8 тақырып. Энергетикалық кәсіпорынды басқару
Жалпы ұғым
Басқару белгілі бір мақсатқа жету үшін барынша аз шығын жұмсай отырып нақты басқару нысанына әсер ету жүйесін көрсетеді. Басқару кең мағынаны білдіреді өйткені ол басқару нысанына, мақсаттарға, басқару міндеттеріне және басқалар бірқатар факторларға байланысты болады. Экономикалық көзқараста бақару еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқаратын қызмет түрі ретінде қызықтырады. Сондықтан басқаруды (менеджментті) қоғамдық өндірісті реттеу жүйесінің қалыптасуы мен жұмыс жасауын оқып зерттейтін ғылым ретінде қарастырылады.
Өндірісті басқару кадрларды, өндіріс техникасы мен технологиясын басқару, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, өнімді өткізудің нарығын маркетингтік зерттеу, кәсіпорынның және саланың қызметтерін қаржылық-экономикалық реттеулер: шығындарын, өнімнің өзіндік құнын, кірістерін, пайдасын, өндірістің рентабелділік деңгейін реттеулер кіреді. Сонымен өндірісті басқарудың негізгі міндеті аз шығынмен тиімді нәтижелерге жету үшін тұтас қоғамдық-өндірістік жүйені құрау болып табылады.
Өндірісті басқару басқарушы мен басқарылатын жүйелердің өзара қарым-қатынасының күрделі жүйесін көрсетеді. Басқарушы жүйе деп өндірістік қызметтің белгілі бір аспектілерін жетекшілік және реттеу міндеттері (өндіріс технологиясын реттеу және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын бөлу мен пайдалану, кадрлық саясатты қалыптастыру және басқалар бойынша басқару шешімдері жасау және қабылдау) кіретін өндірістің функциялық бөлімшелері деп түсіну керек.
Басқарылатын жүйе (басқару нысаны) басқарушы жүйемен жасалған басқару шешімдерін орындайтын және жүзеге асыратын өндірістік бөлімшелер немесе адамдар топтары болып табылады. Ортаңғы деңгейдегі басшылар кейде басқарушы немесе басқарылатын жүйеге де жатқызуға болады. Мысалы бригадир бригда мүшелері тарапынан басқарушы жүйеге кіреді екінші жағынан сол цехта немесе бөлімшеде істейтін бригада сол жердің мастеріне немесе инженеріне басқарылатын жүйе болады. Сонымен өндірісті басқару үрдісі басқарушы мен басқарылатын жүйелердің өзара қарым–қатынасуының күрделі механизм екенін көрсетеді. Сондықтан механизм нақты жұмыс істеу үшін анықталған қағидалар болуы керек.
Өндірісті басқару мәселелерін кезең кезеңмен шешудің тұйықталған цикл екендігін көрсетеді. Өндіріс үрдісінде өндіріс технологиясы саласында, психологиялық және экономикалық аспектілері бойынша өндірістік ұжымның өзара қарым-қатынасы, қаржы, өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету, өнімді өткізу және басқа салаларындағы мәселелер ұдайы пайда болып отырады. Өндірістік жүйенің барлық бөлімшелер қызметтерінің күйі жайлы мәліметтер басқару мәселерін анықтаудың негізі болып табылады. Өндірістік жүйенің барлық бөлімшелер қызметтерінің күйі жайлы мәліметтердің толық болмауы жұмыстағы кемшіліктерді уақытында анықтауға және оларды жою үшін уақытында шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді. Міне сондықтан қазіргі заманғы өндірісті басқару компьютерлік технологияларға негізделген, жетілген ақпараттық жүйелерді талап етеді. Өндірістік мәселелерді жасау мен оны жүзеге асырудың басқару циклі 2-ші суретте келтірілді.
Ақпараттар
Мәселенің қойылымы
Мәселе бойынша басқару шешімдерін іздеу
Басқару шешімдерін жасау
Шешімдердің жүзеге асуын қадағалау және жаңадан пайда болған мәселелер
Басқару шешімдерін жүзеге асуын ұйымдастыру
2 Сурет – Басқару шешімдерін жасау мен өткізудің циклі
Өндірісті басқарудың механизмі өзара байланысқан принциптер, әдістер және басқару функциялары және сондай-ақ өндірісті басқарудың құрылымдық жүйелерінен тұрады.
1 Өндірісті басқарудың қағидалары
Экономикалық әдебиеттерде берілетін көптеген қағидалардың ішінен басқару шешімдерін жасау мен қабылдауда маңызды болып табылатын ең негізгілерін бөліп көрсетуге болады.
Басқару қағидалары – өндірісту басқару стратегиясын анықтайтын негізгі ереже. Әр бір өндірістік жүйенің қызметті ұйымдастыруда ең маңызды болып есептелетін ерекше ережелері және басқару негіздері болады. Мысалы, жапон фирмалары өндірісті басқаруды бірінші орынға алдымен тиімді кадрлық саясатты қояды. Ал Германия мен АҚШ-тың алдыңғы қатардағы және жетекші фирмалары өнімнің сапасын басқару қағидаларын алға қояды. Дегенмен нарықтық шаруашылықты басқару стретегиясын қалыптастыратын негізгі басқа да қағидалар бар. Бұл басқаруды демократияландыру, басқару жүйесінің жоспарлылығы мен үйлесімділігі, басқарудың тиімділігінің ғылыми негізделгендігін, жеке тұлғалардың, ұжымның және мемелекеттің мүдделерінің үйлесімділігі қағидаларын айтуға болады.
Басқаруды демократияландыру қағидасы өндіріс басшылғымен еңбекші ұжымның өзін-өзі басқаруын үйлестіруді айтады. Жетекшілердің таңдалуы және оның ұжыммен қабылданған басқару шешімдеріне жауапкершілігі қарастырылады. Жетекші органдар істелген жұмыс нәтижелері бойынша ұжымның алдында есеп береді.
Жоспарлылық пен үйлесімділік қағидасы өндірістің барлық саласын дамытуда және оның ресурстарын пайдалануда үйлесімділікті сақтауды талап етеді. Өндірісті басқарудың бүгінгісі мен келешек жүйесінің өзара байланыстыра жүргізуді қалыптастыруды көрсетеді, демек ағымдағы өндірісті басқару мен жоспарлау оның келешектегі қызметінің кезекті кезеңі болып табылады.
Басқарудың ғылыми негізделгендігінің қағидасы қоғамның дамуының табиғи және экономикалық заңдарына негізделеді. Ол ғылыми-техникалық, экономикалық және құқықтық ақпараттарды талдау нәтижесіне сүйенетін ғылыми әдістермен басқару формаларын пайдалану кіреді.
Жеке тұлғалардың, ұжымның және мемелекеттің мүдделерінің үйлесімділігі қағидасы өндірістің қоғамдық сипатына негізделеді. Ол әр жұмыскердің мүддесі тек кәсіпорын мүддесімен ғана емес мемлекеттің мүддесіне сай келу керектігін талап етеді. Әрбір жұмыскердің қызметі кезінде өзінің мүддесін қанағаттандыру үшін кәсіпорын материалдық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету керек. Кәсіпорын мен мемлекеттің өзара ортақ мүддені жүзеге асыруы (кәсіпорынның табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, салықтық міндеттемелерді уақытында төлеу, экология үшін) оның мемлекет алдындағы жауапкершіліктері арқылы қалыптасады. Ал мемлекет кәсіпорын қызметіне, кадрлық саясатта, өндірісті шикізат ресурстарымен, су, энергия және білімен қамтамасыз етуде және жұмыскерлердің денсаулығын сақтауда қолдау көрсетіп отыру керек.
Басқарудың тиімділігінің қағидасы оның әртүрлі нұсқаларының ішінен тиімді шешімді таңдап алуды білдіреді. Бұл қағида аз шығынмен жақсы жетістікке жеткізетін басқару шешімдерін жасау мақсатында басқарудың барлық әдістерін сақтауды талап етеді.
2 Басқарудың негізгі функциялары
Басқару үрдісі ортақ немесе дербес сипаттағы белгілі бір функциялармен жүзеге асады. Басқарудың негізгі функцияларына жоспарлау, ұйымдастыру, еңбекке ынталандыру, реттеу және қадағалау жатады.
Жоспарлау басқару шешімін дайындар үрдісін көрсетеді және ол басқарудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау, оларды шешудің жолдарын қалыптастыру кіреді. Бұл функция кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің барлық салаларында: өндірісті, еңбек ресурстарын, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, қаржыны және басқаларды басқаруда жүзеге асады.
Басқарудың ұйымдастыру функциясы өндірісті басқарудың құрылымын, құрылымдық бөлімдердің арасындағы қатынасты, басқарушы мен басқарылатын жүйенің арасындағы өзара қарым-қатынастарды анықтайды. Ол басқару органдарының функциялық міндеттерін бөлуді, олардың басқару шешімдері үшін жауапкершіліктерін қалыптастырады.
Еңбекке ынталандыру шаруашылық қызметке қызығушылығын, еңбекке құлшына кірісу ынтасын, кәсіпорын өміріне белсене араласуын қамтамасыз етеді. Ол жұмыскерлерді материалдық және моральды ынталандыру арқылы жүзеге асады.
Реттеу басқару жүйесіндегі мүмкін болатын ауытқуларды (басқару құрылымдарының элементтері арасындағы қатынастарда, басқару шешімдерін жүзеге асыру кезінде, басқару қағидалары бұзылған кезде және басқа қайшылық туғызатын жағдайларда) болдырмау міндеттерін шешеді.
Қадағалау функциясы орнатылған қағидалар мен қабылданған басқару шешімдеріне сәйкес өндірістің барлық саласындағы қызметтерді ұдайы тексеріп отыруды білдіреді. Ол нақты жағдайды жоспармен салыстыру болып табылады, пайда болған ауытқулардың негізділігін көрсетеді және өндірісті басқарудағы болатын мәселелерді дер кезінде анықтауға қызмет етеді.
Басқарудың ерекше (дербес) функциясы ортақ функцияларға негізделеді, және белгілі бір саланың және олардың кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін көрсетеді. Олар маманданған –салалық функцияларға жатады және жоспарлы-экономикалық, иженерлік-технологиялық, оперативтік-өндірістік, есептік-аналитикалық және басқа функциялар кіреді. Оларды сол нақты бөлімшелерге енгізу өндірістің салалық ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі.
3 Басқару әдістері
Басқару әдістері қойылған міндетке жету үшін өндірістік ұжымға әсер етудің амалдар мен тәсілдерінің жүйесін көрсетеді. Олар басқару қағидалары және функцияларымен өзара қатынаста пайдаланады.
Басқару әдістері экономикалық, ұйымдастырмалық-талаптық немесе ұйымдастырмалық-құқықтық, әлеуметтік психологиялық әдістер болып бөлінеді.
Басқарудың экономикалық әдістері қоғамды дамытудың экономикалық заңдарын қолдануға негізделген. Олар кәсіпорынның барлық өндірістік ресурстарын ұтымды пайдалануға әсер ететін экономикалық амалдарын қамтиды. Олардың құралы ретінде өндірісті жоспарлау, болжау, баға құрау, қызметтің және өнімнің маркетингі, несиелеу мен қаржыландыру, қадағалау, есепке алу және талдау болып табылады.
Басқарудың экономикалық әдістерінің ең маңызды тетігі жұмыскерлердің еңбек ақысы болып табылады. Еңбекті ынталандырудың әртүрлі тәсілдері болады. Олардың барлығы да белгілі бір деңгейде экономикалық тиімділікті береді.
Ұйымдастырмалық-құқықтық әдіс әкімгершілік талаптар арқылы жүзеге асады, яғни бұйрық, жарлық, нұсқаулық, құқықтық акт, жарғы және т.б. шаруашылық жүргізудің құқықтық нормаларына негізделеді. Ұйымдастырмалық әдістер өндірісті басқару циклінде орындау мен қадағалауда маңызды болады, сонымен қатар, басқарудың демократияландыру қағидаларын сызықты бағыныштылықты, басқару органдарының жауапкершілігін, құқығын, міндеттерін жүзеге асыруда маңызды орын алады.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің негізгі міндеттері өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында адамдар тобына және еңбекшілердің жеке жұмыскерлеріне әсер ету болып табылады. Олар сендіру және түсіндіру, сынау және әділдік, моралды түрде сый көрсету және қолдау арқылы жүзеге асады. Жұмыскерлердің психологиялық күйі олардың еңбек нәтижелеріне, еңбек өнімділігіне, өнім сапасына әсер етеді. Кәсіпорында ыңғайлы психологиялық ортаны құру, мезгілінде ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу әлеуметтік-психологиялық әдістердің негізгі міндеттері болып табылады.
Бұл әдістердің әрқайсысы өндірісте өзінің тиімді қолдану аясы болады, бірақ олардың өзара әсер ету жиынтығы басқарудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді. Тек бір әдіске ғана ыңғайлануға болмайды. Әр әдістің өз орнымен және тиімді пайдалана білу қажет.
4 Энергетикадағы басқару
Кәсіпорынның басқару құрылымы басқару органдарының, басқару мен басқарылатын нысандардың, өзара әсер етуінің жүйесін, олардың ұйымдастырмалық өзара байланысын анықтайды. Ұйымдастыру құрылымына өндіріс технологиясы, сала ерекшелігі, кәсіпорын көлемі және т.б. факторлар әсер етеді. Соның ішінде ең қарапайымы сызықтық түрі басқарушы мен басқарылатын жүйенің арасындағы қатынас (3 Сурет).
Кәсіпорын басшысы
Орындаушылар
3 Сурет - Басқарудың сызықтық құрылымы
Ең нақтырақ басқарудың сызықты-функциялық құрылымын айтуға болады. Басқарудың органдарының құрамында кәсіпорын жұмысының маңызды бөлімшелерін басқаруды орындайтын бөлімдер болады. Оларға өндірістік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, маркетинг, персоналды басқару, қаржы және т.б. кіреді. Бұл бөлімдердің құрамында сол саланы жақсы білетін мамандар жұмыс істейтін болады. Ондай құрылымды жалпы түрде 4-ші суреттен көруге болады.
Жекеменшік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, ірі фирмалар үшін салалық басқару, жалпы салалық, яғни қаржыларды реттеуге, кәсіпорынды жетілдіруге және жаңартуға инвестиция тартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Кәсіпорын басшысы
Функциялық органдар және мамандар
( бөлімдер, секторлар, жетекші мамандар)
Кәсіпорын басшысы
4 Сурет – Басқарудың сызықты-функциялық құрылымы
Электр энергетикасы саласы және оның өнімі ортақ мемлекеттік мәні бар салаға жатады. Салалық кәсіпорындар экономикалық тәуелсіз кәсіпорындар болғанмен Қазақстанның біріккен энергетикалық жүйесіне кіреді.
9 тақырып. Энергетикадағы техника-экономикалық есептеулер
1 Инвестициялық қаржының экономикалық тиімділігін бағалау бойынша жалпы ұғымдар
Инвестиция - қоғамды техникалық, технологиялық, әлеуметтік, мәдени, интеллектуалды дамытуға салынан қаржы немесе капитал. Инвестицияның нысаны болып (салынып, жаңартып және кеңейіп жатқан) кәсіпорындар және жаңа өнімді немесе қызмет көрсетуге арналған оның негізгі қорларының түрлері; қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешуге арналған республикалық, аймақтық немесе салалық бағдарламалар; өнімнің немесе қызметтің жаңа түрін шығарулар жатады.
Инвестицияның келесідегідей түрлері қолданылады: қаржының ақшалай түрі (мақсатты салымдар, бағалы қағаздар, несиелер, мүліктік немесе басқа да салымдар); құрылыстар, ғимараттар, жұмыс машиналары және механизмдері, беріліс құрылғылары, транспорт, өндірісте пайдаланатын басқа мүліктер, жер, ақшаға теңдес мүліктік құқық.
Инвестициялық шығындар инвестициялық бағдарламаны орындауға қажетті қаржылардан тұрады. Оларға жер сатып алу, құрылыс салу алаңын дайындау жұмыстары, жобалық және конструкторлық жұмыстар, негізгі өндірістік үрдіске қажетті құрылысты салу, машиналарды, жабдықтарды және басқа негізгі қорларды сатып алу, пайдалану және енгізу алдындағы ескерілмеген шығындар жатады.
Инвестиция көзі болып табылатындар:
өз қаражаты – пайда, амортизациялық аударылымдар немесе нақты бір мүліктер, нысандар: жер, негізгі қор түріндегі өндірістік меншік немесе жеке меншік;
жеке тұлғалардың немесе өндірістік-қаржылық топтардың қайтарымсыз қаржыны беруі;
бюджеттен (республикалық, жергілікті) бөлу;
қарыз ақша (банктердің, сақтандыру компанияларының несиелері, шетел несиеслері, қайтарылуы қажет мемлекеттік несиелер және т.б.).
Отандық экономикалық әдебиеттерде негізгі қорларды жетілдіру мен дамытуға салынатын инвестицияны капиталдық салымдар деп атайды.
Тиімділіктің жалпы теориясында инвестициялық салымдарды коммерциялық және қаржылық тиімділік, бюджеттік, экономикалық тиімділік деп бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзінің анықталған жүйелік көрсеткіштерімен сипатталады және нақты бір мақсатқа пайдаланады. Қаржылық тиімділік инвестициялық жобаға қатынасушылардың сол қаржының салдарынан болатын нәтижелерін бағалауға қоланылады. Бюджеттік тиімділік бюджет көздерінен қаржыландырған жобалар бойынша анықталады.
Экономикалық тиімділікті есептеу әдістері әртүрлі болып келеді. Олар экономикалық негіздеудің мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ қаржы салымдарының шарты мен бағыттарына байланысты болады.
2 Экономикалық тиімділікті бағалау көрсеткіштері мен критерийлері
Инвестициялық салымдарды қажет ететін саланы техникалық немесе технологиялық жағынан жетілдірудің техника-экономикалық негіздеудің мақсатқа лайықты екенін екі топқа бөлуге болатын (табиғи және құндық) көрсеткіштер жүйесімен негіздеуге болады.
Табиғи көрсеткіштер жоба бойынша шешім қабылдауда техникалық немесе технологиялық артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды. Ол тек жобаның тек техникалық параметрлері болуы мүмкін: жылдамдығы, сенімділігі, нысанның қызмет ету мерзімі, олардың қуаты және тағы басқалар. Немесе нысанды пайлаланудағы маңызды параметрлерді айтуға болады: техникалық құралдардың мерзімдік жөнделуін қысқарту, нысанды пайдалану үрдісінде материалдық шығындарды үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру.
Құндық көрсеткіштері ретінде капитал салымдарын экономикалық негіздеу кезінде, әдеттегінше жобаға қажетті инвестицияның немесе капитал салымдарының сомасы, жобаны енгізгеннен кейін пайда болатын жылдық ағымдағы шығындар, келтірілген құрылыстық-пайдалану шығындары, жобаны енгізуден болатын табыс немесе пайдалар жатады.
11.3 Жалпы экономикалық тиімділікті бағалау әдістері
Экономикалық нәтижені немесе жобаның тиімділігін әртүрлі көрсеткіштермен сипттайды: қосымша табыс, пайда немесе үнемделген ағымдағы шығындар.
Жалпы экономикалық тиімділікті бағалаудың қарапайым түрінен күрделі түріне дейінгі бірнеше әдістері болады: қаржы салымдарының өтелу мерзімін анықтау әдісі, тыбыс немесе пайданың абсолюттік шамасы бойынша экономикалық тиімділікті бағалау әдісі, жобаның рентабелділік деңгейі бойынша, уақытты есепке алатын дисконттау әдісі.
Экономикалық тиімділікті өтелу мерзімі бойынша бағалау
Экономикалық тиімділікті өтелу мерзімі бойынша бағалаудың мәні - жобаны енгізуден алынатын пайда есебінен салынған инвестицияның өтелетіндігін көрсететін, уақытты сипаттайтын «өтелу мерзімі» көрсеткіші бойынша есептелетін инвестициялық жобаның мақсатқа лайық екендігін білдіреді.
(70)
мұндағы К – капитал салымдары;
Пжоба – жобаны енгізу нәтижесінде алынатын жылдық пайда.
Мысал 1. Энергетикалық кәсіпорынның жабдығын жаңарту бойынша инвестициялық жобаға 1000 мың теңге қаржы салымы қажет. Жабдықты жаңартқаннан кейін жылына қосымша 200 мың теңге мөлшерінде ақша түсіп отырады. Капитал салымының өтелу мерзімін анықтау керек:
Төтелу = 1000 / 200 = 5 жыл.
Табылған есептік өтелу мерзімі нормативтік өтелу мерзімімен салыстырылады. Егер ол нормативтік өтелу мерзімінен аз болса, онда инвестор үшін тиімді болып есептеледі.
Капиталды көп қажет ететін салалар үшін ол шамамен Тн = 8–10 жылды құрайды. Өндірісті жаңарту немесе жаңа техниканы енгізу Тн = 5 – 6 жыл аралықтарында жатады.
Шетелдік пратикада бұл көрсеткіш өндірісті жаңарту мен жаңа техниканы енгізу 3 – 5 жыл аралығында болып келеді.
Егер кәсіпорынның негізгі қорын жаңартуға шығындар жұмсалған болса, одан алынатын пайданы анықтау қиынға түссе, онда өтелу мерзімін төмендегідей анықтауға болады
(71)
мұндағы Ш – нысанды ұсап тұруға және оған қызмет көрсетуге кететін ағымдағы шығындарының төмендеуі.
Ш = Шдейін – Шкейін (72)
мұндағы Шдейін, Шкейін – нысанды жаңартуға дейінгі және жаңартудан кейінгі ұстап тұру және оған қызмет көрсетуге кететін ағымдағы шығындар.
Мысал 2. 110 кВ қосалқы стансаны жаңартуға, 800 мың теңге инвестиция қажет. Егер жаңартылған болса, онда жылдық электр энергиясының ысырабын төмендету нәтижесінде 250 мың теңге үнемдеуге болады екен. Сонда салынған инвестицияның өтелу мерзімі қандай болады?
Төтелу = 800 / 250 = 3.2 жыл.
Жалпы экономикалық тиімділікті бағалаудың құндық критериі ретінде өтелу мерзіміне кері көрсеткіш - тиімділік коэффициенті қолданылады:
Е = 1/Төтелу . (73)
Тиімділік коэффициентінің нормативтік мәндері нормативтік өтелу мерзімдері кезінде төмендегідей
Тн = 10 жыл - Ен = 0.1,
Тн = 8.5 жыл - Ен = 0.12,
Тн = 6.7 жыл - Ен = 0.15.
Достарыңызбен бөлісу: |