Аталмыш шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық



жүктеу 1,47 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата21.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#23094
  1   2   3   4   5   6


Аталмыш шараның мақсаты мүмкіндігі 

шектеулі  жандардың  шығармашылық 

әлеуетін  дамытуға және өзін-өзі танытуға 

жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене 

араластыру болатын.

Байқауға  аудан  әкімінің  орынбасары 

Л.Жұбанышқалиева 

мен 


аудандық 

мәслихаттың хатшысы С.Рахимов, «Нұр 

Отан» партиясының аудандық филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Думан 

Ғазез  және  мекеме  мен  қоғамдық 

бірлестіктердің басшылары  қатысты. 

- Бұл жақсы ұйымдастырылған шара.

Біз  осындай  байқаулар  арқылы 

мүмкіндігі  шектеулі  жандарды  халыққа 

кеңінен  таныта  білеміз.  Олардың 

басқалардан  еш  айырмашылығы  жоқ. 

Бүгінгі  байқауда  он  саусағынан  өнер 

тамған  жандарды  көрдік.  Сондықтан 

мұндай  шараларды  жиі  ұйымдастырып 

тұрған  жөн,  -  деді  аудан  әкімінің 

орынбасары 

Л.Жұбанышқалиева.  

Шараға қатысушылар сурет салу, ағаштан 

бұйымдар  жасау,  тоқыма  (гобелен), 

зергерлік  жұмыс,  мүсіндеу,  бисермен 

жұмыс,  аралас  материалмен  жұмыс, 

металл  материалдарынан  жасалған 

бұйымдар бойынша сынға түсті.

Шараға қатысқан  үміткерлерден сурет 

салу бойынша Е.Тлеуов, бисермен жұмыс 

жасаудан  Н.Жәнекенова  мен  Е.Жмурко, 

аралас 

материалдармен 



жұмыстан 

Ж.Курташов, 

сондай-ақ 

мүсіндеу 

бойынша  Н.Мұратов  пен  ағаш  және 

метал,  сондай-ақ  зергерлік  бұйымдар 

бойынша қариялар үйінің тәрбиеленушісі 

Ғ.Нұрмақов,  тоқыма  қолөнері  бойынша 

Н.Шурина  жүлделі  бірінші  орынға  қол 

жеткізді.

Жеңімпаздар 

мен 


барлық 

қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы 

сыйлықтар тапсырылды.  

Газет 1936 жылдан шығады

Email:ekpin_1936@mail.ru

№42


(8463)

Жұма     

24 қазан


2014 жыл

www.zhaikpress.kz

ЖАС   


МАМАНДАРДЫҢ 

ііі ФОРУМЫ



Дін және 

қоғам

Айтулы күн

6

Тыйым 

салынған...

4

әлеумеТ

 

қамқоршыларының...

Алтын қолөнер-2014

Дәл  осындай  атаумен  аудандық  мәдени-демалыс  орталығының 

фойесінде  «нұр  отан»  партиясының  «Кедергісіз  келешек»  жобасы 

аясында,  ішкі  саясат  бөлімінің  қолдауымен,  аудандық    мүгедектер 

қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен байқау өтті.

Н.Серікқызы

2


Жиынның  күн  тәртібінде    бес  мәселе 

қаралды. Достық бастауыш партия ұйымының 

2013-2014 жылдарда атқарылған жұмыстары 

туралы  А.Нұрмұханов  баяндады.  Екінші 

мәселе  бастауыш  партия  бюросын  сайлап, 

еш өзгеріссіз қалдырды. Ал бастауыш партия 

ұйымының  төрағасы  болып  ауыл  әкімі 

Б.Жұмабаев  сайланса,  оның  орынбасары 

Семиглавый Мар орта мектебінің директоры 

Мәлік  Абайұлы  тағайындалды.  Сонымен 

қатар  аудандық  конференцияға  делегаттар 

сайланды. Басқосудың соңында «Нұр Отан» 

партиясы  аудандық  филиалы  төрағасының 

бірінші  орынбасары  Думан  Ғазез  сөз 

сөйлеп, партияның жыл басынан бері жүріп 

жатқан  жобаларымен  таныстырды.  Жиынға 

қатысушыларды  қоян  қолтық  жұмыс  атқаруға 

шақырды.


Апта тынысы

2

24.10.2014 жыл



Аудан  әкімі  С.Әлиевтің  атынан 

құттықтау  хатты  салтанатты  түрде 

табыс  еткен  Люция  Әсетқызы  мен 

аудандық  білім  бөлімінің  басшысы 

Асан  Маратұлы    әженің  иығына 

шапан жапты. Шипов орта мектебінде 

бірнеше жыл жұмыстас болған әріптесі, 

ардагер  ұстаз  Б.Тасмағамбетов  Әсия 

Иманғалиқызының еңбек жолы туралы 

әңгімелей келіп, ақ тілегін білдірді. 

Анасынан  6  жасында  айырылған 

Әсия Абдолқызы өмірдің қиындығына 

қарамастан  өз  тірлігімен  оқу  оқып, 

еңбек  етіп,  білімді  шәкірт  даярлауға 

өз үлесін қосқан жан. Бүгінде ол аудан 

орталығында  тұратын  баласы  Абат 

ағай  мен  келіні  Зоя  апайдың  қолында 

тұрып  жатыр.  Тек  көз  жанарының 

ғана  көрмейтіні  болмаса,  денсаулығы  жақсы. 

Радио тыңдап, болып жатқан жаңалықтарды қалт 

жібермейді.  Ара-тұра  қазақ  радиосынан  берілетін 

ойындарға  қатысып,  өз  ойын  білдіріп  отырады. 

Бүгінде үш немересінің қызығына бөленіп отырған 

Әсия  әжеге  бұдан  былай  да  мықты  денсаулық 

тілейміз.

Ұстаз-анаға құрмет

Демалыс  күні  аудан  әкімінің  орынбасары  Л.Жұбанышқалиева  бастаған  бір 

топ  делегация  Оразалиевтердің  шаңырағында  болып,  білім  саласына  өзіндік 

үлесін қосып, бүгінде сол еңбегінің жемісін көріп отырған Әсия Иманғалиқызы 

Абдулованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Назгүл Серікқызы

Партия мүшелері бас қосты

Қазанның  20-сы  күні  Достық  ауылында  партия 

мүшелерінің  басқосуы  өтті.  Отырысқа  «Нұр  Отан» 

партиясы  аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Думан  Ғазез  және  бастауыш  партия 

мүшелері қатысты. 

Манас Маратұлы

Форумға  аудан  әкімінің  міндетін  атқарушы 

Л.Жұбанышқалиева,  “Нұр  Отан“  партиясы 

аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Д.Ғазез,  БҚО  жастар  саясаты 

мәселелері басқармасының бас маманы А.Сұлтан, 

БҚО  әкімдігінің  жастар  саясаты  мәселелері 

басқармасының  жастармен  жұмыс  жөніндегі 

ресурстық орталықтың басшысы С.Тоқмамбетов,  

БҚО  «Жастар  қауымдастығы»  заңды  тұлғалар 

бірлестігінің  төрағасы  М.Сатыбалдиев  және 

аудандық  мәслихат  депутаттары,  ауылдық 

округ  әкімдері  қатысты.  Шараның  мақсаты 

«Дипломмен  ауылға»  бағдарламасын  қолдау, 

оны насихаттау болып табылады. Бағдарламаның 

орындалуы  туралы  аудандық  экономика  және 

қаржы  бөлімі  басшысының  міндетін  атқарушы 

Г.Тұрғаналиев,  «Нұр  Отан»  партиясы  «Жас 

Отан»  жастар  қанатының  бағдарлама  аясында 

атқарған  жұмыстары  жөнінде  «Нұр  Отан» 

партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші 

орынбасары  Д.Ғазез,  мемлекеттік  бағдарлама 

аясында тұрғын үй сатып алуға бөлінген несиеге 

жаңадан  үй  салу  немесе  жаңа  үй  сатып  алу 

жайында  А.Сүндетбаев  және  аудандағы  жастар 

саясатының  іске  асырылуы  туралы  ресурстық 

орталықтың басшысы А.Қодаров баяндамаларын 

жасады. Баяндамадан кейін президиум мүшелері 

құттықтау сөз сөйлеп, белсенді жас мамандарды 

алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. 

Форум соңы мерекелік концертпен аяқталды.

Жас мамандардың ІІІ форумы

Қазанның  17-сі  күні  аудандық  мәдени-демалыс  орталығында  “Нұр  Отан“ 

партиясының “Жастар - Отанға“ бағдарламасы аясында «Дипломмен ауылға!» 

мемлекеттік бағдарламасымен келген жас мамандардың ІІІ форумы өтті.

М.Әжіғалиев

Оған аудандық мәслихаттың хатшысы С.Рахимов пен «Нұр 

Отан»  партиясы  аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Думан  Ғазез,  аудандық  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  А.Жұбанышев,    сондай-ақ  бұрынғы  және  осы 

шақырылымдағы депутаттар,   жастармен жұмыс жөніндегі 

ресурстық орталықтың қызметкерлері мен «Намыс» жастар 

қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Молдашева және “Жас 

Отан“ жастар қанатының белсенділері қатысты. 

Аталмыш  шараны  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы 

А.Дүйсенова ашып, жүргізді.

Одан  әрі  сөз  алған  аудандық  мәслихат  хатшысы 

С.Рахимов  аудандық  мәслихат  тарихына  шолу  жасап,  әр 

шақырылымда  жұмыс  атқарған  депутаттар  және  олардың 

атқарған жұмыстары туралы әңгіме өрбітті.

Жастармен  жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталықтың 

басшысы  А.Қодаров  аға  буын  өкілдеріне  өзінің  көкейінде 

жүрген «жастарды жұмысқа, соның ішінде ауылшаруашылық 

жұмыстарына  қалай    тартуға  болады»,-  деген  сұрағын 

қойды. 


Жиынға  қатысқан  бұрынғы  шақырылымдағы  М.Залиев, 

С.Якупов сынды азаматтар өз ойларын ортаға салды. 

- Бір жылдары  жастардан құрылған шопандар және қыздар 

трактор  бригадалары жұмыс жасаған еді. Мектеп бітірген 

әрбір түлек әуелі өз ауылында қалып, осы бригадтарда еңбек 

етті.  Сол  арқылы  оқуға  түсуге  мүмкіндік  алды.  Осындай 

тұстарды қарастырып, жастарды жұмысқа тарту керек. Не 

болмаса жазда бақша салуды қолға алу керек. Қай нәрсенің 

де  өз  технологиясы  бар.  Сондықтан  ерінбей  еңбектенген 

дұрыс. Сонда ғана жұмыстың нәтижесі болады,- деді ағалар 

өз сөзінде. 

Жиыннан өздеріне көп мағлұмат алған жастар, болашақта 

аудан  экономикасын  көтеруге  өз  үлестерін  қосып,    тың  

бастамалармен жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.



Депутаттар 

жастармен кездесті

Биыл 

 

Қазақстан 

Республикасының 

мәслихаттарына    20  жыл  толады.  Осыған 

орай  кеше  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалының  ғимаратында  ішкі  саясат 

бөлімінің  мұрындық  болуымен,  жастар 

орталығының  ұйымдастыруымен  дөңгелек 

үстел болып өтті. 

Н.Жәрдемова 

Ганмирнур  Ганмирланұлы 

1987 жылы 16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала 

ауданы, Мартыново ауылында дүниеге келген.

Білімі  жоғары.  2008  жылы  М.Өтемісов    атындағы    Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  университетін  экономика  бакалавры 

бойынша бітірген.

Алғашқы  еңбек  жолын  2008  жылы  Тасқала  аудандық 

экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  бөлімінде  бас  маман 

– экономист болып бастаған.

2010  жылдан  2011  жылға  дейін  Тасқала  аудандық  жер 

қатынастары  бөлімінде  жетекші  маман  -  бухгалтер  болып 

жұмысын жалғастырады. 

2011  жылдың  ақпан  айынан  бастап,  күні  бүгінге  дейін 

Тасқала  ауданының  экономика  және  қаржы  бөлімінде  бас 

маман - экономист болып қызмет атқарады.



Жаңа тағайындау

2014  жылдың  23 

қазандағы 

№29-Ө  

өкімімен 

Ганмирнур 

Г а н м и р л а н ұ л ы 

Тұрғанәлиев  Тасқала 

ауданының  экономика 

және  қаржы  бөлімінің 

басшысы 

болып 

тағайындалды.


жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау