Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ



жүктеу 16,95 Mb.
бет57/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97

62-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ



511-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi

1. Салықты есептеу осы тараудың ережелерін ескере отырып, әрбiр жер учаскесi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін жеке қолдану арқылы жүргiзіледi.

2. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушіге жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.

4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқасына ауыстыру кезiнде осындай ауыстыру жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.

6. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріске байланысты аумағы басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен болған шекарадағы елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.

7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады.

8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.

9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) пәтердің (тұрғынжайдың) меншік иесі жеке тұлғаны қоспағанда, әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.

Бұл ретте:

1) жеке тұлғаны қоспағанда, жалпы мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бөлігіне осы Кодекстің 380-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс;

2) жалпы мүліктегі тұрғын үй емес үй-жайдың (тұрғын үй емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 380-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс.


512-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi

1. Салық төлеушілер жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес есептейдi.

2. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.

3. Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады.

4. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің сомасын салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

5. Салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде, оның ішінде осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға беру шарты бойынша берген кезде:

1) осындай салық кезеңі ішінде төлеудің келесі кезекті мерзімі салықтың ағымдағы сомасын бірінші төлеу мерзімі болып табылады;

2) ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде салық сомасын түбегейлі есептеу және төлеу ғана жүргізіледі.

6. Осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына осындай салық кезеңінде жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.

7. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің нақты кезеңi үшiн есептеледi.

Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте аталған құқықтарды беретін адам ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Осындай құқықтарды алған адам өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.

8. Салық төлеушi салық кезеңi үшін декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.

9. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін декларация табыс ету мерзімі болғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жер салығын төлейді.

 

513-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық есептілігін табыс етудің ерекшелiктерi



1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.

2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.

3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 380-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.
514-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасы негiзінде, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi.

Осы тармақтың ережелері кәсіпкерлік қызметте және (немесе)  осындай жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде дара кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға) қолданылмайды.

Бұл ретте осы тараудың мақсаты үшін мұндай учаскеде:

тұрғын үй және салық базасы осы Кодекстің 404-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді салық органдары жүргізетін басқа да объектілер бар;

тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған жағдайларды бір мезгілде сақтағанда жер учаскесі кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскесі деп танылмайды.

2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 387-бабы 7-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.

3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

4. Кәсіпкерлік қызметте және (немесе) жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын тұлғалар) жер салығын осы Кодекстің 387-бабында шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

5. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар мұндай құқық туындаған айдың бiрiншi күнінен бастап салық кезеңi аяқталғанға дейiн немесе мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күніне дейiн қолданылады.

Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күнінен бастап қолданылмайды.



жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау