Рұқсаттар мен хабарламалардың



жүктеу 233,52 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі233,52 Kb.
#6272


Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрінің

2016 жылғы «29» қазаннан

№ 232 бұйрығымен

бекітілген



Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің

жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

  2. Қағидалар лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері мен хабарлама жасау тәртібі процестерін автоматтандыру бөлігіндегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйе функциясының толық құрамынан тұрады.

  3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
    (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

  2. ақпараттық жүйелердің интеграциясы – деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде екі және одан да көп ақпараттық жүйе арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

  3. әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (бұдан әрі – ӘҚНК) – электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен тағайындалатын нөмір;

  4. қағаз жеткізгіште берілетін рұқсат – Жүйеде ресімделген, қағаз жеткізгіште не қатаң есептіліктің нөмірленген бланкісінде шығарылған рұқсат;

  5. мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;

  6. өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;

  7. рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, «электрондық үкіметтің» құрауышы болып табылатын ақпараттық жүйе;

  8. Жүйенің сыртқы порталы – лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама жасау тәртібі бөлігіндегі қызметтерге жеке және заңды тұлғаларға Интернет желісі арқылы бірыңғай қолжеткізу нүктесін ұсынатын Жүйенің
    веб-порталы;

  9. Жүйенің сыртқы порталында тіркеу – субъектінің, оның лауазымды тұлғаларының және мүдделі тұлғаларының Жүйенің сыртқы порталында лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама жасау тәртібі процестерін жүзеге асыруға қатысуға рұқсаты;

  10. Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушысы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын Жүйенің сыртқы порталында тіркеуден және авторланудан өткен жеке немесе заңды тұлға не олардың өкілдері;

  11. Жүйенің ішкі порталы – мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін жүргізетін рұқсат беру органдары және мемлекеттік органдар тарапынан лицензиялау, рұқсат беру және хабарлама жасау тәртібі процестерін қамтамасыз ететін Жүйенің веб-порталы;

  12. Жүйенің ішкі порталында тіркеу – рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының Жүйенің ішкі порталында лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарлама жасау тәртібі процестерін жүзеге асыруға қатысуға рұқсаты;

  13. рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, қолданысы тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған Жүйенің құрауышы;

  14. рұқсаттар тізілімі – бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар, олардың осы құжаттармен әрекеттерінің мәртебесі мен тарихы туралы мәліметтерді қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің бір бөлігі;

  15. рұқсаттардың электрондық нысаны (электрондық рұқсат) – Жүйені пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;

  16. тарихи деректер – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;

  17. тарихи деректерді конверсиялау – рұқсат беру органының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде рұқсат берген уәкілетті орган басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен электрондық форматтағы рұқсатын растау процесі (матрицалық кодты беру);

  18. тарихи деректерді қалпына келтіру – рұқсат беру органының рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен рұқсаттар тізілімін толықтыру процесі;

  19. хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;

  20. хабарлама жасаған субъект – қызметтің не әрекеттің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

  21. хабарлама жасаған субъектілердің тізілімі – қызметтің немесе белгілі бір әрекеттің жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруші субъектілер туралы мәліметтерді қамтитын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің бір бөлігі;

  22. электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

  23. электрондық құжаттың матрицалық коды (бұдан әрі – матрицалық код) – құжатты ұсыну нысанына енгізілетін eXtensible Markup Language (бұдан әрі – XML) форматындағы электрондық құжат туралы, оның техникалық құрал-жабдықтарының мүмкіндігін ұсынатын графикалық ақпарат;

  24. «электрондық үкiметтiң» ақпараттық–коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

  25. «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинеті) – «электрондық үкімет» веб-порталының электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, өтініштерді қарайтын субъектілерге жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай–ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс–қимылына арналған құрамдасы;

  26. электрондық форматқа көшіру – қағаз жеткізгіште бұрын берілген рұқсаттардың тарихи деректерін XML форматында қалпына келтіру немесе конверсиялау процесі;

  27. электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

  28. XML форматы – мәтіннің кеңейтілген белгілеу тілі (мәтінге енгізу немесе құру туралы ақпаратты беру үшін қойылатын нышандар мен бірізділік жиынтығы).



2-тарау. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі

1-параграф. Жүйенің жалпы жұмыс істеу ережелері


  1. Жүйенің функционалды міндеттері мынадай процестерді автоматтандыру болып табылады:

  1. лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері барысында өтініштерді беру және қарау;

  2. рұқсаттар тізілімін қалыптастыру;

  3. хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін қалыптастыру;

  1. Лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері барысында өтініштерді беру және қарау процесі мынадай операциялардан тұрады:

  1. өтініштерді электрондық түрде беру, немесе Жүйеге қағаз жеткізгіште түскен өтініштер бойынша мәліметтерді енгізу;

  2. өтініштерді қарау;

  3. өтініш берушілерге өтініштерді қарау нәтижелерін ұсыну.

  1. Рұқсаттар тізілімін қалыптастыру процесі мынадай операциялардан тұрады:

  1. рұқсаттар тізіліміне өтініштерді қараудың оң нәтижесін автоматты түрде енгізу, немесе Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің нәтижелерін рұқсаттар тізіліміне енгізу;

  2. тарихи деректерді қалпына келтіру;

  3. тарихи деректерді конверсиялау;

  4. рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны беру, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтата тұру, күшін жою, ұзарту, қайта бастау және тоқтату.

  1. Хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін қалыптастыру процесі мынадай опрерациялардан тұрады:

  1. хабарламалар беру;

  2. хабарлама жасаған субъектілердің тізіліміне хабарламалар беру және енгізудің оң нәтижелерін автоматты түрде енгізу, немесе хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін хабарлама жасау тәртібін, рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігін жүзеге асыратын органның уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен толықтыру;

  3. рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен субъектіні шығару, хабарлама берген субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау.

  1. ЭЦҚ пайдаланумен электрондық нысанда лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері және хабарламалар шеңберінде өтініштерді беру функциялары Жүйенің сыртқы порталы арқылы жүзеге асырылады.

  2. Мемлекеттік органдардың лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері мен хабарлама жасау тәртібі процестерін электрондық түрде жүзеге асыруы Жүйенің ішкі порталы арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік органның жеке ақпараттық жүйесі бар болған кезде көрсетілген процестер оны Жүйемен интеграциялаған жағдайда осы жүйеде жүзеге асырылады.

  3. Лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері мен хабарлама жасау тәртібі процестерін автоматтандыру шеңберінде Жүйеде электрондық құжаттардың мынадай түрлері қалыптасады:

  1. өтініш;

  2. хабарлама;

  3. өтініштерді қарау процесінде өтініш берушілерге жіберілетін хабарлаулар;

  4. рұқсат беру;

  5. өтінішті қарауда және бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруде дәлелді бас тарту;

  6. рұқсат беруге келісуге уәкілетті мемлекеттік органмен сұрау салулар;

  7. мемлекеттік органдардың жауаптары – келісулері;

  8. рұқсаттардың иелеріне немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу процесінде хабарлама берген субъектілерге жолданатын хабарлаулар;

  1. Жүйеде XML форматында қалыптастырылған барлық электрондық құжаттарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жүйемен түрленген ӘҚНК беріледі;

  1. Жүйеде электрондық құжаттарды ұсыну нысандарының жүктелу мен шығарылу мүмкіндігі бар.

  2. Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушыларына жеке кабинет арқылы мынадай әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі:

  1. ашық қолжетімділіктегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;

  2. рұқсаттарды алу және және хабарламаларды жолдау талаптары туралы ақпаратты қарау;

  3. рұқсат алуға электрондық өтініш беру;

  4. электрондық форматқа қағаз нысанында рұқсатты ауыстыруға өтінішін беру;

  5. мемлекеттік көрсетілен қызметтер стандарттарымен қарастырылған рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны қайта ресімдеуге, қолданысын ұзартуға, тоқтатуға, тоқтата тұруға, қайта бастауға, рұқсат беру телнұсқасын алуға, мәліметтерін түзетуге, рұқсаттарды конверсиялауға және қалпына келтіруге өтініштерді беру;

  6. өтініш берушімен берілген өтініштерді қарау мәртебесін көру;

  7. өтініш берушімен берілген өтінішті қарау барысында жолданған мемлекеттік органнан түскен электрондық хабарлауды қарау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, тестілеуге келуді растау, лицензиялық немесе рұқсат беру алымын төлегені туралы түбіртекті жолдау және өзге де әрекеттер);

  8. өтініштерді қарау процесінде рұқсат беру органының сұрау салуына жауапты электрондық нысанда жолдау (өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беру, тестілеуге келуді растау, лицензиялық немесе рұқсат беру алымын төлегені туралы түбіртекті жолдау және өзге де әрекеттер);

  9. «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы лицензиялық және рұқсат беру алымдарын төлеу (электрондық өтініш беру процесінде);

  10. өтініштерді қарау нәтижелері бойынша рұқсат беру органымен берілген электрондық құжаттарды қарау;

  11. қызметтің басталуы туралы хабарлама беру;

  12. қызметтің (әрекеттің) тоқтатылуы туралы, деректердің өзгеруі туралы хабарлама беру;

  13. рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу барысында жолданған мемлекеттік органнан түскен электрондық хабарлауды қарау (рұқсаттың қолданысын тоқтату (күшін жою), тоқтата тұру, рұқсаттың қолданысын қайта бастау туралы, хабарлама жасаған субъектілердің тізілімінен субъектіні шығару туралы, субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау туралы);

  14. өтінішті қайтарып алу.

  1. Жүйенің сыртқы порталының авторландырылмаған пайдаланушыларына мынадай функцияларды пайдалану мүмкіндігі беріледі:

  1. ашық қолжетімділіктегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің мәліметтерін іздеу және қарау;

  2. рұқсаттарды алу және хабарламаларды жолдау талаптары туралы ақпаратты қарау.

  1. Жүйенің ішкі порталына қолжетімділік алу үшін мемлекеттік орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға және Операторға лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдері мен хабарлама жасау тәртібін жүзеге асыруға жауапты тұлғалар туралы ақпаратты береді. Оператор берілген ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Жүйенің ішкі порталымен мемлекеттік органдардың пайдаланушылары жұмысын қамтамасыз ету үшін есепке алу жазбасын жасайды.

  2. Жүйенің ішкі порталы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне өз өкілеттігі шегінде мынадай функцияларды ұсынады:

  1. рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен белгіленген қолжетімділік құқықтарына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі мәліметтерін іздеу және қарау;

  2. қағаз жеткізгіште түскен өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу;

  3. өтініштерді тіркеу және қарау;

  4. өтініштерді іздеу және қарау;

  5. өтініштерді қарау барысында қалыптасатын құжаттарды іздеу және қарау (мемлекеттік органдардың қосымша мәліметтерді сұрау салуды; өтініш берушілердің мемлекеттік органдардың қосымша мәліметтерді сұрау салуына жауаптарын, өтінішті қараудан және бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруден дәлелді бас тартуларын, мемлекеттік органдардың келісімдерін, сондай-ақ өтініштердің қарастырылу барысы туралы хабарлауын);

  6. Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарау процесінің нәтижелерін рұқсаттар тізіліміне енгізу;

  7. конверсиялаумен(сыз) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректерді қалпына келтіру;

  8. рұқсатты немесе рұқсатқа қосымшаны беру, қайта ресімдеу, тоқтата тұру, күшін жою, ұзарту, қайта бастау, рұқсаттың қолданысын тоқтату және одан айыру (оны қайтарып алу);

  9. хабарлама жасаған субъектілердің тізілімін хабарлама жасау тәртібін, рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігін жүзеге асыратын органның уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде тарихи деректермен толықтыру;

  10. рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны жою, хабарлама жасаған субъектінің қызметін тоқтата тұру, қайта бастау;

  1. Жүйенің сыртқы және ішкі порталы жұмыстан тыс уақытта жүргізілетін техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы қолжетімді.

  2. Мемлекеттік органдармен лицензиялауды, рұқсат беру және хабарлама жолдауды бақылауды автоматтандыру функциясын жүзеге асыру үшін Жүйеде қызметті тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату (күшін жою, алып тастау) туралы электрондық хабарлау қалыптасады.




2-параграф. Жүйеде электрондық өтініштерді қабылдау


  1. Электрондық өтінішті беру өтініштің электрондық нысанын толтыру және оны ЭЦҚ куәландыру арқылы Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушысымен жүзеге асырылады;

  2. Электрондық өтінішке ӘҚНК беру Жүйемен өтініш берушінің ЭЦҚ құжатын куәландыру кезеңінде жүргізіледі.

  3. Электрондық өтінішті беру барысында Жүйе мынадай автоматтандырылған тексерулерді жүзеге асырады:

  1. өтініш берушінің (өтініш берушінің өкілінің) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында, ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйесінде бар болуын тексеру;

  2. өтініштің электрондық нысанының форматты-логикалық бақылауын жүзеге асыру (дұрыстығын және толық толтырылғандығын тексеру);

  3. мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өтініштің электрондық нысанда өтініш берушімен көрсетілетін деректердің бар болуын тексеру;

  4. рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде өтініштің электрондық нысанда өтініш берушімен көрсетілетін деректердің бар болуын тексеру;

  1. Осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген автоматтандырылған тексерулердің жағымсыз нәтижесі кезінде, Жүйе пайдаланушыға электрондық өтінішті жіберу мүмкін болмауы себептері туралы хабарлайтын ақпараттық хабарлама қорытындысымен электрондық өтінішті беруге мүмкіндік бермейді.

  2. Осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген автоматтандырылған тексерулердің оң нәтижесі кезінде және электрондық өтінішті берушінің ЭЦҚ куәландыруынан кейін, өтініш берушінің жеке кабинетіне оның электрондық өтінішінің Жүйеде тіркелгендігі туралы хабарлама келіп түседі. Бұл ретте, электрондық өтініш мемлекеттік органның жұмыс уақытында оны қабылдаған сәтінен бастап берілген болып есептеледі, ол туралы өтініш берушінің жеке кабинетіне рұқсат беру органының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған хабарлама жолданады.

  3. Жүйе мемлекеттік органның жұмыс кестесіне байланыссыз тәулік бойы режимде электрондық өтініштерді беруге мүмкіндік береді.

3-параграф. Жүйеде хабарламаларды қабылдау


  1. Хабарламаны беру хабарламаның электрондық нысанын толтыру және оны ЭЦҚ куәландыру арқылы Жүйенің сыртқы порталының авторландырылған пайдаланушыларымен жүзеге асырылады.

  2. Хабарламаға ӘҚНК беру Жүйемен өтініш берушінің ЭЦҚ құжатын куәландыру сәтінде жүргізіледі.

  3. Осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген автоматтандырылған тексерулердің оң нәтижесі кезінде және электрондық өтінішті берушінің ЭЦҚ куәландыруынан кейін, хабарлама рұқсат беру органына келіп түседі.

  4. Жүйеде хабарламаны беру тәулік бойы жүзеге асырылады.



4-параграф. Қағаз нысанындағы өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу


  1. Жүйенің ішкі порталы арқылы электрондық түрде рұқсат беру органдармен жүзеге асырылатын лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері процестері үшін қағаз нысанында ұсынылған өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу мемлекеттік органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесімен жүргізіледі.

  2. Мемлекеттік органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен Жүйенің ішкі порталы арқылы Жүйеге енгізілетін өтініш өтініш берушінің ЭЦҚ куәландырылмайды. Мұндай жағдайда, өтініш беруші үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама Жүйемен қалыптастырылмайды. Өтінішке ӘҚНК беру өтінішті тіркеу сәтінде Жүйемен жүзеге асырылады.

  3. Мемлекеттік корпорацияға өтінішті қағаз нысанында берген жағдайда, өтініш жөніндегі мәліметтерді Жүйеге енгізу мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

  4. Жүйеге мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы берілетін өтініш Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-мен өтініш берушінің жазбаша келісімімен куәландырылады.

  5. Мемлекеттік корпорацияға өтінішті қағаз нысанында берген жағдайда, өтініш беруші үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама Жүйеде қалыптастырылмайды.

  6. Жеке ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері процестері үшін қағаз нысанында мемлекеттік органға ұсынылған өтініштер бойынша мәліметтерді Жүйеге енгізу көрсетілген ақпараттық жүйенің Жүйемен ықпалдасқан жағдайда, мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының куәландырылған ЭЦҚ мәліметтерін қабылдау арқылы жүргізіледі.


5-параграф. Рұқсат беру органдарымен Жүйеде өтінішті қарау


  1. Жүйе Жүйенің сыртқы порталы арқылы электрондық түрде лицензиялау, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру барысында рұқсат беру органдармен өтініштерді қарау процестерінің үлгілік операцияларын ұсынады.

  2. Кіріс өтініштерін тіркеу және оларды жұмысқа тапсыру мынадай операциялардан тұрады:

  1. ӘҚНК автоматты түрде бере отырып, өтінішті тіркеу;

  2. ӘҚНК автоматты түрде бере отырып, рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салуларды тіркеу;

Егер өтінішті қабылдауды және өтінішті қарау нәтижелерін беруді әртүрлі рұқсат беру органдары жүзеге асырған жағдайда, кіріс өтінішті тіркеуді өтінішті қабылдаған рұқсат беру органы жүргізеді.

Көрсетілген міндеттерді мемлекеттік органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі жүзеге асырады.



  1. Құжатты (өтінішті, рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органға сұрау салуды, рұқсат беру органы қабылдаған кіріс хабарламаны) жіберу мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасына құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкерімен кіріс құжатын тапсыруды білдіреді. Кіріс құжатты жіберу қосымша функцияларды қоспайды және дәйекті түрде жүзеге асырылады.

  2. Өтініш берушіге өтініштерді қарау барысында рұқсат беру органына келу қажеттігі туралы, өтінішті тоқтата тұру, қайта бастау және қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлауды жолдау мынадай операциялардан тұрады:

  1. көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көзделген жағдайларда, хабарлау/сұрау салу жобасын орындаушы бастамашылық етеді;

  2. өтініш берушіге хабарлауды/сұрау салуды бастамашылық еткен жағдайда, орындаушы сұрау салудың жобасын қалыптастырады;

  3. хабарлау/сұрау салу жобасы өршімелі тізбек бойынша дәйекті түрде рұқсат беру органында келісу рәсімінен өтеді;

  4. келісу процесінің қатысушысы хабарлау/сұрау салу жобасына оң келісу нәтижесі кезінде, жоба автоматты түрде келесі қатысушыға жіберіледі. Келісу процесінің қатысушысы хабарлау жобасына теріс келісу нәтижесі кезінде, жоба автоматты түрде орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;

  5. хабарлау/сұрау салу рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының) ЭЦҚ куәландырылады.

  6. егер өтініш беруші Жүйенің сыртқы порталында тіркелген болса, хабарлауға/сұрау салуға қол қойылғаннан кейін, ол өтініш берушіге жеке кабинетте қолжетімді болады;

  7. егер өтініш рұқсат беру органына қағаз нысанында ұсынылған болса, басшы Жүйеде хабарлауға/сұрау салуға қол қойғаннан кейін, жауапты орындаушы оны шығарып алады және Жүйеден тыс (пошта бойынша, қолма-қол) өтініш берушіге жолдайды;

  8. Жүйенің сыртқы порталы арқылы электрондық түрде берілген өтініштер үшін хабарлауға/сұрау салуға жауап өтініш берушінің хабарламасы ЭЦҚ куәландырылған электрондық түрде жүзеге асырылады. Электрондық жауап орындаушыға тікелей келіп түседі;

  9. қағаз нысанында ұсынылған өтініштер үшін жауап өтініш берушіге Жүйеден тыс (пошта бойынша, қолма-қол) беріледі. Өтініш берушіге берілген жауап туралы мәліметтерді Жүйеге орындаушы енгізеді.

  10. өтініш беруші жауапты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, орындаушы өтініш бойынша шешім қабылдайды.

  1. Қорытындыны, қосымша мәліметтерді беру туралы және шешім жобасын келісу туралы өтініштерді келісуші мемлекеттік органға жіберу мынадай операциялардан тұрады:

  1. рұқсат беруді келісуге уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу жобасын қалыптастыруды Заңның 25-бабымен белгіленген тәртіпте орындаушы бастамашылық етеді;

  2. сұрау салу жобасы өршімелі тізбек бойынша дәйекті түрде рұқсат беру органында келісу рәсімінен өтеді;

  3. сұрау салу жобасына оң келісу нәтижесі кезінде жоба автоматты түрде келісу рәсімінің келесі қатысушысына жіберіледі; сұрау салу жобасына теріс келісу нәтижесі кезінде жоба автоматты түрде орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;

  4. сұрау салу рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының) ЭЦҚ куәландырылады, одан кейін келісуші органның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесіне тіркеу үшін келіп түседі;

  5. сұрау салу келісуші органда төмендемелі тізбек бойынша жауапты орындаушыға дәйекті түрде жолданады;

  6. келісуші органның жауапты орындаушысы сұрау салу бойынша шешім жобасын қалыптастырады (сараптамалық қорытынды, деректердің сұрау салуына жауап, келісімдеу);

  7. сұрау салу бойынша шешім жобасы дәйекті түрде келісу рәсімінен өтеді;

  8. сұрау салу бойынша шешім келісуші орган басшысының ЭЦҚ куәландырылады, одан кейін автоматты түрде рұқсат беру органының орындаушысына жіберіледі;

  9. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген жағдайларда, орындаушы өтініш берушіден қосымша мәліметтерді сұрау салу кезінде немесе келісуші органға сұрау салуды жіберу кезінде өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруды бастамашылық ете алады;

  10. келісуші органына деректерге сұрау салуды жолдау себебімен тоқтатылған жағдайда, өтініш берушіге міндетті түрде тоқтатудың басталуы сәті және өтінішті қарау мерзімін қайта қарау сәті бойынша рұқсат беру органы басшысының ЭЦҚ куәландырылған хабарлау жіберіледі.

  1. Өтініш бойынша шешім қабылдау мынадай операциялардан тұрады:

  1. өтініш бойынша шешім жобасын орындаушы қалыптастырады;

  2. шешім жобасы дәйекті түрде рұқсат беру органында келісуге жатады. Келісу процесінің қатысушысы шешім жобасына оң келіскен кезде, ол келесі қатысушыға өтеді;

  3. келісу процесінің қатысушысы шешім жобасын пысықтауға кері қайтарған кезде, жоба орындаушыға пысықтауға кері қайтарылады;

  4. егер өтініш беруші Жүйенің сыртқы порталында тіркелген болса, рұқсат беру органының басшысы шешімге қол қойғаннан кейін, ол автоматты түрде өтініш берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Егер өтініш рұқсат беру органына қағаз нысанында ұсынылған болса, рұқсат беру органының басшысы Жүйеде шешімді ЭЦҚ куәландырғаннан кейін, жауапты орындаушы оны шығарады және Жүйеден тыс (пошта бойынша, қолма-қол) өтініш берушіге жібереді.

  1. Өтініштің қарау мерзімін ұзарту мынадай операциялардан тұрады:

  1. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген жағдайларда, өтінішті қарау мерзімін ұзартуды бастамашылық ету;

  2. өтінішті қарастыруды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсетумен рұқсат беру органының басшысы ЭЦҚ куәландырған хабарлауы өтініш берушіге жіберіледі;

  1. Өтініш берушінің өтінішті қайтарып алуы мынадай операциялардан тұрады:

  1. егер өтінішті қарастыру процесі әлі аяқталмаған болса, өтініш беруші өтінішті қайтарып алу процесін бастамашылық ете алады;

  2. өтініш негізінде орындаушы Жүйеде өтініш берушінің өтінішті қайтарып алу фактісін белгілейді, бұл ретте өтінішті бұдан әрі қарастыру тоқтатылады;

  3. егер өтініш Жүйенің ішкі порталында қалыптасқан болса, өтініш берушінің өтініші негізінде орындаушы осы өтінішті Жүйеде белгілей отырып, өтінішті кері қайтарады.

  1. Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштерді қарастыру процесінің мынадай операциялары Жүйенің ішкі порталы арқылы автоматтандырылмайды:

  1. рұқсат беру органының ішкі құрылымдық бөлімшелеріне сараптамалық қорытынды алу үшін өтінішті жіберу;

  2. рұқсат беру органының ішкі құрылымдық бөлімшелеріне өтініш бойынша қосымша мәліметтерді беруге сұрау салуды жіберу.

  1. Өтінішті қарау барысында қалыптасатын құжаттарды ЭЦҚ куәландыру рұқсат беру органының басшысымен (уәкілетті тұлғасымен) жүзеге асырылады. Өтініштерді қарау процесінің басқа барлық операциялары ЭЦҚ қолданусыз Жүйеде жүзеге асырылады.

  2. Өтініштерді қарастыру барысында алқалы әрекеттер (комиссия отырысы, тестілеу, дауыс беру және т.б.), сондай-ақ мемлекеттік органдарға жатпайтын ұйымдармен жүргізілетін әрекеттер автоматтандырылмайды және Жүйеден тыс жүзеге асырылуы тиіс.



6-параграф. Өтініштерді қарау процесінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің Жүйемен өзара іс-қимылы



  1. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру шеңберінде қалыптасатын барлық өтініштер, хабарлаулар, өтініштер бойынша шешімдер Жүйеде тіркеуге жатады. Егер көрсетілген құжаттар мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде қалыптасқан болса, олар рұқсат беру органының жауапты қызметкері қол қойғаннан кейін Жүйеге міндетті жіберілуге тиіс. Бұл ретте, құжатқа қол қойғанға және тапсырғанға дейін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі ӘҚНК беру үшін Жүйеге сұрау салуды жүзеге асырады.

  2. Лицензиялау, рұқсат беру және хабарлама жасау рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің Жүйемен барлық өзара іс-қимылдары Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.



7-параграф. Рұқсаттар тізіліміне берілген рұқсат туралы мәліметтерді енгізу


  1. Өтінішті әртүрлі себептерге байланысты тіркеу және қарастыру процестерін автоматтандыруға мүмкінкіншілігі жоқ және мақсатқа сай болмаған рұқсат беру рәсімдері үшін Жүйеде Заңның 15-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Жүйеден тыс жүзеге асырылатын өтініштердің оң нәтижелерін рұқсаттар тізіліміне енгізу жөніндегі функционал қарастырады.

  2. Рұқсаттар тізіліміне енгізу кезінде өтініштерді қарастырудың оң нәтижелері туралы мәліметтер рұқсат беру органы басшысының (уәкілетті тұлғасының) ЭЦҚ куәландырылады.

Рұқсаттар мен хабарламалардың

мемлекеттік ақпараттық жүйесінің

жұмыс істеу қағидаларына



қосымша

Нысан
Әкімшілік құжаттың нөмірі мен кодын қалыптастыру


Әкімшілік құжаттың барлық нөмірлері мен кодтары рұқсат беру органының немесе хабарлама жасау тәртібін жүзеге асыратын органның құжат түріне қарамастан бірдей құрылымға ие. ӘҚНК 15-разрядтық фасеттік құрылымның мынадай түрін білдіреді:
ССККТТТНННННННН, мұнда:


СС

КК

ТТТ

НННННННН

ISO 3166-1 және ГОСТ 7.67 стандарттарына сәйкес қос таңбалы (альфа–2) мемлекеттің коды

ISO/IEC 7064:2002 стандартының MOD-97-10 алгоритміне сәйкес есептелген екі бақылау цифры, EBS204 V3.2 сәйкес әріптерді кодтау алгоритмі

құжат түрінің үш нышанды коды, түрін белгілеу үшін латын әліпбиінің 24 әрпі пайдаланылады («I» және «O» әріптерін қоспағанда барлығы)

көрсетілген түрдегі құжаттың сегіз таңбалы цифрлық реттік нөмірі


Үлгі: «KZ03АВС00000001» (басып шығару кезінде оқуға ыңғайлы болу үшін нөмірді екі топқа бөлуге болады, мысалы, «KZ03 АВС 0000 0001», алайда енгізу және өңдеу кезінде бос аралықтар ескерілмейді).
жүктеу 233,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау