Көрсетілетін қызметті алушы (не құжат бойынша заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ХҚКО-ға:
1-кезең:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жерінің схемасы;
3) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
Жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш иесі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш иесінің келісуден өтпеген жерді таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды.
2-кезең:
1) түпкілікті келісілген жерді таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде екі данада уақытша жерді пайдалану шартына қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Порталға:
1-кезең:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
Жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш иесі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш иесінің келісуден өтпеген жерді таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды.
2-кезең:
1) электрондық құжат нысанында түпкілікті келісілген жерді таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жерді пайдалану шартына қол қояды.
Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО қызметкері «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді алады.
Құжаттар ХҚКО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
ХҚКО дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не оның нотариалды расталған сенімхаты бар өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
ХҚКО нәтижені үш жұмыс күні ішінде сақтауды қамтамасыз етеді.
Үш жұмыс күні өткен соң көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚКО-ға дәлелді мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жібереді.
Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы хабар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабар жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
|