Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіскен Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмекпен бет алған шетелдіктерге; шетелдік инвесторларға; этникалық қазақтарға; өзаралық қағидасы негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға; 2) шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзартуға: Қазақстан Республикасына бет алған шетелдік ресми делегацияның мүшелеріне және оларды алып жүрушілерге; Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Конситиуциялық Кеңесінің, Қазақстан Республиксаның Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комитетінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесінің, мемлекеттік органдарының, облыс әкімдіктерінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шақыртуы бойынша; Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіскен Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмекпен бет алған шетелдіктерге; этникалық қазақтарға; өзаралық қағидасы негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға; бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты азаматтығы болған, шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туысқанының жерлеуіне бет алған адамдарға; шетелдік инвесторларға; Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен жіберілген қателері бар бастапқы визаның орнына қайта виза беру үшін. 621-бап Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Мыналар:
1) тұрғылықты жерiн тiркеген кезде:
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;
оралман мәртебесін алғанға дейін тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар;
Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің, мүгедек балалардың ата-аналарының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс еткен кезде;
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;
4) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер қайтадан берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;
5) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн беру кезінде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;
"Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің, мүгедек балалардың ата-аналарының бірі;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
6) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін берген кезде:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің, мүгедек балалардың ата-аналарының бірі;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |