117-бап. Салық және бюджетке төленетiн төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
1. Осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмiнде төленбеген салық және бюджетке төленетін төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсiмпұл болып танылады.
2. Өсімпұл:
1) салықтарды, бюджетке төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан;
2) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап салықтарды және бюджетке төлемдер төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің бір бүтін жиырма бес еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін;
3) салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде;
4) мыналарды:
банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақшаны салық төлеушінің банк шотынан есептен шығару күнін;
салық төлеушінің төлемді банкоматтар немесе электрондық терминалдар арқылы жүзеге асыру күнін;
салық төлеушінің, уәкілетті мемлекеттік органның көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға енгізу күнін;
артық төленген салық, бюджетке төленетін төлем сомаларын есепке жатқызуды жүргізу күнін;
инкассалық өкімді орындау күнін қоса алғанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомаларын төлеу кезінде;
5) салықтық және (немесе) кедендік тексеру жүргізу кезінде – мұндай тексеру аяқталған күнге дейін өсімпұл есепке жазылады.
Салық төлеушінің жеке шотында тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған (есептелген) сомалар көрсетілгеннен кейін – төлем күнін қоса алғанда, салықтық және (немесе) кедендік тексеру аяқталған күннен бастап;
6) банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін;
бюджетке уақтылы аудармағаны үшін;
салық төлеушілердің банк шоттарынан есептен шығарылған сомалар үшін;
банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне енгізілген
қолма-қол ақша үшін;
шартты банк салымында орналастырылған табыс салығы үшін;
есепке жазылған банктік сыйақылар үшін;
оларды бюджетке аудармағаны (есепке жатқызбағаны) үшін өсімпұл есепке жазылады.
3. Өсімпұл:
егер мерзімінде төленбеген салықтар және бюджетке төленетін төлемдер сомасының қалыптасуының бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылатын банктердiң кредит берушiлерiне - банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмінің заңды күшiне енген күнінен бастап;
жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде - сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арыз берілген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн;
жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезде – сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның күшi жойылғанға дейiн;
салық органдары тиісті салық кезеңі үшін жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығын төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қараған кезде;
салық төлеушіге қатысты "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген кезде;
сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – мұндай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
оңалту рәсімі қолданылған кезде – мұндай рәсімді қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған кезде - сот мұндай рәсімді қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
бұрын белгісіз болған мән-жайларды анықтауды қоспағанда, салық төлеуші алынған алдын ала түсіндірулерге сәйкес салық міндеттемелерін орындау нәтижесінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған кезде туындаған салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген (есепке жазылған) сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
Осы баптың мақсаты үшін бұрын берілген алдын ала түсіндірмеде көрсетілген салық органының ұстанымына әсер ететін және бұрын:
салық төлеушінің алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуында салық органдарының назарына жеткізілмеген;
салық төлеушінің алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуын қарау шеңберінде салық органы мен оның лауазымды адамдарының сұрау салуына берілген жазбаша түсіндірулерде жеткізілмеген мән-жайлар бұрын белгісіз болған мән-жайлар болып танылады.
4. Үстеме пайда салығы бойынша өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлігінде белгіленген үстеме пайда салығын төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады. Бұл ретте салық заңнамасын бұзушылық анықталған күнтізбелік жылға дейін бес салықтық кезең алдындағы кезең үшін өсімпұл есепке жазылмайды.
5. Мынадай:
1) салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) салық төлеуші "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда – сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |