Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер



жүктеу 145,36 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі145,36 Kb.
#13867

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының   
2016 жылғы 12 ақпандағы 
№ 74 бұйрығымен    
бекітілді      

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды


басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:


      1) көрсетілген қызметті берушіге құжаттар пакеті тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      Қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауы тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету формасы: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – куәлік) немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі арқылы сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, бұл «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға жатпайды;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сай мәліметтер мен құжаттарды жібереді.
      10. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына, не Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.


      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы беріледі, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтініш көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не болмаса көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық формада көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Комитеттің интернет-ресурсында: www.kds.gov.kz орналастырылған.


      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Комитеттің интернет-ресурстарында: ww.kds.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414, 8 800 080 7777).


«Сәулет, қала құрылысы және 


құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша         

Нысан


АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000

                   Осы аккредиттеу туралы куәлік

_____________________________________________________________________
 (заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________,
 (мекенжайы)

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару құқығына

                          АККРЕДИТТЕЛДІ

және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді.

«__»_______20__ж кешіктірмей расталуға тиіс

Көрсетілетін қызметті


берушінің басшысы ______ ____________________________________________
             (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

М.О.


қала ___________                              20__ж. «__» ___________

«Сәулет, қала құрылысы және 


құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша         

Нысан


_____________________________________________________________________
                   (уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
           (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

ӨТІНІШ

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдар ретінде аккредиттеуді сұраймын.
Мекенжайы____________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдар (өкілеттіліктер, объектілер, пункттер, учаскелер) _________
_____________________________________________________________________
                  (орналасқан жері және деректемелері)

Қоса берілетін құжаттар:


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қосымша: _____парақ.


      Осы арқылы:
      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар деректері болып
табылатыны және оларға аккредиттеу туралы куәлік беру не беруден бас
тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға соттың тыйым
салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сай келетіні және
жарамды болып табылатыны;
      өтініш берушінің аккредиттеу туралы куәлік берген кезде
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын қол
жетімділігі шектеулі жеке деректердің пайдаланылуына келісетіні
расталады;
      Басшы _________________________________________________________
               (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты-бар болған жағдайда)

МО                            Толтырылған күні 20__ж. «_» ___________

«Сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша         

Нысан


Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
   басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары


Р/с


Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

мынадай маманданулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы:
1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
2) екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
3) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



2.

мынадай маманданулар бойынша авторлық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы:
1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
2) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес



3.

мынадай маманданулар бойынша жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын сараптау бойынша кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы:
1) қала құрылысы;
2) жобалау алдындағы құжаттама;
3) сәулет;
4) конструктивтік бөлік;
5) инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша);
6) технологиялық бөлік (объектінің мақсатына байланысты);
7) жобаның арнайы бөлімдері.

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



4.

меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



5.

Материалдық-техникалық жарақтануының, атап айтқанда есептеулерді орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін орнатылған қамтамасыз етулері бар жұмыс станцияларының болуы

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


«Сәулет, қала құрылысы және 


құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды 
аккредиттеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша         

Нысан


Мәліметтер нысаны

1) Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________


      2) Лауазымы ___________________________________________________
      3) Осы ұйымда ___________________________________ жұмыс істейді
          (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
      4) Жұмыс өтілі ________________________________________________
                     (мамандығы бойынша және лауазымда көрсету)
      5) Оқу орнының атауы __________________________________________
      6) Бітірген жылы ______________________________________________
      7) Дипломы бойынша біліктілігі ________________________________
      8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________
      9) сарапшы аттестатының болуы _________________________________
                                (нөмірі мен берілген күнін көрсету)

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер

10) Мекенжайы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      11) Алаңы______________________________________________________
      12) Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді растайтын
құжаттардың атауы және деректемелері_________________________________
_____________________________________________________________________

Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер



13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      14) Өлшем бірлігі______________________________________________
      15) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
      16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
      17) Ескертпе __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 145,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау