Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер, әлеуметтiк төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргiзу



жүктеу 16,95 Mb.
бет11/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97

98-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер, әлеуметтiк төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргiзу



1.  Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді.

2. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтықтар болған жағдайда, алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды, қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотына түзетулер енгізіледі.

99-бап. Қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы


      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес, салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасы салық органының шешімі негізінде мұндай шешім шығарылған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының есептен шығаруына жатады.

100-бап. Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi


       1. Салық органы есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде мұндай мәліметтерді:

  1. әділет органдарына – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

  2. басқа мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру көзделген адамдарға, салық төлеушіге – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерге сұрау салу және оны осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ұсыну электрондық нысанда жүзеге асырылады.

2. Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қалыптастырылады.

       3. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғаларда есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің ___ (37, 37-1) баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.

       4. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде есепте тұрған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде мұндай тұлғаларда есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде беріледі.




§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару



101-бап. Жалпы ережелер

1. Салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізу күніне салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың аталған түрі бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (кемітілгенді шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма болып табылады.

Өткен салық кезеңдеріндегі қосылған құн салығы бойынша
есеп-қисаптар ескеріле отырып, салық кезеңінде бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (кемітілгенді шегергенде) қосылған құн салығының сомалары арасындағы оң айырма артық төленген (өндіріп алынған) қосылған құн салығының сомасы болып табылады.


Жекелеген қызмет түрлерімен айналысқаны үшін лицензиялар беру, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін  тіркеу алымының, алымның, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақының, мемлекеттік баждың төленген сомалары жүзеге асырылуы үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттердің жасалмау (оның ішінде салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган растаған жағдайда артық төленген болып танылады.

Орманды пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы орман пайдалануға арналған ағаш кесу билетi пайдаланылмаған жағдайда, артық төленген төлемақы болып танылады.

2. Осы Кодекстің ____ (217) бабына сәйкес бейрезидент салық төлеушіге қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы да табыс салығының артық төленген сомасы болып табылады.

3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемдерді қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды салық органы ұлттық валютада мынадай тәртіппен:

тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша – мұндай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;

жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.      

4. Салықтың, басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды салық органдары мынадай тәртіппен:

1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда – салық органдары мұндай өтінішті тіркеген күннен бастап;

2) өтінішсіз есепке жатқызуды жүргізген жағдайда – салық төлеушінің жеке шотында артық төленген сома түзілген күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде бюджетке салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің банк шотына жүргізеді.

Салық органы салық берешегi болған кезде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан орын алған салық берешегiн өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.

Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.

5. Мыналар:

1) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне;



төленген мемлекеттік баж сомасы есепке жатқызылмайды.

2) автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым, жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы, консулдық алым сомаларының қате төленген жағдайларын қоспағанда, осындай төленген сома;

салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасы;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін, үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаға эмиссия үшін, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін артық төленген (өндіріп алынған) салық, төлемақы сомасы – осындай салықтар, төлемақылар бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда, оны табыс ету күніне дейін есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.

6. Салық органы есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі бұзылып жүргізілген, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасына арналған салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күнін қоса алғанда, есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің бір бүтін жиырма бес еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

Есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсетін түсімдердің есебінен салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызу (немесе) қайтару жүргізілген күні салықтық өтініште көрсетілген салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.

7. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

102-бап. Салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу

1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы:

1) салық төлеушінің өтінішінсіз – осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес;

2) салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша - осы баптың
4-тармағына сәйкес есепке жатқызылады.

2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз мынадай тәртіппен:


  1. орындалу мерзімі мынадай реттілікпен басталған:

артық төленген сома қалыптасқан жер учаскелерін пайдаланғаны үшін, үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаға эмиссия үшін, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін белгілі бір салық түрі, төлемақы (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – төлемақы) бойынша есептелген, есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесінің есебіне;

  1. салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;

  2. артық төленген сома қалыптасқан салықтың белгілі бір түрі, төлемақы бойынша өсімпұлды өтеу есебіне;

  3. салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша өсімпұлды өтеу есебіне жүргізіледі.

3. Өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз мынадай реттілікпен:

1) артық төленген өсімпұл сомасы қалыптасқан салықтың белгілі бір түрі, төлемақы бойынша өсімпұлдың есепке жазылған сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемелерінің есебіне;

2) артық төленген өсімпұл сомасы қалыптасқан салықтың белгілі бір түрі, төлемақы бойынша бересіні өтеу есебіне;

3) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;

4) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша өсімпұлды өтеу есебіне жүргізіледі.

4. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша:

1) бюджетке салық берешегі болмаған кезде осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне;

2) құрылымдық бөлімшесі (құрылымдық бөлімшелері) бар заңды тұлға болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша – осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) төлемнің тиісті түрі бойынша осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) бюджетке салық берешегін өтеу есебіне;

3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша – осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) төлемнің тиісті түрі бойынша заңды тұлғаның бюджетке салық берешегін өтеу есебіне жүргізіледі.



103-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару

1. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:

1) төлем құжатында:

салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;



орналасқан жері бойынша салық және бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасы төленуге тиіс салық органының сәйкестендіру нөмірінің орнына басқа салық органының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген;

төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;

2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;

3) ақша жіберуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;



4) ақша жіберуші - салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын аудару кезіндегі сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.

2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

1) салық төлеушінің салықтық өтініші;

2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – банк өтініші);



3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қателер бойынша хаттама) бойынша жүргізіледі.

3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

салық төлеушінің салықтық өтініші, банктің өтініші ұсынылған;



салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

4. Салық төлеушінің салықтық өтініші, банктің өтініші салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасына есеп жүргізетін салық органына ұсынылады.

5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бірінің бар екенін растаған жағдайда, осы салық органы:

1) қате төленген соманы тиісті бюджет сыныптамасының кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;

2) салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізеді.



6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір төлем құжаты бойынша салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасын екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша қате төленген соманы:

ақша банк шотынан есептен шығарылған немесе төлем банкомат арқылы жүзеге асырылған жағдайда – салық төлеушінің банк шотына;

банкке қолма-қол ақша енгізілген немесе төлем электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырылған жағдайда – банктің банк шотына қайтаруды жүргізеді.

7. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда, осы салық органы осы баптың
2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіге қатенің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.



жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау