Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Дара кәсіпкердің кірісі



жүктеу 16,95 Mb.
бет43/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97

365-бап. Дара кәсіпкердің кірісі


1. Жалпыға бірдей салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,

алу

корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 133-бабында белгіленген, салық салынатын табысты азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салық салынатын табысын азайту



қосу

осы Кодекстің 133-1-бабына сәйкес айқындалатын, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген бейрезиденттердің пайдасының бір бөлігі

алу 

корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 136 және 137-баптарында белгіленген, залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, ауыстыруға жататын залалдар.



2. Дара кәсіпкердің салық кезеңіндегі салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін жиынтық түрде алынған, осы Кодекстің 85-98-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 84-бабында белгіленген, жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірісі,

алу

дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін жиынтық түрде алынған, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 99-бабының 1-тармағында белгіленген, жылдық жиынтық кірісін түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірісін түзету



қосу (алу)

дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін жиынтық түрде алынған, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 99-бабының 2-тармағында белгіленген, жылдық жиынтық кірісін түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірісін түзету

алу

корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 100-125-баптарында белгіленген, шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер,



қосу (алу)

корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 132-бабында белгіленген, кірістерді және шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, табыстар мен шегерімдерді түзету.



10-БӨЛІМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
41-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
366-бап. Төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:

дара кәсiпкерлер;

мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасында қызметiн филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;

2) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.

2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 568, 569-баптарына сәйкес жүргізіледі.


367-бап. Салық салу объектілері

Мыналар:

1) салық салынатын айналым;

2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.
368-бап. Салық салынатын айналымды айқындау

1. Мыналар:

1) осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады.

Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бұрын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күні ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;

2) осы Кодекстің 238-1-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;

3) тауарлар қалдықтары түріндегі айналым салық салынатын айналым болып табылады. Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде ескерілген және қосылған құн салығы бойынша:

қосылған құн салығы бойынша таратудың салық есептілігін ұсына отырып – осындай есептілік табыс етілген күннің алдындағы күні;

салық органының шешімі бойынша – осы Кодекстің 571-бабы 6-тармағында көрсетілген күні қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебінен шығару кезінде оның меншік құқығына тиесілі тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.



Осы тармақшада көзделген айналымға осы Кодекстің 232-бабы 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналым қосылмайды.

Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесінде барлық жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шарттарды орындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды.



2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға:

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

ұлттық және шетелдік валютағады ақшаны, оның ішінде аванстарды қоспағанда, негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, және басқа да мүлік жатады.
369-бап. Салық салынбайтын айналым

Мыналар:


1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған өткізу бойынша айналым;

2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 236-бабына сәйкес айқындалады.

Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 276-5-бабына сәйкес айқындалады.

3) осы Кодекстің 248-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.
370-бап. Салық салынатын импортты айқындау

Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген (осы Кодекстің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда), Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.


42-ТАРАУ. ӨТКІЗУ БОЙЫНША АЙНАЛЫМ ЖӘНЕ БЕЙРЕЗИДЕНТТЕН ЖҰМЫСТАРДЫ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ БОЙЫНША АЙНАЛЫМ
371-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым

1. Тауарларды өткізу бойынша айналым:

1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

тауарды сатуды, тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастау шартымен тауарды тиеп-жөнелтуді;

кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;

тауарды өтеусіз беруді;

жұмыс берушінің жұмыскерге жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебінен тауар беруі;

кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті сатып алушыға немесе кепіл ұстаушыға меншікке беруі;

2) тауар экспортын;

3) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастау шартымен тауарды тиеп-жөнелтуді;

4) мүліктің құны бөлігінде осындай мүлікті қаржы лизингіне беру;

5) тауарды комиссия шарты бойынша немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;

6) бұрын экспорттың кедендік рәсіміне орналастыра отырып шығарылған тауарды тауардың кері импорты кедендік рәсіміне орналастыруды;

7) осы Кодекстің 248-бабында тізбеленген тауарлар болып табылатын тауралардан басқа, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастыра отырып, қосылған құн салығысыз сатып алынған тауарды жоғалтуды білдіреді.

2. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе көрсетуі, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:

1) лизинг шарттарынан басқа, мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді;

2) лизинг шарты бойынша мүлікті қаржы лизингіне беру кезіндегі сыйақыны;

3) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;

4) жұмыс берушінің қызметкерге жалақы есебінен жұмыстарды орындауын, қызметтер көрсетуін;

5) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге байланысты талап ету құқықтарын беруді;

6) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді;

7) кредит (қарыз, микрокредит) беруді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ислам банкінің жеке және заңды тұлғаларды кейіннен үшінші тұлғаларға тауарды сату шартымен не ондай шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде қаржыландыруын білдіреді.

3. Шет мемлекет аумағында тіркелген резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымы осындай заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.



4. Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер мына шарттардың біреуі сақталған кезде: признают оборот по реализации работ, услуг такого филиала, представительства

бейрезидент заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен жасалған келісімшарт болса;

бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жазып берген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактура болса;

бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болса;

бейрезидент заңды тұлғамен жасалған, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді осындай бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жүзеге асыратыны көзделген келісімшарт болса;

бейрезидент заңды тұлға қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде осындай бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені көрсетілсе;

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін кіріс бейрезидент заңды тұлғаның филиалына, өкілдігіне төленетін болса, осындай филиалдың, өкілдіктің жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымын таниды.

5. Мыналар:

1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;

2) акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға тауарды:

жарғылық капиталды құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін барабар азайту жолымен не құрылташылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен мүлікті бөлу барабар жүзеге асырылатын қатысу үлесіне, акциялар пакетіне келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінің шегінде азайту кезінде мүлікті бөлгенде;

қайтарылатын қатысу үлесіне келетін төленген жарғылық капитал мөлшері шегінде құрылтайшыға, қатысушыға қатысу үлесін немесе заңды тұлғадағы оның бөлігін қайтару кезінде беру;

3) тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күні қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда осындай тауарды өтеусіз беру;

 4) тапсырыс берушінің мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтан тысқары жерлерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу кедендік рәсімде жүзеге асырылса, көрсетілген тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;

5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiмшартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;

6) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын алушының (сатып алушының) тауарды қайтаруы;

7) бұрын еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелінген тауарды тиеп-жөнелту;

8) егер мұндай әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтан тысқары жерлерге әкету;

9) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiмшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына берілуге жататын мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;

10) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

11) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін, оның ішінде осы Кодекстің 230-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым танылған тауарларды оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) беруі;

12) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия объектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге (құқық мирасқорына немесе концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаға) беру;

13) жеке тұлғаның жеке мүлкін дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның өткізуі бойынша айналым;

14) мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлік басқарушыға беруі;

15) сенімгерлік басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлік басқарушының мүлікті қайтаруы;

16) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісті мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруі;

17) салымшының (клиенттің) банктік шот және (немесе) банктік салым шарттары бойынша есептелген және (немесе) оған төленген сыйақы сомасын алуы;

18) концессионердің мемлекеттік меншіктегі объектіні тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, пайдалануды жүзеге асыруы;

19) концессионердің концессия объектісін тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, басқаруы;

20) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге (өткізуге) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;

21) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторларының қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы алуы;

22) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сай келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарының өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындардың қаржыландыруды алуы:

23) жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беруі;

24) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның өткізуі;

25) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақы үшін өткізу бойынша қызметтерді көрсетуі;

26) қаржыландыруы өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет;

27) Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасында айқындалған дербес кластерлік қордың трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана нысаналы аударуға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен төлемдерді алуы;

28) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның есептелген қосылған құн салығы шегіндегі бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасының субсидиясы;

29) алушының шартта көзделген, демеушілік көмекті алу талаптарын орындауы;

30) кірістер мен шығыстар арасындағы теріс айырма түрінде айқындалған шығыстар немесе залалдар бойынша бюджеттен берілген субсидия өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін кірістер мен шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

31) энергия беруші ұйымдардың жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын субъектілерге электр энергиясын беру бойынша қызметтерді өтеусіз көрсетуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.


372-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылатын, бейрезидент өтеусіз негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді қосылған құн салығын төлеуші сатып алған кезде олар осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуы тиіс бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеушінің айналымы болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер:

1) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 248-бабында тізбеленген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылса;

2) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны әкелінетін тауарлардың қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құнына қосылса;

3) мыналарға:

осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына;

осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген;

4) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 37-1-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, осы Кодекстің 276-8-бабына сәйкес айқандалатын салық салынатын импорттың мөлшеріне қосылса,

5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 231-бабы 4-тармағына сәйкес бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің айналымы болып табылса, бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.
373-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар

1. Сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сенім білдірілген адамның сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім білдірілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:

1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент сенiм бiлдiрушiден алынған тауарды өткізуге қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылады;

2) осы Кодекстiң 271-1-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарды өткізуіне, жұмыстарды орындауына, қызметтерді көрсетуіне, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуыына қатысты қолданылмайды.
374-бап. Комиссия шартының талаптарына сай келетін шарттарда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар

1. Мыналар:

комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комиссионердің тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;

комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;

үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, егер осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент комитенттен алған тауарды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылады.


375-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар

Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушы және (немесе) басқа өнім берушілер көлiк экспедициясының шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі экспедитордың өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

Экспедитор бейрезиденттен көлік экспедициясы шартында айқындалған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді сатып алған кезде олар көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін экспедитордың бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.
376-бап. Сенімгерлік басқаруды құру туралы актілері бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар

Сенімгерлік басқаруды құру туралы актіге сәйкес сенімгерлік басқарушы жүзеге асыратын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенімгерлік басқарушының өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.


377-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны

1. Егер:

1) өнім берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) тауарлар бойынша тасымалдау басталған орын Қазақстан Республикасы болып табылса;

2) басқа жағдайларда - тауар алушыға Қазақстан Республикасының аумағында берілсе, тауарларды өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

2. Егер:

1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе мұндай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда - нақты орналасқан жері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері болып танылады.

Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ құбырлар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшада жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады;

2) жылжымалы мүлікпен байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер іс жүзінде Қазақстан Респубдликасының аумағында көрсетілсе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

Мұндай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;

3) көрсетілетін қызметтер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы көрсетілетін қызметтерге жататын болса және іс жүзінде Қазақстан Респубдликасының аумағында көрсетілсе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы көрсетілетін қызметтерге ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орын-жайлары, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетіледі;

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының мақсаттары үшін жұмыстарды, қызметтерді көрсететін тұлғаның болатын орны жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің нақты орны деп танылады;

4) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

Осы тармақшаның мақсаттарында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе Қазақстан Республикасының салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылады.

Егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бейрезидент болса, ал алушы есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болса, онда өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге:

зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған құқықтарды беруге; бағдарламалық қамтылымға техникалық қызмет көрсету және жаңарту бойынша;

Интернет-ресурстарға қолжетімділікті ұсынуға;

консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін таратуды, интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуды қоспағанда, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерге;

персоналды беруге;

жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) мүліктік жалдауға (жалға беруге);

агенттiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтер көрсетудi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту жөнiндегi көрсететін қызметтеріне;

байланыс қызметтеріне;

сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруге;

радио және телевизиялық көрсетілетін қызметтерге;

жүк вагондары мен контейнерлерді жалға және (немесе) пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты қолданылады;

5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын тұлға орындайтын немесе көрсететін болса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны болып:

осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе Қазақстан Республикасының салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою негізінде және мынадай талаптардың бірі немесе бірнешеуі сақталғанда:

жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенде;

жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетілгенде;

жолаушылар, тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданғанда – жолаушылар мен багажды тасымалдау, тауарларды тасымалдау, оның ішінде поштамен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерге қатысты;

осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе Қазақстан Республикасының салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою негізінде қатысқан жағдайда – өзге де жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты Қазақстан Республикасының аумағы саналады.

3. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу басқа негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге қатысты қосалқы сипатқа ие болса, осындай өткізу орны болып негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны танылады.

4. Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен кезде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезінде көрсетілген баптың біреуден артық тармақшасына сәйкес келетін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету орны сол тармақшалардың ретімен біріншісіне сәйкес айқындалады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау