«сала экономикасы»


кесте - Кәсіпорынның энергетикалық балансы



жүктеу 2,42 Mb.
бет11/17
Дата14.05.2018
өлшемі2,42 Mb.
#13368
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

9 кесте - Кәсіпорынның энергетикалық балансы


Энергия түрi

Жылдық қажеттiлiк

Өндiрiс көзi

өз өндiрiсі

сырттан алынған

Электр энергиясы

100 млн кВт*саг

 -

100 млн кВт*саг

Жылу энергиясы

32 Гкал

12 Гкал

20 Гкал

Су

100000 м3

80000 м3

20000 м3

Энергетикалық кәсіпорында қазандық, пештік отын балансы, жылу балансы жасалады, құрылады.


Құралдарды және энергия ресурстарының шығынын есептеу мен реттеу жүйесін қолдану
Дұрыс мәліметтерге сәйкес тұтынушыларды энергия ресурстарын есептеу және шығындарды реттеу құралдарымен қамтамасыздандыру олардың энергиямен қамтылу шығынын орта есеппен 25-40 %-ға төмендетеді, ал құралдар мен энергия ресурстарын есептеу жүйесін енгізу шығынын өтеудің нақты мерзімі көп жағдайда 0,5-1 жылдан аспайды. Энергия ресурстарын бақылауды ұйымдастыру жұмыстары жоғары рентабельді.

Бағдарламадағы энергия үнемдеу саласындағы ғылыми-техникалық өрлеу бөлігін анықтайтын техникалық шаралар техникалық жаңадан жабдықтау міндеттерін шешуге бағытталған. Бұдан әрі мынаны енгізуді дамыту қажет:

- жылумен қамту процестерін және бөлмелерде температуралық режімді жеке реттейтін құралдарды басқарудың автоматтандырылған жүйесін;

- қолданыстағы ғимараттардың қорғағыш құрылымын жылыту технологиясы және көтеріңкі термиялық кедергісі бар панельдерді шығару;

- жылу сорғылары қондырғыларын.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жылумен қамтуға энергия ресурстардың жұмсалуын 15-20 %-дық үнемдеуге жету үшін қайтадан қосылатын құрылымдарды энергия ресурстарын есептеу жүйелерімен жабдықтау қажет. Бұл жұмыстарды қаржыландыруды облыстық, аудандық және муниципалдық бюджеттен қарастыру қажет.

Бюджеттен тыс саладағы кәсіпорындар өз обьектілерін құралдармен жабдықтау мәселелерін өз бетімен шешу керек.

Тұрғын үй ғимараттарын жылумен қамтуға электр энергиясын пайдалану жөніндегі ғылыми-техникалық ұсыныстарды талқылаған кезде тұрмыстыққа қарағанда қазіргі кездің тұрғын үй ғимаратының жылу жүктемесі энергияны 6-7 есе көп талап ететіндігін көрсететін бастапқы есептеулерді ескеру қажет.


7 тақырып. Қондырғыларды пайдалану мен оларды жөндеуді ұйымдастыру
Кәсіпорындарда қызмет көрсету сферасын басқаруға ыңғайлы болу үшін ұйымдастырылған түрде жеке блоктарға бөлінеді. Оның басында топ-жеткшілері болады.

Мысалы, энергетикалық компаниялар келесідей қызмет көрсету сферасына бөлінеді.

1. Пайдалану.

2. Энергетикалық жөндеу.

3. Маркетинг және энергияны өткізу.

4. Отын, материалды техникалық қамтамасыз ету.

5. Күрделі құрылыс.

6. Ғылыми зерттеу және ұйымдастыру.

7. Экономика.

8. Қаржы.

9. Инвестиция.

10. Персоналды басқару.

11. Қоршаған ортаны қорғау.

12. Ақпараттық қамтамасыз ету.


Пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру

Электр стансасының жылу энергетикалық жабдықтарын электр және жылу желілерін пайдалану нәтижесінде тұтынушылар электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Пайдаланудың мәні үзіліссіз техникалық үрдістерді жабдықтау жүйелерінің жұмысын бақылау, олардың жұмысына шұғыл диспетчерлік басқару көмегімен қажетті түзетулер енгізіп отыруды білдіреді.

Техникалық пайдаланудың негізгі басты факторы оның (сенімділігі) яғни тоқтамсыз қамтамасыз етудің үзіліссіздігі болып табылады. Оның бұл қалыптан ауытқуы өндірістік үрдістердің бұзылуына және экономикалық шығынға алып келеді. Оның негізгі міндеттері:


  • жабдықтарды ретімен пайдалану және оған қызмет көрсету;

  • уақытылы жұмыс жүргізу;

  • отын және энергия ресурстарын үнемдеу;

Осы мақсатта аймақтық диспечерлік қызмет жүргізу және басқару күндіз-түні стансалармен және де энергетикалық нысандарымен бірге бақылау жасап отырады.

Электр желілерін пайдалану олардың тармақталған бөлімшелерінде (яғни бөліп-таратушы электр жүйелері) оперативті диспетчерлік топтармен жүйеге асады. Соның ішінде шұғыл диспетчерлік топ персоналы (ШДТП) міндеттеріне кіретіндер.



  1. Жабдықтардың, желілердің, қосалқы стансалардың берілген жұмыс режімін қамтамасыз ету.

  2. Оперативті жұмыс істеп тұрған жабдықтарды өндіріске оперативті түрде қосып отыру.

  3. Шұғыл түрде апаттарды қалпына келтіру.

  4. Жабдықтардың бұзылған жұмыс режімдерін іздеу, қалпына келтіру.

  5. Токсыз қалған тұтынушыларды электр энергиясынмен қамтамасыз ету.

  1. Оперативті жөндеу персоналдарына жұмыс орнын дайындауға, іске кірісуге (техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау) рұқсат беру.

  2. Сенімді жөндеу сұлбасын құру, жөндеу жұмыстарын біткеннен кейін бастапқы қалпына келтіру міндеттері кіреді.


Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

Жөндеу жұмыстарының негізгі міндеттері жабдықтарды жұмысқа қабілетті күйде ұстау, еңбексыймдылығы мен жөндеу сапасын арттыру кезінде кететін шығындарды, яғни өзіндік құнды азайту. Зауытта жөндеу жұмыстарын бас механик басқарады. Ол бас инженерге бағынады. Оның құрамына: жөндеу- механикалық цехы және қойма шаруашылығы кіреді. Жөндеу қызметі кәсіпорын түріне, яғни оның өндіріс сипатына байланысты орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Жоспарлы-сақтық жөндеу - негізгі агрегатты пайдаланудың сенімділігін қамтамасыз ету, оның техника-экономикалық көрсеткіштерін бекітілген нормативтік сипаттамалық деңгейіне жеткізу болып табылады. Жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыс көлеміне байланысты ағымдағы, орта және күрделі жөндеу болып табылады.

Ағымдағы жөндеу- күнделікті жабдықтарды пайдалануға байланысты қарапайым жұмыстары.

Орта жөндеу - жабдықтарды жартылай жөндеу, тозған бөлшектерді ауыстыру.

Күрделі жөндеу- тексеру және жаңартудың бойынша жүргізілетін жөндеудің барлық түрлері: жабдықтардың дәл жұмыс істеу дәлдігін, қуатын, өндірістік қабілетін, яғни жабдықты құжатта берілген техникалық сипаттамаларына сәйкес деңгейде қамтамасыз ету.

Жөндеу циклі- жабдықты пайдалануға қосқан уақытпен күрделі жөндеу арасындағы уақыт немесе екі күрделі жөндеу арасындағы уақытты айтады.

Жөндеу мерзімі- екі жөндеу арасындағы уақытты білдіреді.

Жөндеудің еңбек сыйымдылығы төмендегідей анықталады


(66)
мұндағы Ti-еңбек сыйымдылығы;

tн- жөндеудің нормативтік уақыты;

к- жұмыстың күрделілік категориясы.

Жалпы жөндеу жұмысының көлемін төмендегідей беруге болады


(67)
мұндағы Q- жалпы жөндеу жұмысының көлемі;

Жк.ж, Жо.ж, Жа.ж, - сәйкесінше күрделі, орта және ағымдағы жөндеулердің еңбексыйымдылықтары;

t - жөндеудің нормативтік уақыттары;

n – жөндеулер саны.



Егер жөндеу жұмыстарының орташа көлемін анықтайтын болсақ
(68)

мұндағы Q- жұмыстың орта көлемі;

m- жылдық жөндеу саны.

Жөндеуде тұру уақыты жалпы түрде төмендегідей анықталады


(69)
мұндағы nж- жұмысшы саны;

а- ауысым саны;

у- ауысым уақыты;

к- жөндеудің нормативтік коэфициенті.

Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту жолдарына мыналарарды жатқызуға болады


  1. Жөндеуге ұйымдастыруды көтеру.

  2. Жөндеу жұмыстарын алдын-ала дайындау.

  3. Еңбекті көп қажет ететін, тез тозатын бөлшектерді жөндеу үшін қосымша қор құру және т.б. жатады.

Жөндеу жұмыстарында жаңа техникада қолдану жұмыс өнімділігін арттырады. Сондай-ақ еңбекті көп қажет ететін жөндеу жұмыстарын механизациялау, автоматтандыру, жөндеу бригадаларының, жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыруда ынталандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Ал практикада көбінесе мұндай шаралар өз уақытында орындалмай жатады. Ондай тығырыққа тірейтін мәселелер қатарына

  • қаржы мәселесі;

  • энергетикалық жөндеу ұйымдарының агрегатты персоналмен қамтамасыз ете алмау;

  • агрегаттың апаттық жағдайда тұруы;

  • керек бөлшектермен материалдың өз уақытында жеткізілмеуі және т.б жатады.

Қазіргі кезде нарық жағдайына өтуіне байланысты жоспарлы-сақтық жөндеу орнына жоспарлы-диагностикалық тәсіл қолданылады.

Жөндеу жұмыстары энергетикалық компания өз персоналымен немесе энергетикалық компанияға кірмейтін арнайы жөндеу кәсіпорындары айналысады. Сонымен қатар кейде жөндеу жұмыстары жабдықты дайындап шығарған зауыт персоналымен де жүзеге асады.


жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау