104-бап. Қосылған құн салығының асып түсуін қайтару
1. Осы Кодекстің 273, 273-1, 273-2 және 274-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы қосылған құн салығын төлеушінің талабы бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 600-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізу және (немесе) оның банк шотына аудару арқылы ұсынылған салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.
2. Осы Кодекстiң 273, 273-1, 273-2 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын асып кеткен қосылған құн салығы салық органының асып кеткен қосылған құн салығын қайтаруға төлем құжатын жасау күнiне қосылған құн салығын төлеушiнiң жеке шотындағы қосылған құн салығы бойынша асып кеткен сомадан аспауға тиiс.
3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару салық төлеушінің орналасқан жері бойынша, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде оның банк шотына осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.
Салық органы салық берешегi болған кезде есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырмай-ақ орын алған салық берешегiн, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жүргізеді.
Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.
4. Салық органы қосылған құн салығының асып кетуін қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде мерзімі бұзыла отырып қайтарылған осындай асып кетуге салық органы салық төлеушінің пайдасына мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін өсімпұлды есепке жазады. Өсімпұл қайтару күнін қоса алғанда, қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсетін түсімдердің есебінен қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.
105-бап. Өзге де негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару
1. Осы Кодекстің ерекше бөлігінде көзделген негіздер бойынша:
1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдік төлеген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.
2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды грант алушының орналасқан жері бойынша салық органы осы Кодекстің ___ (599) бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банк шотына осы Кодекстің ___ (275) бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және осы өкілдіктердің дипломатиялық,
әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің
___ (276) бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың банк шотына жүргізеді.
106-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару
1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан оның төленген сомасын қайтару салық төлеушінің салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қайтаруға арналған өтініш) негізінде жүргізіледі.
Айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтінішке айыппұлдың заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе жоғары тұрған салық органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.
2. Айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтінішті салық төлеуші жеке шот бойынша қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын салық органына ұсынады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің банк шотына айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтініш ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
4. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген соманы қайтару осы баптың
3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
107-бап. Сот шешімімен электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару
1. Соттың заңды күшіне енген шешімімен уәкілетті заңды тұлға өткізген электрондық аукцион қорытындыларының күші жойылған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкілетті заңды тұлғаның салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қайтаруға арналған өтініш) негізінде жүргізіледі.
Қайтаруға арналған өтінішке:
1) заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі;
2) уәкілетті заңды тұлғаның салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.
2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды төленген жердегі салық органы қайтаруға арналған өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаның банк шотына ұлттық валютада жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |