4 тақырып. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
1 Кәсіпорын жұмыскерлері, олардың құрамы мен құрылымы
Кәсіпорынның еңбек ресурстары шаруашылық қызметтің тиімділігін қамтамасыз етуде өндірістік жүйенің маңызды элементі болып табылады. Кәсіпорынның еңбек ресурстары еңбекті ұтымды ұйымдастыру қағидаларына байланысты әртүлі топтарға бөлінеді.
Еңбекті ұтымды ұйымдастыру негізіне оны бөлу және топтамалап байланыстыру жатады. Еңбекті бөлуге өндіріс үрдісінде адамдардың қызметін шектеуді білдіреді. Еңбекті бөлу функциялық, технологиялық және біліктілік түрлеріне бөлінеді.
жұмыскерлерді категория бойынша бөлу: жұмысшылар, қызметкерлер, кіші қызмет көрсетуші персонал, және оқушылар. Кез келген әрбір жұмыскерлер тобы белгілі бір функцияларды орындайды: жұмысшылар – өнімді өндіру бойынша еңбек үрдісінің функциясы; қызметшілер – өндірісті басқару функциясы; кіші қызмет көрсету персоналы - өндірістік үрдіске қызмет көрсету бойынша қарапайым жұмыстар.
«Қызметкерлер» категориясына жататын жұмыскерлер басқару функциясына байланысты басшылар, мамандар және қарапайым қызметкерлер болып бөлінеді.
Еңбекті функциялық бөлу бойынша энергетикалық кәсіпорындардағы жұмыскерлер құрамы әдетте келесідегідей үлесті құрайды:
жұмысшылар – 75%;
қызметкерлер – 24%;
соның ішінде:
басшылар – 11%;
мамандар – 12%;
қарапайым қызметкерлер – 1%;
кіші қызмет көрсету персоналы – 0.7%;
оқушылар – 0.3%.
Еңбекті технологиялық бөлу технологиялық үрдісті жеке кезең кезеңге бөлуден келіп шығады. Мысалы электр желілері кәсіпорыны үшін жөндеу-эксплуатациялық қызмет көрсету жұмыстары бойынша: электр беріліс линиясы, трансформаторлық қосалқы станса, кабельдік линиялар, қорғаныс жүйесі және басқалар болып бөлінеді.
Еңбекті технологиялық бөлу кезінде кәсіпорынның жұмыскерлерінің қызмет ету облысы - негізгі өндіріс және өндірістік емес сфера болып есепке алынады. Осы факторларға байланысты жұмыскерлер өнеркәсіптік-өндірістік және өнеркәсіптік емес персонал болып бөлінеді.
Кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік персоналына негізгі және көмекші өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлер кіреді. Өнеркәсіптік емес персонал ары қарай жөндеу-пайдалану персоналы, кезекші персонал, көмекші персонал және басқару аппараты болып бөлінеді.
Еңбекті технологиялық бөлу өндірістік топтар ішінде жұмыскерлердің лауазымы мен мамандығына қарай бөлінеді.
Еңбекті біліктілігі бойынша бөлу білім деңгейі мен қабілеттілігіне қарай бөлінеді. Жұмысшылар үшін разряд жүйесі бойынша жүзеге асады. Разрядты беру әр разрядқа сәйкес бекітілген тарифтік-біліктілік анықтамалар негізінде аттестаттау комиссиясымен жүзеге асады. Инженерлік-техникалық жұмыскерлер үшін біліктілік деңгейі топпен немесе категория бойынша олардың білімін аттестациялық бағалаудан кейін анықталады.
2 Еңбекті нормалаудың негіздері
Кәсіпорында еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау еңбекті нормалау қағидаларыне сүйене отырып әртүрлі әдістермен жүргізіледі. Еңбекті нормалаудың негізгі міндеті әртүрлі өндірісті немесе басқармалық функцияларды орындайтын жұмыскерлер санын қалыптастырудың нормалары мен нормативтерін жасау болып табылады.
Еңбекті нормалауда қолданылатын негізгі нормативтік материалдарға уақыт нормасы, өндіру нормасы, қызмет ету нысанына қажетті жұмысшы күшінің нормасы немесе жұмыстың еңбек сыйымдылығы нормативтері жатады.
Уақыт нормасы өнім бірлігін өндіруге немесе жұмыс көлемінің бірлігін орындауға кететін уақытты сипаттайды. Уақыт нормасы тәжірибелік немесе есептік жолмен орнатылады және өнім бірлігін шығаруға немесе жұмысты орындауға қажетті негізгі уақыт, сондай-ақ жұмыс кезіндегі қажетті технологиялық үзілістер де есепке алынады
Туақ = Тнег + Тдб + Түз (18)
мұндағы Туақ – уақыт нормасы;
Тнег – негізгі жұмысты орындауға қажетті уақыт;
Тдб – жұмысты бастау үшін еңбек құралын және жұмыс орнын дайындауға қажетті және оны біткеннен соң жинауға қажетті дайындау-бітіру жұмыстарының уақыты;
Түз – жұмыста қажетті физологиялық және өндірістік үзілістер уақыты.
Өндіру уақыты бір адаммен немесе жұмыскерлер тобымен уақыт бірлігінде (сағат, ауысым, ай) орындалатын өнім немесе жұмыс көлемін анықтайды
(19)
мұндағы Нөнд – өндіру уақыты;
Тұзақ – сағаттық жұмыс уақытының ұзақтығы (ауысымдық, тәуліктік);
Туақ – өнім бірлігін өндіруге кететін уақыт нормасы, сағ.
Жұмыс күші шығынының нормасы өндірістік нысандарға қызмет көрсетуге байланысты және оларды жөндеу күнбе-күндік қарау, өндірісте пайдалануда қадағалауға байланысты жұмыстың еңбек сыйымдылығы арқылы орнатылады.
Жұмыстың еңбек сыйымдылығы өндіріс технологиясының ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі амалдармен анықталуы мүмкін. Ағымдағы қызмет көрсету мен жабдықтарды жөндеудің еңбек сыйымдылығын анықтау кезінде ағымдағы қызмет көрсету немесе нақты энергетикалық нысанды жөндеу бағдарламасына кіретін анықталған технологиялық операцияларды орындауға кететін уақыт шығыны есепке алынады. Жалпы түрде бұл жұмыстардың еңбек сыйымдылығы төмендегідей есептеледі.
Тнақ = Т уақ i ni (20)
мұндағы Тнақ – нысанды жөндеу мен оған қызмет көрсету бойынша нақты технологиялық операцияны орындаудың уақыттық нормасы;
ni – жұмыс цикліне кіретін біртекті технологиялық операциялар;
i – жөндеу жұмыстарының циклін құрайтын технологиялық операциялардың түрлері.
Нормативтік материалдарды жасау кезінде әртүрлі еңбекті нормалау әдістері қолданылады. Олар аналитикалық-зерттеу, аналитикалық-есептік және статистикалық әдістерге бөлінеді.
Аналитикалық-зерттеу әдісіне жұмыс күнін суреттеу және хронометраж жатады.
Жұмыс күнін суреттеу жұмыс күнінің басынан аяғына дейін жұмыскердің немесе жұмыскерлер тобының еңбегінің барлық элементтерін немесе демалуын тіркеу арқылы жүзеге асады. Бұл уақыт - жұмысқа дайындалу, жұмыс орнын қалыпқа келтіру, негізгі, көмекші немесе кездейсоқ, өнімсіз жұмыстарды орындау уақыты, регламенттік үзілістер, жұмыссыз тұру, жұмысты күту, еңбек тәртібін бұзу.
Жұмыс уақытын суреттеу арнайы маманмен есептеледі. Жұмыс күнін суреттеудің негізгі мақсаты – кәсіпорын жұмыскерлерінің жұмыс уақытын пайдаланудың өнімділігін оқып үйрену; жұмыс уақытының жаңа нормасын жасау немесе қолданыстағысын түзетіп отыру; жұмыскерлердің жұмыспен жүктелу дәрежесін немесе олардың жұмыссыз тұрып қалу себептерін оқып үйрену.
Хронометраж жеке еңбек ету операцияларының нормаларын жасау немесе түзеу үшін еңбекті нормалау әдісі ретінде қолданады. Мысалы, трансформаторлық қосалқы стансаны немесе кәсіпорынның басқа нысандарын күнбе-күндік қарап шығу және қызмет көрсету уақыты. Хронометраж жұмыскердің әрбір жұмысын, қимылын тіркеу арқылы есепке алады.
Аналитикалық-есептік әдіс жалпылама жинақталған еңбек нормативтері жасалатын болса немесе олар есептеу басқа факторларға байланысты және оларды есептік кейіптемелер көмегімен анықтауға болатын жағдайда қолданады.
Нормалаудың статистикалық әдісінде жұмыс тәжірибесі, еңбек операцияларына шығындалған уақыттар бойынша статистикалық мәліметтерді сараптап таңдап алу және өнімді өндіру деңгейіне немесе жұмыстың еңбек сыйымдылықтары негізінде жүзеге асады. Бұл әдістер ғылыми негізделген болып саналмайды, бірақ кейбір жағдайларда қолдануға болады.
Еңбекті нормалау әдістерін қолдану кәсіпорында жұмыс уақытын қолданудың тиімділігін және оның еңбек ресурстарын тиімді реттеуді көтеру болып табылады.
Мысалы жылу электр стансаларындағы еңбек нормаларын (қызмет көрсету нормасын) төмендегідей беруге болады.
(21)
мұндағы tа- ауысым ұзақтығы;
tаө- ауысымды өткізуге кеткен уақыт;
tдем- демалуға кеткен уақыт;
Кықтим- жұмыстың толығымен орындалу ықтималдығы;
tорт- орташа қызмет көрсету уақыты.
Достарыңызбен бөлісу: |