Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-ТАРАУ. САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ



жүктеу 16,95 Mb.
бет56/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97

61-ТАРАУ. САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ



503-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:

 


Р/с№

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

1.

1

2,4

2.

2

3,35

3.

3

4,35

4.

4

5,3

5.

5

6,25

6.

6

7,25

7.

7

8,4

8.

8

9,65

9.

9

10,8

10.

10

12,05

11.

11

14,45

12.

12

15,45

13.

13

16,4

14.

14

17,35

15.

15

18,35

16.

16

19,3

17.

17

20,45

18.

18

21,7

19.

19

22,85

20.

20

24,1

21.

21

26,55

22.

22

28,95

23.

23

31,35

24.

24

33,75

25.

25

36,2

26.

26

38,6

27.

27

41

28.

28

43,4

29.

29

45,85

30.

30

48,25

31.

31

72,35

32.

32

77,7

33.

33

82,95

34.

34

90,4

35.

35

93,8

36.

36

99,1

37.

37

104,4

38.

38

110

39.

39

115,3

40.

40

120,6

41.

41

144,75

42.

42

150,05

43.

43

155,35

44.

44

160,85

45.

45

166,15

46.

46

171,45

47.

47

176,8

48.

48

182,4

49.

49

187,7

50.

50

193

51.

51

217,1

52.

52

222,45

53.

53

227,75

54.

54

233,25

55.

55

238,55

56.

56

243,85

57.

57

249,15

58.

58

254,75

59.

59

260,05

60.

60

265,35

61.

61

289,5

62.

62

303,15

63.

63

316,3

64.

64

329,75

65.

65

343,05

66.

66

356,55

67.

67

369,8

68.

68

383,3

69.

69

396,6

70.

70

410,1

71.

71

434,25

72.

72

447,75

73.

73

460,95

74.

74

474,45

75.

75

487,8

76.

76

501,3

77.

77

514,55

78.

78

528,05

79.

79

541,35

80.

80

554,85

81.

81

579

82.

82

595,1

83.

83

611,05

84.

84

627,25

85.

85

643,35

86.

86

659,3

87.

87

675,5

88.

88

691,6

89.

89

707,55

90.

90

723,75

91.

91

747,85

92.

92

772

93.

93

796,1

94.

94

820,25

95.

95

844,35

96.

96

868,5

97.

97

892,6

98.

98

916,75

99.

99

940,85

100.

100

965

101.

100 жоғары

1 013,3




  1. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:

 

Р/с №

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

1.

1

2,4

2.

2

2,7

3.

3

2,9

4.

4

3,1

5.

5

3,35

6.

6

3,65

7.

7

3,85

8.

8

4,05

9.

9

4,35

10.

10

4,8

11.

11

7,25

12.

12

9,15

13.

13

11,1

14.

14

12,75

15.

15

14,65

16.

16

16,6

17.

17

18,55

18.

18

20,25

19.

19

22,2

20.

20

24,1

21.

21

26,55

22.

22

28,95

23.

23

31,35

24.

24

33,75

25.

25

36,2

26.

26

38,6

27.

27

41

28.

28

43,4

29.

29

45,85

30.

30

48,25

31.

31

50,65

32.

32

53,05

33.

33

55,45

34.

34

57,9

35.

35

60,3

36.

36

62,7

37.

37

65,15

38.

38

67,55

39.

39

69,95

40.

40

72,35

41.

41

74,8

42.

42

77,2

43.

43

79,6

44.

44

82

45.

45

84,45

46.

46

86,85

47.

47

89,25

48.

48

91,65

49.

49

94,1

50.

50

96,5

51.

51

98,9

52.

52

101,3

53.

53

103,75

54.

54

106,15

55.

55

108,55

56.

56

110,95

57.

57

113,4

58.

58

115,8

59.

59

118,2

60.

60

120,6

61.

61

123,05

62.

62

126,4

63.

63

129,1

64.

64

132,2

65.

65

135,1

66.

66

138,2

67.

67

141,1

68.

68

144,25

69.

69

147,45

70.

70

150,35

71.

71

153,45

72.

72

156,35

73.

73

159,4

74.

74

162,3

75.

75

165,45

76.

76

168,4

77.

77

171,55

78.

78

174,65

79.

79

177,55

80.

80

180,75

81.

81

183,55

82.

82

186,7

83.

83

189,6

84.

84

192,8

85.

85

195,9

86.

86

198,8

87.

87

201,9

88.

88

204,75

89.

89

207,95

90.

90

210,85

91.

91

210,9

92.

92

216,95

93.

93

220

94.

94

223,1

95.

95

226

96.

96

229,2

97.

97

231,9

98.

98

235,15

99.

99

238,05

100.

100

241,25

101.

100-ден жоғары

250,9

 

504-бап. Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері

Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған тиісті жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, сондай-ақ елді-мекендердің жерлері базалық салық мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгiленедi:

1) көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;

2) көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.
505-бап. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері

1. Елді-мекендердің жерлеріне (қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері бір шаршы метр алаң есебімен мына мөлшерлерде белгіленеді:



 

Рет №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)


Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

1

2

3

4




Қалалар:

 

 

1.

Алматы

28,95

0,96

2.

Астана

19,30

0,96

3.

Ақтау

9,65

0,58

4.

Ақтөбе

6,75

0,58

5.

Атырау

8,20

0,58

6.

Қарағанды

9,65

0,58

7.

Қызылорда

8,68

0,58

8.

Көкшетау

5,79

0,58

9.

Қостанай

6,27

0,58

10.

Павлодар

9,65

0,58

11.

Петропавл

5,79

0,58

12

Талдықорған

9,17

0,58

13.

Тараз

9,17

0,58

14.

Орал

5,79

0,58

15.

Өскемен

9,65

0,58

16.

Шымкент

9,17

0,58

17.

Алматы облысы

 

 

18.

Облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

19.

Аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

20.

Ақмола облысы:

 

 

21.

Облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

22.

Аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

23.

Облыстық маңызы бар басқа қалалар


облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

0,39

24.

Аудандық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

0,19

25.

Кенттер

0,96

0,13

26

Ауылдар

0,48

0,09

Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.

2. Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:

1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;

1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.

Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

2) қалған елдi мекендер үшiн:

көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;

5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.


506-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге (бұдан әрі өнеркәсіп жерлері) салынатын базалық салық мөлшерлемелері

1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгiленедi:




Рет №

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

Р/с №

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

0

48,25

52.

51

2634,45

2.

1

91,67

53.

52

2690,23

3.

2

135,1

54.

53

2745,95

4.

3

178,52

55.

54

2801,72

5.

4

221,95

56.

55

2857,46

6.

5

265,37

57.

56

2913,24

7.

6

308,8

58.

57

2968,96

8.

7

352,22

59.

58

3024,73

9.

8

395,65

60.

59

3080,47

10.

9

439,07

61.

60

3136,25

11.

10

482,5

62.

61

3188,36

12.

11

530,75

63.

62

3247,75

13.

12

592,41

64.

63

3325,49

14.

13

654,08

65.

64

3364,61

15.

14

715,68

66.

65

3423,05

16.

15

777,35

67.

66

3489,25

17.

16

839,01

68.

67

3539,95

18.

17

900,67

69.

68

3598,39

19.

18

962,29

70.

69

3656,81

20.

19

1023,96

71.

70

3715,25

21.

20

1084,66

72.

71

3769,29

22.

21

1138,7

73.

72

3829,64

23.

22

1189,07

74.

73

3890,53

24.

23

1239,35

75.

74

3951,67

25.

24

1287,73

76.

75

4012,79

26.

25

1340,29

77.

76

4073,88

27.

26

1390,66

78.

77

4135,02

28.

27

1441,07

79.

78

4196,15

29.

28

1491,45

80.

79

4257,23

30.

29

1541,88

81.

80

4319,34

31.

30

1592,25

82.

81

4371,45

32.

31

1646,29

83.

82

4432,57

33.

32

1693,03

84.

83

4493,66

34.

33

1740,76

85.

84

4554,8

35.

34

1788,47

86.

85

4615,92

36.

35

1836,2

87.

86

4677,01

37.

36

1883,87

88.

87

4738,15

38.

37

1931,58

89.

88

4799,27

39.

38

1979,31

90.

89

4860,36

40.

39

2027,02

91.

90

4921,5

41.

40

2074,75

92.

91

4975,54

42.

41

2126,86

93.

92

5054,48

43.

42

2178,19

94.

93

5134,32

44.

43

2228,61

95.

94

5214,22

45.

44

2278,98

96.

95

5294,09

46.

45

2329,41

97.

96

5373,99

47.

46

2379,79

98.

97

5453,83

48.

47

2340,22

99.

98

5533,73

49.

48

2480,57

100.

99

5613,59

50.

49

2531

101.

100

5693,5

51.

50

2582,34

102.

100 жоғары

5790

2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлер осы баптың 1-тармағында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.

3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа да жер пайдаланушыларға берiлген жерлер осы Кодекстiң 385-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.

4. Магистральды темiр жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темiр жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне осы Кодекстiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.


507-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық мөлшерлемелері

1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 384-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 385-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 380-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 384-бабында көрсетілген жерлерді қоспағанда, өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағында белгіленген төмендету ескеріле отырып, көрсетілген жерлерге салық мөлшерлемелерін жалпы төмендету базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.

3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 385-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 381-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 385-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 380-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп түсініледі.


508-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық мөлшерлемелері

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне осы Кодекстiң 385-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.

2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерi осы Кодекстiң 385-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 381-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.

 

509-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері

1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 380-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 380-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемелері кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 380-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерлерi осы Кодекстiң 380-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекендердің жерлерi үшiн осы Кодекстiң 380-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

Елдi мекеннiң жерлерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық мөлшерлемелерді жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.

Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық мөлшерлемесі төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 380-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.

3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 380-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады.

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін осы Кодекстің 380-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

Автотұрақтармен (паркингтер) бос емес жерлерге базалық салық мөлшерлемелері жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген мөлшерлемелерді ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара арттыруға тыйым салынады.

4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 380-бабының кестесіндегі 23 – 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 380, 381 және 382-баптарында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.


Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша осы тармақтың ережелеріне сәйкес арттырылған салық мөлшерлемелері жерлерді пайдалану және қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган жердің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап қолданылады.

6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

 

510-бап. Базалық салық мөлшерлемелерін түзету



1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 380 және 381-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

Бұл ретте жергілікті өкілді орган жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы шешімі ресми жариялануға жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 384-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

2. Мынадай төлеушiлер жер салығын есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициенттi қолданады:

1) осы Кодекстiң 135-бабының 3-тармағында және 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;

2) арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар – арнайы экономикалық аймақтар аумағында орналасқан және осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 151-1 – 151-10-баптарында көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

3) инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымдар – осы Кодекстің17-1-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша.

3. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0,1 коэффициенттi:

1) балаларды сауықтыру мекемелері – балаларды сауықтыру бойынша осындай балаларды сауықтыру мекемелерінің қызметінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

2) қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар – осындай қызмете пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

3) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар – балықты ұдайы молайту бойынша қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

4) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар;

5) технологиялық парктер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданады.

Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

мұндай технологиялық парктер Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;

осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.

6) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды орындаған кездегі діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабының 8-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодексте айқындалған коммерциялық емес ұйымдар;

7) осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқандалған заңды тұлғалар – осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының және 3-тармағы 4) және 6) тармақшаларының ережелері:

жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілгенде, өзге де негіздер бойынша пайдалануға берілгеннен түскен кіріс мемлекеттік бюджеттің есебіне жатқызылатын жағдайларды қоспағанда, жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін (ондағы ғимараттармен, құрылыстармен, құрылысжайлармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген, өзге де негіздер бойынша пайдалануға берілген жағдайларда немесе оларды коммерциялық мақсатта пайдалану кезінде қолданылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін қолдану кезінде:

салық төлеушілер салық салу объектілерін бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті;

жер учаскесінің бөлігі бойынша жер салығының мөлшері осындай учаске ауданының бүкіл жер учаскесінің жалпы ауданының салыстырмалы ауданы бойынша айқындалады   


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау