Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi



жүктеу 16,95 Mb.
бет87/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97

628-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi


1. Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.

2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.

3. Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу күніне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.

4. Консулдық алым:

1) Қазақстан Республикасының аумағында – банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.

Консульдық алым сомасы қолма қол ақшамен төленген кезде консулдық алымның қабылданған мұндай сомаларын уәкілетті мемлекеттік орган кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде – шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.

5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалған елдің валютасымен немесе кез келген еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.

6. Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын шетелдік банктік шотқа аудару үшін оларды қабылдаған күннен бастап он операциялық күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне тапсырады.

Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына, евроға, ағылшын фунт стерлингіне, швейцар франкіне, канада долларына, жапон иеніне, ресей рубліне, қытай юаніне айырбастайды.

Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.

Шетелдік банктік шотқа келіп түскен консулдық алымдарды ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей) дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме одан әрі бюджет кірісіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге ай сайын келіп түсетін консулдық алымдар түсімі 1000 АҚШ долларынан аз болса немесе оның есепті кезеңнің соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетілген валюта түрлеріндегі эквивалентін құрайтын болса, аударым жасау тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен шетелдік валютамен корреспондеттік шоттың үзінді-көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысандағы төлеу құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.

7.Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

71-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛІКТЕРІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ
§ 1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
629-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

1. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы бапта көрсетілген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жасайды.

2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының 1 қаңтарында мынадай:

1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың:

Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

оралман;


тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті;

2) осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

3) осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайда кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.

3. Осы Кодексті қолдану мақсатында кәмелетке толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.

4. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар мынадай жағдайларда:

1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі болған;

2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері болған жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.

Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

5. Кәмелетке толмаған адамдар кез келген мынадай:

1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі (жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлікті қоспағанда) болған;

2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері болған;

3) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шотында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс, жиынтығында барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінің 160 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасы болған;

4) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша осы адамның алдында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінің 500 жүз еселенген мөлшерінен асатын басқа адамдардың берешек сомасы (дебиторлық берешегі) және (немесе) осы адамның басқа адамдардың алдында берешегі (кредиторлық берешегі) болған жағдай басталған кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.

6. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:



1) бастапқы – жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша белгіленген міндеті алғаш еет туындауына байланысты ұсынылатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

2) кезекті – активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны осындай жеке тұлға тапсырғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

3) қосымша – жеке тұлға бұрын тапсырған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар қатысты жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

4) хабарлама бойынша қосымша – бұрын тапсырылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде салық органы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған, жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.

7. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:

1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың;

2) осы Кодекстің 70-бабында көзделген қосымша салық есептілігін тапсыруды қоспағанда, бір еет тапсырылады.
630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жасау ерекшеліктері

1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 187-1-бабында көрсетілген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында және одан тысқары мынадай:

1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкінің;

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы;

3) банк шоттарында ақшаның;

4) қолма-қол ақшасының – «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Респбуликасының Заңына сәйкес ресмилендірілген ақшалардан басқа, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген минималды еңбекақының 500 еселенген шегінен аспайтын және заңды тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылған сома көрсетіледі;

5) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешегін қоспағанда, басқа адамдардың жеке тұлға алдында берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа адамдардың алдында берешегі (кредиторлық берешегі) – міндеттеменің және талаптың пайда болуына негіз жасайтын келісім және басқа да құжат болған жағдайда республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген минималды еңбекақының 500 еселенген шегінен аспайтын және заңды тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылған жиынтық сома артқан жағдайда көрсетіледі;

6) осы баптың 5-тармағында көрсетілген өзге де мүліктің болуы туралы ақпаратты көрсету үшін арналған.

2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар осы баптың 2-тармағында көрсетілген, салық органдары осы баптың 1 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын мәліметтер туралы ақпаратты толық көрсету үшін арналған.

3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларациясын тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларациядға қосымшаларда осы баптың 2-бабында көрсетілген мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы мәліметтерді, трастарды көрсетеді.

4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша мынадай талаптар:



1) асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары осы мүліктің бір бірлігіне бағасы (құны) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 500 еселенген мөлшерінен асқан және осы мүліктің құнын растайтын құжаттар болған жағдайда көрсетілетін;

2) ветеринарлық төлқұжат және осындай активтерге меншік құқығы бар екендігін растайтын басқа да құжаттар бар болған жағдайда биологиялық активтер;

3) мәдени құндылықтарды мәдениет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте ұлттық мәдени игілік объектілерінің Мемлекеттік реестріне енгізген жағдайда;

4) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құнды қоса алғанда, осындай мүліктің құнын растайтын және (немесе) осындай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар болған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге де мүлік ескеріле отырып, басқа да мүлік көрсетілуі мүмкін.


631-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімі

  1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша:

  1. қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

  2. электрондық түрде ұсынылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.

Осы баптың активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімі бөлігіндегі ережелері активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болуға ниетті тұлғалар ретінде тапсыратын адамдарға қолданылмайды.

2. Жеке практикамен айналысатын дара кәсіпкерлер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде орналасқан жері бойынша тапсырады.



§ 2. Кірістер мен мүлік туралы декларация
632-бап. Кірістер мен мүліктер туралы декларация

1. Кірістер мен мүліктер туралы декларацияны:

1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың:

Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

оралман;

тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті;

2) осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

3) осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайда кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлға кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде тапсырады.

2. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мынадай:

1) есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер алған;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдар болған жағдайда кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсырады.

Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

Есепті салық кезеңінде алған, жеке тұлға өз бетінше салық салцуға жататын кірістерден жеке табыс салығын төлеу бойынша міндеттеме туындаған жағдайда мұндай тұлғалардың жеке табыс салығын төлеуі осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағы 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

3. Кәмелетке толмағандар кірістер мен мүліктер туралы декларацияны мынадай жағдайлардың:

1) кірістердің мынадай:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақы, өтемақы, стипендия;

мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер;

банктердегі және лицензия негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақылар;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрыдыс жинақтарына салымдар бойынша сыйлықақылар;

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтары салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары түріндегі кірістерді қоспағанда, есепті салық кезеңінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс кіріс алған;

2) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс, иеліктен шығарған және (немесе) сатып алған және (немесе) өтеусіз алған;

3) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін сатып алған және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) өтеусіз алған;

4) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары, жиынтығында барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінде 31 желтоқсанда қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінің 160 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасы болған;

5) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешегін қоспағанда, басқа адамдардың жеке тұлға алдында берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа адамдардың алдында берешегі (кредиторлық берешегі) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінің 500 еселенген мөлшерінен асатын берешегі болған кез келгені басталған кезде тапсырады.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға есепті салық кезеңінде бір уақытта мынадай:

1) жеке тұлға:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген адам;

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген адам;

дара кәсіпкер;

жеке практикамен айналысатын адам болмаған;


  1. жеке тұлға:

мүліктік кіріс;

салық агенті төлем көзінен салық салуға жатпайтын кірістер алмаған;



  1. жеке тұлғаның кез келген кірістері болмаған немесе жеке тұлға кірістерді:

төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;

өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;

алименттер түріндегі кірістерді ғана алған;

4) жеке тұлға салық агентіне өзге шегерімдердің алдын ала сомасына төлем көзінен түсетін салық салынатын кірісті азайтуға өтінішті бермеген;

5) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқығы жоқ немесе жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтару жүргізуге құқығын іске асыруды қаламайтын;

6) жеке тұлға оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алмаған, иеліктен шығармаған, өтеусіз алмаған жағдайларға сәйкес келгенде оңайлатылған нысан (бұдан әрі – кірістер мен мүліктер туралы қысқа декларация) бойынша қосымшаларсыз кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыруға міндетті.


633-бап. Кірістер мен мүліктер туралы декларация жасау ерекшеліктері

1. Жеке тұлғаның кірістері мен мүліктері туралы декларация (бұдан әрі – кірістер мен мүліктер туралы декларация) жыл сайын мынадай:

1) кірістер мен мүліктер туралы толық декларация – қосымшалармен;

2) кірістер мен мүліктер туралы қысқаша декларация – қосымшаларсыз нысандардың бірі бойынша тапсырылады.

2. Кірістер мен мүліктер туралы толық декларация жеке тұлғалардың:

1) күнтізбелік жылы ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс алған кірістер;

2) салық шегерімдері;

3) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс, сатып алған және (немесе) иеліктен шығарған және (немесе) өтеусіз алған;

4) жеке табыс салығы бойынша, оның ішінде осы Кодекстің 156-10-бабында айқындалған салық шегерімі қолданылған жағдайда жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне келісімін көрсете отырып, асып кетуді есепке жатқызу және қайтару туралы ақпаратты көрсету үшін арналған.

3. Кірістер мен мүліктер туралы толық декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін салық міндеттемесінің есепке жазылуы туралы ақпаратты толық көрсету үшін арналған.

4. Жеке тұлғалар, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларациясын тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдарҚазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістер мен мүліктер туралы толық декларацияда мынадай:

1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті;

2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;

4) бағалы қағаздарды;

5) инвестициялық алтынды;

6) туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындау жүргізілетін туынды қаржы құралодарын қоспағанда);

7) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестерін есепті салық кезеңі ішінде сатып алуға, оның Қазақстан Республикасының шегінен тыс, шығыстарды өтеу көздері туралы мәліметтерді кірістер мен мүліктер туралы толық декларацияда көрсетеді.

Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүліктер туралы толық декларацияға қосымшада көрсетіледі.

5. Кірістер мен мүліктер туралы қысқаша декларация:

1) мынадай түрдегі:

төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;

өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;

алименттер түріндегі кез келген кірістер болмаған немесе кірістерді алғанын;

2) салық шегерімдерін, оның ішінде салық агенті қолданған шегерімдерге қосымша қолдануға құқығы немесе ниеті болмағанын;

3) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге оның ішінде, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркеуге жататын мүлікті сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактілері болмағанын растау туралы ақпаратты көрсетуге арналған.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау