Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Салық міндеттемесінің тоқтатылуы



жүктеу 16,95 Mb.
бет6/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97

56-бап. Салық міндеттемесінің тоқтатылуы

1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:


1) қайтыс болғанда;

2) күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.

2. Дара кәсіпкердің салық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.

3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:

1) таратылғаннан кейін;

2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.


7-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ ҚЫЗМЕТІН ТАРАТҚАН, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН, ТОҚТАТҚАН КЕЗДЕ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ
57-бап. Жалпы ережелер

Осы тараудың ережелері салық төлеуші қосылу, бірігу, бөліну жолымен қызметін қайта ұйымдастыру, тарату немесе тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда қолданылады.



58-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындау

1. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.

2. Таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.

3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.



Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлейді.



Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. Салық органдары салықтық тексеруді таратылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.

6. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте осындай бейрезидент заңды тұлға қызметі тоқтатылатын тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы тұрақты мекемелердің, филиалдардың, өкілдіктердің тобы бойынша жиынтық түрде салық міндеттемелерін орындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің, құрылымдық бөлімшелерінің де салық берешегі өтеледі.

7. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.

8. Егер таратылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға тиіс.

Егер таратылатын заңды тұлғада салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

9. Егер таратылатын заңды тұлғада қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күнге дейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 272-бабына сәйкес қайтаруға жататын есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы болса, көрсетілген асып кеткен сома таратылатын заңды тұлғаға осы Кодекстің 273, 273-1, 273-2, 600 және 603-баптарында белгіленген тәртіппен қайтарылуға тиіс.

10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:

1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс.



11. Таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесі туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай салық міндеттемесін және міндетті осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық органының хабарламасы негізінде орындауға міндетті.

12. Таратудың салық есептілігі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тарату балансы бекітілген күнге дейінгі кезең ішінде жеке тұлғалар мен бейрезиденттердің төлем көзінен салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кірістері пайда болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жерi бойынша салық органына осындай салық міндеттемесі бойынша таратудың салық есептілігіне қосымша салық есептілігін табыс етуге және оны толық көлемде орындауға міндетті.



13. Салықтық тексеру аяқталып, осы баптың 12-тармағында белгіленген ережелер орындалғаннан кейін таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:

1) тарату балансын;

2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.

Таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бір мезгілде мынадай талаптар:

1) салық берешегiнің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болмауы;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларының болмауы;

3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 273, 273-1, 273-2 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;

4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы сақталған жағдайда, салықтық тексеру аяқталып, осы баптың 12-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

Салық берешегi, әлеуметтiк төлемдер бойынша берешегi, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 273, 273-1, 273-2 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:

1) салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі өтелген күннен;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273, 273-1, 273-2 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуді қайтарған күннен;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

14. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемесін орындауы осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

15. Таратылатын резидент заңды тұлғалар осы Кодекстің 37-1 немесе 37-2-баптарында белгіленген салық міндеттемелерін орындаудың ерекшеліктерін таңдаған жағдайда, осы баптың ережелері оларға қолданылмайды.
59-бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

1. Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;

2) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданбайтын;

3) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры болып табылмайтын;

Осы тармақшаның ережесі қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.

4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына немесе іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындау ерекшелігін белгілейді.

Осы бап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы баптың ережелері құрылған күнінен бергі кезеңі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аз заңды тұлғаларға да қолданылады.

2. Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:



1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) осындай есепке алу болған жағдайда, қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;

3) таратудың салық есептілігін;

4) аралық тарату балансын;

5) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Таратылатын заңды тұлға бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.

3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлейді.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. Салық органы таратылатын заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін:

1) уәкілетті мемлекеттік органдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ салық органының сұрау салуын алған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;

2) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның салық органының сұрау салуы алынған күні банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сұрау салу жібереді.

Салық органының осы тармақта көрсетілген сұрау салулары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.

6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасайды.

Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері және салықтар, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулардың жай-күйі көрсетіледі.

Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қолын қойдыра отырып таратылатын заңды тұлғаға тапсырылады немесе оған пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.

Салық органы таратылатын салық төлеушіге (салық агентіне) пошта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.

7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.

Таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда, салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

8. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.



9. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.

10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:

1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс.

11. Заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері жөніндегі қорытындыны алған күннен кейінгі күннен бастап тарату балансы бекітілген күнге дейінгі кезең ішінде жеке тұлғалар мен бейрезиденттердің төлем көзінен салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кірістері пайда болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жерi бойынша салық органына осындай салық міндеттемесі бойынша таратудың салық есептілігіне қосымша салық есептілігін табыс етуге және оны толық көлемде орындауға міндетті.

12. Таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:

1) тарату балансын;

2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.

Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны алған және осы баптың 11-тармағында белгіленген ережелерді орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.

13. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою шартымен салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген және осы баптың 11-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.

14. Осы баптың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.

 

60-бап. Салықтар жөніндегі аудит нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері



1. Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің бір жүз елу бес мың еселенген мөлшерінен аспайтын;

2) салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын жасалған салықтар жөніндегі аудит қорытындысы бар таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.

Бұл ретте, егер салықтар жөніндегі аудит қорытындысының нәтижелері бойынша салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және төлеу, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу, аудару жөніндегі міндеттемелер туындаса, мұндай міндеттемелерді таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер салықтар жөніндегі аудиттің тиісті қорытындысын салық төлеушіге тапсырған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындауы тиіс.

2. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) тіркеу есебі болған кезде жекелеген қызмет түрлері бойынша осындай есепке алудан шығару туралы салықтық өтінішті;

3) таратудың салық есептілігін;

4) салықтар жөніндегі аудит қорытындысын;

5) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көрсетiлген құжатты бақылау-кассалық машина салық органында есепке қойылған жағдайда, таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер табыс етеді.

3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, мұндай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлейді және әлеуметтік төлемдерді аударады.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу және әлеуметтік төлемдерді аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталса, төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. Таратылатын заңды тұлғада немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған кезде:

1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға тиіс;

2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға тиіс;

3) айыппұлдардың төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қайтарылуға тиіс;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары осы салық төлеушіге Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға тиіс.

6. Салық органы осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 586-бабында айқындалатын тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Салық төлеуші салық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

7. Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайларда, салық органы мұндай салық төлеушіге қатысты анықталған, салықтық тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар бойынша аталған тексеруді жүргізеді.

8. Камералдық бақылау аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тарату балансы бекітілген күнге дейінгі кезең ішінде жеке тұлғалар мен бейрезиденттердің төлем көзінен салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кірістері пайда болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жерi бойынша салық органына осындай салық міндеттемесі бойынша таратудың салық есептілігіне қосымша салық есептілігін табыс етуге және оны толық көлемде орындауға міндетті.

9. Осы баптың 4, 5, 6 және 8-тармақтарында белгіленген ережелер орындалған және салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған жағдайларда, сондай-ақ салық органы жүргізген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде таратылатын заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) тарату балансын;

2) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.

Осы тармақта көрсетілген құжаттарды таратылатын заңды тұлға салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған және осы баптың 8-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде табыс етеді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған жағдайларда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда, салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген және осы баптың 8-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

10. Осы баптың 9-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.

11. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған немесе өтелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда, камералдық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.

12. Осы баптың 11-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күн дара кәсіпкерді салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.

13. Салық органы осы баптың 12-тармағында көрсетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы шешім қабылдайды.

Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

14. Салық органы осы баптың 6-тармағында белгіленген салық берешегiн, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеу (аудару) мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Дара кәсіпкердің осы бапта белгіленген ережелерді орындамауы да дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.



Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
61-бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы

1. Резидент заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;

3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құрылымдық бөлімшенің таратудың салық есептілігін табыс етеді.

2. Таратудың салық есептілігі заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі дербес төлеуші болып танылған салықтардың, төлемақының түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салық кезеңінің басынан бастап қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, төлемақыларды және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, төлемақыларды, әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықтарды, төлемақыларды және әлеуметтік төлемдерді дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.

5. Қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.

6. Салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейін қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау