқыма өнеркәсібі, электр жабдықтары мен аспаптарының өндірісі, ҒЗТҚЖ және т.б. сияқты аралас салаларды дамытуға ықпал етеді. Мықты ғылыми базасы мен технологиялары бар елдермен және ТҰК-пен әріптестік аталған аспектідегі түйінді шарт болып табылады. Отандық автомобиль өнеркәсібін Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмейтін әдістермен қолдаған жағдайда, осы өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігі пайда болады.

Электр жабдығының өндірісі. Electrical & Power Review7 деректеріне сәйкес әлемдік электр жабдықтарының нарығы 2030 жылға қарай 3 трлн. АҚШ долларынан 6,8 трлн. АҚШ долларына дейін артады. Бұл ретте 30%-дан артығын трансформаторлар нарығы иеленетін болады. Бұл өсу жекеше және мемлекеттік электр энергетикалық компаниялар тарапынан сұраныстың өсуіне байланысты болады. The Business Research Company8 деректеріне сәйкес электр моторлары, жарық түсіру жабдығы, ауа баптау жүйелері сияқты сектордың негізгі өнімдерінің өндірісі мыс, алюминий және болат сияқты шикізатқа деген сұранысты тудыратын болады. Тұрақты ток электр энергиясын тұтынушылардың өсуі өнеркәсіптік автоматтандыру нарығының негізгі 10 трендінің бірі болып жарияланды.

Урбандалудың артып келе жатқан тренді, сондай-ақ орта тап өкілдерінің, әсіресе Үндістан мен Қытайда өсіп келе жатқан саны сектордың дамуында барынша үлкен рөл атқаратын болады.

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі көлемінің болжалды өсуі әлем халқының ұлғаюымен байланысты. Планета халқының негізгі өсуі дамушы елдерге тиесілі. Сондай-ақ азық-түлік өнімдерін тұтынудың негізгі драйвері урбандалу болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректері бойынша 2030 жылға қарай өндірілетін тамақ өнімінің жартысына жуығы Азия өңіріне тиесілі болмақ. Аталған тренд 2050 жылға қарай да күшейе түсетін болады – өндірілген өнімнің үштен екісі Азияға тиесілі болады.

Климаттың өзгеруі жер және су ресурстарын пайдалануға кері әсерін тигізуі мүмкін. Дүниежүзілік Банктің болжалды деректері бойынша
2030 жылға қарай климаттың жылыну тренді Цельсий бойынша 2 градус деңгейінде болжанады, бұл егістік алқаптарының 10%-ға азаюына алып келеді.

Осының салдарынан жер ресурстарын сапалы басқару практикасын енгізу, су ресурстарын басқарудың «ақылды жүйелерін» енгізу, ауыл шаруашылығы саласындағы тәуекелді басқару құралдарын жақсарту және басқалары есебінен аграрлық секторда өнімділікті арттыру болжанады.

Халықаралық үрдістерді және ішкі факторларды ескере отырып, сондай-ақ Ресей мен Қытайдың ірі нарықтарының жақындығын назарға ала отырып, Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің өндірісі секторының жоғары экспорттық әлеуеті бар.

Агрохимия. Әлемде минералды тыңайтқыштарды тұтынудың өсуі


2050 жылға қарай Жер тұрғындарының және азық-түлік өнімдерін тұтынудың өсуіне байланысты 1,9 есе ұлғаяды. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректері бойынша 2050 жылға қарай азық-түлік өнімдеріне деген қажеттілік екі есе артады, ал тұрғындар кірісінің өсуі рационның өзгеруіне ықпал етеді (БҰҰ баяндамасы). Бұл ретте, әлемдік тұтынудың құрылымында калий тыңайтқыштарының үлесі айтарлықтай ұлғаяды, бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның дамушы елдерінде, Қытайда, Үндістанда, Бразилияда тұтынудың өсуімен байланысты.

Әлемдік үрдістер Қазақстанда бәсекеге қабілетті агрохимия өндірісінің дамуына оң ықпалын тигізеді. Қазақстанның ішкі нарығы да жоғары даму әлеуетіне ие, тыңайтқыштарды енгізу деңгейі орташа әлемдік деңгейге дейін ұлғайса, минералды тыңайтқыштарды тұтыну 3 есе өседі.

Мұнай-газ химиясы. Әлемдік практикада бастапқы жартылай өнімдерді химиялық өңдеуді тереңдету және олардан синтетикалық мономерлер, полимерлер және басқа да химиялық өнімдер алу шамасына қарай олардың бағасының шамамен 3-5 есе қарқынды өсуі байқалады. Осыған байланысты мұнай-газ химиясы әлемдегі мұнай-газ саласын одан әрі дамыту басымдықтарының бірі болады.

Дамушы елдерде байқалатын тұрғындардың өсуі және тұрғындардың жан басына шаққандағы кірісінің артуы оларда дамыған елдермен салыстырғанда тауарларды тұтынудың неғұрлым тез өсуіне алып келеді. McKinsey бағалауы бойынша 2025 жылға қарай орта тап 2010 жылмен салыстырғанда 2,4 млрд. адамнан 4,2 млрд. адамға дейін, 2 есе дерлік ұлғаяды. Сондықтан мұнай-газхимиясы саласының базалық өнімдерінің әлемдік импортының назары дамушы елдерге қарай ығысады.

Осылайша, мұнай-газ химиясы өнімдерін тұтынудың екі есе артуын күтуге болады. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия (Қытай, Жапония және басқалары) нарықтарына бағытталған мұнай-газ химиясы өндірістерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, макроөңірдің басқа да нарықтарында (Түркия, Ресей) сұраныс артатын болады.

Ұзақ мерзімді перспективада әлемдік нарықтағы мұнай-газ химиясы өнімдерінің арасында полиэтилен мен полипропилен ең көп сұранысқа ие болады, ал бұл барлық полимерді жалпы тұтынудың 60%-ы. Бұл ретте, аталған полимерлердің әлемдік өндірісі, тіпті 2025 жылға дейін болжанған барлық жобалар іске асырылғанның өзінде, сұраныстан артта қалатын болады. Халықаралық Platts9 және IHS10 маркетингтік компанияларының деректері бойынша полипропиленге сұраныс 2025 жылы 90 млн. астам тонна, ал ұсыныс тиісінше 90 млн. тонна құрауы мүмкін. Сондай-ақ полиэтиленге сұраныс


2025 жылы 160 млн. тоннаға дейін артуы, ал ұсыныс тиісінше шамамен
120 млн. тонна болуы мүмкін.

Қытай, Жапония және басқалары сияқты Азия елдері әлемдік сұраныстың өсу драйвері болады. Бұл ретте, өндіріс тұрғысынан сапалы және арзан шикізаттың болуы мұнай-газ химиясының негізгі бәсекелік артықшылығы болып қалатынын атап өту керек.

Аталған үрдістер әлемдік нарықта, Қытайдың урбандалу және индустриялану процестерін қоса алғанда, экспорт тұрғысынан Қазақстанның мұнай-газ химиясы секторының дамуына оң әсерін тигізеді. Бұдан басқа, мұнай-газ химиясынсыз балама энергетиканы (күн панельдері, жел генераторларының қалақшалары, биохимия), жаңа материалдарды (композиттер) дамыту мүмкін емес.
3.4. Индустриялық дамудың ағымдағы сценарийі

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың


2015-2019 жылдарға арналған тұжырымдамасында екі стратегиялық шарт: әлемдік ресурстар нарығының конъюнктурасы және макроөңір ішіндегі интеграциялық дәрежесі негізінде 4 индустриялық даму сценарийі көзделді.

Бағдарламаны іске асыру уақытында шикізат бағасы төмен болған жағдайда, макроөңірдегі интеграцияланудың тереңдеуі ықтимал, бұл орта мерзімді перспективада мынадай салдар тудыратын үшінші сценарийдің басталуына әкеледі:

1) ресурстар бағасының төмендеуі экономиканы тұрақты жоғары кіріс көзінен айырады;

2) макроөңір елдерімен интеграциялану есебінен Қазақстанның технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі бар;

3) макроөңір елдерімен сауда-саттық мүмкіндігі өседі, бұл Қазақстанға нарықтарға қолжетімділік есебінен нарықтық позицияларын жақсартуға және шикізат емес экспортты өсіруге мүмкіндік береді;

4) экономика құрылымы біртіндеп шикізат емес салаларға қарай өзгереді.

Осы сценарий іске асырылған кезде өнімділікті және сол арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізгі мақсатқа айналады. Базалық реттеу:

1) мемлекет тарапынан фискалды және фискалды емес ынталандырулар мен преференцияларды ұсына отырып, инвестициялық ахуалды жақсартуға;

2) Қазақстан үшін жаңа және инновациялық өндірістерді дамыту үшін басым секторларға ТҰК тартуға;

3) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) қағидаларымен тыйым салынбаған әдістермен экспортты қолдауға;



  1. кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті (бұдан әрі – ШОБ) ынталандыруға бағытталуға тиіс.

Бұл ретте күтілетін межелер нақты болуға тиіс. Мемлекет тарапынан көп күш жұмсалған күннің өзінде ықтималдық үлесі жоғары болжанып отырған кезеңде күтілетін нәтижелер (жүргізілетін макроэкономикалық саясатты ескере отырып), өңдеуші сектордың, ондағы ШОБ үлесінің, өңделген өнім экспортының өсуі салыстырмалы түрде жоғары болмайды.

Алайда, химияда және мұнай химиясында, түсті және қара металлургияда қайта өңделуі жоғары өнімдер өндірісіне, оқшауландыру үлесі жоғары толыққанды машина жасауды құруға өту арқылы базалық индустрияны қалыптастыруды аяқтау индустриялық дамудың жаңа деңгейіне өтуге және экономиканың мұнай секторына тәуелділігін азайтудың бастапқы міндетін шешуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, 2025 жылға қарай мыналарға:

1) экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлар экспортының 43%-ға дейінгі үлесіне;

2) өнімді көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіпте ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгейдің 68%-ына дейінгі еңбек өнімділігіне қол жеткізу күтіледі.

Осы көрсеткіштерге қол жеткізу жаңа өндірістік технологияларды жалқы енгізуден жаппай енгізуге өтуге, ең заманауи ғылым мен инженерия негізінде жоғары тиімді индустриялық кәсіпкерлік құруға мүмкіндік береді.

Осылайша, біртіндеп жылдамдатылған эволюциялық жолдың сәтті болу мүмкіндігі мейлінше жоғары. Мұны Оңтүстік Кореяның, Қытайдың және басқа да елдердің тәжірибесі дәлелдейді.

Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяның индустриялық-инновациялық қалыптасуына 1962 жылдан бастап 1991 жылға дейін экономикалық дамудың жүйелі және кезеңдік бесжылдық жоспарларын іске асыру есебінен қол жеткізілді11. Бұл ретте бірінші онжылдық кезең (1962 жылдан бастап 1972 жылға дейін) өнеркәсіптік инфрақұрылым мен базалық салаларды: тоқыма өнеркәсібін, қара металлургияны, ауыр машина жасауды, химия өнеркәсібін дамытуға бағдарланды. Екінші онжылдық кезең (1972 жылдан бастап 1981 жылға дейін) инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, базалық салаларды қайта құрылымдауға және технологиялық қабілеттілікті дамыту үшін негіздер құруға бағытталды. Келесі онжылдық кезеңде (1982 жылдан бастап 1991 жылға дейін) салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және инновациялық даму үшін негіз құру мақсаты көзделді.

Қазіргі уақытта білім экономикасын құру Оңтүстік Кореяның экономикалық саясатының ұзақ мерзімді басымдығы болып табылады.

Қытайда әзірленіп жатқан «China Manufacturing 2025»12 бағдарламасы 2050 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіпте әлемдік көшбасшылыққа қол жеткізу жолындағы 3 онжылдық жоспардың біріншісі ғана болып табылады. Бұл ретте 1949 жылы тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап Қытай өнеркәсібі


дамудың отыз жылдағы 2 кезеңінен өтті:

1952-1978 жылдар – ауыр өнеркәсіпке назар аудара отырып, базалық индустрия құру;

1979-2014 жылдар – ауқымды (сандық) индустрияландыруды дамыту.

«China Manufacturing 2025» Қытайдың өңдеуші өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыруға бағытталған. Ол Қытай өңдеуші өнеркәсібіндегі «Қытайда жасалған» басымдығынан «Қытай жасаған» басымдығына, жылдамдықтан сапаға және өнімдерден брендтерге өтуді меңзейді. Қытай экономикасының «орташа кіріс тұзағына» түсу қаупін еңсеруі, сондай-ақ оның орташа даму мәртебесінен жоғары даму мәртебесіне көшуі бұл бағдарламаны іске асырудың жалпы тиімділігі болуға тиіс.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау