Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру



жүктеу 16,95 Mb.
бет18/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97

119-бап. Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру


1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мына санатқа жатқызылған салық төлеуші салық берешегiн өтемеген жағдайда:

тәуекел дәрежесі жоғары – салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейiн;

тәуекел дәрежесі орташа – салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейiн жүргізіледі.

Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мына:

     банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақшаны кейiннен осы Кодекстің ____ (55) бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлдарды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге тиіс айыппұлдарды төлеу есебiне аудару үшiн тапсыру;

егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған жағдайда, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.

    Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.

       2. Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей түскен қолма-қол ақшаны бюджетке аудару арқылы бұлжытпай орындауға тиiс.

       3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

       4. Салық органы салық төлеуші бюджетке берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.



120-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу


1. Салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке иелiк етуiн шектеудi осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде:

1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мына санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агентi):

тәуекел дәрежесі жоғары – салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейiн;

тәуекел дәрежесі орташа – салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен салық берешегiн өтемеген жағдайда;

       2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдар сомасы туралы мәлімет қамтылған тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасағанда жүргiзедi.

Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда салық органы шектеуді салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей:

       осы Кодекстің ____ (93) тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;

     салық төлеушіні (салық агентін) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен алып тастаған немесе деңгейлес мониторинг туралы келісімнің қолданылуы аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді.

     2. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеуді салық органы:

       1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда – осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы және (немесе) балансында тұрған;

       2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция және (немесе) биологиялық актив болып табылатын мүлікке қатысты жүргізеді.

3. Билік етуді шектеуге:

       тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

       электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

       сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат жатпайды.

  Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген, қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге қойылған мүлкін салық органының лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтағанға дейін алып қоюына тыйым салынады.

      Салық органы мүлікке билік етуіне шектеу қойған күннен бастап және оны алып тастағанға дейін салық төлеушінің (салық агентінің) шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілдендіру) өзгертуіне тыйым салынады.

       4. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуін шектеу туралы шешiм уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасалады және оны салық органы:

       1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – мұндай шешiм шығарылған күнi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотында бар деректер бойынша салық берешегi сомасына;

       2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – осы Кодекстiң ___ (93) тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағымданатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың сомасына қабылдайды.

            5. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм салық төлеушiге (салық агентiне) жеке қол қойғызып немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:

       1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеуші (салық агенті) белгі қойған күннен бастап;

   2) электрондық тәсілмен – салық органы шешімді
веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады; 2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3) осындай шешімді алғанын растайтын қол қоюдан бас тарту немесе орналасқан жері бойынша болмау себебімен тапсыру мүмкін болмаған жағдайларда – осы Кодекстің ___ (558) бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген салықтық зерттеп тексеру күні тапсырылды деп есептеледі.

  6. Салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушіге (салық агентіне) табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін оған құқық немесе ол бойынша мәміле мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

   7. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.

Салық төлеушінің (салық агентінің) меншік құқығында оған құқық немесе ол бойынша мәміле мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік болған кезде бірінші кезекте осындай мүлік тізімдемеге кіреді.

       Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны мүлік тізімдемесінің актісінде көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

       8. Салық төлеуші (салық агенті) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшін осындай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын, балансын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік етуі шектелген мүлік тізімдеменің актісіне қоса беріледі.

       Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған адам, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның лауазымды адамы қол қояды.

Төлеуші қалыпты сақтау жағдайларында физикалық тозу салдарынан болған өзгерістерді және (немесе) табиғи залал салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін өзгермеген қалпында сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте төлеуші аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік өткізілмеген жағдайда, сондай-ақ осы баптың


10-тармағының 4) тармақшасында белгіленген жағдайларда, салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, бастапқы тізімдеме актісінің күшін жою және жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.

9. Салық органы мынадай:

       1) салық төлеуші (салық агенті) салық берешегі сомаларын өтеген жағдайда – осындай берешекті өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

       2) уәкілетті орган шешім шығарған немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалатын бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

       3) салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға өз шағымын қайтарып алған жағдайда – осындай шағым қайтарып алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етуді шектеу туралы шешiм мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.

10. Салық органы:

1) тізімдеме актісінде көрсетілмеген мүлікке - мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күннен бастап осындай актінің көшірмесін қоса бере отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) билік етуді шектеу туралы шешім осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайларда күші жойылған мүлікке - мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап осындай шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

3) уәкілетті заңды тұлға өткізген, оның ішінде кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешек есебіне өткізілген мүлікке – мүлікті сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап осындай шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген борышкер мүлкінің есебінен талаптарды қанағаттандыру кезектілігі және Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген мүлікті өткізуден түскен ақшаны бөлу тәртібі сақталған жағдайда сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен атқарушылық іс жүргізу органдары өткізген мүлікке – сот орындаушысы салық органына жүгінген күннен бастап мүлікті өткізуді және оны өткізгеннен түскен ақшаны бөлу тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тоқтату үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлама жібереді.

11. Осы баптың 6 және 10-тармақтарында белгіленген жағдайда, салық органы тиісті хабарламаларды қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау