Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



жүктеу 1,89 Mb.
бет1/15
Дата10.12.2017
өлшемі1,89 Mb.
#3773
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Экономикадағы ақпараттық



жүйелер” кафедрасы
Күндізгі оқу бөлімінің 4 курс

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: “Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу”


Ғылыми жетекші

аға оқытушы
Дипломдық жұмыс қорғауға жіберіледі

ЭАЖ” кафедрасының меңгерушісі



ф-м. ғ.к., доцент

Алматы 2007ж.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.

Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Актобе қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Актобе бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Актобе қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру. Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру барынша объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет процесінің қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.

Берілген жұмыстың негізгі мақсаты қаржы аналитигінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол оның жұмысын жеңілдетуін қамтамасыз етіп кәсіпорынның қаржы мүлкін талдауға мүмкіндік береді.

Берілген жұмыстың шарты мынандай: «Актобе қаласы бойынша Салық комитетің қызметімен танысу, талдау ақпаратының сараптамалық жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау, жаңа ақпараттық жүйені жобалау, ақпараттық жүйені жобалауда негізгі міндеттерді айқындау.

Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың 1-бөлімінде «Актобе қаласы бойынша Салық комитетініңң сипаттамасы берілген, ұйымның негізгі атқарылатын салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжау көрсетілген ақпараттық жүйе негізінде «талдау және болжауң бөлімінің жұмыс орыны қарастырылады, сондықтан оның, іскерлік өрісі, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық ақпаратты сараптау жүйесін талдау және оның кемшіліктерін айқындау, негізгі қамтамасыздандыру түрлері мен ақпараттық жүйедегі міндеттерді көрсету, бағдарламалық құралдардың сипаттамасы мен осы берілген комплексті сұрақтарды шешу және олардың кемшіліктерін анықтау баяндалады.

Екінші бөлімінде ақпараттық жүйенің орындайтын комплексті есептердің қойылымын құру көрсетілген, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың ақпаратты базасын ұйымдастыру және комплексті сұрақтарды шешілу жолдары келтірілген. Бағдарламалық жабдықтаудың құрылымы, ақпараттық жүйе құрудағы қолдану ережесі берілген және ақпараттық жүйені пайдаланудағы ережелерді жеңіл шешуге мүмкіндік береді.

Үшінші бөлімде АЖ жасаудағы кеткен шығынның бағасы және оның нәтижелілігін анықтау қарастырылған, сонымен бірге нәтижені талдау, негізгі ақпараттық өнімді таратудағы негізгі міндеттерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың комплексті есептерді шешудің технологиясын өркендетуге ұсыныс пікір айтылған.

1. САЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРДІҢ БЮДЖЕТКЕ ТҮСУІН ТАЛДАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1.1. Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы


Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі болып табылады.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Әрбір Қазақстан Республикасының азматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі.

Кодекс заңдары арқылы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және еспетеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын сондай – ақ мемлеккет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынасты реттейді.

Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі Салық Кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелінбейді.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Қандай да болмасын бір механизмнің тетіктері немесе элементтері болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен тұрады.

Салық салу механизмінің элементтері:

Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімімен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.

Салық салу субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

Салық салу объектісі – табыс, мүлік еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорлрады пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.

Мүлік пен іс - әрекеттер салық салу объектілері және салық салынуға байланысты объектілері болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.



Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, физикалық немесе өзгеде сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы айқындалады. Салық тсавкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті соммамен белгіленеді.

Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық төлеу мерзім – салық төленетін уақыт. Осы салық Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініеді. Ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы есептеледі.

Басқа да міндетті төлемдер – бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);

Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;

Салық көзі – салық салынатын табыс.

Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

Тұлға - жеке және заңды тұға болып екіге бөлінеді. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматығы жоқ адам. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шет елдік заңды тұлға).

Салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің элекрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.

Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі.

Бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының ззаңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүліктік құқықтың өзге де объектілері.

Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де , мынандай тәртіппен іске асырылады:

а) Бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді , содан кейін акциздер және баж салығы ;

б) екінші кезеңде жергілікті салықтар мен алымдар;

в) үшінші кезеңде басқа салықтармен алымдар;

Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.

Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады;

Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқада төленетін міндетті төлемдер туралың (Алмата, 24-сәуір, 1995 жылы);

Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы салық комитетінің нормативтік актілері.

Салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салықтарға: жеке және заңды тұлғалардың табысына салынатын салық, мүлік салығы, жер салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық, жер қойнауынан пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі, көлік құралдарына салынатын салық және т.б. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз, баж салығы жатады. Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. /18, 20-бет/

Қазақстан Республикасының салық жүйесін мемлекетпен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтармен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілері, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығын құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси - әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралың заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салық түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіліген тұңғыш тарихи құжат болып есептелінеді.

Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салықтар мынандай түрлерге бөлінеді:


  • корпорациялық табыс салығы.

  • жеке табыс салығы.

  • қосылған құн салығы.

  • акциздер.

  • жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.

  • әлеуметтік салықтар .

  • жер салығы.

  • көлік құралдары салықтары.

  • мүлік салығы.

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алымдардың түрлері:

  • Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  • Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  • Жылжымайтын мүлікке құқтарды және олармен жасалған мәмілерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  • Радиоэлектрондық құралдардың және жиілігі жоғарғы құралдарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  • Механикалық көлік құралдарымен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  • Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  • Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым .

  • Дәрі- дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  • Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

  • Аукциондардан алынатын алым.

  • Елтаңбалық алым.

  • Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиалық алым.

  • Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері.

  • Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  • Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

  • Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

  • Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  • Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

  • Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  • Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

  • Сыртқы ( көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Мемлекеттік баж.

Мемлекеттік баж.



Кеден төлемдері:

  • Кеден бажы.

  • Кеден алымдары.

  • Төлемақы.

  • Алымдар.

Тағы айта кететін бір жайт салық алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшеліктеріне қарай салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салық болып бөлінеді.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:



  • заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

  • қосылған құнға салынатын салық;

  • акциздер;

  • бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;

  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті салықтар мен алымдарға:

  • жер салығы;

  • заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

  • көлік құралдарына салынатын салық;

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тікегені үшін алынатын алым;

  • аукционда сатудан алынатын алым;

  • әлеуметтік салық;

  • қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;

  • су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер;

  • жеке табыс салығы;

  • басқа да жергілікті бюджетке түсетін салықемес төлемдер;

Менің мақсатым осы аталған жергілікті салықтар бойынша, яғни Актобе қаласының бюджетіне түсетін салық түрлерін бюджетке түскенін есепке алу, осы алынған нақты мәліметтер бойынша алдын – ала жасалған болжамдармен салыстырып қорытынды шығару.

Аталған жергілікті салықтарға қысқаша тоқталып кетсек.



Жер салығы. Жер құығына ие тұлғаларға салынады. Салық салу объектісі жер учаскелері болып табылады. Жер учаскесі салық базасы болады, ал базалық ставкалары осы жерді пайдалану мақсаттарына қарай анықталады. Жер салығының өлшем бірлігі шарушылықты жүргізудің нәтижесі бойынша емес, ол жердің құнарлығына, орналасуына және сумен қамтамасыз етілуіне байланысты салық салады. /1,107-бет/

Мүлік салығы. Мүлікке құқығы бар заңды және жеке тұлғалардың мүлікті кәсіпкерлік мақсатта падалануына және пайдалануына байланысты. Мүлік салығын жеке тұлғалар кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбаған жағдайда мүлік бағасының 0,5 % - төлейді.

Көлік құралдарына салынатын салық. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары салық салу объектісі болып табылады. Көлік құралдарына салық салу үшін оның двигательінің көлеміне, жүк көтергіштігіне және т.б. байланысты салынды.



Жеке табыс салығы. Салық төлеушілердің төлем көзінен салық салынатын табыстарына: қызметкерлердің табысы, біржолғы төлемдерден алынатын табыс, жинақтаушы зейнетақықорларынан берілетін зейнетақы төлемдері, дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар, степендиялар, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс есептеудің тиісті айына Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген айлық есептік көрсеткіш соммасына азайтылғантөлемдер жатады.

Жеке табыс салығына салынаты салық ставкасын келесі кесте түрінде көрсетеміз.

1- кесте


Салық төлеушінің салық салынатын табысы

Ставкасы

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіш

Салық салынатын табыс соммасынан 5 үлесін

15 еселенгеннен бастап 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық соммасы +одан асатын соммадан 8 үлесін

40 еселенгеннен бастап 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

40еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық соммасы+одан асатын соммадан 13 үлесін

200 еселенгеннен бастап 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық соммасы + одан асатын соммадан 15 үлесін

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары

600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық соммасы + одан асатын соммадан 20 үлесін

Жылдық есептік көрсеткішті бір айлық көресткішті 12 айға көбейтеміз.



Жылдық есептік көрсеткіш =12 *971 тг= 11652

Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)өндіру және олардың айналу үрдісінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының соммасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының соммасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құн салығының салық салу объектілері болып: салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады. /1,76-бет /
1.2. Актобе қаласы бойынша Салық Комитетінің сипаттамасы
Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы заңдарын шығарып сол негізінде ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол сияқты Салық комитетініңде өздеріне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар. Осы заңдарда ережелерде Салық комитетінің қызметтері мен міндеттері туралы айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады. Енді, осы Салық комитетінің жалпы ережелеріне және құрылымдық ережелеріне тоқталып кетейік.

Актобе қаласы бойынша Салық комитетінің есепке алу және талдау басқармасының жалпы ережелерін атап өтейік:



  1. жалпы ережелер ұйымның біртұтастығын қамтамассыз етеді және «есепке алу және талдауң басқармасының қызмет етуін қамтамасыз етеді.

  2. «Есепке алу және талдауң басқармасы Актобе қаласы бойынша Салық комитетінің және Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

  3. Қызметін басқаруда бұл басқарма Қазақстан республикасының заңдары мен конституциялары, Президенттің және Үкіметтің нормативтік – құқықтық актілері, бұйрақтар, нұсқаулар, жарлықтар, ережелер арқылы және Салық комитетінің жалпы ережелері негізінде жұмысын жүргізеді.

  4. Бұл басқарма өзінің қызметін Салық комитетінің басқа құрылымдық бөлімдерімен бірге байланыса жұмыс жүргізеді.

  5. Есепке алу және талдау басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:

  • Талдау және болжау бөлімі.

  • Төлемдерді есепке алу.

  • Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.

Бұл басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері:



    • Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің белгілеген есеп берулерді құру және ұсыну.

    • Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі және соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті жүргізген мемлекеттік бюджетіне және Актобе қалалық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.

    • Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке алуды жүргізу және ұйымдастыру.

    • Мемлекеттік және аймақтақ деңгейде ірі салық төлеушілердің электрондық мониторингін жүргізу.

    • Ірі салық төлеушілер беретін мәліметтерді кешенді түрде талдау және салықтық есеп берулермен салыстыру, бұл талдаудың мақсаты ірі кәсіпорындарды анықтау және осыған байланысты қосымша салық салу қоймасын жасау.

    • Осы құзырлы басқарма аумағында салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын салық заңнамалары мен заң актілерінің орындалуына бақылау жасау.

    • Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарайтын заңнамалар мен заң актілерінің тиімділігн анықтау және салықтық әкімшілік тіркеулердің жүзеге асуына ұсыныстар енгізу.

    • Салық қызметкерлерінің жұмыс істеу тәжірибелерін талдау отырып Қазақстан Республикасының Салық Комитеті жұмыс тәжірибесін қорыту.

Есепке алу және талдау басқармасы болжамдардың орындалуына талдау жасайды және ауытқа динамикасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің белгілеген есеп берулер бойынша жедел және басқа да есеп беру түрі бойынша жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін соммалық және ауытқу динамикасын көрсетеді. Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсу жоспарын жүргізеді орындайды. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық пен бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық төлеушілердің мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық комитеттерінен есеп берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын, өтініштерін және үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға қатысады.

Аталған ережелер Актобе қаласы бойынша Салық комитетінің «Есепке алу және талдауң басқармасының жалпы ережелері, яғни бұл басқарма үш бөлімнен тұрады: талдау және болжау, төлемдерді есепке алу, ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімдері. Біз қарастыратын бөлім талдау және болжау бөлімі болғандықтан оған кейінірек толық тоқталамыз, қазір екі бөлімдерге қысқаша тоқталсақ.

Есепке алу бөлімі бұл Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің белгілеген нұсқаулары бойынша есеп берулерді ұсынады. Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық қызметкерлерінің төленген салық соммаларын салық қоймасына уақытында енгізуіне бақылау жасап отырады. Сонымен бұл бөлім Актобе қаласы бойынша Салық комитетінің құрылымдық бөлімдеріне методикалық көмек көрсетеді.

Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі мемлекеттік және аймақтық деңгейде ірі салық төлеушілерге электрондық мониторинг жүргізеді және ұйымдастырады. Қара және түсті металл саласындағы ірі кәсіпорындар жайлы мәліметтерді жинайды, жиналған мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті тапсырады. Бұл бөлім ірі салық төлеушілерден түскен мәліметтерді кешенді түрде қарастырып, есеп берулермен салыстырып қосымша резервтік салық қоймасын жасау мақсатымен кәсіпорындардың жағдайын анықтайды. Кәсіпорындаға мониторинг жүргізуді және ұйымдастыру үрдісін ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады.

Ал енді болжау және талдау бөліміне келіп тоқталсақ.

Болжау және талдау бөлімінің негізгі міндеттері мен қызметтері:



  • Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінен келген болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасының көлемі мен соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің жүргізілген мемлекеттік бюджетке және Актобе қалалық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.

  • Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын заңнамалар мен заң актілерінің тиімділігін анықтау және салықтық әкімшілік тіркеулердің жүзеге асуына ұсыныстар енгізу.

  • Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын заңнамалар мен заң актілерінің орындалуына бақылау жасау

  • Салық және басқа да міндетті төлемдер жайлы болжамдардың орындалмау себебін анықтау.

  • Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ететін кешенді шараларды жасау және қатысу.

  • Салық төлеушілердің есеп беру және дербес шоттарына камералық тексеру жүргізу.

  • Салық және басқа да міндетті төлемдері бойынша бюджетке түсуін, салық декларацияларын есепке алу, өңдеу, есептеу, дербес шоттарын тексеру жайлы жұмыстың толық және уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатымен аудандық Салық комитетімен бірігіп жұмыс жасау.

  • Аудандық салық комитетіне методикалық және іс-тәжірибелік көмек көрсету.

Актобе қаласы бойынша Салық комитетінің ұйымдық құрылымы 1-суретте көрсетілген.

Басқарма



Салықты тіркеу басқармасы



Салықтарды тіркеуді басқару

ҚҚС бас-қар -масы

Салықты тіркеуді есепке алу және бақылау бөлімі



Тіркел-меген салық төлеушілерді анықтау бөлімі

ККМ С ФП бөлі-мі

АЖ жүр-гізу және қол-дау бөлімі

АЖ тір-кеу бө-лімі

Салық төлеуші-лермен жұмыс істеу салық-тық есеп беруді бақылау сапасы бөлімі

Хал-ық ара-лық сал-ық салу бөлі-мі

Салық заңдар-ын түс-індіру бөлімі

Тал-дау және бол-жау бөлі-мі

Төлем-дер-ді есе-пке алу

Ірі сал-ық төлеуші-лер-дің мони-тор-ингі бөлі-мі

өндіріс-тік емес төлем-дерді тіркеу бөлімі



Өкілет-ті орган-дармен жұыс істеу бөлімі

Алко-голь өнім-дерінің акциз-дерін тіркеу бөлімі

Мұнай және басқа өнімдерінің акзциздерін тіркеу бөлімі

Өндіріп алу бөлі-мі

Дәр-менсіз борыш-қорлар-мен жұмыс жүргі-зу

Басқа-ру ұйым-дас-тыру бөлі-мі

Оқы-ту және кадр-лар бөлі-мі

Құжатайна-лым бөлі-мі

Қаржы-ландыру және бухгал-терлік есеп бөлімі

Мемлекеттік сатып алу және қамтамасыз ету бөлімі


Заң бөлімі

Салық шағымдар бөлімі

Сурет -1. Актобе қаласы бойынша Салық Комитетінің ұйымдастырушылық құрылымы

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау