Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының салық салуды есепке алу және талдау Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі



жүктеу 0,62 Mb.
бет1/15
Дата08.07.2020
өлшемі0,62 Mb.
#31134
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
1жылдык жиынтык табыстын есеби



Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының салық салуды есепке алу және талдау

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР-ң тәуелділігін алғаннан бері өзінің дербестігін сақтап қалу мақсатында салық жүйесін дамыта бастады. Бұл мемлекетке кәсіпорын ман экономиканы нәтижелі басқару үшін фискалды саясатты қолдануға мүмкіндік берді. Салықтар фискалдық саясаттың негізгі құралы және республикада бюджеттің қайнар көзі болып табылады. Дегенмен қазіргі кезде салық түсімдерінің нәтижелілігі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Салық есептілігі оны дайындау, құру және салық органдарына тапсыру салық жүйесінің негізгі мәселесі болып табылады. Осының нәтижесінде салық жүйесі мемлекеттің салық салу жүйесінен басталып, кәсіпорындарға салық есебін енгізу мен құрастыру және оны салық органдарына тапсырумен аяқталуы кешенді жүргізілуі қажет. Есеп және есептілікті жақандану жағдайында салықтық есеп берудіің нәтижелі және шынайы құрылуы экономикалық дамуында негізгі кезең болып табылады. Салық есептілігі бухгалтерлік есеп жүйесінің жеке дара есептілігі ретінде бөлінуі және салық есебінің теориялық дәлелділігінсіз әбден жетілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде салық төлеушілердің алдында салықтық есеп беруді әзірлеудің бухгалтерлік есепті бөлектету әдісін қолдану туралы сұрақ тұр. Соның ішінде салықтық есеп беруді бухгалтерлік есеп жүйесінің жеке дара есептілігі ретінде немесе бухгалтерлік есеп ақпараттарына сүйене отырып салық салуға түзетулер енгізу әдістері арқылы жүргізу. Республикада салықтық есеп беруді дайындау үшін салық есебінің жеке дара есептілігін бөлу мен есепті дербес жүргізу кәсіпорынның толығымен өз қалауына берілген, бірақ оның тапсырылуы жөнінде заңмен нақты белгіленген. Мұндай жағдай кәсіпорынның салық жүйесін белгілі бір шектерге енгізілуі кауһарсыз. Соның нәтижесінде салық есептілігі мен оның аудитін жүргізу салық органдарының бақылауын қиындатады.

ҚР-ң салық жүйесі ҚР-ң заңнамалары мен әдіснамасына қарағанда әлде қайда жас болып табылады. Салық жүйесінің дамуы өзінің бастауын 1991 жылдан алады, бірақ заңдық күші бар Жарлық «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылдың 24 – сәуірінде ғана жарық көрді [1]. 2001 жылғы салық жүйесі өзінің нағыз заңдық негізін бүгінгі күнге дейін қолданыстағы жыл сайын өзгерулер мен толықтырулар енгізіліп шығатын, ҚР «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңнан (СК) алды [2]. Республикада салық жүйесін жетілдіру салық мөлшерлемеларының кемуі мен салық элементтері мен параметрлерінің қайта қарастырылуымен шектелуде, алайда салықтық есеп беруді жетілдіру бұрынғы деңгейде. Салықтық есеп берудіің нысандарын енгізу, салықтық есеп беруді өткізудің электрондық порталын құру және салық жүйесінің дамуы салықтық есеп беруді практикалық тұрғыда ғана емес, теориялық тұрғыдан қалыптасуын талап етеді.

Сонымен қатар салық есебінің, салықтық есеп берудіің және ішкі аудиттің көптеген аспектілері кейінгі зерттеулерді қалыптасқан жағдайда кәсіпорынның салық жүйесінің перспективтерінің дамуы мен бақылануын талап етеді. Салық есебі құжат болып табылады. Оның негізінде салық міндеттемелерінің соммалары бюджетке есептеледі. Салық түсімдерінің көлемі оның құрылуының шынайылығы мен тиімділігіне тәуелді. Салықтық есеп берудіің құрудың тиімділігі оның берілген жеке есептіліктерде өзінің мақсаты бойынша қолдану арқылы анықталады. Кәсіпорын салықтық есеп беруді құру үшін бухгалтерлік есеп жүйесінде салық есебін ерекшелеу қажет. Өз кезегінде салықтық есеп берудің шынайылығы үлкен тиімділігі бар ішкі және сыртқы аудитпен дәлелденеді.

Дипломдық жұмыста қойылған сұрақтарды шешу үшін салық есептілігі мен салық есебінің терең теориялық негізінің болмау себептері мен алғышарттарын, кәсіпорын есептілігінде салықтық есеп берудіің қандай орын алатындығын және оның басқа есептілік түрлерімен қарым-қатынасын анықтау қажет болды. Салық салу қағидаларының қарым-қатынасын, сапалы міндеттемесін, сонымен қатар салықтық есеп берудіе қойылатын талаптарды көрсету; салықтық есеп берудіің салық түрлеріне байланысты жетілдіру концепцияларын дамыту; салықтық есеп беруді шынайы бақылау функциясында ішкі аудиттің орнын анықтау; салықтық есеп берудіде ішкі аудиттің жүргізу әдістерін ұсыну; салықтық есеп берудің ішкі аудит стандарттарын өңдеу қажет болды. Аталып өткен мәселелер зерттелетін тақырыпты таңдауда анықтаушы факторлар болып табылады.




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау