«сала экономикасы»



жүктеу 2,42 Mb.
бет1/17
Дата14.05.2018
өлшемі2,42 Mb.
#13368
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

УДК 338.45
Капарова Р.Б.. Сала экономика. Дәрістер жинағы. Алматы, АУЭС, 2011,

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Экономика, кәсіпорынды басқару және ұйымдастыру кафедрасы


Дәрістер жинағы

«САЛА ЭКОНОМИКАСЫ»

050718-Электр энергетикасы мамандығы бойынша




АПРОБАЦИЯ

Алматы 2011



1-тақырып. Пән және курстың мақсаттары.Қазақстанның энергетика жүйесі
Энергетикалық кәсіпорындардың экономикасын оқып үйрену пәні болып табылатындар, олар:

  • материалдық өндіріс ретінде энергетиканың негізгі ерекшеліктері оның функциялық міндеттері, өнімдері, және саланы басқару мен жоспарлау;

  • кәсіпорын қызметінің әртүрлі жағын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер жүйесін және сол көрсеткіштерге әсер ететін факторлар және экономикалық жұмысын жетілдіретін ішкі салалық резервтер;

  • кәсіпорынның мүліктерінің құрамы мен құрылымы, олардың ерекшеліктері мен эффективті пайдалану шарттары;

  • кәсіпорынның еңбек ресурстарының және қалыптастырудың ерекшеліктері, еңбекке төлемді ұйымдастыру;

  • өндірістің ұстанымдарын(жұмсалымдарын) жоспарлау, олардың құрамы мен анықтау әдістері; электр энергиясын өндірудегі, тасымалдау және бөліп таратудағы өзіндік құндарының деңгейлерін бағалау;

  • кәсіпорын қаржысының сипаттамалары; оның қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер; сондай-ақ осыған байланысты баға құрау түсініктері, табысты қалыптастыру мен бөліп тарату және кәсіпорын пайдасы, салық салу жүйесі;

  • техникалық қайта жарақтау мен жаңа техниканы енгізуге байланысты жобаларды техника-экономикалық негіздеудің әдістерін оқып үйрену.

Берілген оқу құралының негізгі мақсаты электр энергетикасы бағытында оқитын студенттерге электр энергетикасы саласындағы кәсіпорындардың негізгі экономикасын оқып-үйрену үшін қазіргі нарық жағдайындағы шаруашылық қызметін түсінуге мүмкіндік беретін материалдарды құрау болып табылады.

Қазақстанның энергетика жүйесі - электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеум. инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.

Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр ст-лардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр ст-лары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск з-тында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген. Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экон. және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр т. ж. бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өз-нiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр ст-н салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр ст-ның құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту з-ты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын з-ты iске қосылды. 1925 — 26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергет. қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты. Жалпы электр ст-лары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады: бiрiншi кезең 1918 — 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр ст-лары салынып, алғашқы энергет. тораптар пайда болды. Екiншi кезеңде (1946 — 58 ж.) аймақтық электр ст-ларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергет. жүйелер құрылды. Үшiншi кезеңде (1959 — 90 ж.) республиканың энергет. базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергет. жүйе қалыптасты. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр ст-лары (АСЭС) салынды. Ертiс өз-нде Өскемен және Бұқтарма су электр ст-лары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.

1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр ст-ларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87,4 кВт/сағаты меншiктi электр ст-ларында өндiрiлдi. 1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергет. көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымд. 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп. Қ. э. ж. 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергет. қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды. 2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңт. және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды.

ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемл. монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр ст-лары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания (“КЕGOC” ААҚ), 110 — 35, 6 — 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акцион. компаниялары (АЭК АҚ) құрылды. Бұл саланы одан әрi дамытудың 1997 — 2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногiн ұйымдастырудың мынадай үлгiлерi көзделдi: ақырғы тұтынушыға жеткiзiлетiн электр қуатының бағасы бойынша бәсеке; бiрыңғай электр қуаты рыногiнiң екi деңгейде (көтерме сауда және бөлшек сауда) болуы; электр қуатымен сауда жасауды ұйымдастыру; рынок субъектiлерiнiң аймақаралық (“КЕGOC” ААҚ), аймақтық және жергiлiктi (БЭК-тер) деңгейдегi тораптар бойынша электр қуатын тарату және бөлу қызметтерiн көрсету жөнiнде шарттар жасасу. Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. Бiр орталықтан диспетчерлiк басқару жүйесi қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелi (электр қуатын өндiру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткiштерi, атап айтқанда, электр тогының жиiлiгi жақсартылды. Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi құрылып, жұмыс iстей бастады. Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуетi 2001 жылдың басында 500 — 1000 мВт деп бағаланды. Мыс., Екiбастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы қ-ның маңына) 300 мВт электр қуатын экспортқа шығара бастады. 2030 ж-ға дейiн электр энергетикасын дамыту бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның электр энергетикасы жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары әзiрлендi.

Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар мин.) тарапынан мемл. бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөнiндегi тарифтердi ҚР-ның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия “КЕGOC” ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегi электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған тарифтi есептеудiң жаңа әдiстемесiн қолданысқа енгiздi.

Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Респ. электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жолмен басқару мiндетi жүктелген.

ҚР-ның электр энергетикасы секторын қайта құру негiзiнде электр энергетикасы нысандары түрлi меншiк иелерiнiң қолына көштi: iрi электр ст-лары шет елдiк компанияларға тиесiлi, кернеуi 220 және одан жоғары кВ электр тораптарын басқару, диспетчерлеу, т.б. мәселелердi шешу мiндеттерi электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания — KEGOC-қа жүктелдi; кернеуi 110 және одан төмен кВ электр тораптары бұрынғы энергетика жүйесi шеңберiнде таратушы электр компанияларының басқаруында; электр қуатын өндiрушiлерден сатып алу және оны тұтынушыларға сату мiндетi Электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторына жүктелген.

Қазақстанда қазiр энергет. өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергет. шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн ст-лар дамытылған. Шығыс және оңт. аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергет. көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядр. отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады. Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы респ. және солт., бат. аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңт. аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi (қ. 1 — 2-кестелер).

Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Бат. және Солт. аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңт. аймағында (Алматы, Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда обл-тары) жеткiлiктi бастапқы энергет. қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солт. Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.

2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергет. жүйесiнiң (БЭЖ) Солт. бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орт. Азияның энергет. жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұз. тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км және 0,4 кВ — 115500 км.

Республика экономиканың отын-энергет. қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеум. аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технол. мен шаралар ескерiлдi.

Қазақстан өзендерiнiң су энергет. әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экон. тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравлик. энергияның экон. әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңт. Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң тех. әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ.
Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаттылығы рыногының ұйымдастырылуы және жұмыс істеуі
Рынок Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме рыногын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі тәртібіне сәйкес мынадай шарттар негізінде жұмыс істейді:


  • сатып алушы мен сатушы арасындағы электр энегиясын сатып алу – сату шарты, онда сатып алынатын электр энергияның көлемі туралы айтылады, оған келісілген баға, электр энергиясына төлеу шарттары белгіленеді;

  • электр энергияны сатып алушы (жекелеген жағдайларда – электр энергиясының сатушысы) Техникалық оператормен (Ұлттық энергия таратушы ұйымы) жасаған, сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін реттеу органы бекіткен тариф бойынша тарату қызметтерін төлеумен шарт;

  • техникалық оператор барлық энергия өндіруші ұйымармен және импортталатын электр энергияны тұтынушылармен диспетчерлеуге жасалатын, реттеу органы бекіткен тариф бойынша тарату қызметтерін төлеумен шарт;

  • рынок операторы, Техникалық оператор және электр энергиясы рыногының субъектілері арасындағы олардың арасындағы қатынастарды реттейтін үшжақты "Бірлескен қызмет туралы" шарт;

  • авариялық жағдайларда басты қуаттардың істен шығу кезінде электр қуаттары резервтерінің ақылы негізінде беру мен алу шарттарын реттейтін электр қуаты резервінің ПУЛ-ына қатысу туралы шарт;

  • қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт;

  • "бір күн бұрын" режимінде орталықтандырылған саудаларға рынок субъектілерінің қатысу шарты.

Электр энергиясын сатушыларға/сатып алушыларға қойылатын талаптар

Көтерме рыногында электр энергиясын сату (сатып алу) құқығын іске асыру үшін оның әлеуетті субъектілері Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме рыногын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі тәртібіне сәйкес бір қатар шартарды орындауы тиіс.


Олар:

  • ЭҚЭКР сатып алынатын (сатылатын) электр қуатын және (немесе) энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының (немесе жүйелерінің) және олардан деректерді Техникалық оператордың диспетчерлік орталығына және Рыноктық операторға деректер беру құралдарының бар болуы;

  • Техниқалық оператордың диспетчерлік орталығымен және Рыноктық операторымен байланыс құралдарымен жабдықталған диспетчерлік пункттердің; коммерциялық есепке алу құралдарына қызмет көрсету жөніндегі және тәулік бойы жедел диспетчерлік қызметке арналған қажетті нұсқаулықтармен жабдықталған, оқытылған және аттестатталған;

  • жедел қайта қосуларды орындау және Техникалық оператордың диспетчерлік орталықтарымен жедел келіссөздер жүргізу құқығы берілген персоналдың бар болуы немесе осындай құқықтардың қандай да болмасын диспетчерлік орталыққа берілуі туралы құжаттың бар болуы;

  • тұтынылатын және (немесе) сатылатын электр қуатының және (немесе) энергиясының шамасы туралы телеметриялық ақпаратты жинау және беру жүйесінің бар болуы;

  • әрбір тұтынушының (энергияны өндіретін ұйымның) электр энергиясын тұтыну (жеткізу) қуаты тәулік бойы (базалық) кемінде 5 МВт болуы тиіс.

Көтерме сатып алушылардың электр энергиясын жеткізушіні таңдау құқығы жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер пакетімен белгіленеді.

Инфраструктура және Қазақстанның электр энергиясы рыногына қатысушылар

Электр энергиясының бірыңғай рыногы екі деңгейден тұрады – электр қуаты мен энергияның көтерме рыногы (ЭҚЭКР) және электр энергиясының өңірлік бөлшектік рыногы.

Көтерме рыногында энергияны өндіретін ұйымдар олар өндірген электр энергиясын көтермелеу сатып алушыларға (ірі тұтынушылар мен ТЭК) еркін сатады. Бұл ретте электр энергияның бағасы сатып алушы мен сатушы арасындағы шартта белгіленеді, ал электр желілік компаниялардың олардың желілері бойынша электр энергиясын таратуға арналған тарифтерді уәкілетті реттейтін мемлекеттік орган белгілейді.

Бөлшектік рынокта тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуді, әдетте, монольдық электр желілік компаниялар жүзеге асырады.



Бөлшектік рынокта электр энергиясын сатумен мыналар айналысады:

  • ТЭК және олардың құрылымдық бөлімшелері,

  • бір бөлігі ТЭК-пен қосылған жергілікті маңызы бар электр станциялар,

  • жеке меншік делдалдар (трейдерлер),

  • коммуналдық қызметтер және коммуналдық меншікке берілген басты қуаттар.

Бөлшектік рынокта сатылатын электр энергияның бөлігін көтермелеу рыногында делдалдар сатып алады.

Рыноктың негізгі ұйымдары

  • энергетика саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;

  • мемлекеттік реттеу органы – Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі;

  • Техникалық оператор. Қазақстан Республикасының Бірыңғай энергетикалық желісінің (ҚР БЭЖ) операторы ретінде өз құрамында Орталық диспетчерлік басқармасы бар определено "Қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компания" (KEGOC) акционерлік қоғамы белгіленген;

  • Рыноктық оператор. "Қазақстандық электр энергияның орталықтандырылған сауда рыногының операторы" ("ҚЭОРО") акционерлік қоғамы тұлғасындағы рыноктық оператор коммерциялық қатынастар мен оған қатысушыларды орталықтандырып реттеудегі коммерциялық диспетчерлеуді ЭҚЭКР жүзеге асырады;

  • электр қуатының резервтер пулын.

Рынокқа басқа да қатысушылар

  • электр қуаттары мен энергияны сатушылар – электр энергиясын өндіру құқығына арналған лицензияға ие және «KEGOC» ААҚ Ұлттық тарату желісіне тікелей немесе үшінші тараптың тарату желілеріне қосылған, энергияны өндіретін ұйымдар:

    • ұлттық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы электр станциялары;

    • аумақтармен бірлескен, көтермелеу рыногында сату үшін электр қуаты мен электр энергиясының көбіне ие жалпы пайдаланымдағы электр станциялары;

    • құрамында электр станциялары бар, көтермелеу рыногында сату үшін электр қуаты мен электр энергиясының көбіне ие, өнеркәсіптік кешендері бар заңды тұлғалар;

    • шекаралас мемлекеттердің энергия жүйелері.

  • Көтерме сатып алушылар – қайта сатушылар

    • сауда-делдалдық компаниялар (трейдерлер) - "оны қайта сату мақсатында электр энергиясын сатып алу" қызметінің түріне арналған лицензияға ие және меншікті электр желілері жоқ, оларға қызмет көрсетпейтін және оларды жалға алмайтын заңды тұлғалар;

    • "Электр энергетикасы туралы" Заңға сәйкес өңірлік тарату және бөлу желілеріне ие немесе оларды басқаратын өңірлік энергия таратушы немесе энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың функцияларын атқаратын тарату электр желілік компаниялар (ТЭК).

  • Көтерме сатып алушылар – электр энергиясын тұтынушылар:

    • тікелей көтерме тұтынушылар – тәулікте орташа тұтынатын қуаты 5МВт кем емес кәсіпорындарға ие заңды тұлғалар.

    • Қазақстаннан электр энергиясын импорттауды жүзеге асыратын шекаралас мемлекеттердің энергетикалық жүйелері.



жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау