Мысалы Қазақстандағы электр желілері кәсіпорынындағы орта тарифі, яғни электр энергиясын тасымалдау қызметінің тарифін төмендегідей беруге болады
Торта =(Zжелі +П)/ Wэ (58)
мұндағы Торта – кәсіпорынның орташаланған тарифі;
Zжелі – компанияны ұстап тұруға кеткен шығындар;
Wэ – компанияның желілерінен өткізілген электр энергиясының көлемі;
П- реттеуші органмен бекітілген пайда (абсолюттік мәнде).
Реттеуші орган пайданы негізінен рентабельділік нормасы түрінде немесе абсолютті мәнде берілуі мүмкін.
Ýëåêòð æ¸íå æûëó ýíåðãèÿñûíû» êîìáèíèðëiê ¼»äåó êåçiíäå,ÆÝÎ-íû» æ½ìûñûíäà ýíåðãèÿ¹à á¼ëiíãåí øû¹ûí ò¾ði èíæåíåðëiê-¾íåìäiëiê åñåïòåó æ¾ðãiçó áàðûñûíäà ê¼ðiíåäi.²àçiðãi óàºûòòà ôèçèêàëûº æ¸íå ýêñåðãåòèêàëûº æîëìåí æûëóëûº æ¸íå ýíåðãåòèêàëûº ýíåðãèÿíû ïàéäàëàíó ê¼ï òàðà¹àí.Øû¹ûíäû á¼ëó ¸äiñi ¼»äåëiï øûººàí æûëóëûº æ¸íå ýëåêòðëiê ýíåðãèÿíû» ¼çiíäiê º½íûí òàðèôòåðäi áåëãiëåó ¾øií ºàæåò.
Îòûí øû¹ûíûí» ôèçèêàëûº í½ñºàóû áîéûíøà òàðàëóû,ôèçèêàëûº ç໹à ñ¾éåíiï,õèìèÿëûº îòûí ýíåðãèÿñûí æûëó¹à,àë æûëó ýíåðãèÿñûí ýëåêòðëiê ýíåðãèÿ¹à àéíàëäûðó ¾øií ºàæåò.Îñû í½ñºà¹à ñ¸éêåñ,ê¼ðñåòiëãåí îòûí øû¹ûíûí åñåïòåóiíi» æiáåðiëãåí ýíåðãèÿ ò¾ði áîéûíøà, áàðëûº ¾íåìäiëiê,êîìáèíèðëåíãåí ¼íåðê¸ñiïòi» ýëåêòð ýíåðãèÿñûíà áàéëàíûñòû.Ýëåêòð ýíåðãèÿíû» ¼çiíäiê º½íû ê¾ðò ò¼ìåíäåéäi äå,æûëóäû» ¼çiíäiê º½íû ¼ñå áàñòàéäû.
Ýêñåðãåòèêàëûº í½ñºàó æûëóôèêàöèÿíû ¼»äåëãåí æûëóäû» ìåõàíèêàëûº ýíåðãèÿ¹à àéíàëó º½áûëûñûí ºàðàñòûðàäû äà,îíû» ¼»äåëãåí æûëóû ºîðøà¹àí îðòà¹à åìåñ, ò½òûíóøûëàð¹à æiáåðiëåäi.Á½ë í½ñºàó òåðìîäèíàìèêàëûº æûëóäû» º½íäûëøû¹ûíà æ¸íå ¸ðáið æûëó à¹ûíûíû» ïðîïîðöèîíàëäû ýêñåðãåòèêàëûº ïîòåíöèàëûíà,îòûí øû¹ûíûíà áàéëàíûñòû.
Á½ë æ½ìûñòû» òàïñûðìàñû èíæåíåðëiê-¾íåìäiëiê åñåï áîéûíøà í½ñºàó àëó,¼çiíäiê º½í æiáåðó,ýëåêòðëiê æ¸íå æûëó ýíåðãèÿñûí ôèçèêàëûº æ¸íå ýêñåðãåòèêàëûº í½ñºàóìåí îòûííû»¼çiíäiê º½íûí ¼çãåðòó áîëûï òàáûëàäû.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштер жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері оның шаруашылық қызметінің экономикалық нәтежиесін және тиімділік деңгейін сипаттайды.
Қаржылық көрсеткіштерін екі топқа бөлуге болады – абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті қаржылық көрсеткіштері кәсіпорынның қорытынды шаруашылық күйін, оның нақты бір кезеңдегі экономикалық жағдайын сипаттайды.
Қаржы көрсеткіштерінің бұл тобы кәсіпорынның қаржылық ресурстар қозғалысын және жағдайын бағалау үшін қолданылады. Оларға ақша түсімдері, пайда, кәсіпорын шығыны, өндірістік қуат құны, өндірістік қор және ресурстар, арнайы бағыттағы ақша қорлары жатады.
Өндірістің қаржылық көрсеткіштер жүйесінде оның экономикалық жағдайын бағалау үшін ақша түсімі және пайда маңызды рөл атқарады.
Табыс – кәсіпорынның өндірген өнімінен, істелінген жұмыстар мен қызметтерден алынатын ақшалай қаражаты. Сонымен қатар пайда мен түсім түсінігін ажырата білуіміз керек. Кәсіпорын түсімі деп өнім өткізуден түскен ақша қаражатын айтамыз. Түсімге өнім бағасына қосылатын салықтар сомасы – қосылған құнға салық, акциздер кіреді. Кәсіпорын пайдасы түскен түсімнен салықтарды алып тастағанда қалғанын (пайдадан алынатын салықтардан басқа) айтады.
Табыстың құрылуына өндірістік үрдістің, кәсіпорын өнімінің ерекшеліктеріне, оның өткізу шартына, және басқа жағдайларға байланысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Пайда сандық түрде былай анықталады
КТ = QөндБөнім (59)
мұндағы КТ – кәсіпорын табысы;
Qөнд – өндіріс немесе сатылу көлемі;
Бөнім – өнім бірлігінің бағасы.
Кәсіпорын табысының жалпы сомасы оның қызметінің барлық түрлерінен түсетін табыстардан: негізгі және қосымша өндірістен, әртүрлі кәсіпкерлік және коммерциялық қызметтерден, сатып алынған бағалы қағаздардан алынған табыстардан, өндірістік қуаттарды жалға беруден және басқа да қызметтерден түскен табыстардан құралады.
Кәсіпорын шаруашылығының қаржылық нәтижесі пайда (немесе зиян) - көрсеткішімен бағаланады. Пайда экономикалық көрсеткіш сияқты кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған таза түсімді көрсетеді. Пайда кәсіпорын табысынан шығындарды алып тастағанға тең. Егер шығын табыстан асып кеткен жағдайда кәсіпорын зиян шегеді. Бұл оның қаржылық әлсіздігін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау үшін кәсіпорын қаржысының құрамын, орналасуын, оның көздерінің құрылымын, айналым капиталының жылдамдылығын, кәсіпорынның өзінің қаржылық міндеттемелерін уақытында жабу қабілеттілігін сипаттайтын салыстырмалы қаржылық көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Көрсеткіштердің берілген жүйесі төрт топты құрайды: рентабелділік; нарықтық орнықтылығы; баланстың өтімділігі; кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігі көрсеткіштері.
Кәсіпорынның нарықтық орнықтылығы көрсеткіштері кәсіпорынның жалпы құнының ішінде өзінің қаржылық ресурстарымен қамтылу деңгейін сипаттайды.
Баланстың өтімділігі кәсіпорынның (кәсіпорын кассасындағы және банк шоттындағы немесе дебиторлық берешектерді нақты ақшалай қаражатының несиеге алынған қаражаттың құнымен салыстыру арқылы бағаланады.
Кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі оның өз капиталымен ұзақ мерзімдік несиелік міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін сипаттайды.
Әлемдік тәжірбиеде кәсіпорынның қаржылық жағдайын орнықты деп есептейді, егер жалпы кәсіпорын мүлігіндегі өзіндік капитал үлесі 50% -дан асса, кәсіпорынның шоттағы ақша қаражаты мен қысқа мерзімдік бағалы қағаздары қысқа мерзімдік несиелік көздеріне қатынасы 20 – 50% арсында жатса, кәсіпорынның тауарлы-материалдық құндылықтарының өндірістік қорлары өзінің айналым қаржысы мен қысқа мерзімдік несиелер қосындысынан аз болса.
Кәсіпорынның пайдасының сомасы екі негізгі факторларға байланысты – өнімді өндіру, жұмыс, қызмет көлеміне және кәсіпорында қабылданған баға құрау жүйесіне байланысты болады.
Пайда кәсіпорынның техникалық, технологиялық дамуы үшін, әлеуметтік сфераны қалыптастыру үшін, мемлекеттік емес қорлар қалыптастыратын кәсіпорынның ішкі өндірістік қажеттілігін қамтамасыз ету көзі болып табылады.
Энергетикалық кәсіпорындардың жалпы пайдасы оның барлық қызмет түрлерінен түскен пайдадан тұрады:
Пж = Пнег + Пкөмек + Пбасқа + Пд (60)
мұндағы Пж – кәсіпорынның жалпы пайдасы;
Пнег – негізгі өндірістен түскен пайда;
Пкөмек – көмекші өндірістен түскен пайда;
Пбасқа – кәсіпорынның басқа да қызметтерінен түскен пайда;
Пд –басқа кәсіпорын акциясынан алынатын дивиденттер.
Кәсіпорын пайдасының құрылуына барлық өндірісті ұйымдастыру факторлары әсер етеді. Бұл факторлардың ішіндегі ең негізгісіне өндірістік шығындар жатады. Пайданың құрылуына баға құрау жүйесі маңызды орын алады, өйткені ол кәсіпорын табысының шамасына әсер етеді.
Кәсіпорынның таратылмаған пайдасы немесе таза пайда өндірістің дамуына, әлеуметтік дамуға, жұмысшыларды ынталандыру мақсатында сый ақылау, инвестициялық, резервтік қор құру немесе кәсіпорын өзі шешетін басқа да мақсаттарға бағытталуы керек.
Рентабелділік. Бағалау әдісі және оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорында таратылмаған пайданың болуы, оны дамытуға мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Кәсіпорын шаруашылығының тиімділігін толық бағалау үшін кәсіпорын пайдасы шығындар мен қолданылған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындарына немесе кәсіпорынның негізгі материалдық ресурстарына қатынасын сипаттайтын көрсеткіш рентабелділік деп аталады. Кәсіпорынның рентабелділік деңгейін бағалау екі әдіспен жүргізіледі
(61)
(62)
мұндағы Пк – кәсіпорын пайдасы;
Шш – кәсіпорынның өнімді өндіруге және/немесе өткізуге кеткен шығындары;
НҚ – кәсіпорынның негізгі қоры;
АҚ – айналым қаражаты.
Рентабелділік салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және пайызбен өлшенеді. Екінші әдістен бойынша көретініміздей, бірінші әдістің көрсеткішінің мәні жоғары болады, өйткені шығынның құндық бағалануы кәсіпорынның өндірістік қаражатынан төмен. Соңғы кейіптеме бойынша есептелген көрсеткішті кәсіпорынның өндірістік қорларының рентабелділігі деп атайды, алайда оны жалпы кәсіпорын жұмысының тиімділігін бағалау үшін қолдану тиімді болып табылады.
Рентабелділікті кәсіпорын жұмысының нәтижесі бойынша, сондай-ақ шығарылатын жеке өнім бірлігі бойынша да есептеуге болады. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмысының рентабелділігі пайданың өнімді өткізуден түскен түсімге қатынасы бойынша да есептелуі мүмкін.
Рентабелділік кәсіпорын тиімділігінің жалпылама көрсеткіші болып табылады және барлық өндірістік факторлар оған әсер етеді. Оларға еңбек қызметін қолданудың деңгейі, өнімнің өзіндік құны, сонымен қатар негізгі қорларды қолданудың көрсеткіші, кәсіпорындағы бағақұрау жүйесі және тағы басқалар жатады. Жоғарыда көрсетілген рентабелділікті есептеудің әдісінен басқа, кәсіпорын капиталының немесе өндірісті дамытуға арналған инвестициялық салымның рентабелділік көрсеткіші, ақша ағымының рентабелділік – Pаа көрсеткіштері қолданылады.
Капитал рентабелділігі (Рк) кәсіпорынның (кәсіпорынның өзінде қалатын) таза пайдасының - Птаза инвестициялық немесе акционерлік капиталға немесе кәсіпорынның барлық негізгі активтер құнына – Кин(ак) қатынасымен анықталады
(63)
Ақша ағымының рентабелділігі ақша қаражатының белгілі бір кезеңде келіп түскен таза ақша ағымының (CF), яғни кәсіпорынның есеп айырысу шотына келіп түскен қаражаттың өткізілген өнім көлеміне (Qөтк) немесе кәсіпорынның өз капиталына (Көз) қатынасымен анықталады
(64)
6 тақырып. Энергетикалық есепке алуды ұйымдастыру
Энергетикалық ресурстарды нормалау кәсіпорындардың өнімді белгілі бір орнатылған салада техниканы, технологияларды, алдыңғы қатарлы тәжірибені эффективті пайдалану жағдайында шығару кезінде кәсіпорындардың энергетикалық ресурстарды жоспарлы өлшем бойынша пайдалану.
Міндеттері:
Нормалау міндеттеріне негізделген экономикалық - техникалық ресурстардың шығындарының нормасын өндіріске жасау, бекіту енгізу.
Экономикалық - техникалық ресурстарды рационалды тарату мен пайдалану және үнемдеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады.
Классификация:
Бірлескен тәжірибесі бойынша жеке және функцияналдық
Шығандар құрамы бойынша:
Технологиялық
Жалпы өндірістік
Уақыт мерзіміне байланысты:
Жылдық
Кварталдық
Жеке энергетикалық ресурстар нормасы - агрегаттар типі мен технологиялық схемаларға байланысты орнатылады. Жеке энергетикалық ресурстар нормасы технологиялық, цехтық, зауыттық болып бөлінеді.
Группалық сол жеке нормалаулардың жинақталған орташа мәні болып табылады.
Технологиялық норма негізгі және қосалқы технологиялық процесстері: технологиялық жабдықтарды ыстық режимде ұстап тұру, оны қыздыру, жұмысқа қосу, тоқтату (жөндеуден кейін).
Әдістері - есептік-аналитикалық:
Оған керекті бастапқы мәліметтер:
технологиялық, техникалық құжат, технологиялық процестер картасы, технологиялық режимі, параметрі, жабдықтың техникалық мәліметтері, оның жұмыс істеу режимі.
оның эксперименталды түрле анықталған характеристикасы тұру, бос жүріс уақыты, есептік мәліметтер факты бойынша.
келесі жылға белгіленген өндірістік бағдарлама.
Есептік жолмен анықталған шама міндетті түрде факты бойынша меншікті шығынмен салыстырылады.
¦йымдастыру:
Норма жүйелі түрде қайта қаралып отыру керек. Жабдық құрамы өзгергенде, жаңа технология енгізілгенде, өндірісті дамытуға байланысты.
Этаптары:
Норманы жасау және оны орындаушыларға жеткізу және қадағалау.
¦йымдасқан техникалық жұмыстарды (ЭС нормасын азайтуға арналған) жүргізу.
Оның мерзімін қадағалау.
Бақылау мен есепке алуды жетілдіру.
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы
Энергетикалық кәсіпорыннан басқа да кез келген кәсіпорында өзінің энергетикалық шаруашылығы болады. ОЛ тек кәсіпорынның қосымша бөлімшесі ғана емес, өндірістік үрдістердің жиынтығы, барлық энергетикалық ресурстардың түрлерін түрлендіру, бөліп тарату және пайдалану дегенді білдіреді.
Энергетикалық шаруашылық өндірісте әртүрлі энергия түрімен қамтамасыз етеді және кәсіпорын немесе цехтың жабдықтарын пайдалануды, жөндеу жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады.
Энергетикалық шаруашылықтың міндеттері:
өндіріс үшін энергияның керекті барлық түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету;
энергетикалық жабдықтарды, құрылғыларды толық қуатымен пайдалану және жұмысқа қабілетті түрінде ұстап тұру;
тұтынылатын энергия түрлеріне кететін шығындарды азайту.
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі құрылымы электр-қуатты цех, жылу-қуатты және цех электрлік-техникалық цехтардан тұрады.
Оның бөлімшелеріне кіретіндер:
қосалқы станса: трансформаторлық, аккумоляторлық, релелік байланыс, сигнализация;
қазандық: жылумен қамту, сумен қамту, ауамен қамту, отынмен қамту, канализация, желдету;
бөлшектеу-жинау: слесарлық, механикалық, сынақтық, электр монтажды, жинақтау.
Жетілдіру бағыттарына жататындар:
энергия үнемдеуге арналған қондырғыларды орнату;
энергия тұтыну сұлбасын жетілдіру;
техникалық үрдістерді жетілдіру;
өндірістік үрдістерді автоматтандыру, есепке алу, оның пайдалануын қадағалау;
энергетикалық шаруашылықтағы жабдықтардың конструкциясын өзгерту;
энергетикалық ресурстарды нормалау, есептік-аналитикалық әдістерін қолдану;
энергетикалық ресурстарды пайдалануды жақсартуға ынталандыру.
Энергетикалық қызметтің функцияларына төмендегілерді жатқыуға болады:
нормативтер жасау;
энергия түрлеріне деген сұранысты жоспарлау;
энергетикалық баланстарды жасау;
жоспарлы-сақтық жөніндегі жұмыстарды жоспарлау;
энергия түрлерімен қамтамасыз етуді жоспарлау;
оперативті жоспарлау (барлық энегия түрлеріне);
жабдықты жөндеу жұмысын жоспарау;
жөндеудің техникалық құжаттарын жасау;
жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау;
энергетикалық жабдықтарды пайдалану ережесін бақылау;
энергия шығынын қадағалау.
Кәсіпорынның энергетикалық балансы
Кәсіпорынның энергетикалық балансы материалдық баланстар тобына кіреді.
Энергетикалық баланс белгілері бойынша:
стратегиялық;
тактикалық;
жоспарлы және есептік.
Ал көлемі бойынша:
жалпы (кәсіпорын, цех)
жеке (жабдықтар) болып бөлінеді.
Электр желілерінде энергия шығыны жеке бөліп көрсетіледі.
Баланстарды құрау кәсіпорынның энергетикалық жүктемелерінің режімі мен энергия өндіруші қондырғылардың режімдерін жобалау арқылы жүзеге асады.
Кәсіпорынның негізгі және қосалқы өнімдерінің барлық энергия отын түрлерінің қажеттілігін есептейді (жылытуға, желдетуға, жарықтандыруға, шаруашылыққа және өндірістік емес қажеттер үшін кететін энергия мен отын шығындары).
Электр энергиясын тұтынудың нормативтік шамасы.
Энергетикалық баланс екі - кіріс және шығыс бөлігінен тұрады. Кіріс бөлігін жасауға мыналар кіреді:
өзінің энергия өндіруші қондырғыларының ресурстары және сырттан алынатын отын алуының мүмкіндіктерін анықтау;
энергия өндіруші қондырғының жұмыс режімін жобалау, олардың жүктемесінің жұмыс графигін салу;
сырттан келетін энергия көлемін анықтау.
Шығыс бөлігінде энергия ресурстарының қай нысандарда шығындалғанын көрсетеді.
Осыдан кейін кәсіпорынның энергия өндіруші қондырғыларының энергетикалық балансы жасалады. Ал отын балансы олардың түрлерімен белгіленеді.
Есептік энергетикалық баланс отын мен энергия ысырабын нақты есепке алу арқылы жүзеге асады. Әрбір бөлімдегі энергияға сұранысы энергетикалық балансты құру кезінде олардың жеке элементтері бойынша және энергия шығыны бойынша есептеледі. Мысалы, 9-шы кестеден кәсіпорынның энергетикалық балансын көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |