Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері



жүктеу 16,95 Mb.
бет48/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97

415-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері

Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде, егер комитент және (немесе) комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.

Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.

Комиссионер шот-фактураны:

қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген
шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;

қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін


шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.

Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде көрсетіледі.

Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы және бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде көрсетіледі.

Осы Кодекстің 263-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге комитент комиссионердің атына шот-фактураны жазып берген кезде:

өнім берушінің деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитент деректемелері көрсетіледі;

алушының деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.

Осы Кодекстің 263-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға комиссионер шот-фактура жазып берген кезде өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.

Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке берген кезде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.

Егер комиссионер және (немесе) комиссионер комитент үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған адам қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады.

Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.

 Комиссионер шот-фактураны:

қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген


шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға енгізіледі;

қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден басқа, мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға енгізіледі;

комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттардың деректерін ескере отырып жазып береді.

Комиссионердің комиссиялық сыйақы сомасы және комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комитентке жазып берілген шот-фактурада жеке жолдармен көрсетіледі. Бұл ретте, егер комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, сыйақы сомасы «ҚҚС-сыз» деген белгімен көрсетіледі.

Осы Кодекстің 263-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып берген кезде:

өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі;

алушының деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитент деректемелері көрсетіледі.

Осы Кодекстің 263-бабы 6-тармағының 2 және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге


шот-фактураны жазып берген кезде алушының деректемелері ретінде комиссионер деректемелері көрсетіледі.
416-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

1. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген адам жүзеге асыратын жағдайларда:

1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе өнім беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген адамның атынан жазылады;

2) шот-фактураларды жазып беру кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.

2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда,
шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі.

3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген адам осындай қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді сатып алған жағдайларда, өнім берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар:

1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген адамның деректемелері;

2) сатып алу сомалары, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомалары бөлініп көрсетілуге тиіс.

4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынатын бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін осындай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.

5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі (сатып алуы) кезінде қолданылмайды.


417-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып берудің ерекшеліктері

1. Оператор осы Кодекстің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың өнім беруші (сатып алушы) ретіндегі деректемелері көрсетіле отырып, осы тараудың талаптарына сәйкес жазып беріледі.

2. Тапсырма шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға
шот-фактураны жазып беруді сенім білдіруші, ал осы Кодекстің
233-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, сенім білдірілген адам осы бөлімде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

418-бап. Шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, өнім берушіні және (немесе) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі.

Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады.

2. Түзетілген шот-фактура:

1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;

2) мынадай ақпаратты:

шот-фактураның түзетілгені туралы белгіні;

түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

алғашқы шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.

3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының бірінің:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы Кодекстің 263-бабының 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жолдауының және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:

заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;

дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған
шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.

4. Электрондық нысанда жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтінін көрсетуге құқылы.

Осы баптың ережелері осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
419-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру

1. Өнім беруші қосымша шот-фактураны мына жағдайларда:

1) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес айналым мөлшері түзетілген;

2) осы Кодекстің 78-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда жазып береді.

2. Қосымша шот-фактура:

1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;

2) мына ақпаратты:

шот-фактураның қосымша болып табылатыны туралы белгіні;

қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

айналым мөлшері өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;

қосылған құн салығы өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;

электрондық нысанда жазып берілген кезде айналым мөлшерін түзету сомасына айналым жасау күнін;

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, «Салық кодексінің 78-бабын сақтамау» деген белгіні қамтуға тиіс.

3. Қосымша шот-фактура жасалған күннен ерте емес және көрсетілген күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

4. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының бірінің:



1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы Кодекстің 263-бабының 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жолдауының және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:

заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;

дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған
шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.

5. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтінін көрсетуге құқылы.


48-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
420-бап. Қосылған құн салығын есептеу

1. Салық салынатын импорт бойынша есептелген қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы салық кезеңі үшін мына тәртіппен:

салық салынатын импорттан есептелген қосылған құн салығының сомасы;

минус


осы Кодекстің 261, 262, 262-1-баптарында көзделген тәртіппен айқындалған есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы;

минус


осы Кодекстің 259-2-бабына сәйкес айқындалған есепке жатқызылған қосылған құн салығының қосымша сомасы есептеледі.

2. Салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы мынадай:

осы Кодекстің 268-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 242-245-баптарында көрсетілген және осы Кодекстің 243-245-баптарына сәйкес расталған өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған салық салынатын айналымды көбейту

плюс


осы Кодекстің 268-бабы 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 242-245-баптарында көрсетілген және осы Кодекстің 243-245-баптарына сәйкес расталған, осы Кодекстің 239-бабында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған өткізу бойынша айналымдарды көбейту тәртібімен айқындалады.

3. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген есеп айырысу нәтижесі:

1) оң мәнге ие болса, онда мұндай нәтиже осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;

2) теріс мәнге ие болса, онда мұндай нәтиже есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі болып табылады.

4. Бейрезидент үшін қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабы 1-тармағында көзделген мөлшерлемені бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшеріне қолдану арқылы есептеледі.
421-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері

1. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.

2. Осы Кодекстің 242-245-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынады.

Осы Кодекстің 242-245-баптарына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілген айналым осы баптың 1-тармағында көрсетілген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.

Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерінің, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің мөлшері мен оларды төлеу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.

3. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 238-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:

1) тауар-материалдық қорлар бойынша – тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;

2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша – оларды сатып алған күні қолданыста болған мөлшерлемелері қолданылады.


422-бап. Салық кезеңі

Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.


423-бап. Салық декларациясы

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 228-бабы


1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.

Қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген адамдарға қолданылмайды.

Осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша жиынтық түрде келісімшарт қызметі бойынша қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етеді.

2. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны электрондық нысанда мыналарды:

1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);

2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.

Салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште де, электрондық нысанда да жазып берілген


шот-фактуралар көрсетіледі.

Егер қосылған құн салығын төлеуші:

салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште жазып берсе, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі;

салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште алса, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.

Егер қосылған құн салығын төлеуші:

салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана алса, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана алса, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына табыс етілмейді.

3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша табыс етеді.

4. Осы Кодекстiң 571-бабы 4-тармағында көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші, осындай есептен шығару жүргізілген есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін толтырылады.


424-бап.Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері

Қосылған құн салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мына мерзімдерде:

  1. есептік салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25 күнінен кешіктірмей – әрбір салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы;

2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы бюджетке төленуге жатады.

Бұл ретте ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту осы Кодекстің 51-3-бабына сәйкес жүргізіледі;

3) осы Кодекстің 571-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын салық органына табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – осындай декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының сомасы.

Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы табыс етілген салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін табыс етілген, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталған жағдайда, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
425-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауының ерекшеліктері

1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметтің шеңберінде қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін мына тәсілдердің бірімен:

қосылған құн салығының жай серіктестіктің аталған қатысушысына келетін үлесі бөлігінде қатысушының әрқайсысы;

өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша, егер өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) талаптарында оператор осындай салық міндеттемесін орындауға уәкілетті болса, оператор орындауға тиіс.

2. Жай серіктестіктің (консорциумға) әрбір қатысушысының қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындауы кезінде:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 412-бабының талаптарына сәйкес жазып беріледі;

қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде осындай қатысушының әрқайсысы тапсырады;

қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары жай серіктестіктің аталған қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде қатысушының әрқайсысының дербес шотында көрсетіледі;

қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару декларацияны табыс еткен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына жүргізіледі;

салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына әрқайсысына қатысты қолданылады.

3. Оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаған кезде:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 407-бабының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен оператордың деректемелері көрсетіле отырып, жазып беріледі;

қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша оператор тапсырады;

қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомалары оператордың дербес шотында көрсетіледі;

қосылған құн салығының асып түскен бөлігін қайтару операторға жүргізіледі;

салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін тапсыру осы Кодексте салық төлеушілер (салық агенттері) үшін көзделген тәртіпке сәйкес операторға қатысты қолданылады және бұл ретте көрсетілген құжаттар өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша салық төлеуші ретінде жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына тапсырылды деп есептеледі.

4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін орындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетілуге және өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін өзгермеген күйінде қалуға тиіс.
жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау