3.3 Бухгалтерлік және салықтық есептің ішкі аудит әдістемесін жетілдіру бағыттары
Салықтар бойынша аудит – қағидаларда белгіленген талаптарды сақтай отырып, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толық және уақтылы болуы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толық және уақтылы болуы мәселесі бойынша аудиторлық ұйым жүргізетін аудит;
Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.
Өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеушi өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегі салық мiндеттемесi мөлшерiн негiзге ала отырып, декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын есептеуге мiндеттi.
Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.
Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.
Салық базасын қалыптастыру дұрыстығы жəне толықтығы
|
Салық базасы мен салық шегерістері сомаларын уақытылы қалыптастыру
|
Салық салудан босатуды қолданудың дұрыстығы жəне негізделуі
|
Салық мөлшерлемелерін қолдану дұрыстығы
|
Есептен шығаруға жататын ҚҚС сомаларын көрсету дұрыстығы
|
Салық шегерістерін растау
|
Көрсеткіштерді есептеу
|
Салық есептілігіне жəне салық тіркелімдеріне түзетулер енгізудің негізделуі
|
Сурет 6 - ҚҚС бойынша есептеулердің ішкі аудитінің əдістемесі Ескерту - Автормен арнайы əдебиет негізінде құрастырылған
ҚР салық жүйесін реформалау жағдайында корпоративті табыс салығы маңызды өзгерістерді өткеруде: ставкалардың көп мөлшерде төмендеді, салық салынатын базалар кеңей ді, экономиканың шикізат секторын дамыту үшін арнайы экономикалық аймақтар құр ылып, салықтық жеңілдіктерді ретінде инвестициялық салықтық артықшылықтар және арнайы салықтық режимдер қолданысқа енді. Осы мәселенің шешімі салық салудың барлық жүйесін мемлекеттік реттеудің рационалды шараларын дайындау ғана емес, сонымен бірге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болатын Қазақстан Республикасының салықтық түсімдерді қалыптастыруды жетілдіру жобаланады.
Салық жүйесін, оның ішінде кез келген салықты жетілдіру жолдарына сәйкес ұсыныс айту үшін, бұл алдағы өзгерістердің мемлекет, салық төлеуші және халық үшін не береді, олардың мүддесі қалай сақталады деген пікірді негізге ала отырып айту қажет.
Салықтық құралдың реттеуші рөлі экономиканың дағдарыс жағдайында өте ерекше. Салықтың фискалдық қызметін дамытумен шектелу мүмкін емес. Салық өнім өндірушілердің еркін шешім қабылдауына мүмкіндік беруі тиіс. Дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы болып өндірісті ынталандыру табылады. Ал, өндірісті ынталандыру елдегі шағын және орта бизнесті дамытумен тікелей байланысты. Әлемде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау ең алдымен салықтық жеңілдіктер берумен іске асырылады. Бұл орайда, Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында шағын және орта бизнеске арналған арнайы салық салу режимі жүзеге асырылады. Дегенмен, салықтық жеңілдіктердің көп мөлшерде болуы тиімді емес.
Біріншіден, салық жеңілдіктері барлық салық төлеушілерінің теңдігі принципін бұзады, өйткені бұл жеңілдік берілген салалар басқаларға қарағанда артықшылықта болады.
Екіншіден, салық жеңілдіктері есептеу механизмін қиындатады, ал бұл түрлі қателіктер мен түсініспеушіліктерге әкелетіні сөзсіз.
Үшіншіден, жеңілдік берілген саланың кәсіпорындары, жеңілдік құқығын рәсімдеудің күрделілігіне байланысты оны дұрыс пайдалана алмай, жеңілдіктен бас тартуға мәжбүр болатын кездері де байқалуда.
Достарыңызбен бөлісу: |