СалықТЫҢ есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері


Салықтар бойынша кәсіпорын есептеулерін бағалап талдау



жүктеу 1,39 Mb.
бет8/18
Дата21.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#34022
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
диплом салык

2.2 Салықтар бойынша кәсіпорын есептеулерін бағалап талдау
«Salyk Consulting» ЖШС кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа және тиімді қызмет көрсету деңгейін ұсынады. Қазіргі уақытта компания кәсіпкерлік және заң көмегі саласында қызмет көрсету нарығында өзін сенімді серіктес ретінде көрсетті. Салық салу саласын жетілдіруге бағытталған кәсіпкерлердің бастамаларын іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған, кәсіпкерлерге салық саласында туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу, салықтық есеп тапсыру процедураларын жетілдіру, ұйымның қаржы ресурстарының жұмсалуын басқару және ұйымның барлық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында шаруашылық субъектілері арасында туындайтын қаржылық жағдайларды реттеу, кірістердің уақтылы түсіп тұруын қамтамасыз ету, банк және қаржылық-есептік операцияларды бекітілген мерзімде рәсімдеу, жеткізушілер мен мердігерлер ақысын уақтылы төлеу, қарызды уақтылы жабу, пайыздарды төлеу, қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбекақысын төлеу, салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді бюджетке, зейнетақы салымдарын зейнетақы  қорларына, төлемдерді банктерге аудару,ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне сараптама жасау, қаражаттың жұмсалу процестерінің есебін жүргізу және қаржылық есеп пен есептілік стандарттарына сәйкес, қаржылық қызмет нәтижелерінің есебін әзірлеу, қаржылық ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз ету,есеп беру құжаттарын дұрыс әзірленуі және рәсімделуін бақылау, олардың ішкі және сыртқы пайдаланушыларға уақтылы жеткізілуін қадағалау. ЖШС «Salyk Consulting» Алматы қаласында орналасқан. Қызметтері:

-Жалпы жетекшілік ету;

-Заң бөлімі;

-Персоналдармен жұмыс бөлімі;

- Жанама салықтарды әкімшіліктендіру бөлімін басқару.

ЖШС «Salyk Consulting» Қазақстан Республикасы Конституциясына, нормативтік құқықтық актілерге, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер», Салық Кодексіне сүйене отырып, жұмысын іске асырады.

Компания жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін, әртүрлі меншік нысандарындағы объектілерді қорғау мақсатында құрылған. Бастапқыда компания Алматы қаласында мөрлер мен мөртабандарды дайындау саласында қызмет көрсетті. Біртіндеп дамып, кеңейе отырып, компания бизнесті құруға көмектесетін басқа салаларда табысты жұмыс істеу тәжірибесімен өз ісінің кәсіпқойлары командасын жинады.

ЖШС «Salyk Consulting» құрылымына тоқталсақ: басщы, басшының 3 орынбасары және 11 бөлім бар . Компания бөлімдері мынадай:



  1. Заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерледің ақпараттарын қабылдау және өңдеу бөлімі

  2. Жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау бөлімі

  3. Заңды тұлғаларды әкімшіліктендіру бөлімі

  4. Жеке кәсіпкерлерді әкімшіліктендіру бөлімі

  5. Ақпараттық технологиялар бөлімі

  6. Талдау және есеп бөлімі

  7. Жанама салықтарды әкімшілікендіру бөлімі

  8. Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшіліктендіру бөлімі

  9. Заң бөлімі

  10. Ұйымдастырушылық жұмысы және құжат айналымы бөлімі

  11. Персоналмен жұмыс бөлімі [10].

Есеп жұмысында мүмкінді қателерді болдырмау бойынша ұйымның

Бақылау жасайтын органдарымен қабылданатын шаралардың әрекет етуі тексеріледі.Ревизорлар, аналитиктер, консультанттар, ішкі аудит уақыты өтіп

кеткен бұзушылықтар фактілерш көрсетпей, жағымсыз жағдайлардың алдын

алу үшін жеткілікті түрде белсенді және білікті болуы керек. Тексеріс жүйесінің және қорытынды актілердің қазіргі заманға сай келетініне, үсыныс йқпаратының және оны жүзеге асыру кестесінің болуына назар аудару керек. Сонымен қатар есеп қызметкерлерін заңдылық және әдістемелік сипаттағы

ақпаратпен уақытында қамтамасыз ету мәселесіне де назар аудару керек, олардың жоқ болуы біраз уақытқа дейін маңызды әкономикалық қателіктерге

әкеп соқтырады. Жасалған сараптамадан кейін есеп саясатын әзірлеушілер басшылыққа есеп саясатын қалыптастыру жөніндегі комиссияның талқылауына салынатын қолданылатын есептік іс-жосықтарды мүмкінді өзгерту бойынша үсыныстарды береді. Осыдан кейін есеп саясатын әзірлеу бойынша жүмыстардың үшінші кезеңіне кіріседі.

Үшінші кезең. Бұл кезеңде есеп саясатының ережелерін әзірлеу жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің оңтайлы әдістері мен тәсілдері таңдалады,

гехникалық және үйымдастырушылық мәселелер бекітіледі. Бұл кезеңде жұмысқа таңдалған әдістердің оңтайлылығын негіздеу және растау, сондай-ақ кәсіпорын бойынша жалпы есептік және болашақ кезеңдерде әртүрлі әдістердің қорытынды нәтижеге мүмкінді ықпалын өзара үйлестіру мақсатында үйымның артүрлі қызметтері қосылады. Осы мақсатта қосымша жүмыс комиссиялары қүрылады немесе жүмыс «жүмыс мәжілісі» типі бойынша өткізіледі.

Одан кейін есеп саясатын қалыптастыру жөніндегі комиссиямен талқыланатын және бекітілетін қосымшалары бар есеп саясатының негзгісі жинақталады.

Есеп саясатының әрбір жеке құжаты есеп үрдісіне қатысы бар ұйымның бөлім бастықтарының алдын-ала сараптамасынан өтуі керек. Қажет болған жағдайда есеп саясаты бойынша қүжаттардың толық імкеті қалыптасқанға дейін жеке дайындалған қүжаттар да басшылықпен бекітілген және іс-әрекетке енгізілген бүйрық, өкім, нүсқаулар нысанын алуы керек. Осыдан кейін ғана дайындалған қүжаттар бойынша ұйым басшылығымен келісу үрдісіне кіріседі.

Бұл кезеңде есеп саясаты бойынша құжаттардың толық пакеті қалыптасуы керек.

Басшылықтың қалауымен есеп саясатын әзірлеушілер әрбір стандарттық емес жағдайда және есептің әрбір бөлігінде есепті жасаудың бір ізділік механизмі бойынша толық нұсқауларға ие болатын есептің ішкі фирмалық стандарттарын дайындауы мүмкін.

Төртінші кезең. Есеп саясатын әзірлеудің соңғы кезеңі оны енгізу және қоса алып жүру болып табылады.

Есептің жаңа тәртібін енгізу, ереже бойынша, әкономикалық қызметтердің қатардағы қызметкерлеріне белгілі бір мәселелер тудыруы мүмкін. Бұл мәселелерді жою әзірлеушілердің енгізулерді түрақты ала жүруінің, кеңес берулер немесе үйрететін оқулар өткізудің көмегімен жүргізіледі. Қоса алып жүру тәртібі қызметкерлердің қалауын есепке алумен бірге басшылықпен сөз етіледі.



жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау