Берілген форманы Сіз басқа құжаттарыңызбен бірге тапсыруыңыз қажет. Осында көрсетілген құжаттардың бәрін бірдей
тапсырмасаңыз Сіздің Өтінішіңіз қабылданбай, өзіңізге қайтарылып берілуі мүмкін. Құжаттарыңызды көрсетілген тізім
бойынша жинақтап, түгел тексеріп шығыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 12 жасқа толған Өтініш берушілердің барлығы биометрикалық
мәліметтерін(саусақ таңбаларын) қалдыру мақсатында міндетті түрде өздері келулері тиіс. 12
жасқа толмағандарға Виза рәсімдеу Орталығына келу және саусақ таңбаларын қалдыру міндетті
емес.
Төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруыңызды өтінеміз:
Жалпылама құжаттар:
Соңғы 10 жыл ішінде рәсімделген, виза мерзімі біткеннен кейін кем дегенде 6 ай мерзімге жарамды және кем
дегенде екі бос беттен тұратын төлқұжат.
Төлқұжаттың алғашқы беті мен соңғы 3 жыл ішінде алынған Шенген визаларының көшірмесі.
Толықтай толтырылған, қолы мен толтыру күні көрсетілген сауалнама.
Көлемі 3,5х4,5мм, соңғы 6 ай ішінде түсірілген түрлі түсті фотосурет –1 дана.
Виза алымы мен Қызметтік алымдар және қосымша қызметтер төлемі тек қолма-қол, теңгемен төленеді.
Жұмыс орнынан алынған анықтама немесе Іссапарға жіберілгендігі жайлы анықтама. Анықтама ұйымның ресми
бланкінде жазылып, оған ұйымның мөрі басылған болуы қажет және онда ұйымның мекенжайы, байланыс
нөмірлері, анықтама алушының айлықақысы, лауазымы, сапарының мақсаты мен күндері көрсетілуі тиіс.
Өтініш берушінің қаржылық мүмкіндігін растайтын құжаттар.
Некеге тұруы туралы куәлік көшірмесі (некеде болған жағдайда) және кәмелетке толмаған балалардың туу
туралы куәліктері көшірмесі.
Шенген визасының жарамдылық мерзіміне сай берілген медициналық қамсыздандыру (түпнұсқасы мен
көшірмесі).
Францияға бару және қайту билеті. Шенген одағының басқа да елдеріне сапар шеккен жағдайда сол елдерге
бару және қайту билеті.
Сапарыңыздың мақсатына байланысты құжаттар:
Сапардың Шенген аймағындағы шақырушы тараппен қаржылық тұрғыдан қамсыздандырылғандығы немесе жұмыс
орнынан іссапарға аттандырылғандығы туралы құжат. Қазақстандық ұйым атынан берілген анықтамалар жарамсыз деп
табылатындығын ескертеміз.
Жұмыс орнынан қаржылық тұрғыдан қамсыздандырылғандығы туралы дәлелдеме хат немесе тұлғаның бір күнге
шаққанда кем дегенде 65 евро қаржысы бар екендігін дәлелдейтін құжат.
Нақты тұру мерзіміне сай қонақүйді броньдау немесе тұратын жерін дәлелдеу құжаты. Қонақүйде тұру мерзімі билетте
көрсетілген күндерге сай болуы тиіс.
Ескерту:
Тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Құжаттардың тапсырылуы Өтініш берушінің міндетінде – қолма-қол тапсырылмаған
құжаттар қабылдаушыға жетпей қалған жағдайда Францияның Бас Консулдығы қызметкерлері бұған жауапты емес.
Егер тапсырған құжаттарыңыз дұрыс емес немесе жеткіліксіз болған жағдайда Францияның Бас Консулдығы Сізден басқа
да қосымша құжаттар талап етуге құқы бар.
Виза алымы мен Қызметтік алымдар қайтарылмайды. Аталған төлемдер Сіздің Өтінішіңізді қарастыруға жұмсалады және
Сізге виза берілмеген жағдайда қайтарылмайды..
Аталған шарттармен таныстым және жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсырмаған жағдайда виза берілмеуі мүмкін
екендігін білемін.
Өтініш берушінің Аты-жөні және қолы VFS қызметкерінің аты-жөні және қолы
Іскерлік виза
Қажетті құжаттар тізімі