Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару ерекшеліктері



жүктеу 16,95 Mb.
бет13/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97

108-бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару ерекшеліктері


1. Артық төленген мемлекеттiк баж сомасы:

1) талап қоюшы сотқа талап-арыз және өзге де өтініштер (шағымдар) берген кезде өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;

2) іс төрелікке берілген;

3) іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың елу пайызы мөлшерінде;

4) талап-арыз немесе өзге де өтініш (шағым) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;

5) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талап қоюшы осы санаттағы iстер үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не әрекетке қабiлетсiз адам талап қойған жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;

6) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар әрекеттердi жасайтын органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;

7) сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат қайтарылған;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға жатады.

2. Мемлекеттік баж:

1) талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;

2) талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;

3) сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда қайтарылмайды.

3. Артық төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді.

4. Сот салық төлеушінің пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған салық төлеушіге артық төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініш пен заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүргізеді.

5. Артық төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банк шотына жүргізеді.

6. Осы бапта көзделген артық төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың мұндай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.
§ 2. Жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару
109-бап. Жалпы ережелер

1. Осы Кодекстің 159-1-бабына сәйкес есептелген жеке табыс салығы бойынша соманың асып кетуі туындаған кезде салық органы осы тарауда көзделген тәртіппен жүзеге асыратын салыстырып тексеру жүргізгеннен кейін жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша соманың осындай асып кетуін осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқылы.

2. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда мәлімделген жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару туралы талап жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
110-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру

1. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру – салық органы кірістер мен мүлік туралы декларацияда мәлімделген жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы растау мақсатында жүргізетін рәсім.

2. Салыстырып тексеру барысында:

1) кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтерді салық агенттері мен уәкілетті адамдардың деректерімен салыстыру;

2) салық шегерімдерін және осы Кодекстің 156-2-бабына сәйкес салық шегерімдері болып танылатын шығыстар сомасын қолданудың негізділігін растау;

3) есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға ұсынылған жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы растау;


4) осы Кодекстің 606-3 және 606-4-баптарында көзделген құжаттарды ресімдеу жүргізіледі.

3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің алшақтығы анықталған кезде жеке тұлғаға осы Кодекстің


84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.

4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес жіберілген хабарламаны орындау осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.


111-бап. Салық агенттерінің мәліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жүргізу тәртібі

Салық органы кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мынадай мәліметтерді:

1) төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерді;

2) осы Кодекстің 156-бабында көзделген салық салудан босатылатын кірістерді;

3) осы Кодекстің 156-2-бабында белгіленген, төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерге қатысты қолданылған салық шегерімдерін;

4) төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасын салық агенттерінің тиісті мәліметтерімен салыстырады.


112-бап. Білім беруге, медицинаға арналған шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жүргізу тәртібі, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу

1. Салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жылдың 15 қазанынан кешіктірмей:

1) тиісті уәкілетті адамдарға – жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жұмсаған, білім беруге, медицинаға арналған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы талапты;

2) жеке тұлғаға - Қазақстан Республикасынан тыс медициналық көрсетілетін қызметтерді алғанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды;

3) банктерге немесе құзыретіне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау кіретін уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларациясында көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстарды растау туралы талапты жібереді.

2. Талаптар осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға:

1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандарға - веб-қосымша арқылы электрондық тәсілмен немесе хабарламалардың кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша беру арқылы;

2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандарға – хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.

3. Салық органдарының талабында көрсетілген, жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жұмсаған, білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстар туралы мәліметтерді растауды уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар -


веб-қосымша арқылы электрондық тәсілмен немесе хабарламалардың кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша беру арқылы;

2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы осы Кодекстің 581 және 583-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынады.

4. Осы бапта көзделген салық органдары талаптарының нысандарын және оны жасау қағидаларын уәкілетті орган тиісінше Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.

5. Уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық органдарының талабында көзделген мәліметтерді осы Кодекстің 581 және


583-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей жеке тұлғаға медициналық көрсетілетін қызметтерге және білім беру қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды, сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстарды растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.

6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей өзі келу тәртібімен тұрғылықты жері бойынша салық органына мынадай құжаттардың:

1) медициналық көрсетілетін қызметтерді, білім беру қызметтерін, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын ұсынуға арналған шарттардың;

2) медициналық көрсетілетін қызметтерге, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттардың;

3) медициналық көрсетілетін қызметтерді, білім беру қызметтерін алуды, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуді растайтын өзге де құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

Егер осы тармақшада көрсетілген құжаттар шет тілде жасалған жағдайда, осындай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасының болуы міндетті.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері жүргізілген кезде мынадай құжаттарда:

банк шотын пайдалана отырып не банк шотын пайдаланбай төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жасалатын төлем құжатында;

төлем карточкасын пайдалана отырып не электрондық терминалдар арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жасалатын чекте (бұдан әрі – чек);

банк шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмеде (бұдан әрі - үзінді көшірме) пайдасына осындай шығыстарға төлем жүргізілген тұлғаның атауы және сәйкестендіру нөмірі болған кезде осы құжаттардың бірі осындай көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжат болып табылады.

Көрсетілген қызметтер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған және оған ақы төленген жағдайда, чектерде және үзінді көшірмелерде пайдасына осындай шығыстарға төлем жүргізілген адамның сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін белгіленген мерзімде ұсынбау жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы растамау және осы баптың


7-тармағының 3) тармақшасында көзделген қорытындыны жіберу үшін негіз болып табылады.

7. Уәкілетті адамдардан, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған мәліметтер, осы бапқа сәйкес ұсынылған жеке тұлға құжаттарының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері негізінде салық органы жеке тұлғаның салық шегерімдерін қолдану негізділігін тексереді, есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға ұсынылған жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы растайды және мыналар:

1) жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы толығымен растау;

2) жеке табыс салығы бойынша асып кеткен сомаларды толық растамау себептері көрсетілген бөлігінде растау;

3) жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы себептерін көрсете отырып, растамау туралы қорытынды жасайды.

8. Осы баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қорытындылар:

1) электрондық салық төлеушіге – веб-қосымша арқылы электрондық тәсілмен;

2) қалған салық төлеушілерге – хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.

9. Салық органдары толығымен растаған жеке табыс салығы бойынша асып кеткен сомалар туралы мәліметтер жеке тұлғаларға осы Кодекстің


92-тарауында белгіленген тәртіппен ұсынылады.
113-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі

1. Осы Кодекстің 159-1-бабына сәйкес есептелген жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы толығымен растау туралы қорытындының негізінде немесе осы Кодекстің 606-4-бабының 7-тармағында көзделген бөлікте жеке тұлға мәлімдеген жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманың шегінде жүргізіледі.

2. Жеке тұлғада салық берешегі болған кезде салық органы салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды жүргізу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен салықтар, алымдар, төлемақылар бойынша салық берешегін өтеу есебіне жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызуды жүргізеді.

3. Салық берешегі өтелгеннен кейін кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген талапқа байланысты алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу және (немесе) банк шотына қайтару жүргізіледі.

4. Жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу туралы талапта көрсеткен салықтар бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.

5. Жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару туралы талапта көрсетілген банк шотына жүргізіледі.

6. Жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талапты бір мезгілде көрсеткен жағдайда, салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызуды, ал жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызудан кейін қалған сома бөлігінде банк шотына қайтаруды рет-ретімен жүргізеді.

7. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жөніндегі талап көрсетілген, бірақ банк шотының деректемелері көрсетілмеген кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі.

Кірістер мен мүлік туралы декларация осы Кодекстің


187-5-бабында белгіленген мерзімнен кейін табыс етілген, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жөніндегі талапты көрсету және банк шотының деректемелерін көрсету бөлігінде кірістер мен мүлік туралы қосымша декларация табыс етілген жағдайда, жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару кірістер мен мүлік туралы осындай декларация табыс етілген күннен бастап он екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

8. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

9. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау