1. Камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін,
сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. 2. Камералдық бақылаудың мақсаты - салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 587-бабына сәйкес салық есептілігін табыс ету және (немесе) салық және бюджетке төлемдерді төлеу арқылы салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру.
95-бап. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері
1. Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:
1) салық есептілігін;
2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;
3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.
2. Камералдық бақылау осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салық есептілігін табыс ету мерзімі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.
3. Камералдық бақылау осы Кодекстің 46-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
96-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi
1. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:
тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекел дәрежесі елеусіз бұзушылықтарға қолданылмайды және тәуекелдерді басқару жүйесінде ескеріледі.
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы:
1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен
жағдайда – анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін хабарлама бойынша салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) салық есептілігін табыс ету;
салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай соманы аударған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды жоюы;
2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген
жағдайда – осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктемені табыс етуі танылады.
Түсініктемеде:
салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күні;
түсініктемені табыс еткен адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;
түсініктеме беріліп отырған хабарламананың нөмірі мен күні;
түсініктемені табыс еткен адамның келіспеуіне негіз және дәлелдеме болып табылатын мән-жайлар көрсетілуге тиіс;
Егер түсініктемеде түсініктемені табыс етіп отырған адамның келіспеуіне негіз ретінде, дәлелдемелерді растау ретінде құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері міндетті түрде түсініктемеге қоса беріледі.
3. Салық төлеуші түсініктемеде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмейтін мән-жайларды және (немесе) дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша:
соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;
соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;
сот немесе қылмыстық қудалау органының оңалтылмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) және (немесе) өзге де құжаттар бойынша;
басшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатыспаған салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған, соттың заңды күшіне енген шешімімен анықталған мәмілелер (операциялар) бойынша;
соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша орындалмаған болып саналады.
Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда салық органы жазбаша шешім шығарады және оны салық төлеушіге:
осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде - пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жібереді немесе қолын қойдыра отырып салық төлеушіге тапсырады;
осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны электрондық тәсілмен жіберген кезде - электрондық тәсілмен
веб-қосымшаға немесе пайдаланушының жеке кабинетіне жібереді.
4. Жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым берілген жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өту барысы:
шағым жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға қабылданған күннен бастап жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;
сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
5. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.
6. Осы Кодекстің 53-бабының 6-тармағына және 60-бабының
7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.
11-ТАРАУ. Салық міндеттемесінің, әлеуметтік төлемдерді аудару бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу
97-бап. Жалпы ережелер
1. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды салық органы салық төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Салық төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
3. Салық төлеушінің жеке шоты ұлттық валютада жүргізіледі.
4. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы:
салық есептілігінде салық төлеуші;
осы Кодекстің ____ (368, 391, 409) баптарында белгіленген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері
негізінде - салық органдары;
осы Кодексте көзделген негіздер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған сома (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын) болып табылады.
5. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомасы:
салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;
салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары бойынша;
деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық органдарының осы Кодекстің 564-бабының
3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуы (мемлекеттік экологиялық бақылау) бойынша тексерулерді жүзеге асыру нәтижелері бойынша ұсынған мәліметтері негізінде салық органы айқындаған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің сомасы (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын) болып табылады.
6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарын қолдану мақсатында қосылған құн салығының сомасын азайту сондай-ақ есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі болып табылады.
7. Салық төлеушінің жеке шотындағы салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, өсімпұлдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.
8. Салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салық органдары салық төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы үзінді көшірмені мұндай өтініш салық органдарына тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде береді.
Достарыңызбен бөлісу: |