Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет45/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97

техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетуді, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әуежай қызметінің құрамына кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;


халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша теңіз порттарындағы көрсетілетін қызметтерді;

пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін;

тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсетілетін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесіне қатысушы ретінде көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай көрсетілетін қызметтер:

1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу;

2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;

3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсаты үшін вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтері болып табылады.

395-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты өткізу бойынша айналымдар


  1. Қосылған құн салығынан:

  1. тұрғын емес үй-жайлардан ғана тұратын тұрғын ғимараттың бір бөлігінен басқа, тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) өткізу;

  2. тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) жалға беру (қосалқы жалға беру);

  3. студенттік және мектеп жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер босатылады.

2. Мыналарды:

1) автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесiн беру үшiн төлемақыны;

2) жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын немесе тұрғын емес үй-жайлардан ғана тұратын тұрғын ғимараттың бір бөлігін өткізу кезінде жер учаскесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті (ортақ жер пайдалану құқығындағы) беруді;

3) тұрғын ғимаратқа жатпайтын ғимарат (ғимараттың бір бөлігі) орналасқан жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беруді, оның ішінде қосалқы жалға беруді қоспағанда, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
396-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.

2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларға:

1) лицензия негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:

депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

 жеке және заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетілген металл шоттарын ашу және жүргізу;



аударым операциялары, оның ішінде пошта арқылы ақша аудару;

банктік қарыз операциялары;

кассалық операциялар;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілгерліктерін және өзге де міндеттемелерді беруі;

банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;

2) ислам банкінің лицензия негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:

жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін пайызсыз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;

банктік қарыз операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;

3) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;

4) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын адамдардың көрсетілетін қызметтері;

5) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) көрсетілетін қызметтері;

7) банкаралық клиринг бойынша көрсетілетін қызметтер;

8) төлем карточкаларымен, электрондық ақшамен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;

 9) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару жөніндегі қызмет;



10) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша көрсетілетін қызметтер;

11) әлеуметтік төлемдерді және ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық кірістерді бөлу және есепке жатқызу бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының көрсетілетін қызметтері;

12) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аударымдар мен жарналарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға шоғырландыру, медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтері;

13) қатысу үлесін сату;

14) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;

15) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беру бойынша көрсетілетін қызметтері;

16) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:

төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларды орындау түріндегі аударым операциялары;

төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру түріндегі қарыз операциялары;

кассалық операциялар;

кредиттік серіктестікке қатысушылардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге де міндеттемелер беру;

17) инвестициялық алтынды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалар санаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған металл шоттары арқылы өткізу;

18) кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша талап ету құқықтарын беру;

19) осы баптың 3-тармағында көрсетілген операциялар жатады.

3. Ислам банкі сатып алушыға өткізетін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шарттың талаптарында айқындалатын тауардың үстеме бағасының сомасы қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшаның ережелері мынадай:

1) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;

2) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес ислам банкі мүлікті берген жағдайда қолданылады.

Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды.
397-бап. Мүлікті қаржы лизингiне беру

1. Мүлiктi қаржы лизингіне беру лизинг берушi алуға тиісті сыйақы сомасы бөлiгiнде мынадай талаптар сақталған жағдайда:

1) мұндай беру осы Кодекстiң 78-1-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;

2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде сатып алса;

3) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде сатып алса, қосылған құн салығынан босатылады.

2. Мүлiктi қаржы лизингіне беру мынадай талаптар сақталған жағдайда:

1) мұндай беру осы Кодекстiң 78-1-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;

2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде сатып алса;

3) берілетін мүлік осы Кодекстің 248-бабының 39-тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, қосылған құн салығынан босатылады.
398-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

1. Мынадай тауарлар:

1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзат;

3) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) осы Кодекске сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;

4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;

5) акцизделетін тауарларды қоспағанда, қайырымдылық көмек, техникалық жәрдем көрсету мақсатында мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желісі бойынша әкелінетін тауарлар;

6) мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар;

7) шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын тауарлар;

8) салық төлеуден босатуды көздейтін кедендік рәсімге орналастырумен Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялануға жататын тауарлар;

9) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымының объектілері жабдықтарының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметінің мақсаттары үшін осындай ғарыш объектілері мен жабдықтарын әкелу туралы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның растауы негізінде қолданылады;

10) мыналар:

Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген;

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде, Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

11) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттар; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар және ветеринариялық техника, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехника; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;

12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы заңды тұлға импорттайтын инвестициялық алтын;

13) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты;

Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оларды қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

14) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:

шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесіне енгізілсе;

шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе;

қосылған құн салығын төлеуші кеден органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттемені ұсынса, инвестициялық келісімшарт (инвестициялық басым жоба мен инвестициялық стратегиялық жобаны қоспағанда) шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.

Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға берілген айдың 1-ші күнінен бастап кезекті бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға берілген айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі.

Еркін айналым үшін не Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.

15) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


46-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ
399-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

1. Осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығының төлеушісі болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы есепке жатқызатын қосылған құн салығының сомасы, егер алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, төлеуге жататын және мынадай:

1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда – мынадай:

шот-фактураны жазып беру күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген шот-фактурада немесе жол жүру билетінде (қағаз жеткізгіште, электрондық билетте, электрондық жол жүру билетінде);

осы Кодекстің 263-бабы 11-тармағына сәйкес есепті салық кезеңінде алынған жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімді баспа басылымдарының және өзге өнімінің құнына сәйкес келетін бөлікте жазып берген шот-фактурада;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген және мынадай формула бойынша:

ҚҚС = ҚШТ * ТқҚҚС / (100 % + ТқҚҚС), мұнда:

ҚҚС – қосылған құн салығының сомасы,

ҚШТ – қосылған құн салығы салынатын шығарылатын тауарлардың құны,

ТқҚҚС – тауарларды шығару күні қолданылатын қосылған құн салығының мөлшерлемесі айқындалатын, бірақ осы тауарларды мемлекеттік материалдық резервке жеткізу кезінде төленген салық сомасынан аспайтын мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға берілетін құжатта қосылған құн салығы және өнім беруші салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жағдайда;

2) тауарлар импортталған жағдайда – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген, бірақ Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасынан аспайтын және кедендік рәсімдер талаптарына сәйкес қайтаруға жатпайтын тауарлар декларациясында немесе импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген, бірақ Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасынан аспайтын және қайтаруға жатпайтын салық сомасымен сәйкес келетін;

3) бейрезидент ұсынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған және осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының айналымы болып табылатын жағдайда – қосылған құн салығы бойынша декларацияда, бірақ уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және қосылған құн салығына төлемді растайтын төлем құжатында немесе салық органы берген құжатта көрсетілген салық сомасынан аспайтын;

4) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған жағдайда – осындай адам осы Кодекстің 77-бабы 4-тармағына сәйкес жасаған салық тіркелімінде салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге дейін салық төлеуші сатып алған, жасаған, салған және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған меншік құқығында бар тауарлар бойынша, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының біріне сәйкес осындай сома расталған жағдайда көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы танылады.

Осы тармақшаның ережелері жаңадан құрылған заңды тұлға қайта құру нәтижесінде алған тауарларға қатысты қолданылмайды.

2. Жеке тұлға шығыстары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес төлеушінің қосылған құн салығына шығыстары деп танылатын және осы Кодекстің 101-бабына сәйкес қызметтік іссапарлар кезінде өтемақы ретінде шегерімге жатқызылатын көрсетілетін қызметтерді алған жағдайда, мұндай қосылған құн салығын төлеушінің осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақталған кезде көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосылған құн салығына соманы есепке жатқызу үшін бірнеше негіз болған кезде қосылған құн салығына соманы есепке жатқызу неғұрлым ертедегі негіз бойынша бір рет жүргізіледі.

4. Осы Кодекстің 258-1, 258-2 және 259-баптарында көзделген жағдайлар басталған кезде, осы Кодекстің 256-1-бабына сәйкес айқындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшері осы Кодекстің 258-1, 258-2 және 259-баптарында көзделген алып тастауды, ұлғайтуды немесе азайтуды ескере отырып айқындалады.

5. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу салық төлеуші қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату декларациясы берілген салық кезеңінде салық төлеуші қызметінің тоқтатылуына байланысты осы Кодекстің 230-бабы 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін қосылған құн салығынан асып кететін сомаға азайтуға жатады.

Қосылған құн салығының сомасынан көрсетілген асып кету осы Кодекстің 272-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес есептен шығарылуға жатады.

6. Осы баптың ережелеріне сәйкес келмейтін қосылған құн салығының, сондай-ақ осы Кодекстің 257-бабында көрсетілген қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының сомасы деп танылады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау