37-ТАРАУ.САЛЫҚ ШЕГЕРІМДЕРІ
342-бап. Салық шегерімдері бойынша жалпы ережелер
1. Жеке тұлға мынадай салық шегерімдерінің түрлерін қолдануға құқылы:
1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімі – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша салық шегерімі;
3) стандартты салық шегерімдері (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);
4) өзге де салық шегерімдері (бұдан әрі – өзге де шегерімдер):
ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін;
оқытуға салық шегерімін;
медицинаға салық шегерімін;
сыйақылар бойынша салық шегерімін қамтиды;
сақтандыру сыйлықақысы бойынша салық шегерімін қамтиды.
2. Жеке тұлға:
1) салық агентінен – міндетті зейнетақы жарналары түріндегі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша, көп балалы отбасылар үшін стандартты шегерімдер түріндегі;
2) салық агенті дербес қолданбаған кезде – міндетті зейнетақы жарналары түріндегі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша, көп балалы отбасылар үшін стандартты шегерімдер түріндегі;
3) дербес қолданған кезде – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген салық шегерімдерін қолданады.
3. Салық агентінде, сол сияқты жеке тұлға да күнтізбелік жылда дербес қолданған көп балалы отбасыларыға салық шегерімінің жалпы сомасы мен өзге де шегерімдер үшін шекті мөлшер жалақының
48 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
4. Салық шегерімдері салық шегерімдерін қолдануға құқықты растайтын құжаттардың (бұдан бұдан әрі – растайтын құжаттар) негізінде қолданылады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде жеке тұлғада сақталады.
5. Салық шегерімдері осы баптың 1-тармағында көрініс тапқан тәртіппен реттілікпен қолданылады.
6. Осы Кодекстің __ бөлімінің ___ тарауын қолдану мақсатында еңбекақының төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын заңда белгіленген еңбекақының төменгі мөлшеріне тең қолданылады.
343-бап. Салық агентінің салық шегерімдерін қолдану ерекшеліктері
1. Әлеуметтік төлемдер түріндегі салық шегерімін қоспағанда, салық агенті төлем көзінен салық шегерімдерін мынадай негіздерде:
1) жеке тұлғаның уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық шегерімдерін қолдану туралы өтініші;
2) растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады. Мұндай көшірмелер осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық агентінде сақталады.
2. Күнтізбелік жыл ішінде салық агенті өзгерген кезде, оның қайта ұйымдастырылуы жағдайларын қоспағанда, алдыңғы салық агентінде жиналып қалған салық шегерімінің қолданылмаған сомасы жаңа салық агентінде ескерілмейді.
Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 180-бабының 2) және 3) тармақ-
шаларында көзделген, алдыңғы салық агентінде жиналып қалған салық шегерімінің асып кетуі стандартты шегерімдерге қолданылмайды, осы Кодексте белгіленген шекте жаңа салық агентінде ескеріледі. Бұл ретте жеке тұлға осы Кодекстің 192-бабында белгіленген тәртіппен алдыңғы салық агентіне берілген, жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы береді.
3. Жеке тұлға салық шегерімінің белгілі бір түрін тек бір ғана салық агентіне қолдануға құқылы.
4. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірісіне қатысты салық шегерімдерін жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға төлем жүргізілген күнтізбелік жыл ішінде осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, осы құжаттардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.
344-бап. Жеке тұлғаның салық шегерімдерін дербес қолдану ерекшеліктері
Салық агентінде жиналып қалған салық шегерімдерінің асып түсуі, сондай-ақ салық агентінің қолданбаған салық шегерімінің сомасы жеке тұлғаның салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға өзі ескереді.
345-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі салық агентінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың сомасына, сол салық кезеңіндегі оларды есептейтін күні қолданылады.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімін жеке тұлға «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың сомасына осындай жарналардың төлемін растайтын құжаттың негізінде сол салық кезеңіндегі неғұрлым кешірек мына күндердің бірінде дербес қолданады:
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды есептеу күні;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу күні.
346-бап. Стандартты шегерімдер
1. Стандартты шегерімдер:
1) ең төмен жалақы мөлшері. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік жыл үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
2) күнтізбелік жыл үшін осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
I, II, III топтардағы мүгедек;
мүгедек бала болып табылатындығының негізінде ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерi.
Егер жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;
3) күнтізбелік жыл үшін осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
«мүгедек бала» деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - мұндай адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының бірі;
жетім балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдайтын отбасына тапсыру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңіне әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдайтын, отбасыға қабылдаған ата-аналардың бірі болып табылатындығы негізінде ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерi.
Осы тармақтың ережелері:
қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің жұмыскерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты;
Қазақстан Республикасының неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамға қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген стандартты шегерімдер аталған салық шегерімдерін қолдану үшін негіздер бар немесе болған, туындайтын күнтізбелік жылда қолданылады.
347-бап. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі
1. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі мына тәртіптердің бірімен:
1) әрбір ай үшін ең төменгі жалақының 2 еселенген мөлшерінде көп балалы отбасы ата-аналарының бірі үшін;
2) әрбір ай үшін ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінде көп балалы отбасы ата-аналарының әрқайсысы үшін күнтізбелік жылға айқындалған ең төменгі жалақының 24 еселенген мөлшерінен жоғары емес мөлшерде екі ата-анаға да жиынтықта қолданылады.
2. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі шегерім қолданылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғаның, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталатын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы болған жағдайда қолданылады.
348-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі
1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға Қазақстан Респуликасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес, өз пайдасына жүргізген ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.
2. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары:
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;
ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат болып табылады.
3. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі ерікті зейнетақы жарналарының төлем күні болатын салық кезеңінде қолданылады.
349-бап. Оқытуға салық шегерімі
1. Оқытуға салық шегерімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім берудің мына:
1) Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
2) Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын техникалық және кәсіби білім;
3) Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын орташадан кейінгі, жоғары білім;
4) осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орташадан кейінгі білім, жоғары білім деңгейі бойынша оқытуға шығыстар бойынша қолданылады.
2. Оқытуға салық шегерімін:
1) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға өз пайдасына жүргізілген оқытуға төлемге шығыстар бойынша;
2) асырауындағы жиырма бір жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаның пайдасына оқытуды төлеуге жүргізілген шығыстар бойынша заңды өкілдердің бірі қолданады. Жиырма бір жасқа толмаған адам оқытуға салық шегерімін дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкіл қолданбайды.
3. Оқытуға салық шегерімі күнтізбелік жылға айқындалған ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.
4. Оқытуға салық шегерімін қолдану үшін растаушы құжаттар қызмет көрсету шарты және осындай қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжат болып табылады.
5. Оқытуға шығыстар бойынша салық шегерімдері мына:
оқыту қызметін алу күні;
оқыту қызметіне ақы төлеу күндерінің неғұрлым кеш болатын күні тұспа-тұс келетін салық кезеңінде қолданылады.
350-бап. Медицинаға арналған салық шегерімі
1. Медицинаға арналған салық шегерімі мынадай:
1) медициналық қызмет көрсетулерге;
2) науқастанған жағдайға ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге шығыстар бойынша қолданылады.
2. Медицинаға арналған салық шегерімін:
1) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға өз пайдасына жүргізген медицинаға арналған шығыстар бойынша;
2) асырауындағы он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының пайдасына медицинаға жұмсалған шығыстар бойынша заңды өкілдерінің бірі қолданады. Медицинаға арналған салық шегерімін он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған адам дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкілі қолданбайды.
3. Медицинаға арналған салық шегерімі күнтізбелік жылға айқындалған ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.
4. Медицинаға арналған салық шегерімін қолдану үшін:
1) ол жазбаша нысанда жасалған жағдайда – медициналық көрсетілетін қызметтердің құнын көрсете отырып, ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт;
2) медициналық көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын ауру тарихынан үзінді көшірме;
3) адам осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық шегерімін қолданған кезде науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру жөніндегі шарт;
4) науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарты бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерді немесе сақтандыру сыйлықақыларын төлеу фактісін растайтын құжат растау құжаттары болып табылады.
5. Медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге шығыстар бойынша салық шегерімдері мына күндердің:
медициналық қызмет көрсетілген күн;
медициналық қызметке ақы төлеген күн келетiн салық кезеңiнде қолданылады.
6. Науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге салық шегерімдері:
науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттарында белгіленген сақтандыру сыйлықақыларын өтеген күн;
сақтандыру сыйлықақыларын төлеген күндерінің неғұрлым кеш болатын күні тұспа-тұс келетін салық кезеңінде қолданылады.
7. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде көрсетілетін медициналық қызметтерге шетел валютасында ақы төлеу кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлем жасалған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетелдік валюталардың ресми бағамы қолданыла отырып, жүзеге асырылады.
351-бап. Сыйақылар бойынша салық шегерімі
1. Сыйақылар бойынша салық шегерімін Қазақстан Респуликасының резидент жеке тұлғасы банктерден және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды төлеуге жұмсалатын шығыстар бойынша қолданады.
2. Сыйақылар бойынша салық шегерімі күнтізбелік жылға айқындалған жалақының он еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.
3. Сыйақылар бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары:
1) банкпен немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;
2) сыйақы сомасын бөле отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;
3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат болып табылады.
4. Салық шегерімдері мына күндердің ішіндегі:
ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақы өтелген күн;
сыйақы төленген күннің неғұрлым кеш күні келетін салық кезеңінде қолданылады.
5. Сыйақы шетел валютасында төленген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүргізу күніне белгілеген шетел валютасының ресми бағамы қолданыла отырып жүзеге асырылады.
38-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ЕСЕПТЕУ, ТӨЛЕУ ЖӘНЕ БЕРУ ТӘРТІБІ
352-бап. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы жөніндегі жалпы ережелер
1. Жеке табыс салығын бюджетке есептеуді, ұстауды және төлеуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағының 1) – 12) және 18) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша, егер мұндай кірістерді аталған салық агенті төлеуге (төлейтін) тиіс болса, төлем көзінен жүзеге асырады.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, резидент жеке тұлғаға кіріс төлейтін мына тұлғалар салық агенттері деп танылады:
1) дара кәсіпкер;
2) жеке практикамен айналысатын тұлға;
3) заңды тұлға, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент.
Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпай, тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады.
4) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттің өкілдіктері, шет мемлекеттің консулдық мекемелері;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар салық агенттері болып танылмайды.
4. Резидент заңды тұлға өз шешімімен құрылымдық бөлімшесінің бір мезгілде мынадай:
осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару;
осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу бойынша міндеттерді орындауын тануға құқылы.
Резидент заңды тұлға қабылдаған осындай шешім:
жаңадапн құрылған құрылымдық бөлімшеге қатысты – осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап;
қалған жағдайларда – осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент заңды тұлғаның осындай шешімінің күшін жою осындай шешімнің күші жойылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Депозитарлық қолхаттар бойынша кірістерден салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.
353-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу
1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агентi төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша салық салынуға жататын кірісті есебіне жазу кезінде жүргізедi.
Жеке табыс салығының сомасы осы тарауға сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын табыс сомасына осы Кодекстің 157-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салынуға жататын кірісті төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң кірістері бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
5. Салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығы сомаларын өз қаражаты есебінен ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.
354-бап. Мемлекеттік мекемелердің салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктері
1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.
2. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.
Бұл ретте, осы бапта белгіленген тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеуметтік салық төлеушілер деп танылады.
Салықты төлеу салық агентінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерде жүргізіледі.
3. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және төлеуді осы Кодекстің 161, 163-167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
4. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық борйынша декларацияны осы Кодекстің 162-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.
355-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау
1. Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің ағымдағы салық кезеңінде алған, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 175-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі кірісті түзету сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімдерінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 179-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімдерінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 180-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде стандартты шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 181-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде көпбалалы отбасылар үшін салық шегерімінің сомасы,
алу
осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы.
2. Өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын жеке тұлға жалақының жиырма төрт еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайтын мөлшерде күнтізбелік жылдағы өзге де шегерімдердің жоспарланған сомасы ретінде айқындайды. Жеке тұлға мұндай соманы өтініште көрсетеді және оны салық агентіне табыс етеді. Өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Салық агенті растау құжаттарысыз жеке тұлғаның өтініші негізінде өзге де салық шегерімдерінің алдын ала сомасына салық салынатын кірісті азайтады.
Жеке тұлға барлық салық агенттеріне табыс етілген өтініштерде көрсеткен күнтізбелік жыл үшін өзге де салық шегерімдерінің алдын ала жиынтық сомасы:
жалақының жиырма төрт еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;
жеке тұлға күнтізбелік жыл қорытындылары бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияда өзге де шегерімдерді қолданған кезде құжаттамалық расталуға тиіс.
3. Жұмыскердің кірісінен басқа, жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің кірісінен басқа, жеке тұлғаның ағымдағы салық кезеңінде алынған, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 175-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі кірісті түзету сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімдерінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 179-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімдерінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 180-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде стандартты шегерімдер сомасы.
4. Шетел валютасындағы төлем көзінен салық салынуға жататын кіріс сомасы кірісті төлеу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
5. Егер осы баптың 1-3-тармақтарында көзделген тәртіппен айқындалған сома теріс болып табылса, онда мұндай сома салық шегерімдерінен асып кеткен деп танылады.
Салық шегерімдерінің асып кеткен сомасы аталған салық кезеңдерінде салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегінде кейінгі салық кезеңдеріне ауыстырылады.
356-бап. Салық және есепті кезеңдер
1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
2. Күнтiзбелiк тоқсан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық декларацияларын толтыру үшін есепті кезең болып табылады.
357-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агентінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей:
салық агенттері, оның ішінде оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері;
әлеуметтік төлемдер агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өз пайдасына ұсынады.
2. Салық агенті кірістер алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының әрбір резидент жеке тұлғасы бойынша жеке табыс салығының сомаларын есептеу, ұстау және аудару туралы деректерді:
1) күнтізбелік жыл қорытындылары бойынша жасалатын және осы Кодекстің 190-бабының 2-тармағында белгіленген күнтізбелік жылдың соңғы есепті кезеңі үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге табыс етілетін;
2) таратудың салық есептілігін табыс еткен кезде жасалатын және жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге табыс етілетін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша түрінде табыс етеді.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сомаларын есептеу жөніндегі қосымшаны береді.
358-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы беру тәртібі
1. Күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаға төлем көзінен салық салынуға жататын кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жағдайда салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы беруге міндетті.
2. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтамада:
1) төлем көзінен салық салынуға жататын кірістің;
2) жеке табыс салығы бойынша түзетудің;
3) жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстырудың;
4) есептелген міндетті зейнетақы жарналарының;
5) міндетті зейнетақы жарналарын қоспағада, қолданылған салық шегерімдерінің;
6) өзге де шегерімдердің алдын ала сомаларының
7) салық шегерімдерінің асып түсуін ауыстырудың;
8) жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің;
9) есептелген жеке табыс салығының;
10) төленген кірістің сомалары туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
3. Жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.
4. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы салық агенті жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей береді.
5. Салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген күнтізбелік жыл ішінде:
1) жұмыскер:
еңбек шартының қолданылуын тоқтату туралы жұмыс берушінің актісі шыққаннан;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмыстан босату туралы бұйрық шыққаннан;
мемлекеттік саяси қызметшілер отставкаға шыққаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыстан босатылған;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес мынадай құжаттардың:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер туралы актінің;
төлем құжатының соңғысы ресімделген күннен кешіктірілмей, жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісі есепке жазылған және (немесе) төленген;
3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей тоқтатылған жағдайда;
4) кіріс төленген күннен кешіктірілмей дивидендтер, ұтыстар төленген;
5) банк салымы шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен;
6) білім алушы (тәрбиеленуші) оқудан шығарылған немесе білім туралы құжат тапсырылған күннен кешіктірілмей, стипендиялар түріндегі кірісті төлеу жүргізілген оқу аяқталған;
7) жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен жағдайда береді.
6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда жеке тұлға жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген күнтізбелік жыл өткеннен кейін жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы беру талабымен салық агентіне жүгінуге құқылы, ал салық агенті мұндай анықтаманы жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде беруге міндетті.
359-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау тәртібі осы Кодекстің тарауына сәйкес айқындалады (жалпыға бірдей декларациялау).
9-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ПРАКТИКАМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТҰЛҒАНЫҢ ЖӘНЕ ДАРА КӘСІПКЕРДІҢ КІРІСТЕРІНЕН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
39-ТАРАУ. ЖЕКЕ ПРАКТИКАМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСІ
360-бап. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің тәсілі ретінде кепілдеме түрінде жеке практикамен айналысатын тұлғаның қызмет көрсеткені үшін алған ақша сомасы көрсетілген қызметтер актісінде немесе қызметтер көрсетуді растайтын құжатта көрсетілген кепілдемелік ақшадан қызметтерге ақы төлеу бойынша хабарлама алған күннен бастап кіріс деп танылады.
2. Жеке практикамен айналысатын тұлғаның кірісін мойындау күні:
1) көрсетілген қызметтердің қол қойылған актісінде көрсетілген қызметтер көрсету күні;
2) есепті салық кезеңінде көрсетілген қызметтер актісі болмаған жағдайда ақша алған күн, алайда осындай кезеңде шеккен шығыстар сомасынан кем емес;
3) көрсетілген қызметтер актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген қызметтер көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген қызметтер көрсету күні болып табылады.
3. Жеке практикамен айналысатын тұлғаның активтері деп 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған және жеке практикамен айналысудан кірістер алумен байланысты қызметте пайдаланылатын:
1) компьютерьлер, ноутбуктер, мониторлар, проекторлар;
2) басып шығару, көру, көшіру, факспен жөнелтуге арналған құрылғылар;
3) сейфтер танылады.
Осы тармақта көрсетілген активтердің құны салық кезеңінің басында:
осы тармақта көрсетілген активтердің салық кезеңінің соңындағы құны
қосу
салық кезеңі ішінде активтерді сүйемелдеу, жөндеу және пайдалануға жұмсалған шығыстар сомасы,
алу
өткен салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдар сомасы ретінде айқындалады.
Осы тармақта көрсетілген активтердің салық кезеңінің соңындағы құны:
осы тармақта көрсетілген активтердің салық кезеңінің басындағы құны
қосу
осы тармақта көрсетілген, салық кезеңінде келіп түскен активтер
алу
осы тармақта көрсетілген, салық кезеңінде шығып қалған активтер ретінде айқындалады.
4. Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың амортизациялық аударымдарын есептеу салық кезеңінің соңына активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
5. Осы Кодекстің 195, 196, 197 және 198-баптарының мақсаттарында қызметтік іссапарлар кезінде шегерiмге жататын өтемақыларға:
1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;
3) іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар жатады.
Іссапарда болу уақыты:
салық төлеушінің жеке практикамен айналысатын тұлғаны, сондай-ақ оның жұмыскерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін негізге ала отырып, іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады.
361-бап. Жекеше нотариустың салық салынатын кірісі
1. Жекеше нотариустың салық салу кезеңіндегі салық салынатын кірісі жекеше нотариустың кәсіби шегерімдері сомасына азайтылған нотариаттық қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.
2. Жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:
1) нотариаттық әрекеттерге ақы төлеу түріндегі кіріс;
2) жекеше нотариус нотариаттық әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипатта көрсетілген қызметтерге ақы төлеу түріндегі кіріс;
3) нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.
3. Жекеше нотариус осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) жекеше нотариустың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
4. Жекеше нотариустың кәсіби шегерімдеріне:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
2) нотариаттық қызмет көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) төлем көзінен салық салынуға жататын жұмыскердің кірісіне салық төлеушінің шығыстары;
6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
7) осы Кодекстің 181-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде нотариат палатасына енгізілетін мүшелік жарналар;
9) "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруға жұмсалған шығыстар жатады.
362-бап. Жеке сот орындаушысының салық салынатын кірісі
1. Жеке сот орындаушысының салық салу кезеңіндегі салық салынатын кірісі жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдері сомасына азайтылған жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.
2. Жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:
1) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу;
2) атқарушылық әрекеттер жасау бойынша шығыстарды өтеу, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу;
3) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңында жеке сот орындаушысы үшін көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.
3. Жеке сот орындаушысы осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) жеке сот орындаушысының салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
4. Жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдеріне:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
2) жеке сот орындаушысы қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) жұмыскердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;
6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
7) осы Кодекстің 194-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде жеке сот орындаушыларының алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;
9) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша шығыстар;
10) осы тармақтың 1) - 9) тармақшаларында көзделмеген, атқарушылық әрекеттер жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.
363-бап. Адвокаттың салық салынатын кірісі
1. Адвокаттың салық салу кезеңіндегі салық салынатын кірісі адвокаттың кәсіби шегерімдері сомасына азайтылған, адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.
2. Адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістерге:
1) адвокаттың заң көмегін көрсетуінен түсетін кіріс;
2) қорғауға және өкілдік етуге, құқықтық ақпарат беруге және құқықтық консультация беруге байланысты шығыстарды өтеу, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеу түріндегі кіріс;
3) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.
3. Адвокат осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:
1) адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) адвокаттың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
4. Адвокаттың кәсіби шегерімдеріне:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
2) адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) жұмыскердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;
6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
7) осы Кодекстің 194-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде адвокаттар алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;
9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделмеген, қорғауға және өкілдік етуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.
364-бап. Кәсіби медиатордың салық салынатын кірісі
1. Кәсіби медиатордың салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдері сомасына азайтылған, кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.
2. Кәсіби медиатор осы баптың 3-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) кәсіби медиатордың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
3. Кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдеріне:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
2) кәсіби медиатор қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) төлем көзінен салық салынуға жататын жұмыскердің кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;
6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
7) осы Кодекстің 194-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде кәсіби медиаторлар ұйымына енгізілетін мүшелік жарналар жатады.
40-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ БЕЛГІЛЕНГЕН РЕЖИМІН ҚОЛДАНАТЫН ДАРА КӘСІПКЕРДІК КІРІСІ
Достарыңызбен бөлісу: |