Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


§ 1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдалану үшін төлемақы



жүктеу 16,95 Mb.
бет64/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97
69-ТАРАУ.ТӨЛЕМАҚЫЛАР

§ 1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдалану үшін төлемақы


554-бап. Жалпы ережелер

1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдалану үшін төлемақы (бұдан әрі - осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) қызметтің мынадай:

1) ойын бизнесі саласында;

2) алкогольдік өнімді сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша;

3) алкогольдік өнімді сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша түрлерін жүзеге асыру кезінде алынады.

2. Лицензиарлар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.
55-бап. Төлемақы төлеушілер

Осы Кодекстің ___ бабы 1-тармағында көрсетілген қызметтің тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
556-бап.Төлемақы мөлшерлемелері

Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда (бұдан әрі - осы тараудың мәтіні бойынша - АЕК) белгіленген және осындай төлемақы төлеу күні қолданылатын еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады және





п/п

Лицензияланатын қызмет түрлері

Төлем мөлшерлемелері, жылына АЕК-мен

1.

ойын бизнесі саласындағы қызмет

 

1.1

казино және ойын автоматтары залы үшін жылына

3845

1.2

тотализатор мен букмекерлік контора үшін жылына

640

2.

Әрбір қызмет объектісі үшін алкоголь өнімін сақтау және көтерме өткізу

200

3.

Қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін әрбір қызмет объектісі үшін алкоголь өнімін сақтау және бөлшектеп өткізу:

 

3.1

Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында

100

3.2

Басқа қалалар мен кенттерде

60

3.3

Ауылдық елді мекендерде

20

құрайды.

557-бап. Есептеу және төлеу тәртібі


1. Мынадай қызмет: ойын бизнесі саласында; алкогольдік өнімді сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша (алкогольдік өнімді өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметтен басқа), алкогольдік өнімді сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша (алкогольдік өнімді өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметтен басқа) түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер төлем сомасын өздерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлеспен жыл сайын төлейді.

2. Егер есепті салық кезеңінде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан кем болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензияны пайдалану айларының тиісті санына (толық немесе толық емес) көбейту арқылы айқындалады.

Лицензияны осы баптың 1-тармағында белгіленген бір мерзімнен кейін алған кезде алғашқы төлеу мерзімі лицензия алған күннен кейінгі кезекті мерзім болып табылады.

3. Төлемақы алу көзделген, лицензия беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар төлемді есептеуді, есепке жатқызуды жүргізеді және төлем мөлшерлемесінің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ алудың толықтығына, төлемдерді бюджетке төлеудің уақтылығына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын мәліметтердің анықтығына жауапты болады.

§2. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

558-бап. Жалпы ережелер


1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) мемлекет:

жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);

жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады.

2. Жер учаскелерiн жер қойнауы учаскелерін беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгiленедi.

3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері, жергілікті атқарушы органдар және жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.

4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау