7 Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек өнімділігі. Анықтау әдістері және оны арттыру жолдары
Еңбек өнімділігі кәсіпорындағы еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды және еңбек жағдайын ұйымдастыруға, өндірістің экономикалық және әлеуметтік факторларына байланысты болады.
Еңбек өнімділігі өндіріс көлемін жұмыскерлердің орта тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады, яғни, кәсіпорынның бір жұмыскерінің уақыт бірлігінде (ай, жыл ширегі, жыл) өндірген өнім, жұмыс, қызмет көлемімен бағаланады
(35)
мұндағы Qөнім – өндірілген өнім, жұмыс, қызмет көлемі;
Rcп – кәсіпорын жұмыскерлерінің тізімдік құрамы;
Т – өндіріс көлемі орындалған күнтізбелік уақыт мерзімі.
Еңбек өнімділігін арттыру кәсіпорынның ең маңызы міндеттерінің бірі болып саналады. Кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру көп факторларға байланысты болады. Солардың ішінде ең негізгілерін атап айтсақ:
жабдыққа техникалық қызмет көрсету деңгейін арттыру;
жаңа техниканы енгізу, қызмет көрсету технологиясын және жабдықтарды жөндеуді жетілдіру;
жұмысты, энергия сапасын және жабдықтардың сенімділігін автоматтаныру мен бақылауды телемеханизациялау негізінде басқаруды жетілдіру;
өндірісті басқару құрылымын жетілдіру еңбекті ұйымдастыруды жақсарту: еңбекті нормалау, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін енгізу, жұмыскерлердің еңбек ету жағдайын және жұмыс орнын жақсарту, еңбек үрдістерінің қауіпсіздігін қадағалау;
кәсіпорынның жұмыскерлерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруды ұйымдастыру – олардың өмір сүру жағдайын және әрбір жұмыскердің еңбегінің өнімділігін арттыруда материалдық және моральдық ынталандыруды жүзеге асыру және жетілдіріп отыру.
5 тақырып. Энергия өндірудің өзіндік құны
1 Кәсіпорынның ағымдағы шығындарын жіктеу
Кәсіпорынның өзінің сипаттарына қарай: экономикалық мазмұны бойынша; өндірістік үрдіске қатынасы бойынша, өндіріс көлеміне қатынасы бойынша, өнім түріне қатынасы бойынша жіктеледі. Аталған сипаттар бойынша ағымдағы шығындар құрылымы 6-кестеде келтірілді.
6 Кесте - Кәсіпорынның ағымдағы шығындарын жіктеу
Шығындарды жіктеу сипаттары
|
Шығындар топтары
|
1 Шығындардың экономикалық мазмұны бойынша
|
1 Шығындар элементтері:
- материалдық шығындар;
- еңбек ақы шығындары;
- әлеуметтік қажеттілікке кеткен аударылымдар;
- амортизациялық аударылымдар;
- басқа да шығындар
|
2 Өндірістік үрдіске қатынасы бойынша
|
2 Негізгі және жалпы шаруашылық шығындар; әр топ бойынша жеке шығындар баптары
|
3 Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша
|
3 Айнымалы шығындар; тұрақты шығындар
|
4 Өнім түріне қатынасы бойынша
|
4 Тіке шығындар; жанама шығындар
|
Тұрақты шығындарға амортизациялық шығындар, сақтандыру жарнасы, кәсіпорын жұмыскерлерін және басқару аппаратын ұстап тұруға кететін өнім көлеміне тәуелсіз шығындар, өндірістік ғимараттарға қызмет көрсету, оларды ұсап тұруға кететін шығындар және т.б. жатады.
Айнымалы шығындарға өндіріс көлеміне тәуелді өнімді, жұмысты, қызметті жасауға тікелей байланысты шығындардың барлық түрі кіреді. Олар шикізат, материалдар, энергетикалық шығындардың кейбір түрлері, өнім өндіретін жұмыскерлердің еңбек ақысы және т.б. шығындар болып табылады.
Тұрақты шығындардың кейбір топтары өнім көлемі азайғанда азаюы мүмкін, сондықтан оны шартты-тұрақты шығындар деп атайды.
Нақты өнімді өндіруге тікелей байланысты болатын шығындар төте шығындар, ал өнімнің барлық түрін шығаруға қажетті өндірістік шығындар түрлерін әрбір өнім түріне қатынасы бойынша жанама шығындар болып табылады. Төте шығындарға шикізат, материалдар, орамалау бұйымдары, жартылай фабрикаттар және т.б. жатқызуға болады. Жанама шығындар өнімнің түріне жалпылама есептік жолмен (өнім көлеміне үйлесімді немесе еңбек шығындарына және т.б. факторларға байланысты) бөліп таратылады.
2 Электр желілері кәсіпорынының ағымдағы шығындарын жасақтаудың ерекшеліктері
Электр желілері кәсіпорынының ағымдағы шығындарының құрылымы 7-шы кестеде келтірілді.
7 Кесте - Электр желілері кәсіпорынының ағымдағы шығындарының құылымы
Шығындар түрі
|
Меншікті салмағы, %
|
1 Материалдық шығындар
соның ішінде:
– шикізат және материалдар
|
12,1
5,9
|
– өндірістік мақсаттарға бағытталған отын және электр энергиясы
|
5,1
|
– басқа да материалдық шығындар
|
1,1
|
2 Еңбек ақы шығындары
|
19,8
|
3 Әлеуметтік қажеттілікке кететін аударылымдар
|
7,7
|
4 Амортизациялық аударылымдар
|
57,3
|
5 Басқа да шығындар
|
3,1
|
Барлығы
|
100,0
|
Кестеден электр желілері кәсіпорынының шығындарының ішінде амортизациялық аударылымдар мен еңбек ақы шығындары ең үлкен үлес алады.
Материалдық шығындар құрамында шикізат пен материалдар маңызды орын алады. Шикізат және материалдар бабына ағымдағы қызмет көрсету мен жабдықты жөндеуге байланысты қосымша және көмекші материалдар кіреді. Оларға қажеттілікті қызмет көрсету нысанына қажетті шығын нормасы бойынша жүзеге асады
Өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге байланысты шығындар бабына өндірістік нысандарды мердігерлік тәсілмен күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу шығындары, басқа кәсіпорындардың транспорттық қызмет көрсету шығындары, іске қосу жұмыстарының шығындары кіреді.
Өндірістік мақсаттағы электр энергиясына кететін шығындар өндірістік алаңдарды жарықтандыру және энергетикалық жабдықтардың жұмысы үшін қажетті энергиядан келіп шығады. Отын шығыны кәсіпорынның транспорттық көліктеріне және жабдықтардың кейбір түріне қажетті жанар-жағар май материалдары сұранысына байланысты анықталады.
Еңбек ақы шығындарының құрамына кіретіндер:
толықтырмалық және ынталандырмалық төлемдермен төленетін тарифтік еңбек ақы;
жұмыскерлерге тегін жартылай төленетін тұрмыстық қызмет көрсету шығындары, жеке басына берілген арнайы жұмыс киімдері, транспорттық шығындар;
жөс өспірімдерге қысқартылған жұмыс күні үшін, баласын емізетін аналар, оқуда жүрген жұмыскерлердің демалысына, уақытша біліктілігін көтеріп жүрген мамандарға төленетін төлемдер;
штаттық қысқару бойынша жұмыстан шыққандарға немесе кәсіпорынды қайта ұйымдастыру нәтижесінде төленетін төлемдер;
аз төленетін жұмысты уақытша орындағаны үшін төлем, жұмыскердің уақытша еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысы заңға сәйкес қосымша төлем;
заңға сәйкес басқа да төлемдер.
Әлеуметтік қажеттілікке кететін аударылымдар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру органдарына төленетін міндетті төлемдер, зейнетақы қорына кететін аударылымдар; жұмыспен қамтылу қоры және медициналық сақтандыру қоры жатады.
Амортизациялық аударылымдар жоғарғы қаралған бөлімде негізгі қорлардың барлығынан амортизациялық аударылымдар жүргізіледі.
Басқа да қалған шығындар тобына өнімнің өзіндік құнына кіретін салықтар, банк несиелері бойынша пайыздар, бюджеттік емес қорларға аударылымдар, байланыс қызметіне төлемдер және басқа да шығындар жатады.
«Басқа шығындар» элементі құрамына кәсіпорынның жалпы шаруашылық шығындары: канцелярлық, пошта-телеграф, баспахана, инкассациялық қызмет көрсету, жобалық-зерттеу, басқармалық, денсаулыққа, ғылымға және мәдениеттке кететін қоғамдық тамақтану шығындары, сондай-ақ кадрларды дайындықтан өткізу, тұрғын үй шаруашылығына байланысты, еңбекті қорғау және т.б. шығындар кіреді.
Электр желілері кәсіпорындарының шығындарына кіретін салықтарға, міндетті аударылымдарға жататындар:
транспорттық көліктің иегерлерінен алынатын салық (кәсіпорын табысынан бекітілген пайыздық салық мөлшерлеме бойынша анықталады);
жер салығы (кәсіпорынның алып жатқан аймағының әрбір шаршы метріне орнатылған салық мөлшерлемесі бойынша анықталады);
транспорттық көлік салығы (кәсіпорынның еңбек ақы қорына салық мөлшерлемесін бекіту арқылы анықталады);
автомобиль жолын пайдаланғаны үшін төленетін салық (кәсіпорын табысы бойынша бекітілген пайыздық салық мөлшерлемесімен анықталады);
басқа салықтарға қоршаған ортаны ластағаны үшін, кедендік алымдар және т.б. жатады.
Бағаны құраудың жалпы қағидалары
Баға экономикалық категория сияқты өнімнің құнын анықтайды, яғни оның жасалуына кеткен толық шығынды ғана емес, өндіріс үрдісінде және өнімнің пайда болуы кезінде қосылған, өнімнің қосымша үлесін немесе пайдасын ескереді. Былайша айтқанда, баға – бұл өнім бірлігі құнының, жұмыстың, қызметтің ақшалай көрінісі. Сандық түрінде ол былай анықталады
Бөнім = ӨҚөнім + Пөнім + С (47)
мұндағы Пөнім – өнім бірлігіне сәйкес келетін пайда;
С – бағаға қосылатын салық.
Бағаны құрауға екі түрлі – сыртқы және ішкі өндірістік факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторларға бағаға сұраныс және оның базардағы ұсынысы жатады; сонымен қатар бәсекелестік деңгейі (тікелей қатысты және баламалы); мемлекеттік бағаны реттеу деңгейі; сала түрі және оның құрылымы; тауар категориясы және оның таралу және өткізу формасы; саяси, заңдық және басқа факторлар және бұл айтылғандар экономикалық теория немесе бағаны құраудың арнайы курсында қарастырылады.
Сала түрі және оның құрылымы, тұтынушылар сұранысы немесе болжау деңгейіне әсер етеді, ал монополиялық құрылым шартында, әсіресе тауардың бағаға әсері материалдық өндіріске біріншілік (деңгейдегі) немесе екіншілік (деңгейдегі) салаға жататындығымен анықталады. Шикі өнімдерде электр энергиясы сияқты баға диапазонында толқулар болмайды, бұл сапаға, маркілеуге, ассортиментке және басқа параметрлерге әсер ететін екіншілік деңгейдегі өндіріс тауарларына лайық.
Тауарды жалпылма түрде екі бағытта қарастыруға болады: көптүрлі формалық тауар өндірісі болатын еркін нарықтық таралу және мемлекет арқылы реттелетін немесе кәсіпорынға тәуелсіз факторлар.
Тауардың бірінші форма арқылы таралғанда бағаның еркіндік деңгейі оның өткізілуі электр энергиясы өнімі сияқты таралатын екінші формасымен салыстырғанда жоғары болады.
Ішкі өндірістік факторлар өндірістің ерекшелігіне, өткен шығындардың ерекше құрылымына және өндірістің тиімділік деңгейіне тәуелді. Бұл факторлар өндірістің экономикалық мүмкіндіктерін бағаның шығындық бөлігін анықтайды.
Өндіріс ерекшелігі өнімнің материал сыйымдылығына, энергия сыйымдылығына және қор сыйымдылығына әсер етеді. Неғұрлым технологиялық күрделі және жоғары материалдық шығынды қажет ететін қаржы сыйымдылықты өндіріс болған сайын, соғұрлым өнімнің өзіндік құны жоғары болады. Өнімнің құнына өндіріс үрдісінің энергия сыйымдылық деңгейі де аз әсер етіп қоймайды. Өнімнің нарықтық бағасына әсер ететін ішкі факторларға, оның сапасы, өнімнің немесе кәсіпорындағы жұмыс сапасын бақылау жүйесі жатады.
Бағаны кәсіпорын немесе сала деңгейінде құру кезінде ішкі баға саясатын іске асыруда келесі қағидаларды және бірінен соң бірінің орындалуын ескеру керек.
1. Баға құрудың стратегиясын жасау.
Бұның негізіне баға қалыптастырудың мақсатын анықтау жатады: бастапқы кезеңде максималды пайда түсіру; өнім өткізу нарығын бағындыру; нарықтағы тұрақтылық. Нарықтағы бәсекелестікке төтеп беру жатады.
2.Өнімді өткізу нарығындағы баға деңгейі талдау: максималды және минималды баға деңгейі; бәсекелес жағдайы және басқалар.
3. Өз өндірісіндегі болатын ағымдағы шығындарын анықтау.
4. Бағаны құру әдісін кәсіпорынның стратегиясына сәйкес келетіндей және өндіріс ерекшелігіне сәйкес таңдау.
5. Бастапқы бағаны орнату, оның нарық тұрғысынан талдау жасау және өнімнің соңғы бағасын орнату.
Соңғы орнатылатын баға деңгейі өндірістің тек қана өзіндік шығынын жауып қана қоймай, пайда түсіретіндей болуы керек. Бағаға қосылған экономикалық расталған пайда кәсіпорынның республикалық және жергілікті бюджетке кететін салықтарын, басқа да міндетті аударылымдарын, өндіріс дамытуға инвестициялық қор құруға немесе өндірісті дамытуға алынған банк қарыздарын қайтару шығындарын жабуға, кәсіпорын жұмыскерлерін әлеуметтік сақтандыру және ынталандыру қорларын құруға жеткілікті болуы керек.
Көбінесе, өнім өндірушілер бағаға қосылатын пайда нормасын өнімнің өзіндік құнынан жоғары 30-35% қояды. Тәжірбие көрсеткендей, егер пайда шамасы дамушы кәсіпорындарында төмен деңгейде орнатылса, онда мұндай кәсіпорындардың қалыпты экономикалық дамуына ресурстары жеткіліксіз болады.
Электр энергиясына баға орнату құрылымының ерекшелігі
Электр энергиясын өз ерекшелігіне орай оның өндірілуі және өткізілуіне байланысты тауар ретінде және қызмет ретінде де қарастыруға болады. Қызмет үшін белгіленетін баға тариф деп аталатыны белгілі.
Сондықтан электр энергиясына тариф құрау жалпы баға қағидаларына бағынуы керек
Тэ = ӨҚэ + Пэ (48)
мұндағы Тэ – электр энергиясының тарифі;
ӨҚэ – электр энергиясының өзіндік құны, ол өндіріс шығынын ескереді, тұтынушыларға электр энергиясын тарату және сатуды ескереді;
Пэ – тарифке қосылатын пайда. Пайда деңгейі бұл сала үшін 10% кем болмауы керек. Электр энергиясына тарифті құру әртүрлі ішкі және сыртқы факторларға тәуелді, ол оны түрлендірген кезінде анықталады. Электр энергиясының тариф деңгейіне:
а) энергия көздерінің өндірген энергиясының бағасы (оған электр энергиясы өндірісінде қолданылатын ресурстар құны) әсер етеді. Ең арзаны гидроресурс көзі болатыны белгілі. Бірақ бұл жерде де, басқа көздер сияқты, өндіретін қуат құрылымы бойынша айырмашылықтары болады;
ә) электр тораптарының аймақтық деңгейдегі техникалық және технологиялық дәрежесі әсер етеді. Электр желілері кәсіпорындарының техникалық жарақтануы мен қормен жасақтануы, әдеттегінше, электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың технологиялық өзара байланысы арқылы құрылады. Аймақтық желілік кәсіпорындардың қызметтерінің экономикалық тиімділіктері жоғары болған сайын, соғұрлым электр энергиясына тариф төмен болады;
б) кез келген энергия таратушы компаниялардың даму деңгейі стансалардан алшақ орналасуы, негізгі қорларының, тұтынушыларының энергияны тұтыну көлемі және т.б. тариф деңгейіне міндетті түрде әсер етеді.
Электр энергиясына тариф құруда тұтынушылар категориясы маңызды қызмет атқарады. Олар келесі топтарға бөлінеді:
Өндірістік және соларға теңдес тұтынушылар қосылған қуаты:
750 кВ А дан жоғары; 750 кВА дан төмен;
электрленген теміржол транспорты;
өндірістік емес тұтынушылар;
ауылшаруашылық өндірісі;
халық және т.б.
Бұл тұтынушы топтар электр энергиясы тұтыну ерекшеліктері бойынша соған сәйкес, оның іске асуына кететін шығын және де әрбір топтың экономикалық жағдайына байланысты ерекшеленетіні айқын.
Жалпы тарифті белгілеудің бірнеші түрлері (бір мөлшерлемелік, екі мөлшерлемелік және көп мөлшерлемелік) болады.
Бір мөлшерлемелік тариф әр киловатт.сағат электр энергиясы үшін тұтынушылармен есеп айырысу қарапайым (48) кейіптемедегідей құрылады. Электр энергиясын тұтыну режиміне көп әсер етпейтін тұтынушылардың бұл категориясына: халық, тұрмыстық ұйымдар; аз қуатты өндірістік тұтынушылар (750 кВА дейін); электрленген қалалық транспорт; ауылшаруашылық өндірісі жатады.
Екі мөлшерлемелік тариф, электр энергиясына төленген ақыдан басқа, максималды жүктемені пайдаланғаны (мысалы жарты сағаттық қуаттан жоғары) үшін қосымша ақы төленеді. Сонымен, екі мөлшерлемелік тариф тұтынылған электр энергиясы көлеміне белгіленетін тарифтік мөлшерлемеден және максималды қуат үшін орнатылатын тарифтік мөлшерлемеден тұратын болады
(49)
(50)
мұндағы , – сәйкесінше бір мөлшерлемелік және екі мөлшерлемелік тариф;
bw – 1 кВт.сағ. тұтынылған электр энергиясына тарифтік мөлшерлеме;
aN – 1 кВ.А қосылған қуатқа тарифтік мөлшерлеме;
Nmax – максималды сұралған қуат;
Wэ – тұтынылған қуат көлемі.
Тұтынушылардың бірмөлшерлемелік және екі мөлшерлемелік тарифпен төлейтін тарифтік төлемдері (ТТ) төмендегідей есептеледі
(51)
(52)
Ал көп мөлшерлемелік тариф былай жүзеге асады
Ттз= Тпик + Т ж/п+Т түн . (53)
Электр энергиясының тарифтік мөлшерлемелері тәулік зонасы (пик, орта пик, түндік құлдырау) бойынша келесідегідей теңдеумен берілген
Торта = Тпик + Тж/п + Ттүн (54)
мұндағы Торта – электр энергиясының тұтынушыларының тарифі, теңге/ кВтсағ;
Тпик, Тж/п, Ттүн – тәуліктік жүктеме графигінің пик жартылай пик және түнгі құлдырау бөліктеріне сәйкесті электр энергиясының тарифі, теңге/ кВтсағ;
Wтұт – тұтынушыларға таза (тұтынылған) жіберілген электр энергиясының сомасы.
Түнгі зонасындағы құлдырау тарифінің шамасы бүкіл технологиялық үрдістерге (энергияны өндірушіден тұтынушыға дейін) түнгі құлдырау кезінде электр энергиясын өндіруге, тасымалдауға және таратуға кететін шартты-айнымалы шығындарды жаба алатындай етіп бекітіледі
Ттүн = ∑Zш/т түн / Wтүн (теңге/ кВтсағ) (55)
мұндағы ∑Zш/т түн - тәуліктік жүктеме графигінің құлдырау бөліктеріне сәйкесті шартты-айнымалы шығындар.
Электр энергиясының тәуліктік жүктеме графигінің жартылай пик зонасы тарифі сол аймақтың бекітілген орташа тарифі
Тж/п = Торта , теңге/ кВтсағ. (56)
Пиктік зона тарифінің мәні төмендегідей кейіптемеден табылады
Тпик =Торта *Wтұт –Тж/п *Wж/п –Ттүн *Wтүн )/Wтұт, теңге/ кВтсағ (57)
мұндағы Wпик, Wж/п, Wтүн – тұтынушылардың тәуліктік жүктеме графигінің пик, жартылай пик және түнгі құлдырау бөліктеріне сәйкесті болжанған, сатып алынатын электр энергиясының көлемі.
Қазақстанның отын–энергетика кешеніндегі табиғи монополиялардың өнімге деген бағасы мен тарифін мемлекеттік реттеу электр энергетикасын дамытуда және көтерме, бөлшек саудаларда бәсекелестікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Бағаны мемлекеттік реттеу тұтынушылар мен қызмет көрсетушілер мүдделерінің балансын сақтау мақсатынан шығады.
Электр энергиясының жеке (бөлшек сауда) нарықтағы баға құрылымын реттеу (ауыл шаруашылығы, халқы және аз қуатты тұтынушылар үшін) аймақтық табиғи монополияны реттеу бөлімдерімен жүзеге асуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |