Қажымғалиева Клара Өмірзаққызы.
№5 Құрманғазы аудандық психологиялық
педагогикалық корекциялық
кабинеттің меңгерушісі.
Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғам өркениетілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыпттасады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десен, бесігінді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгінің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырады. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында кеиелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік - отбасы болса, екіншісі, алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортаныңда мақсат мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл кеиелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көргендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетесы ата-ана арқылы отбасында қаланады.
Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс -әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала- ата –ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін – бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата- ана мен балалар арасындағы мейрімді, қарым- қатынастың қатынасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады. Баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа, адалдыққа жинақылыққа баулп өсіріу шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата - ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата - ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, тер төккен еңбегінің жанғаны. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өзідерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Отбасынан кейінгі, үйміз мектеп осы мектепте, отбасының тәрбие бағыт беріп келген жерінен бастап, сол тәлім –тәрбиені, бағыт беруші. Мектеп пен отбасы арасында саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста болуы керек. Бірлік арқылы біз көздеген мақсатымызға жетеміз. Және де адамға тән жақсы қасиеттердің бәрі бойына алған саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз.
Бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Сондықтан «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» екенін ескеріп, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу – ең негізгі міндетіміз. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.
|
Қазіргі отбасының негізгі қызметтері
|
Ерекше қызметтері
Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
Жеке қажеттіліктерді
қанағаттандыру
|
|
Халықты биологиялық қайта өндіру
Репродуктивті
Ата –аналарды қанағаттандыруда балалардың өзін - өзі дамытуы
Тәрбиелік
Мәдениет нормаларын беру. Жас ұрпақты әлеуметтендіру
Жыныстық бақылау
Жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыру
Экономикалық тұрмыстық шаруашылық
Жыныстық қатынастарды арасын реттеу
Балаларда қажеттіліктерді қанағаттандыру
Отбасы мүшесінің тұрмыстық – шаруашылық жағдайын жақсарту
Ерекше емес қызметтері
Жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру
Отбасында жекеменшік жинақ ресурстарының болуы
Отбасы мүшелері арасында моральды нормаларды бұзу әрекетіне бақылау жасау
әлеуметтік әрекеттердегі қажеттіліктерді қанағаттандыру
Құндылық қатынас
Қоғам мүшелерінің денсаулығын жақсарту
Тұлғаның эмоционалды тұрақтылығы және психологиялық терапиясы
Отбасында жеке тұлғаның эмоционалдық қолдау мен психологиялық қорғау алу
Жеке тұлғаны дамыту
Отбасы негізін күшейту
Отбасының әлеуметтік жағдайларға байланысты бөлінетін түрлері : Олар.
Топтық немесе толық емес отбасы;
Күн көру үшін уақтылы құрылған отбасы;
Бірнеше жастағы адамдардың жинақталуы (жастар, ересектер, қарттар) ;
Баланың санына қарай құрылған отбасы,
Отбасында ұрпақ жалғастығынан геізделген бірнеше буыннан құрылған отбасы( мысалы, жас отбасы мен әке – шешесі, ата- әжесі қайын іні, қайын сіңілі, қайын аға т.б)
Белгілі педагог Р.Хамитова «Әлеуметтік педагог деген еңбегінде отбасы мүшелерінің типтері мен әлеуметтік мәртебесін төмендегідей үлгіде бөліп көрсетеді.
Отбасының типтері әлеуметтік мәртебесі (статусы):
Әлеуметтік экономикалық;
Әлеуметтік психологиялық;
Әлеуметтік мәдени;
Ситуативтік.
Отбасы мүшелерінің атқаратын негізгі қызметтері:
1. Жыныстық қатынастарды реттеу;
2. Репродуктивті қызмет;
3. Әлеуметтендіру қызметі;
4.Эмоциялық қанағаттандыру қызметі;
5. статустық қызмет,
6. қоғау қызметі;
Осы қызметтердің кейбіреуне сипаттама беріп өтсек. Репродуктивті қызмет – қайтадан жаңғыр, көбейту деген мағынаны білдіреді.Отбасына байланысты адам ұрпағын көбейту,оларды бағып, қағу.
Экономикалық тұрмыс-тіршілік қызметі- ерте заманнан бері отбасы адамдарының тұрмыс – тіршілік мекені болып келеді.Азық – түлік даярлау,отбасына қажетті іс -әрекеттер, күнделікті тұрмыс, т.б отбасының дәстүрлі іс- әрекетінің бірі болып келеді.
Әлеуметтендіру қызметі- бала отбасында қоғамға қажетті қасиеттерді, қарым –қатынасқа ену тәсілдерін, әр түрлі байланыс орнату жолдарын іздестіреді.Әр түрлі қоғамдық құбылыстарды біліп, соған бейімделіп, өмір сүру , кәсіп таңдау, т.б. мақсаттарды меңгереді.
Практикалық жұмыста нәтижесінде алынған ата –ананың балаға ықпал ету әдістерін (1 кесте) топтастыруды ұсынамыз.Олар:
Ықпал ету арқылы баланың психикасын тежеу.
Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту;
Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту;
Ықпал ету арқылы теріс әрекеттерге итермелеу, деп топтастырдық
Ата – ананың балаға ықпал ету әдістерін топтастыру
Ықпалдың әсері
|
Мазмұны
|
Сипаты
|
1.Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту
|
Нандыру, сендіру, иландыру, ақыл –кеңес, іс- әрекетін қуаттау, нұсқау, қолдау, орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ ескерту, баламен санасу, пікірлес болу,. Бұлар баланың сенімін нығайтады.
|
Өзіне сенім артады.
|
2. Ықпал ету арқылы тежеу
|
Ата –ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, үстемдік пиғылын көрсету, беделі мен басыну, санаспау.Бұлар баланың дамуын тежейді.
|
Тартыншақ ,қорқақ, қулық, ырықсыз, өтірік, жігерсіз, жалтақ.
|
3. Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту
|
Орынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру, кректі деңгейде қажетін өтеу. Бұл баланың жағымды эмоциясын ( қуаныш сезініп) оятады.
|
Көңілі өсіп марқаяды, батырлық, өзіне сенімі , өмірге құштарлығы, қабілеттері ашылады.
|
4. Теріс әрекетке түрткі болатын әдістер
|
Баланың ырқына кену, еркелету, балаға мән бермеу, бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу , зәкіп ұрысу, орынсыз кінәлау, алдау, мазақ ету, нашар үлгі көрсету. Бұлар жағымсыз, теріс мінез- құлыққа негіз болады.
|
Қырсық, өзімшіл, жалқау, рақымсыз, ұқыпсыз, ынтасыз, озбыр, бірбіткей, қатыгез.
|
Оқушылардың жанұясымен жұмыс жүргізе отырып дұрыс бағыт- бағдар беруіміз қажет.
Бала тәрбиелеудегі мектеппен отбасы ынтымақтастығын арттыру үшін «Отбасы академиясын» ұсынамыз.(2 – кесте).
«Отбасы академиясының» бағдарламасы
Іс -шара
|
Жұмыс формасы
|
категория
|
Мектепшілік ақпараттық ата – аналар
Жиналысы
|
Әлеуметтік педагогтің консультациясы
психолог кеңесі
|
Тақырыптық ата –аналар жиналысы
|
Конференция, дөңгелек
үстелдер, тренинг,сауалнама тест т.б.
|
Ата –аналарға арналған кеңестер, нұсқаулар, т.б сауалнама тест.
|
Ата –аналар мектебі
|
Бала проблемасын шешу жөніндегі консультациялар
|
Әлеуметтік отбасы институтының жұмысы
Психологиялық жаднама
|
Сынып жиналысы
|
Әрбір мұғалім ата-анамен көп қарым-қатынас жасап, көп байланыста жүруі керек. Өйткені баланы тәрбиелеуге өзінің шамасы жетпейді. Халқымыз бекер айтпаған ғой « Бірлік болмай, тірлік болмас»- демекші ата –аналармен мектеп арасында тығыз байланыста болуы керек. Келешек ұрпақты біз тәрбиелейміз. Сол үшін біздер қазір қолымыздан келгенше сапалы білім алып, жан-жағымыздағы қандай жастағы адамдар болсын қарым-қатынас жасай білуге бейімделуіміз керек.
Қажымғалиева Клара Өмірзаққызы.
№5 Құрманғазы аудандық психологиялық
педагогикалық корекциялық
кабинеттің меңгерушісі.
Достарыңызбен бөлісу: |