Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет53/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97

11-БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
51-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
459-бап.Акциздерді қолдану

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 280-бабында көрсетілген тауарларға акциз салынады.


460-бап.Төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;

2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;

3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;

4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, осы Кодекстің 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;

5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;

6) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

2. Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар да акциздерді төлеушілер болып табылады.

Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.

3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, бейрезидент заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.

4. Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын салуды және шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.


461-бап. Акцизделетін тауарлар тізбесі

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар акцизделетін тауарлар болып табылады:

1) спирттің барлық түрлері;

2) алкоголь өнімі;

3) темекі бұйымдары;

4) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтық;

5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлік құралдары;

двигателінің көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

7) шикі мұнай, газ конденсаты;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.

Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды.

Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес айқындалған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесінде көрсетілген тауарларға акциздер мөлшерлемелерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


462-бап.Акциздер ставкалары

1. Акциз мөлшерлемелері заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.

2. Алкоголь өнiмiне акциздер мөлшерлемесі осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.

3. Спирттің барлық түрiне және шарап материалына акциз мөлшерлемелері спирттің және шарап материалының бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

4. Акциз сомасын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:

1) осы Кодекстің 279-бабының 1) – 4), 4-1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:





Р/с №

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған))

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

6.

3003, 3004-ден

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100% спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа)

100% спирт 2550 теңге/литр

8.

2208

Коньяк, бренди

100% спирт 250 теңге/литр

9.

2204, 2205,

2206 00


Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205,

2206 00-ден



Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205,

2206 00-ден



Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

57 теңге/литр

13.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

12 300 теңге/1 000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

12 300 теңге/1 000 дана

16.

2402-ден

Сигариллалар

6 225 теңге/1 000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/дана

18.

2403-ден

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7 345 теңге/килограмм

19.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары

100 теңге/текше см

8703-ден

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

8704-ден

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

7345 теңге/1 кг темекі қоспасымен

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

5 теңге/сұйықтық миллилитрі

2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциз мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.
52-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН, 
ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

463-бап.Салық салу объектісі

1. Мыналар:

1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

акцизделетін тауарларды өткізуі;

акцизделетiн тауарларды алыс-берістік негiзде қайта өңдеуге беруi;

алыс-берiстік, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды, қайта өңдеу өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;

жарғылық капиталға жарнасы;

акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;

өндірушінің акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;

өндiрушiнің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;

өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;

2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;

3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;

4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;

5) акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы;

6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.

2. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.

3. Мыналар:

1) егер осы Кодекстiң 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;

2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын квоталар шегiнде:

тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;

өз қызметін бастағаны туралы белгіленген тәртіппен хабарлама жасаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спиртіне;

3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 653-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салудан босатылады.
464-бап. Операция жасалған күн

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.

2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.

3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасау күні болып табылады. Қабылдап алу-беру актілерімен расталған, заттай мәндегі акцизделетін тауарларды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не мұнай берушіге меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде тиесілі оның резервуарына немесе құю станцияларына құбыржол бойымен айдау арқылы нақты тиеп-жөнелту тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.

Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.

Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.

4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.

5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.

6. Акцизделетін тауарлар, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды, акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

7.Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.

Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.
465-бап. Салық базасы

Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.

Алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны бойынша салық базасы берілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
466-бап. Әртүрлi мөлшерлемелер белгiленген жағдайда спирттің барлық түрiне және шарап материалына салық салу ерекшелiктерi

1. Осы Кодекстiң 280-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түрiне және шарап материалына әртүрлi акциз мөлшерлемелері белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр мөлшерлемемен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.

2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмiн өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрi және шарап материалы үшiн белгiленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеуді және акциз төлеудi спирт пен шарап материалын алушы жүргiзедi.

3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк препараттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшiн сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдiк және фармацевтiк препараттарды шығарушылар мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушiлер болып табылады.


467-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы

1.Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және импортталатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.

Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

2. Осы баптың мақсаттары үшiн:

1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің), оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi деп түсініледі;

2) оқиғаның нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетiн өнiмнiң жоғалуы деп түсініледі.

Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды.
468-бап. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.

Осы Кодекстің 653-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған, бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізінде жүргізіледі.

2. Темекі бұйымдарының импорты кезінде берілген акциздік маркалар мен есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары мынадай жағдайларда:

1) акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;

2) бүлiнген акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, қайта есептеуге жатады.

3. Темекі бұйымдарына берілген акциздік маркалар бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:

1) акциздік маркалар төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;

2) бүлінген акциздік маркаларды салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.
469-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемдері

1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетiн бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:

1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;

2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеушi ұсынушылар болып табылған жағдайда, аталған тауарларды өткiзу көтерме сауда арқылы өткiзу саласына жатқызылады.

Көтерме саудада өткізу саласына бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге жөнелту де жатады.

2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:

1) алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің тұлғаларға оларды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн өткiзуі, сондай-ақ беруі;

2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;

3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады.
470-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

1. Мыналар:

1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды ұсынуға арналған шарт (келісімшартты);

2) акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiсi бар тауарлар декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесi акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

 Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар, тауарлардың толық декларациясы экспортты растау ретінде болады;


  1. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерiн табыс етедi.

Акцизделетiн тауарларды экспорт кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;

4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған банк шоттарына акцизделетiн тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.

2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетiн тауарлардың экспорты кезінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетiн тауарлар импортының елінде ресiмделген тауарлар декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етіледі.

3. Акцизделетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған кезде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес акциздер төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына акциз жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-11-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Кодекстің 276-11-бабында көзделген құжаттарды табыс етеді.

Бұл ретте салық төлеуші акциз жөніндегі декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етуге құқылы.

4. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы да акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.

5. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1, 2 және 2-1-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға жатады.

6. Осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кейін экспортқа акцизделетін тауарларды өткізу расталған жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген акциздер сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.

Бұл ретте акцизделетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізуді растамауға байланысты есептелген өсімпұлдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.
471-бап. Акциз сомасын есептеу

Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.


472-бап.Салық базасын түзету

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі.

Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерін түзету түзетуге жататын акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негіздемені растайтын екі жақты актілердің және шартта (келісімшартта) аталған қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

Акцизделетін тауарларды өндіру мекенжайына өндірушіге қайтару кезінде салық базасының мөлшерін түзету, егер өндіруші акцизделетін тауарларды өндіру мекенжайынан орын ауыстырған, бірақ өткізбеген жағдайда, өндірушінің тауарларға ілеспе құжаттарының негізінде жүргізіледі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарлар импорты кезінде салық базасының мөлшерін түзету осы Кодекстің 276-23-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.



2. Осы Кодекстің 279-бабының 4) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша салық базасын акцизделетін тауар өндіруші, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндірушінің ауыстырылуына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.

Осы тармақта көзделген салық базасын түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салық кезеңінде жүргізіледі.

Бұл ретте осы түзету ескеріле отырып, салық базасының теріс мәні болуы мүмкін.
473-бап. Салықтан шегерім жасау

1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 289-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге азайтуға құқығы бар.

2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында төленген акциз сомалары шегерімге жатады.

3. Мыналар:

1) акцизделетiн тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;

2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;

3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерімге жатады.

Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.

4. Салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негізінде есептелген акциз сомасына шегерiм жасалады.

5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:

1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;

2) төлем құжаттары немесе акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектерін қоса бере отырып, кіріс-кассалық ордерге түбіртек;

3) акцизделетін шикізат ұсынудың тауар-көлік жүкқұжаттары;

4) акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген шот-фактура;

5) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

6) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

6. Өз өндірісінде акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:

1) төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;

2) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

3) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде Қазақстан Республикасында төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:

1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;

2) төлем құжаттары немесе кедендік декларациялау кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;

3) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізат импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған тауарлар декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорт кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;

4) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

5) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

8. Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар:

1) алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы алыс-беріс шикізатын өңдеу туралы шарт;

2) төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар;

3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актісі болған кезде шегерімге жатады.

9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерімге жатпайды.
474-бап. Акциз төлеу мерзімдері

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға арналған акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.

2. Алыс-берістік шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берiлген күнi төленедi.

3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берiлген күнi төленедi.

4. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстiң 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.

5. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тиісті белгіні қою жолымен растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.


475-бап. Акциз төленетін жер

1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу ол төленетін объектінің орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын акциз төлеушiлер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жерi бойынша төлейдi.

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.


476-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртiбi

  1. Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есеп-қисабы (бұдан әрі бөлім бойынша – акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады.

Акциз бойынша есеп-қисап негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциздің сомасы айқындалады.

  1. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты осы Кодекстің 296-бабында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілері үшін акциз бойынша бір есеп-қисапты табыс етеді.

3. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банк шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледi.

4. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп-қисапты салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.
477-бап. Салық кезеңі және акциз бойынша салық декларациясы

1. Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.

2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзiнің орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына акциз жөнiндегі декларацияны есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

3. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етедi.

4. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы салық төлеушілер орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, осы Кодекстің 276-20-бабының 5-тармағында белгіленген нысанда және тәртіппен, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны ұсынуға міндетті. Осындай декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып саналады.

 
53-ТАРАУ. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ
478-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.


479-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi

1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді.

2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн осы Кодекстің 653-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төленедi.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарларды импорттау күніне қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.

Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталуы акциздерді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге де тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға осы Кодекстің 281,297-баптарында және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіппен және акциздердің мөлшерлемелері бойынша акциздер салуға жатады.
480-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың импорты

1. Жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.

2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:

1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;

2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;

3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;

4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;

 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.



12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ

54-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


481-бап. Төлеушілер

1. Мыналар:

1) дара кәсiпкерлер;

2) жеке практикамен айналысатын адамдар;

3) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар;

5) тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

2. Келесі салық төлеушілер:

1) патент негізінде;

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер;



2) осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағының шарттарымен сәйкес келетін қимыл-тірек аппараты бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылмайды.

3. Резидент заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің:

осындай құрылымдық бөлімшесінің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу;

осындай құрылымдық бөлімшесі есептеген, төлеген төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттемелерді біруақытта орындауын тануға құқылы.

Резидент-заңды тұлғаның мұндай шешімді қабылдауы немесе оның күшін жоюы осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімшенің құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
482-бап.Арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері

Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:

1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін – осы Кодекстің 63-тарауының ережелерін ескере отырып;

2) оңайлатылған декларация негізінде – осы Кодекстің 433-438-баптарына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын төлеушілер жүргізеді.

Осы Кодекстің 357, 358, 359, 363, 364-баптарының ережелері осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген төлеушілер қолданбайды.
483-бап. Салық салу объектісі

1. Мыналар:

1) жұмыскердің осы Кодекстің 163-бабы 1-тармағында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген шығыстары) бойынша жұмыс берушінің;

2) осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары салық салу объектілері болып табылады.

2. Салық салу объектілерінен:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті әлеуметтік жарналар;

2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

3) осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағында көрсетілген кірістер;

4) осы Кодекстің 200-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген кірістер алып тасталады.

3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген, осы баптың 2-тармағын ескере отырып айқындалған салық салу объектісінің сомасы күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күні қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі осындай ең төмен жалақыны негізге ала отырып айқындалады.


484-бап. Салық мөлшерлемелері

  1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 9,5 бес пайыздық;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.



  1. Дара кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, өзi үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн 1 айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді.

Осы тармақтың ережесі:

1) салық төлеушінің осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуін уақытша тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушіге;

2) арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;

3) салық кезеңінде кіріс алмаған адамдарға қолданылмайды.

3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.

55-ТАРАУ: САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ



485-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі

1. Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы осы Кодекстің 357-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 357-бабы 1-тармағында айқындалған салық салу объектісіне осы Кодекстің 358-бабы 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.

2. Арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 357-бабы 1-тармағында айқындалған салық салу объектісіне әлеуметтік салықты осы Кодекстің 358-бабы 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.

3. Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасы мен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салқтың сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

4. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік салықты осы Кодекстің 151-4-бабының 5-тармағында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.


486-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган өз шешімімен мыналар:

құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу;

құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есептелген, төленген төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша өз құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) аумақтық органдарының міндеттерін бір мезгілде орындауын тануға құқылы.

2. Мемлекеттік мекемелер салық кезеңіне есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.

3. Салық кезеңінде осы баптың 2-тармағында көрсетілген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесі салық кезеңіне ауыстырылады.


487-бап. Әлеуметтік салықты төлеу

1. Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық кезеңінен кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

2. Құрылымдық (аумақтық) бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты төлеу осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

56-ТАРАУ. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ


488-бап. Салық кезеңі

1. Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.


2. Күнтізбелік тоқсан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация жасау үшін есептік кезең болып табылады.
489-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларация

1. Төлеушiлер жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

2. Әлеуметтік салықты есептеу және оны төлеу төлеу бойынша міндеттер жүктелмеген құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық (аумақтық) бөлімшенің орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлімше (аумақтық) бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етеді.
 


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау