65-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ
526-бап. Салық төлеушілер
1. Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде – Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері шегінде – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер;
3) он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) салық базасы осы Кодекстің 404-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 407-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.
3. 3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.
527-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде, салық төлеушi осы Кодекстің 35-1-бабына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
Бұл ретте 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген, бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтінішінде көрсеткен, осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
528-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
529-бап. Салық базасы
1. Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган есептік жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:
Қ = Қ б х S х К физ х К айм х К аек. Өзг.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
С – салық салу мақсаттары үшін мүлік құны;
С б – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;
S – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;
К физ – физикалық тозу коэффициенті;
К айм – аймаққа бөлу коэффициенті;
К аек. Өзг – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
Р/с№
|
Елді мекеннің санаты
|
Базалық құн, теңгемен
|
1
|
2
|
3
|
|
Қалалар
|
|
1
|
Алматы
|
60 000
|
2
|
Астана
|
60 000
|
3
|
Ақтау
|
36 000
|
4
|
Ақтөбе
|
36 000
|
5
|
Атырау
|
36 000
|
6
|
Қарағанды
|
36 000
|
7
|
Қызылорда
|
36 000
|
8
|
Көкшетау
|
36 000
|
9
|
Қостанай
|
36 000
|
10
|
Павлодар
|
36 000
|
11
|
Петропавл
|
36 000
|
12
|
Талдықорған
|
36 000
|
13
|
Тараз
|
36 000
|
14
|
Орал
|
36 000
|
15
|
Өскемен
|
36 000
|
16
|
Шымкент
|
36 000
|
17
|
Облыстық маңызы бар қала
|
12 000
|
18
|
Аудандық маңызы бар қала
|
6 000
|
19
|
Кенттер
|
4 200
|
20
|
Ауылдар
|
700
|
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес айқындалады.
3.Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган есептік жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін осындай объектілердің құны салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен есептеледі:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг. Х K айм.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
Қ – салық салу мақсаты үшін құн,
Қ б – осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша – 25 пайыз,
гараж бойынша – 15 пайыз,
S – тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,
К физ – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті,
К аек. Өзг – осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті,
К айм – осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу коэффициенті.
4. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісінің физикалық тозуын анықтау әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен орталық мемлекеттік органдар қатарынан айқындайтын уәкілетті мемлекеттік орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді.
5. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жергіліктi атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша осындай коэффициент енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға жатады.
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
6. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. Өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. Өзг = ағ. Ж. аек/алдыңғы ж. аек, мұнда:
ағ. Ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;
алдыңғы ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.
7. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iргеқабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық органдары салық базасын осы бапқа сәйкес есептелетін осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
8. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылған жағдайда салық базасы әрбір объект бойынша бөлек есептеледі.
530-бап.Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді, төлейді және шағын бизнес үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 57-тарауында белгіленген тәртіппен аталған салық бойынша салық есептілігін береді.
Мұндай салық салу объектілері бойынша салық базасы осы Кодекстің 395-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
531-бап. Салық мөлшерлемелері
Салық базасы осы Кодекстiң 404-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:
1
|
2
|
3
|
1.
|
2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
салық салу объектісінің құнынан 0,05 пайызы
|
2.
|
2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,05 пайызы
|
3.
|
4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда
|
2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы
|
4.
|
6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы
|
5.
|
8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы
|
6.
|
10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы
|
7.
|
12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы
|
8.
|
14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы
|
9.
|
16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы
|
10.
|
18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы
|
11.
|
20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы
|
12.
|
75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы
|
13.
|
100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы
|
14.
|
150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы
|
15.
|
350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы
|
16.
|
450 000 000 теңгеден жоғары
|
2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы
|
532-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Салық органдары жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
2. Егер салық кезеңі ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың бірінші күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) айқындалады.
3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
4. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
5. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 401-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 401-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.
6. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
7. Меншік құқығын беретін тұлғаның салық салу объектісін иеленуінің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.
8. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салық кезеңі үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен болған шекарадағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құнының негізінде есептеледі.
533-бап.Салық кезеңі
1. 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.
16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
66-ТАРАУ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
534-бап. Төлеушілер
Мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
535-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) тотализатордың электронды кассасы;
5) букмекер кеңсесінің кассасы;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
536-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық мөлшерлемесі:
1) ойын үстеліне – айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматына – айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
3) тотализатордың кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
4) тотализатордың электрондық кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерін;
5) букмекер кеңсесінің кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
6) букмекер кеңсесінің электрондық кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерін құрайды.
Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
537-бап.Салық кезеңі
Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
538-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады. (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
539-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі
1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері:
1) казино қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 135 000 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматтары залы қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерін;
3) тотализатор қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерін;
4) букмекер кеңсесі қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерін құрайды.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген табыстың шекті мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады. (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
540-бап.Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
541-бап.Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі бойынша салық органына табыс етіледі.
17-БӨЛІМ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
(2020 ж. бастап күші жойылуға жатады)
67-ТАРАУ.ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
542-бап. Осы тарауда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);
3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);
4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi.
5) уәкілетті ұйым – қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы және оған уәкілетті ұйымның айырбас пункті (айырбас пункттері) көрсетілген қосымшасы (қосымшалары) бар, екінші деңгейлі банк болып табылмайтын, заңды тұлға;
6) арнайы аймақ – аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильді өткізу пункттері бар тұрғылықты жерлер (Астана, Алматы қалаларын және облыстардың әкімшілік орталықтарын қоспағанда).
543-бап. Төлеушілер
Тіркелген салықты төлеушілер:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) картты (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.
544-бап. Тіркелген салық салу объектілері
Мыналар:
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.
7) уәкілетті ұйымның айырбас пункті.
545-бап. Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемелерінің мөлшері:
Рет N
|
Салық салу объектісінің атауы
|
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
12
|
2.
|
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
18
|
3.
|
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
|
1
|
4
|
4.
|
Ойын жолы
|
5
|
83
|
5.
|
Карт
|
2
|
12
|
6.
|
Бильярд үстелі
|
3
|
25
|
7.
|
Астана немесе Алматы қалаларында орналасқан уәкілетті ұйымның айырбас пункті
|
30
|
100
|
8.
|
Арнайы аймақта орналасқан уәкілетті ұйымның айырбас пункті
|
1
|
20
|
9.
|
Астана немесе Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, тұрғылықты жерде орналасқан уәкілетті ұйымның айырбас пункті
|
10
|
50
|
2. Салық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
3. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді.
546-бап. Салық кезеңі
Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
547-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 421-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектiлерi айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде тiркелген салық белгіленген мөлшерлемесінің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
4. Осы Кодекстің 420-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
548-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органына табыс етіледі.
18-БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕМАҚЫЛАР
68-ТАРАУ.АЛЫМДАР
Достарыңызбен бөлісу: |